Жұлын құрылысы


Slide 1

Жұлын

NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL UNIVERSITY»

«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ

Орындаған: Сембай Ғабит

Курс:2-курс

Мамандығы:Жалпы медицина

Тобы:220Б Қабылдаған:Гүлсім Қалмаханқызы

БӨЖ #1

Алматы, 2021

Slide 2

Жұлын - таламустық будалардың айқасуы артқы түбіршіктің жұлынға кіретін деңгейінен 2-3 сегмент жоғарылау жерде өтеді. Бұл фактінің клиника үшін елеулі маңызы бар, себебі бұл буда біржақты зақымданғанда қарама - қарсы жақтағы тері сезімталдығының бұзылуы зақымданған деңгейде емес, одан төмендеу байқалады.

Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның аксондары құрамында үлкен ми сыңарлары қыртысына, орталық артындағы қатпар мен тері анализаторының қыртыстық шеті орналасқан шеке бөлігіне барады.

Slide 3

Жұлын құрылысы

Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда орналасады. Ересек адамдарда оның ұзындығы - 45 см, ені- 15 см, салмағы - 36 г. Жұлын жоғарғы жағынан ауыз омыртқаның (атлант) тұсынан сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы II бел омыртқадан төмен қарай ат құйрықтанып, негізгі жіпшесі II құйымшақ омыртқасына дейін жетеді де сол жерге бекиді.

Slide 4 Slide 5

1- СОПАҚША МИ;

2 -МОЙЫН АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ;

3 - ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ;

4 - МОЙЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ;

5 - ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ ТЕСІГІ;

6 - АРТҚЫ БҮЙІР ЖҮЛГЕСІ;

7 - КЕУДЕ ЖҮЙКЕЛЕРІ;

8 - БЕЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ;

9 - МИ КОНУСЫ;

10 - БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ;

11 - СЕГІЗКӨЗ ЖҮЙКЕЛЕРІ;

12 - ОТЫРЫҚШЫ ЖҮЙКЕЛЕР;

13 - ТЕРМИНАЛДЫ ЖІПШЕ ЖҰЛЫН

ЖҰЛЫН

Slide 6

Топография :Жұлынның жуандығы біркелкі емес. Оның бас жағы жуандап, миға жалғасады, ал құйрық жағы жіңішкеріп, тармақталып кетеді. Жұлынның екі жері жуандап, буылтыққа айналған: біреуі- жұлынның VI мойын омыртқа тұсында, екі қолға кететін жүйке басталар бөлігінде - оны жұлынның мойын буылтығы, ал екіншісі IX-XII арқа омыртқасының тұсындағы жуандық бөлігін жұлынның бел сегізкөз буылтығы деп атайды.

Slide 7

Жұлынның алдыңғы және артқы жағында бойлай созылатын екі жүлге болады. Алдыңғы терең жүлгесі алдыңғы орталықа сай, ал артқы жіңішке, таяздау жүлгесі артқы орталық жүлге деп аталады. Жұлынның осы сайы мен жүлгесі жұлынның денесін тең етіп оң және сол жақ бөлікке бөледі. Жұлынның алдыңғы түбірі мен артқы түбірлерінің жұлынынан шыққан жерінде ұзына бойына созылған түбір атымен аталатын оң және сол жақ бөлігінде бүйір жүлгелері болады.

Slide 8

Жұлынның денесі 31 жұп мөлтектен түзіледі. Әрбір мөлтектен жұлынның жүйке түбірі (алдыңғы және артқы) шығып, ол омыртканың тесігіне бағыттала орналасады. Сөйтіп, жұлыннан 31 жұп жүйке таралады. Оның 8 жұбы - мойын, 12 жұбы - көкірек, 5 жұбы - бел, 5 жұбы - сегізкөз және 1 жұбы кұйымшақ жүйкесі деп аталады.

Slide 9

Ішкі құрылысы. Жұлынның ортасында өте тар тесігі - болады, ол ортақ езек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісі сұр және ақ заттан түзілгені анық байқалады. Сұр зат жұлынның орталық бөлігіндегі өзекті қаптайды. Сұр зат қанатын жазған көбелекке ұқсас болады. Сұр дененің алға қарай шығып тұрған бөлігі - алдыңғы аша, ал артқы бөлігі артқы аша деп аталады. Жұлынның әрбір бөлігіндегі алдыңғы және артқы ашаларының арасы, яғни жұлын өзегінің төңірегіндегі зат орталықтағы аралық зат деп аталады. Бұл жерде аралық нейрондар жатады.

Slide 10

Сұр зат дегеніміз - тек жүйке жасушаларынан құралған жүйке денесі. Сұр заттың алдыңғы ашасында қимыл күшейтетін ірі нейрондар бар. Оның жұлыннан шығатын нейриттерінен алдыңғы түбір пайда болады. Артқы ашада майда сезімтал рецепторлық нейрондары орналасады. Бұл нейрондардың жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан артқы түбір түзіледі. Бұл екі ашаның аралығындағы бүйір ашаларында қозғылы жүйке жүйесінің симпатикалық жүйкелерінің нейрондары орналасады. Нейрондардың талшықтары жұлынның алдыңғы ашасынан таралады.

Slide 11 Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Жұлын жүйкесі
Жүйке жүйесінің бөлімдері
ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ
ЖҮЙКЕ ҰЛПАСЫ
Жүйке жүйесінің құрылысы
ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН РЕТТЕЙТІН ЖҮЙЕ
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жасушалары
ШЕТКІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ СОМАТИКАЛЫҚ БӨЛІГІ
ЖЕРДЕ ИМПУЛЬС МӘЛІМЕТТЕРІ ӨҢДЕЛІП ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz