Дәрілік заттардың тағайындалуына және пайдалануына әсері


Slide 1

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

Тақырыбы: Ұлттық GPP стандарты (тиісті дәріханалық тәжірибе) және оны тәжірибелік қолданылуы

Орындаған:Нургалиева Ә. С

Тобы: В- ФҚ 03-19

Қабылдаған:

Шымкент-2021ж.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Slide 2

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жалпы ережелер

2. Дәрілік заттардың тағайындалуына және пайдалануына әсері

3. Жалпы талаптар

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерінің көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Стандартның талаптарын және Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды.

Slide 4

Тиісті дәріханалық практика станддарты (GPP)

Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерінің көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Стандартның талаптарын және Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды.

Slide 5

Тиісті дәріханалық практика станддарты (GPP) жайлы бұйрық

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 27 мамыр 2015 жылғы № 392 бұйрығына 5 қосымша

Slide 6

GPP стандарты бойынша фармацевтикалық қызмет құрамына қарай төмендегіше бөлінеді:

негізгі: бақыланатын дәрілік препараттарды босату, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша дәрілік заттарды дәрігердің рецептісі арқылы және рецептісіз босату, дәріханалық тауарлардың түр-түрін босату, дәрілік түрлерді экстемпоральді дайындау, олардың сапасын бақылау, сақтау; қосымша: халыққа және медициналық қызметкерлерге анықтамалық, ақпараттық, кеңес беру қызметі, телефон арқылы дәріханалық тауарлардың түр-түріне тапсырыс қабылдау бойынша жұмыс, дәрілік заттарды (рецепт болмаған жағдайда рецептурасыз босату) және дәріханалық тауарлардың ассортиментін үйге жеткізіп беруді толықтыру, телефон арқылы жоқ дәрілік препараттарды резервтеу, тауарлық жеңілдікті пайдалану, науқастарды күтуге арналған заттардың прокаты, жағымды жұмыс режимі, фитобар қызметі, өзіне өзі қызмет ету.

Slide 7

GPP маңызды мақсаттарының бірі

Дәрілік құралдар жайлы объективті ақпараттық қол жетімділігін қамтамасыз ету, оларды дұрыс қолдану туралы ақпараттандыру; өз бетінше емдеуге болатын ауру белгілерін дәрімен және басқаша емдеу туралы ұсыныс кіретін, өз бетінше емделуге байланысты негізгі элементтердің бірі-қызмет болып табылады.

Slide 8

Тиісті дәріханалық практиканың негізгі талаптары

пациентке адамның денсаулығын сақтау мақсатында бағдар жасау; дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың оңтайлы тағайындалуына және тиісті түрде пайдаланылуына әрекет ету; фармацевтикалық қызметтің әрбір элементінің жекелеген тұлғаға бағытталуы; кәсіби этика және құпиялылықты сақтау; сапалы фармацевтикалық қызмет көрсету; фармакология, фармакотерапия және деонтологияның негіздерін білетін білікті қызметкерлердің болуы;

Slide 9

ДЗ сапасын бақылау

ББЗ

Клиникаға дейінгі зерт.

Клиникалық зерт.

Мемлекеттік тіркеу

өндіріс

көтерме сауда

бөлшек сауда

GLP

GCP

GMP

GDP

GPP

тұтынушы

Slide 10

GPP стандарты бойынша Рецептуралық дәрілік препараттардың оңтайлы қолданылуын қамтамасыз етудің жүргізілуі

дәрігердің рецепт жазып берудің, рәсімдеудің дұрыстығын және ережесін, рецептідегі мәліметтердің толықтығын, көрсетілген дозаның науқастың жасына сәйкестігін, бір уақытта босату нормаларын, жазып берілген дәрілік заттардың үйлесімділігін сақтауы; дайындау технологиясын сақтау және дәрілік препараттардың сапасын қамтамасыз ету; белгіленген үлгідегі рецептуралық бланкі бойынша рецептуралық препараттарды босатуды жүзеге асыру; пациенттің жазып берілген дәрілік препаратты сәйкес мерзімде және қол жеткізерлік бағада сатып алу мүмкіндігі; дәрілік препаратты сәйкес таңбалануына және қаптамасында тиісті түрде босатуды қамтамасыз ету; пациентке дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы қол жетімді түсініктері және оларды қолдану бойынша кеңестері бар объективті ақпарат беру.

Slide 11

GPP стандарты бойынша Рецептісіз дәрілік заттарды ұсынғанда фармацевт:

рецептісіз дәрілік препараттарды таңдағанда тиімділік, қауіпсіздік және сапаны ескере отырып кәсіби тәжірибені пайдаланады; осы дәрілік препарат бойынша оның әсер етуі, қолданылу тәсілі, емдеудің ұзақтығы, болуы мүмкін жағымсыз әсерлер, қолдануға болмайтын жағдайлар және басқа дәрілік заттармен үйлесімділігіне қатысты пациентті түсінікті етіп хабарландыру; жағымсыз әсерлер симптомдары қайталанған жағдайда пациентті дәрігерге қаралу керектігі туралы ескертеді.

Slide 12

GPP стандарты бойынша дайын дәрілік препараттар дәріханаларының құрылымында мынадай бөлімдер болуы керек:

1) дәрігердің рецептілері бойынша босатылатын дәрілік препараттарды сату бөлімі; 2) рецептісіз дәрілік препараттарды сату бөлімі; 3) дәріханалардан босатылуға рұқсат етілген медициналық мақсаттағы бұйымдарды және дәріханалық басқа тауарлардың түр-түрін сату бөлімі

Slide 13

GPP стандартындағы терминдер мен анықтамалар. Дәріханалық ұйым

Дәріханалық ұйым - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникаларды дайындау және бөлшек саудада тарату бойынша фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы.

Slide 14

GPP стандарты қандай органдарда қолданылады

Стандарт дәрілік заттардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын ұйымдарда, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы заңды және жеке тұлғалардың фармацевтикалық қызметіне бақылау жүргізетін мемлекеттік органдарда қолданылады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық GPP стандарты (тиісті дәріханалық тәжірибе) және оны тәжірибелік қолданылуы
ЕМХАНАДА ДӘРІЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ САҚТАУ
Таблеткалардын өндірістік технологиясы
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕР
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері
Дәрілік заттардың фармодинамикасы
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ФАРМАКОДИНАМИКАСЫ
Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары
Фармакодинамика және фармакокинетика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz