Шәкәрім рух туралы
Презентация қосу
АТУ
Шәкәрім рух туралы
Орындаған: Тилеукеев Арнур
202
Шәкәрім рух туралы
«Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен
көреді...
Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар.
Екі өмірге де керекті іс – ұждан.
Ұждан –дегеніміз, ынсап, әділет,
мейірім». Бұл сөздерден болмыс
көріністерін адам бас көзімен
көретінін білеміз. Бірақ бас
көзімен көрген нәрсе ақиқат емес.
«Бас көзі» деп бұл арада адамның
екі көзі ғана емес, адамның
сыртқы бес сезім мүшелері де
айтылып отыр. Бес сезім
мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас
көзі» деп атайды. Бұл оның
өлеңдерінен де байқалады.
Сонымен, бірінші анық – сезім мүшелері
қабылдайтын болмыстың заттық көрінісі.
Бірақ болмыстың бұл көрінісі ақиқат емес,
яғни толық болмысты білдірмейді. Толық
болмысты, яғни ақиқатты ақыл көзімен
ғана көруге болады. Ақыл көзі дегеніміз,
жоғарыда айтылғандай, адамның
логикасы, немесе ақыл-ойының жұмысы.
Шәкәрім «ақыл» деген сөзді оның кең
мағынасында пайдаланады. Ақыл адамның
ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін
анықтайды. Сондықтан осы бір сөзбен
адамның адами қасиеті белгіленіп отыр.
Екінші анық – өлімнен соңғы
тіршілік, яғни болмыстың көзге
көрінбейтін бөлігі. Болмыстың бұл
бөлігі эзотерикалық, көзге
көрінбейтін әлемге жатады.
Ал үшінші анық – екі өмірге де, яғни көзге
көрінетін заттық әлем мен көрінбейтін әлемге де
керек – ұждан. Ұждан, немесе ұят жан қасиеті. Ал
бұл қасиет адамның рухымен байланысты. Ұят –
Ғазиз Жанның шыбын жанмен байланысы. Бұл
байланыс неғұрлым тығыз болса – солғұрлым ұят
жоғары. Жан сипаты болып табылатын рух
тәнмен осы адами қасиет арқылы байланысады.
Ендеше адамды адам ететін адами қасиет
дегеніміз ақыл-ес, ой-өріс, сана-сезімнің
рухтанған, яғни рухпен нұрланған қалпы.
Жануарларда бұндай қасиет жоқ. Себебі, олардың
рухы өте әлсіз, әлі дамымаған. Адамның
жануарлардан негізгі айырмашылығы осында
болса керек.
Абай тәрізді Шәкәрім де көрнеу және көрінбейтін
әлемдердің байланысын жақсы түсіне білген.
Шәкәрім осы сөздерімен көрінбейтін жоғарғы
әлемдердің осы көрнеу әлемге жасаған ықпалын
көрсетіп отыр. Пайғамбарлар Жаратушының
адамзатқа жіберген елшілері. Пайғамбарларды
Жаратушы белгілі бір мақсатпен жіберіп, оларға
ерекше рухани қуат береді. Сол қуаттың
көмегімен пайғамбарлар адамдарды өздеріне
сендіре біліп, олардың қатып қалған жүректерін
жібітіп, сенімдерін оятады. Бірақ өздеріне
берілген бақытты түсінбей, пайғамбар сөзіне сене
алмаған бейбақтар да болады. Олар – өздерінің
ескі сенімдерінен шыға алмаған бақытсыздар.
Назарларынызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz