Құқық нысаны




Презентация қосу
Құқық нысаны
1.Құқық нысанының түсінігі мен
түрлері

2.Нормативтік-құқықтық акт, түрлері.

3.Нормативтік-құқықтық актілердің
әрекет күші
Құқық нысанының түрлері
Құқықтық әдет-ғұрып
Прецеденттік құқық
Нормативтік- құқықтық акт
Нормативтік шарттар
Діни мәтіндер
Құқықтық әдет-ғұрыптың ерекшеліктері
бұл жоғарыдан емес төменнен пайда болады,
сондықтан, ол өзге құқық нысанына қарағанда
халықтың еркін, оның талаптарын толық қамти
алады;
қоғамдағы орныққан заңдылықтарды бейнелейді,
сондықтан да ол нағыз объективті болып
табылады;
құқық субъектілерге ауызша нысанда қарапайым
түсінікті тілде жеткізіледі;
көптеген жағдайларда әдет-ғұрып тұжырымдары
ерікті түрде орындалады, өйткені ол күнделікті
дағдыға негізделген;
реттелетін қоғамдық қатынастардың өзіндік
ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Прецеденттік құқық
логикалық ой-өрістің нәтижесі болып
табылатындықтан, ол нақты жағдайда дәлме-дәл
және дұрыс ретеуге әкеледі.
Оның нанымды жоғары күші болады, себебі шешімді
қабылдау қажеттілігі заңдарға кең көлемді сілтемелер
жасалуынан туындайды;
Нормативтік актілерге қарағанда сот, әкімшілік
үрдістері орасан зор жылжымалы (динамизмді) болып
келеді: судьялар қабілеттігіне қарай өмірде болып
жатқан өзгерістерді ескере отырып, өз шешімдерінде
осындай құбылыстарды негіз ете алады.
Нормативтік-құқықтық акт
- Референдумда қабылданған не уәкілетті
орган немесе мемлекеттің лауазымды
адамы қабылдаған, құқықтық
нормаларды белгілейтін, олардың
қолданылуын өзгертетін, тоқтататын
немесе тоқтата тұратын белгіленген
нысандағы жазбаша ресми құжат.
Нормативті-құқықтық акт
түрлері

Негізгі Туынды
Нормативтік құқықтық актілердің
негізгі түрлері
1. Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2. ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР
Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің өзге
де нормативтік Жарлықтары;
3. ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік
қаулылары;
4. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5. ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР
Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
6. ҚР министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар
басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7. Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де
орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8. Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Нормативтік құқықтық актілердің
туынды түрлері
Регламент Қандай да бір
мемлекеттік орган
мен оның
құрылымдық
бөлімшелері
қызметінің ішкі
тәртібін реттейтін
нормативтік
құқықтық акт.
Нормативтік құқықтық актілердің туынды
түрлері

ЕРЕЖЕ Қандай да бір
мемлекеттік органның
немесе оның
құрылымдық
бөлімшесінің
мәртебесі мен
өкілеттігін белгілейтін
нормативтік құқықтық
акт
Нормативтік құқықтық актілердің
туынды түрлері
ҚАҒИДА Қандай да бір
қызмет түрін
ұйымдастыру
және жүзеге
асыру тәртібін
белгілейтін
нормативтік
құқықтық акт.
Нормативтік құқықтық актілердің
туынды түрлері
НҰСҚАУЛЫҚ Заңдардың қоғамдық
қатынастардың
қандай да бір
саласында
қолданылуын егжей-
тегжейлі көрсететін
нормативтік-
құқықтық акт
Нормативтік құқықтық актілердің
туынды түрлері

Регламент Ереже

Қағида Нұсқаулық

Ұқсас жұмыстар
Құқық нысанының мазмұны
Құқықтың нысаны
Мемлекеттің белгілері
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет қызметтері
Қылмыстық құқық бұзушылық
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Құқықтың түсінігі, мәні мен құндылығы
Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
Пәндер