АТУ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА




Презентация қосу
АТУ
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Орындаған: Тилеукеев Арнур

2021
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі.
Оған әр түрлі
қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен
биіктікке секіру, спорттық
снарядтарды лақтыру, жеңіл
атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл
атлетикалық жарыстар ашық және
жабық алаңдарда өтетін жеке, командалық
және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика
федерациясы 1912 жылы құрылған. Оған қазір
200-ге жуық ұлттық ассоциациялар
біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-
Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат
1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика
ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі
Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде
жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру,
жеңіл атлетикалық көпсайыс.

Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа
қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа
қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі
қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым
192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп
және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке
және сырықпен секіру, үш аттап секіру.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың
жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және
кедергілерден өту.

Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік
сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре
жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре
жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін
студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан
оралмадық.

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық
жаттығуларында қолдана­ды. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен
шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Биіктікке секіру.

Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және
итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м
жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін
спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары
жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған
кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы
секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл
әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі —
«аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру,
үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша
ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту»
әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын
секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта
биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды.
Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі
дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек.
Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі
керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына
түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың
қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана
жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды
орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден
сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік
болғанша жоғары көтеріледі.
Суда жүзу негізгі үш жаттығудан
тұрады. Құлаштап жүзу, етпеттеп және
шалқалап жатып орындалады. Екінші —
брасс, тек етпеттен жатып орындалады.
Баттерфляй әдісімен де етпеттен жатып
жүзеді. Бүкіл әлемде суда жүзу
жаттығуларының негізгі тараған түрі —
етпеттеп жатып құлаштап жүзу. Кім
болсын, жүзудің қандай жаттығуымен
шұғылданса да, ең әуелі міндетті түрде
құлаштап малтау әдісін үйренуі керек.
Содан кейін ғана брасс, болмаса
баттерфляй әдісімен малтуға ден қоюға
болады.Жалпы жүзуден жарыс
бағдарламасына — етпеттен жатып
құлаштап жүзу, шалқадан жатып
құлаштап жүзу, брасс және баттерфляй
жаттығулары кіреді
НАЗАРЛАРЫҢА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Саралау оқыту әдісі
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУЫ
Спорттық жарыстар жүйесі
Жеңіл атлетика жаттығулары
Бұқаралық спортты дамыту
Дайындық кезеңдері
Жеңіл атлетика түрлері
Лақтыру техникасы
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Төменгі сөреден жүгіру техникасы
Пәндер