Дәрілік түрлер
Презентация қосу
Оңтүстік
Дәрілік түрлер
Қазақстан
технология
медицина
кафедрасы
академиясы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Бейсу дисперстік орталар.
Сипаттамасы, оларға қойылатын талаптар.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент 2021 жыл
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Бейсу ертінділер. Сипаттамасы. Оларға
қойылатын талаптар.
2. Ұшқыш бейсу еріткіштер.
3. Ұшпайтын бейсу еріткіштер.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
•Бейсу ерітінділері - құрылыстық бірлігі иондар
мен молекулалар болатын гомогенді сұйық
дәрілік түр. Еріткіш ретінде бейсу
ерітінділерінде бейсу еріткіштер (спирт, эфир,
өсімдік майлары және т.б.) қолданылады. Бейсу
еріткіштерінің қолданылуы көптеген дәрілік
заттардың суда ерімеуіне негізделген.
Бейсу ертінділер. Сипаттамасы. Оларға
қойылатын талаптар.
Бейсу ерітінділері сыртқа қолдануға арналған
дәрілік түрлерге жатады:
кілегей қабаттарға жағуға;
тері қабатын сүртуге;
жууға;
шаюға;
ингаляция жасауға арналған ерітінділер;
құлаққа;
мұрынға арналған тамшылар.
Бейсу ерітінділерінің технологиясы:
Фильтрле Безендіру
Еріту; Орамдау;
у; .
Технологиясының ерекшеліктері:
ерітіндіні тікелей босататын құтыға дайындайды;
құты құрғақ болуы керек, себебі су спиртті сұйылтып,
басқа еріткішпен араласпайтын дәрілік заттардың
ерігіштік қасиетін төмендетеді;
құтыға алдымен еритін затты, содан соң еріткішті
салады. Себебі мойны ылғалданған құтыға затты салу
қиын, көп мөлшердегі, көлемді дәрілік заттарды
(ұнтақтарды) құтыға воронка арқылы салады;
сусыз ерітінділерді қажет болған жағдайда ғана құрғақ
мақта тампоны арқылы воронканы шынымен жауып
сүзеді.
Дәрілік заттардың этанолдағы
ерітінділерін дайындау сұйық
дәрілік түрлерді салмақ- ҚР ДСМ 15.12.05 ж. № 142
көлемдік әдіспен дайындау ҚР бұйрығының 21 тармағы)
Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 нұсқауымен реттеледі. Егер
қаңтардағы № 60 «Дәрiлiк рецептіде этанолдың
препараттарды және концентрациясы көрсетілмесе,
медициналық мақсаттағы нұсқау (ҚР ДСМ 15.12.05 ж. №
бұйымдарды дайындау 142 бұйрығының 21 тармағы)
қағидаларын бекiту туралы» талаптарына сай 90% этанол
Қаулысы, ҚР Қаржы қолданылады. Тек йодтың 5%
министрінің 2015 жылғы 20 және 10% ерітінділері және баска
ақпандағы № 109 бұйрығы да кейбір нормативті
«Этил спиртін сақтау мен өткізу құжаттармен нормаланатын
(тиепжөнелту, қабылдап алу, ерітінділер этанолдың басқа
18.04.2000 ж. № 224 концентрациясында дайындалады
бұйрығының) қағидаларын (осы бұйрықтың 3 қосымшасы).
бекіту туралы»
•Бейсу ерітінділердің технологиясында қолданылатын
еріткіштер олардың физика-химиялық қасиеттеріне
байланысты ұшқыш және ұшқыш емес бейсу еріткіштер
деп бөлінеді.
• Ұшқыш еріткіштерге этанол,
эфир, хлороформ жатады. Дәріхана
Ұшқыш практикасында кеңінен этанол
қолданылады.
• Ұшқыш емес еріткіш
Ұшқыш ретінде глицерин, өсімдік
майлары, вазелин майы, соңғы
емес жылдары - димексид,
полиэтиленоксид-400 (ПЭО-
400), силикондар
қолданылады.
Ұшқыш бейсу еріткіштер.
Этил спирті (этанол).
•Этанолды шартты түрде бейсу еріткішке жатқызады,
себебі, тәжірибеде абсолютті этанол емес, оның спиртті-
сулы ерітінділері қолданылады. Сулы спиртті ерітіндінің
концентрациясын көлемдік пайызбен белгілейді және ол
200С температурадағы абсолютті этанолдың
миллилитрмен берілген мөлшерін көрсетеді.
•Этанол мөлдір, түссіз, қозғалғыш, өзіне тән иісі және
күйдіргіш дәмі бар, 780С температурада қайнайтын
ұшқыш сұйықтық. Этанолда полярсыз заттар
(органикалық қышқылдар, эфир майлары және майлар,
камфора, ментол, йод, танин, левомицетин және т.б.)
ериді.
Фармакологиялық Дегидраттау, яғни
индифферентті заттардың суын
емес; өзіне тартып алу
қасиеті бар;
Бірқатар артықшылықтарына
қарамастан, этанолдың еріткіш
ретінде, қолданылуы шектеулі.
Себебі ол:
Спирт пен суды
араластырған
кезде оның
көлемі су мен
Ұшқыш, оңай спирттің
жанады; көлемдерінің
арифметикалық
қосындысынан
кем болады
(контракция
құбылысы).
Хлороформ CHCl3 - Chloroformіum.
•Хлороформ – үш-хлор-метан - түссіз, мөлдір, қозғалғыш,
өзіне тән иісі және тәтті күйдіргіш дәмі бар ұшқыш
сұйықтық. Органикалық еріткіштерде (этанол, эфир, өсімдік
майларында) жақсы ериді; суда аз ериді; глицеринмен
араласпайды. Сондықтан, суда ерімейтін немесе аз еритін
заттар: бензой қышқылы, бутадион, камфора, ментол,
хлорбутанолгидрат, левомицетин және т.б. хлороформда
ериді. Хлороформ, галоген туындылары сияқты, есірткі
және дезинфекциялық (зарасыздандыру) қасиеттерге ие.
Күшті әсер ететін затқа жатады, сондықтан оның
қолданылуы шектелген. Хлороформ линименттер
технологиясында кеңінен қолданылады. Этанолдан
айырмашылығы - салмақ бойынша дозаланады. Хлороформ
жақсы тығындалатын ыдыста, салқын, жарық түспейтін
жерде сақталады.
Медициналық эфир C2H5-O-C2H5 - Aether
medіcіnalіs.
•Медициналық эфир – диэтил эфирі - түссіз, мөлдір, жеңіл
тұтанатын, қозғалғыш, өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі
бар, ұшқыш сұйықтық. Органикалық еріткіштермен:
этанолмен, өсімдік майларымен, эфир майларымен жақсы
араласады; суда 1:12 қатынасында ериді. Хлороформда
еритін заттар эфирде де жақсы ериді. Хлороформ сияқты,
эфир есірткі зат. Бейсу ерітінділер технологиясында эфир
сирек қолданылады, тек қана басқа еріткіштермен бірге
пайдаланылады. Ол салмақ бойынша дозаланады. Дайын
дәрілік препараттар технологиясында эфир кейбір
тұндырмалар мен экстракттарды дайындаған кезде және
коллодий (Collodіum) өндірісінде қолданылады. Коллодий -
коллоксилиннің спиртті-эфирлі ерітіндісі.
Ұшпайтын бейсу еріткіштер.
Глицерин C3H5(OH)3 – Glycerіnum.
;
•Глицерин - түссіз, шырын тәрізді, тәтті дәмді, иіссіз сұйықтық. ҚР МФ
II т., 173 б., 176 б. «Глицерин 98%» және «Глицерин 85%» енгізілген.
Фармацевтикалық практикада абсолютті глицерин қолданылмайды, оның
86-90% сулы ерітінділері қоланылады. Ол сусыз глицериннің өте жоғары
гигроскоптығын және тітіркендіргіш қасиетіне байланысты.
Салыстырмалы тығыздығы 1,224-1,235 г/мл. Глицеринді сумен келесі
теңдеу бойынша араластырады:
мұндағы: m - дистилденген (сусыз) глицериннің мөлшері,
г;х - сұйылтылған глицериннің мөлшері, г;
а - дистилденген (сусыз) глицериннің тығыздығы, г/мл;
b - сұйылтылған глицериннің тығыздығы,
г/мл; 1- судың тығыздығы, г/мл.
Глицеринді сұйылтуға қажетті судың мөлшерін айырма
бойынша табады:
у=х–m
мұндағы: х - сұйылтылған глицериннің мөлшері, г;
m - дистилденген (сусыз) глицериннің мөлшері, г;
у - судың мөлшері, мл.
•Глицерин барлық қатынаста сумен араласады, бірақ,
спиртпен салыстырғанда, глицерин эфир және өсімдік
майларымен араласпайды. Глицеринде бор қышқылы,
натрий тетрабораты, хлоралгидрат, натрий гидрокарбонаты
жеңіл ериді. Глицериннің 25% және одан жоғары
концентрациядағы ерітінділері микробтық контаминацияға
ұшырамайды, ал сұйылтылған ерітінділері
микроорганизмдердің дамуына қолайлы орта болып
саналады. Глицерин салмақпен дозаланады. Глицерин
жоғары гигроскоптығына байланысты, жақсы тығындалатын
ыдыста сақталады.
Өсімдік майлары Olea pіnquіa.
•Өсімдік майлары - жоғарғы майлы қышқыл
глицеридтерінің қоспасы - мөлдір, сарғыш түсті, иіссіз
немесе әлсіз өзіне тән иісі бар майлы сұықтықтар.
Оларды тұқым мен жемістерді пресстеу арқылы алады.
Дәріхана іс-тәжірибесінде бадам (Oleum Amygdalarum),
шабдалы (Oleum Persіcorum), абрикос (өрік) (Oleum
Armenіacae), зәйтүн (Oleum Olіvarum), күнбағыс (Oleum
Helіanthі) майлары қолданылады. Бұл майлардың сапасы
КСРО МФ нормаланады. Барлық майлар сумен
араласпайды, этанолда аз ериді, бірақ, эфирде және
хлороформда жеңіл ериді. Өсімдік майлары бейполярлы
және полярлығы төмен заттарға еріткіш ретінде
қолданылады: камфора, ментол, бензой қышқылы, фенол,
тимол, кейбір витаминдер жатады.
Димексид SO - (CH3)2 - Dіmexіdum.
•Димексид - диметилсульфоксид - күкірттің
органикалық қосылысы, күкірт диоксидінің туындысы,
молекуласындағы бір оттек атомы екі метил тобымен
алмастырылған. Димексид түссіз, мөлдір сұйықтық
немесе түссіз, өзіне тән иісі бар кристалдар, өте
гигроскопты. Сумен барлық қатынаста араласады, 2:1
қатынаста сумен гидрат түзеді, бұл кезде көп мөлшерде
жылу бөлінеді. Димексид ауырсынуды басатын,
қабынуға қарсы және ыстықты басатын қасиеттері,
сонымен бірге антимикробтық белсенділігі бар зат.
Димексид эмульсиялар, линименттер, жағар майлар
технологиясында кеңінен қолданылады. Димексид тығыз
жабылатын ыдыста, қараңғы жерде сақталады.
•Фармацевтік технологияда өте жиі күшті этанолды
сұйылтады немесе белгілі концентрациялы қоспа алу үшін,
концентрациясы әртүрлі спиртті ерітінділерді араластырады.
Қоймадан дәріханаға 95-96%-дық этанол түседі.
Спиртті сұйылтуға қажетті есептеулер келесі тәсілдермен
жүргізіледі:
алкоголимет
сұйылту рлік «Крест»
теңдеуімен кестелер ережесімен.
көмегімен;
•Сұйылту теңдеу бойынша:
мұндағы: х - күшті этанолдың мөлшері, мл;
у - қажетті концентрациядағы этанолдың
көлемі, мл;
а - күшті этанолдың концентрациясы,%;
b - қажетті концентрация,%.
•Халықаралық СИ жүйесі бойынша:
Сұйылту теңдеуі бойынша
Мысалы: Rp. Acіdі вorіcі 0,3
Spіrіtus aethylіcі 20 ml
Mіsce. Da. Sіgna. Құлақ тамшысы
Бор қышқылының концентрациясын анықтау:
0,3 - 20 мл
х - 100 мл х = 1,5% 70% спиртте дайындалады.
95% спирттен теңдеу бойынша 70% спирт алу қажет:
Сонда:
Б.П.
Acіdі вorіcі 0,3
Spіrіtus aethylіcі 95% 14,7 ml
Aquae purіfіcatae ad 20 ml
Vж. = 20 мл
•Рецептіде ұшқыш еріткіштегі бейсу ерітіндісі берілген. Спирттің
концентрациясы көрсетілмеген, ҚР ДСМ 18.04.2000 ж. № 224 бұйрық
талабына сәйкес ерітінді 90% спиртте дайындалуы керек. Бірақ, бор
қышқылының 0,5%, 1-3%, 5% ерітінділері 70% этанолда дайындалады
(18.04.2000 ж. № 224 «Құрамында спирті бар сұйық дәрілік түрлерді
салмақ-көлемдік әдіспен дайындау Ережелері»).
•Технологиясы: Құрғақ босататын құтыға 0,3 г бор қышқылын салып,
өлшегіш цилиндрге 95% спирттің 14,7 мл құйып, 20 мл дейін
тазартылған су қосады. Содан соң дайындалған 70% спиртті құрғақ
заты бар құтыға құяды. Тығындап, толық ерігенше шайқайды.
Босатуға безендіреді. Негізгі этикетка сары түсті «Сырт тәнге»,
ескерту этикеткасы – «Балалардан сақта». Жазылған сигнатура
науқасқа беріледі, ал рецепт дәріханада есеп үшін қалдырылады.
Алкоголиметрлік кестелер
Rp. Acіdі вorіcі 0,3
Spіrіtus aethylіcі 20 ml
Mіsce. Da. Sіgna. Құлақ тамшысы
Тіке және көлденең қатарлар қиылысындағы сан, 200С
температурада белгілі концентрациядағы 1000 мл спиртті
сұйылтуға қажетті, 200 С судың көлемін көрсетеді.
Жоғарыда келтірілген мысалда 95% этанолдан 70% этанол
алу үшін, судың мөлшерін табу керек. Сонда кесте бойынша
70% этанол дайындау үшін:
1000 мл 95% этанолға - 391 мл су қосу қажет
14,7 мл 95% этанолға - х мл су; х = 5,7 мл су
Б.П.
Acіdі вorіcі 0,3
Spіrіtus aethylіcі 95% 14,7 ml
Aquae purіfіcatae 5,7 ml
Vж. =20 мл
«Крест ережесі» бойынша сұйылтуға болады:
95 бөлік (70%) – 70 бөлік (95%)
20 бөлік (70%) – х бөлік (95%)
х=14,7 мл (95%)
Сонда су 20 мл қосылады.
•Құрамында кез келген концентрациядағы этил спирті бар
дәрілік түрлерді дәріханаларда дайындау кезінде
рецептінің немесе талапнаманың келесі бетінде
шығындалған (босатылған) спирттің 95% этанолға
есептелген мөлшері көрсетіледі. Құрамында дәрілік
заттары 3% және одан да жоғары болатын спиртті
ерітінділерінің концентрациясының дәлдігін қамтамасыз
ету үшін, сулы ерітінділер сияқты, ерітіндіні өлшегіш
ыдыста немесе еріткішті (спиртті) дәрілік заттардың спирт
бойынша КҰК есепке алып жүргізіледі.
Мысалы: Rp.: Thymolі 1,0
Mentholі 2,0
Acіdі salіcylіcі 3,0
Glycerіnі 5,0
Spіrіtus aethylіcі 70% 80 ml
Mіsce. Da. Sіgna. Ысқылап жағуға
1. Ерітіндінің жалпы көлемі: Алдымен глицериннің көлемін
табу керек, себебі ол рецептіде салмақпен берілген.
Vглиц. = m/ =5,0 : 1,22 = 4,09 4,1 мл
Vж = 80 мл + 4,1 = 84,1 мл 2.
2. Құрғақ заттардың пайыздық мөлшерін анықтау:
mж. = 1,0 + 2,0 + 3,0 = 6,0 г
6,0 г - 84,1 мл х - 100 мл х = 7,1% > 3%
Дәрілік заттардың мөлшері 3% жоғары еріткіштің көлемін
дәрілік заттардың спирт бойынша көлем ұлғаю коэффициентін
ескеріп, есептейді.
КҰКтимол - 1,01 мг/л; 1,0 ∙ 1,01 = 1,01 мл
КҰКментол - 1,1 мг/л; 2,0 ∙ 1,1 = 2,2 мл
КҰКсалицил қышқ. - 0,77 мг/л; 3,0 ∙ 0,77 = 2,31 мл
3. Еріткіштің (этил спирті) мөлшері:
Vспирт = 80,1 мл - (1,01 + 2,2 + 2,31) = 74,6 мл 70% 220
Спирттен сұйылту теңдеуі бойынша дайындалады:
(95%)
Тазартылған су 74,6 мл дейін мөлшерде қосылады.
Б.П.
Thymolі 1,0
Mentholі 2,0
Acіdі salіcylіcі 3,0
Spіrіtus aethylіcі 95% 54,9 ml
Aquae purіfіcatae ad 74,5 ml
Glycerіnі 5,0
Vж. = 84,1 мл
•Технологиясы: Босататын құтыны тарирлеп 5,0 г
глицеринді өлшейді. Құрғақ қосымша ыдысқа 1,0 г
тимолды, 2,0 г ментолды, 3,0 салицил қышқылын салып,
оған алдын-ала сұйылтылған 70% спиртті қосып
араластырып, ерітеді. Еріту кезінде қосымша ыдыстың
бетін шынымен жабады, себебі еріткіш ұшқыш. Содан соң
дайын ерітіндіні босататын құтыға құяды. Тығындып,
безендіреді. Негізгі этикетка сары түсті «Сырт тәнге»,
ескерту этикеткасы «Балалардан сақта». Рецепт дәріханада
қалдырылады, науқасқа сигнатура беріледі.
дәрілік заттардың көбін жақсы дәріханалық практикада
ерітетін, еріткіштер талаптарға сай емес
талаптарына сай болатын, еріткіштер орнына силиконды
еріткіштер қатарын кеңейту; сұйықтықтарды енгізу;
Бейсу ерітінділерінің сапасын
және технологиясын жетілдіру:
дәріханаішілік
сақталуын және қолдану дайындамалардың
ыңғайлылығын қамтамасыз ассортиментін кеңейту, осыған
ететін орамдауыш байланысты дәріхана
материалдарды жетілдіру; жұмысында кіші механизация
құралдарын кеңінен қолдану.
Қорытынды
Жалпы қорытындылай келе, ерітінді екі немесе
оданда көп компонеттерден тұратын гомогенді жүйе.
Ертінділер сұйық, газ, қатты заттардың сұйықтағы
ертіндісі. Адамдар, жануарлар, өсімдіктер ертіндісіз
өмір сүре алмайды. Ертінді еріген зат пен еріткіштен
тұрады. Еріткіш еріген заттан көп болады. Көбінесе
еріткіш ретінде су алынады. Сонын ішінде бейсу
ертіндісі иондар мен молекулаларда болатын
гомогенді жүйе. Еріткіш ретінде бейсу ерітінділерінде
бейсу еріткіштер спирт, эфир, өсімдік майлары және
т.б. қолданылады. Осы бейсу ертіндісінің нәтижесінде
көптеген дәрілік заттардың суда ерімеуіне
негізделген.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің
дәріханалық технологиясы: оқулық – Шымкент. –
2008. – 436 б.
2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің
дәріханалық технологиясы: оқулық – Алматы:
«Эверо», 2011. – 436 б.
3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілік түрлердің
тәжірибелік технологиясы: оқулық – Алматы:
«Эверо», 2016. – 385 б.
4. Анарбаева Р.М.. Дәріханалық дәрілік түрлер
технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға
арналған оқу құралы – Алматы: «Эверо», 2014 – 364
б.
Назар аударғандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz