Атың шықпаса, жер өрте мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат
Презентация қосу
Макал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында ба
сынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған таб
иғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-
қатысы, мінез-
құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, т
ұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталғ
ан философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық
та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың ең
деліп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрле
рі. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой
дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін
ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол
дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы,
халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана
емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам
бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып,
жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын
алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер
қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық
даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен
бұрынғылардың моральдық-психологиялық,
медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-
пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың
тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды.
Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп
біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды
ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба
даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер
белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын
логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-
Абай мұрасы мақал, мәтелге айналған ақыл-нақылды өлең
жолдарына бай.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан
патшадан мимен асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден еңбегін
сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам
баласын»
деген жолдар осының дәлелі.
Ақын өзінің бірсыпыра шығармаларында кейбір мақал, мәтелдер
жөнінде ғылыми пікірлерде айтқан. Кейбір мақал, мәтелдердің
зиянды мәнін ашып, сынап отырған.
Мысалы, Жиырма тоғызыншы сөзінде
«Жарлы болсаң, арлы болма»
деген мақалдың теріс тәрбиелік мәнін аша келіп, керісінше,
«Жарлы болсаң, арлы бол, ардан кеткен соң тірі болып жүргенің
құрысын»
дейді.
«Қалауың тапса, қаржанады», «Сұрауын тапса, адам баласының
бермейтіні жоқ»
деген мақалдарды келтіреді де,
«сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір
өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау
керек қой»
дейді.
«Атың шықпаса, жер өрте» мақалы туралы жер өртеп шығарған
атыңның несі мұрат?..», «Алтын көрсе, періште жолдан шығады»
деген мақал женінде
«періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтыңды не қылсын, өзінің
көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны»
деп реніш білдірген.
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін
сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс
тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің
көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ
– жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама
берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз
әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда
“фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның
шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі
заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар
әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар
топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек
фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Ғалымдар Жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп
есептейді. Бағзы дәуірлерде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтанғандықтан,
өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Жұмбақ кейінгі даму
барысында табу мен тыйым сөздерден жіктеліп, бөлініп шыққан. Қазақ Жұмбақтары
ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. 13 ғасырдың 2-
жартысы мен 14 ғасырдың басында құрастырылған қыпшақ тілінің сөздігі “Кодекс
Куманикусте” көптеген Жұмбақтар берілген. Ондағы Жұмбақтардың құрылымы,
табиғаты қазіргі қазақ Жұмбақтарына ұқсас. Мысалы, Сенде, менде жоқ, Сеңгір тауда
жоқ, Өте берік таста жоқ, Қыпшақта жоқ (құс сүті). Сонымен қатар Махмұт Қашқаридің
“Түрік тілінің сөздігінде” де қазіргі қазақ Жұмбақтарының алғашқы үлгілері кездеседі.
Қазақ халқы Жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер
деп есептеген, сондықтан жар таңдаған жастар, ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т.б.
данагөй, қадірменді адамдар бір-біріне Жұмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, таным
салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де
кездеседі. Жұмбақ бейнелі суретпен айтылады. Мысалы, “Айдалада ақ отау, аузы-мұрны
жоқ отау” (жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз). Заттың сапасына (“Бауыздасаң,
қан орнына су ағар” – қауын), қызмет-қимылына (“Жанды сағат айқай салад” – есек)
қарай құрылатын Жұмбақтар көп. Кейде Жұмбақ тікелей ашық сұрау түрінде айтылады.
Жұмбақ шешендік сөздермен де (“Ағат деген немене? Сағат деген немене?”), мақал-
мәтелдермен де (“Сырты жылтырауық болғанмен, іші қалтырауық”) жанасымды.
Өтiрiк өлең – қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта
тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана
емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды, тiптi бүгiнгi айтыста да бұл жанр тiрiле, жаңа
қырынан танылып жүр. Тiптi, теледидар бағдарламаларына да арқау болып жүр. Сол
сияқты халық «Тазша баланың қырық өтiрiгi» жөнiндегi ертегiнi де ұрпақтан-ұрпаққа
қастерлей жеткiзiп келедi. Бұл өтiрiк өлеңнiң қазақ фольклорындағы көне де, дәстүрлi
жанр екендiгiн көрсетедi. Қазақ өтiрiк өлең нұсқаларының хатқа түсе бастауы ХIХ
ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Оның алғашқы нұсқасын В.В.Радловтың
қазақ фольклорына арналған жинағынан кезiктiремiз. Өтiрiк өлең үлгiлерiн жинап
бастыруға Ә.Диваев, С. Сейфуллин, I.Жансүгiров сияқты белгiлi адамдар да ат
салысқан. Бұл орайда, әсiресе, I.Жансүгiров құрастырып, алғысөз жазған «Ел өтiрiгi»
атты жинақты ерекше атаған жөн. Кейiнгi кезеңде өтiрiк өлеңдер жинағы әлденеше рет
жарық көрiп келедi . Ел арасында өтiрiктiң қарасөзбен айтылатын түрлерi де мол
ұшырасады. Тiптi, әр ауылдың өзiнiң қиыннан қиыстырып: «Өтiрiктi шындай, ақсақты
тыңдай» қылып әңгiмелеу арқылы халық «құрметiне» бөленген адамдары болған.
Бүгiнгi күндерi баспасөз бетiн көрiп жүрген Әлiмжанның өтiрiгi, Сұраубайдың өтiрiгi,
Судырахметтiң өтiрiгi делiнетiн әңгiмелер, бұған айқын дәлел. Е.Ысмайылов өтiрiк
өлең қиыстырудың салдар салтында да болғандығын айта келiп: «Салдардың...
өлеңдерi де өз мiнездерiне сай өтiрiк, қыңыр мағыналы, қисынсыз құралған күлдiргi
болып келедi. Жантұрған сал өзiнiң бiр құрбысына кездескенде:
Өтiрiк өлең – қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын
фольклорлық жанр. Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды, тiптi бүгiнгi айтыста да
бұл жанр тiрiле, жаңа қырынан танылып жүр. Тiптi, теледидар бағдарламаларына да арқау болып жүр. Сол
сияқты халық «Тазша баланың қырық өтiрiгi» жөнiндегi ертегiнi де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткiзiп келедi.
Бұл өтiрiк өлеңнiң қазақ фольклорындағы көне де, дәстүрлi жанр екендiгiн көрсетедi. Қазақ өтiрiк өлең
нұсқаларының хатқа түсе бастауы ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Оның алғашқы нұсқасын
В.В.Радловтың қазақ фольклорына арналған жинағынан кезiктiремiз. Өтiрiк өлең үлгiлерiн жинап бастыруға
Ә.Диваев, С. Сейфуллин, I.Жансүгiров сияқты белгiлi адамдар да ат салысқан. Бұл орайда, әсiресе, I.Жансүгiров
құрастырып, алғысөз жазған «Ел өтiрiгi» атты жинақты ерекше атаған жөн. Кейiнгi кезеңде өтiрiк өлеңдер жинағы
әлденеше рет жарық көрiп келедi . Ел арасында өтiрiктiң қарасөзбен айтылатын түрлерi де мол ұшырасады. Тiптi,
әр ауылдың өзiнiң қиыннан қиыстырып: «Өтiрiктi шындай, ақсақты тыңдай» қылып әңгiмелеу арқылы халық
«құрметiне» бөленген адамдары болған. Бүгiнгi күндерi баспасөз бетiн көрiп жүрген Әлiмжанның өтiрiгi,
Сұраубайдың өтiрiгi, Судырахметтiң өтiрiгi делiнетiн әңгiмелер, бұған айқын дәлел. Е.Ысмайылов өтiрiк өлең
қиыстырудың салдар салтында да болғандығын айта келiп: «Салдардың... өлеңдерi де өз мiнездерiне сай өтiрiк,
қыңыр мағыналы, қисынсыз құралған күлдiргi болып келедi. Жантұрған сал өзiнiң бiр құрбысына кездескенде:
• Алабас ит көрдiң бе шiдерлеулi,
• Әр ауылдың көлiнде оттап тұрған, –
деп бастайды өлеңдi. Тағы бiр тентек салдың өлеңiнде:
• Көп сиырдан туады жирен айғыр,
• Шоқаң-шоқаң қойға қасқыр шабады.
• Боталы iнген, тайлақтар көкте ұшып жүр,
Буынғаным белiме сексен арқан, – деп жазады.
Балалар репертуарындағы өтiрiк өлеңдердiң ересектер жырынан
айырмашылығы бар. Ең алдымен үлкендер өтiрiк өлеңдерiндегi салмақты
әлеуметтiк жүк балалар өлеңдерiнде байқала бермейдi. Олардың құрылысы
қарапайым, ұзақ-сонар сюжет жоқ. Көбiнесе төрт жолдан тұратын қара өлең
үлгiсiндегi қысқа шумақтардан келедi. Өлеңдерде шендестiрiлетiн заттар, жан-
жануарлар да балаларға күнделiктi өмiрден таныс болып келедi. Оның мысал
үлгiлерi мынадай:
• Мiнiп алып құртқа,
• Өрмеледiм бұлтқа.
• Алып келiп Айды,
• Көрсеттiм көп жұртқа.
Немесе:
• Жасадым жұмыртқадан алтын табақ,
• Сүңгi мұзды боршалап еттiм тамақ.
• Шегiрткенiң сирағын қасық жасап,
• Ертеден кешке дейiн iштiм шалап, –
деп келедi.
Өтiрiк өлең бала қиялын ұштауда, бейнелi ойлауға жетелеу, ұтқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуде аса
маңызды рөл атқарады. Сондықтан да халық ақындары мен балалар жазушыларының
шығармашылығында бұл жанр жалғасын тауып өрiстi дамып келедi. Бүгiнгi күн тақырыбына арналған
өтiрiк өлеңдердi «Балдырған», «Ұлан», «Ақ желкен» сияқты газет-журнал беттерiнен бүлдiршiн
оқырмандар ынтыға оқиды. Бұл өлеңдерде ғылым мен техниканың жаңалықтары өтiрiк өлеңнiң көне
формасымен жымдаса астасып келедi. Мәселен:
• Пойызға арттым жалғыз қауырсынды,
• Тарта алмай тепловоз ауырсынды.
• Тышқанға қоса тiркеп берiп едiм
• Жүйткидi әлгi пойыз дауыл сынды.
деген сияқты өлеңдерде «қауырсын» мен тышқан көне өтiрiк өлеңнiң кейiпкерлерi бүгiнгi –
«тепловозбен» қатар әрекетте жүр.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz