Орта мектепте геометрияны оқытудың жалпы әдістемелік мәселелері




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан Мемлекетік Педагогикалық Университеті

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Орта мектепте геометрияны оқытудың
жалпы әдістемелік мәселелері

Тобы: 109-18.
Орындаған: Қожанова А.Ж.
Қабылдаған: Жетпісбаева Г.

Шымкент- 2021.
Жоспар:
• 1. Геометрияны оқыту мақсаттары және кезеңдері
• 2. Геометрия сабағына қойылатын талаптар
• 3. Мектептегі геометрия курсының логикалық құрылымы
Кіріспе
Мектепте геометрия курсы үлкен орын алады және оқытуға көп
көңіл бөлінеді. 7-11 кластарда математикаға бөленген уақыттың
40% геометрияға тиісті.
Мектеп геометриясының негізгі мазмұны 200 жылдан бері бір
қалыпты сақталып келеді және оның шығар жері (қайнар көзі)
Евклидтің « Негіздері». Планиметрия курсында түзулердің өзара
орналасуы; үшбұрыш, төртбұрыш және шеңбер қасиеттері;
фигуралардың теңдігі және ұқсастығы; ұзындықты, бұрыштар мен
аудандар шамаларын өлшеу сияқты мәселелер қарастырылады.
Геометрияны оқыту әдістемесі –
педагогикалық ғылым, сондықтан да ол
қоғамның талаптарына сай, педагогика
ғылымы анықтап берген жалпы білім
беру мен тәрбиелеудің мақсаттарымен
міндеттеріне сәйкес құрылады.
Геометрияны оқытудың басты мақсаты – геометрия
ғылымының негіздерін меңгеру және оларды практикада
қолдану дағдыларына үйрету. Оқушылардың кеңістіктік
түсінігі мен кеңістікті елестетуін, логикалық пайымдау, өз
тұжырымын дәлелдеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру біліктерін
қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, ойды дәл және
анық жеткізе алуы, қоршаған ортаны геометриялық тұрғыдан
көре білуі, т.б. мәселелер геометрияны оқытудың маңызды
міндеттері болып табылады.
Геометрияны оқытудың білімділік
мақсаты

Барлық оқушыларды геометрия
ғылыми негіздері туралы жүйелі
білімдерімен және оларды толық,
сапалы да берік игеруге қажетті
білімділіктермен, дағдылармен
қаруландыру болып табылады.
Осындай білім алу нәтижесінде
оқушылардың ақыл ойы дамиды.
Геометрияның міндеті –
оқушыларда үш түрлі
сапаны дамыту: кеңістікті
елестету; практиканы түсіну
және логикалық ойлау.

Оқушылардың кеңістікті
елестетуі мен логикалық
ойлауын дамытудың негізі,
олардың геометриялық
фактілер мен әдістерді білуі.
А.В. Погорелов оқулығында бірінші орынға оқушылардың логикалық
ойлауын дамыту қойылған. Ол өзінің кітабында былай деп жазады:
«геометрияны оқытудың басты мәселесі – оқушыларды логикалық
ойлауға, өз пікірін дәлелдеуге үйрету ....»
Ал Л.С. Атанасян мен В.Ф. Бутузовтардың оқулығында оқушылардың
іскерлігі мен дағдысын дамытуға, түсінікті етіп баяндауға ерекше
көңіл аударылады.
В.Г. Болтянский, мектепте геометрияны оқытудын басты мақсаты-
оқушыларға есеп шешуде қалай ойлау, қалай дұрыс ой тұжымдауды
көрсету деп есептейді.
Барлық геометриялық материалдарды мектепте оқытудың
үш кезеңі қалыптасқан. Бірінші кезең 1-4, екінші 5-6,
үшінші 7-9 және 10-11-ші сыныптарды қамтиды. Бұл
кезеңдегі оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріп,
геометрия ғылымының даму кезеңдеріне сәйкес таңдалған
«Көрнекі геометрия», «Практикалық геометрия»,
«Геометрияның жүйелі курсы» курстарын оқытумен де
байланыстарған маңызды.
Бірінші дайындық кезеңде, бастауыш сынып оқушыларының
алғашқы геометриялық түсініктері жинақталып, қарапайым
геометриялық фигуралардың аталымдары – терминдермен
танысады. Бастауыш сыныптарда геометриялық фигуралар
оқу-білу объектісі бола отырып, арифметикалық
материалдарды игерудегі көрнекі құрал міндетін де атқарады.
Екінші дайындық кезеңде, негізгі мектептің V-VI сыныптарында
геометриялық фигуралармен және олардың кейбір қасиеттерімен
көрнекіиндуктивті түрде таныстыру одан әрі жалғасады. Бірақ,
бұл кезеңде геометриялық фигуралардың кейбіреулеріне
анықтама беріліп, қасиеттері жүйелі түрде тұжырымдала
бастайды, қарапайым ой қорытулар жасалынып, дедуктивті
дәлелдеудің элементтері кездеседі. Сондықтан бұл кезең
геометрияны оқытудың индуктивтіден дедуктивтілікке біртіндеп
өту кезеңі делінеді.
Үшінші дайындық кезең – геометрияны жүйелі оқыту
кезеңі делінеді және ол екі бөлімнен тұрады: 1)
жазықтықтағы геометрия (планиметрия) – негізгі
мектептің VII-IX сыныптарында түзулердің өзара
орналасуы; үшбұрыштардың, төртбұрыштардың,
көпбұрыштардың және шеңбердің қасиеттері, теңдік
және ұқсастық қатынастары, ұзындықты, бұрышты,
ауданды өлшеу жүйелі түрде оқытылады; 2)
кеңістіктегі геометрия (стереометрия) – орта
мектептің жоғары X-XI сыныптарында түзулер мен
жазықтықтардың өзара орналасуы; көпжақтар,
айналу денелері және олардың бетінің ауданы мен
көлемі оқытылады
Геометрия сабағына қойылатын өте маңызды талап – сынып
ұжымы және жеке оқушылармен істелетін жұмыстарды
ұштастыру. Бұл алдымен, бүкіл сынып болып атқарылатын
жұмысқа, ұжымдық талқылауларға, есептер шығаруға
сыныптағы үлгерімі әр түрлі деңгейдегі оқушыларды түгелге
жуық қатыстыру, екіншіден оқушылармен өзіндік жұмыс кезінде
үлгерімі төмен оқушылардың жұмыстарына ерекше назар
аударып бақылап отыру, кеңес беру т.б. арқылы жүзеге
асырылады.
Геометрия курсының негізгі мәселелері:

геометрияның негізгі фактілерің, оларды алу өдістерің және
оларды қолдану мүмкіндіктерін жүйелі түрде оқу;
шектес пәндерді оқу үшін одан алған білімдерді колдануды
қамтамасыз ететін, оқушылардың іскерлігі мен дағдысын
дамыту;
оқушылардың кеңістікті елестетуін және логикалық ойлауын
дамыту.
Геометриялық материалдарды оқытуда мынадай
қағидалар басшылыққа алынады

Геометриялық материалдарды оқыту барысында оқушылардың
мектепке дейінгі және күнделікті өмірден алынған білімдеріне сүйенеді.
Геометриялық фигуралар тек оқытудың мақсаты ғана емес, оқытудың
құралы да, геометриялық материалдар сандарды нөмірлеу,
арифметикалық амалдар, мәтінді есептер, үлес сияқты мәселелерді
оқыту барысында көрнекі құрал ретінде пайдаланылады:
Геометриялық ұғымдарға (тік төртбұрыш, шаршы, және приметрден
басқаларына) анықтама тек қана остенсивті түрде көрсету арқылы
беріледі.
Геометриялық материалдар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
үшін де пайдаланылады;
Геометриялық материалдар оқушыларға математика мен өмір
байланысын түсінуге септігін тигізеді;
Геометриялық материалдар оқушыларда практикалық іскерліктер
қалыптастырады
Қорытынды
Қорыта айтқанда, әр мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру.
Мұғалім математика сабағына оқушылардың қызығушылығын тудырту үшін ойындар
ұйымдастыруына болады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып
белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетін арттыруға геометриялық ұғымдардың орны
ерекше. Геометриялық материалдарды оқытуда оқушыларды қызықтыратын тапсырмалар
таңдай білу – мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Геометриялық материалдар ды оқыту
әдістемесі шығармашылыққа, еңбектенуге тәрбиелейді. Геометриялық ұғымдардымен танысу
барысында оқушы дербес ойлау мүмкіндігі, көңіл қоя білу қабілеті дамиды. Математиканың сан
алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын осындай жаттығулар элементтерімен
өрнектеген сабақ қызықты әрі ұтымды. Геометриялық материалдарды пайдалана отырып
өткізілген сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап
оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Сабақта алған білім
дағдысын ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушылардың зор ынтасын тудырады, білгенін
тереңдетіп, жаңа іс – қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау
үшін жанын салады.Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарды ойын, жарыс элементтерін
пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Зейін қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
САЛУ ЕСЕПТЕРІ
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
Оқытудағы қиындықтары бар балалардың психологиялық және педагогикалық сипаттамасы
Математика жайлы әңгімелер
Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ДИДАКТИКАСЫ
Химия оқулықтарының тарихы
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Компьютерлік білім
Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Пәндер