XVIII-XX ғасырлардағы Батыс Еуропа философиясы: марксизмнен позитивизмге және постмодернизмге дейін


Slide 1

XVIII ғ. соңы -XIX ғ. басындағы Батыс Европа философиясы

Slide 2

Карл Маркстің ілімі - Фейербахтың гуманизмін әлеуметтік сараптаумен ұштастыру.

Фридрих Энгельс диалектиканың негізгі заңдары және материя қозғалысының формалары туралы.

Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін өзгертуді жариялау. Огюст Конт, Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер.

Позитивизмнің екінші кезеңі - махизмнің негізгі мәселелері. Эрнест Мах пен Рихард Авенариустің эмпириокритицзмі және субъективті идеализмі.

Герменевтика - түсінудің жалпы теориясы.

Логикалық позитивизм, постпозитивизм, экзистенциализм.

Психоаналитикалық философия.

Постмодернизм, структурализм, прагматизм философиясы.

Философиялық мистицизм.

Орыс философиясы, негізгі бағыттары.

Жоспар:

Slide 3

Карл Маркс Фейербахтың «адам ‒ толығынан биологиялық табиғи туынды» деген пікірін қатты сынға алғанмен, оған қарама-қарсы бір жақты «әлеуметтік» тұжырымға өтіп кеткенінен аңғара алмай қалған болатын. Сол себепті Маркстің ойынша, болашақ коммунистік қоғамда жаңарған әлеуметтік ахуалға сай «жаңа адам» дүниеге келіп,, қылмыстық, озбырлық, дүниеге қызығушылық т. с. с адамдардың кемшіліктері толығымен жойылып құқықтық мекемелер, тіпті мемлекеттің өзі керек болмай қалады» деген ойларын да қиялға жатқызуымызға болады.

Slide 4

Фридрих Энгельстың табиғат диалектикасында «Тіршілік дегеніміз нәруыздық денелердің өмір сүру жолы . . . », - деп ұсынған. Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір «бейнәруызды тіршілік» формасы табылған жоқ. Тек қиялшыл жазушылар шығармасынан ғана «плазмалы адамдар» немесе «кремнийлі кұбыжық» кейпінде кездестіруге болады.

Slide 5

Огюст Конт адамзат бірлігі концепциясының 3 формасын айтты:

Қалыптасу үрдісінде тұрған Батыс қоғамы үлгі тұтарлық, онымен батыстық авангард келе жатқан жолға барша адамзат баласы түседі.

Адамзат тарихы − позитивтік ойлау қалыптасуы түріндегі рух тарихы және оның үстіне барлық адамзатты позитивизмге оқыту тарихы.

Адамзат тарихы − адам табиғатының гүлденуі және даму тарихы.

Slide 6

Джон Стюарт Милль Англияда Конт позитивизмінің методологиялық идеясын насихаттап, оны сынады, қайтадан ой елегінен өткізді. Милльдің эмпирикалық психологизмі − социологияның да, логиканың да басты мәселелерінің бірі, психологияның ойлау техникасын зерттейтін тармағы болып табылады. Милль адамның ақыл-ойы әлеуметтік даму негізінде жетілетінін, ал “пікір мен наным-сенім” − оның шешуші факторлары болып табылатындығын мойындайды.

Сонымен қатар, ол қоғамдық өмірде адамдар адамзат табиғатының заңдарынан туындайтын қасиеттерге ие болады деп көрсетеді. Ол жеке-даралықтың басымдығы, тарихтағы тұлғаның орны позицияларын ұстанып, тарихи процестің дамуында халық бұқарасының рөлін мойындамады, сондықтан да Конт сияқты, марксшілдердің қатаң сынына ұшырады, олар оны реакционер деп санап, социологияны − буржуазиялық ғылымдар санатына қосты.

Slide 7

Герберт Спенсер дің философиялық көзқарасы О. Конттың, Д. Юмның, Дж. Милльдің әсерімен қалыптасты. Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Ғылым жеке тұлғаның тәжірибесіне немесе жалған негізге сүйенгендіктен құбылыстардың ішкі мәніне бойлай алмайды деп білді. Объективті дүниені танып-білуге болмайды деген ұйғарым діни көзқараспен сабақтасып жатуынан, Спенсер дің ғылым мен дінді ұштастыратыны көрінеді. Спенсер дің ілімінде агностицизм объективті идеализм элементтерімен ұштасып жатады. Спенсер дің эволюц. тұжырымдамасы оның әлеум. көзқарасымен қоғамның органик. теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социалдық құрылымға қарсы болып, төңкерісшілдікті қоғамдық организмнің індеті деп білді.

Slide 8

Позитивизм - қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. Оның негізін қалаушы - француз философы Огюст Конт.

Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:

1-позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті - объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері - О. Конт, Г. Спенсер, Дж. Милль.

Махизм - дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі - австриялық физик Э. Мах.


Ұқсас жұмыстар
19-20 ғасырдағы Батыс Еуропа философиясы: Шопенгауэрден экзистенциализмге дейін
Өмір және өлім: XIX-XX ғғ. Батыс Еуропа философиясы негізінде өмірдің мәні
XX-XXI ғасырлардағы Батыс Еуропа жастар субмәдениеттері және олардың Қазақстан жастарының құндылықтық жүйесіне әсері
Батыс Еуропа философиясы: ортағасырлық кезеңдер, бағыттар және негізгі өкілдер
XX-XXI ғасырлардағы Батыс Еуропа жастар субмәдениеттері және олардың Қазақстандық жастардың құндылық жүйесіне әсері
XVII-XVIII ғғ. Батыс Еуропа эстетикасы: абсолюттік монархия мен классицизмнің қалыптасуы
IX-XI ғасырлардағы Батыс корольдігінің қалыптасуы
XVIII-ХХ ғасырлардағы Ресей математикасының дамуы: Петербург ғылым академиясынан Кеңестік математика мектебіне дейін
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын-жырау философиясының тарихы мен ерекшеліктері
Ортағасырлық Батыс Еуропа мәдениеті: қалыптасуы, кезеңдері және ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz