Интербелсенді әдіс - тәсілдер



ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Интербелсенді әдіс-тәсілдер
Оңтүстік Қазақстан Мемлекетік Педагогикалық Университеті
Тобы: 109-18.
Орындаған: Қожанова А.
Қабылдаған: Муратбекова Ұ.
Шымкент- 2021.

ЖОСПАР:
Т - кестесі тәсілі
Үш қадамды сұхбат тәсілі
Бестармақ тәсілі
Пирамида құру тәсілі
Аквариум
Галереяны шарлау тәсілі
Пікірталас

Интербелсенді
оқыту әдістері
“. . . Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса.
(халық даналығы)

Ағылшын тілінен келген «Inter» - өзара, «act» - әрекет жасау деген мағынаны білдіреді, яғни біреумен сұхбаттасу, әңгімелесу немесе өзара әрекет ету мағынасын білдіреді.

«Интербелсенді» дегеніміз - біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы үйрету. Интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады. Осы қағиданы ұстанған мұғалім оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтып, сабақтарында оқушы бойындағы идеясы мен білім - біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруды талап етеді.

Біз білімнің 10%-ын оқығанда, 20%-ын тыңдағанда, 30%-ын көзбен көргенде, 50%-ын көріп тыңдағанда, 70%-ын пікір таластырғанда, 80%-ын тәжірибе жасғанда, 95%-ын басқаларды үйреткенде игереміз.
Вильям Глассер
Интербелсенді әдістердің артықшылықтары:
Терең ойлану, қабілетті дамыту;
Ақпаратты жан-жақты талдау;
Жаңа түсінік пен білім құрастыру
Ортақ жұмысқа жұмыла білу
Тиімді қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу;
Бастамашылдық;
Бірлескен жұмыс;
Кері байланыс жасау;
Проблема шешу, шешім қабылдау;
Белсенділік, жауапкершілік сезімі;
Өзіндік көзқарас қалыптастыру.

Қатысушылардың қызығушылығын оятады.
Оқу үрдісіне белсенді қатысқандарды
мадақтайды.
Көңіл-күйге бағытталады.
Материалдардың тиімді игерілуіне мүмкіндік
береді.
Қатысушыларға көп қырлы әсер етеді.
Кері байланысты жүзеге асырады
(аудиторияның жауап беруі) .
Қатысушыларда өзіндік пікір, қатынас
қалыптастырады.
Мінез-құлықтың өзгеруіне ықпал етеді.
Интербелсенді оқыту әдістерінің
артықшылықтары:

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары: • Орта қалыптастыру • Әрекет арқылы үйрету • Өмірмен байланыстыру • Өзінділікпен дербестікке баулу Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

қысқа дәріс
топтық жұмыс
визитерді шақыру
ой шабуылы (шабуыл)
имитация ойыны
рөлдік ойын
жағдайлық тапсырмаларды шешу
сарапшы топтардың пікірталасы
жоба жасау
сұрау *сұхбат * сахналау
жағдайларды ойнау
қатысушылардың рөлінде болу
триггерлік (электрондық схема) суреттерді талқылау
сұрау-квиз (бақылау) және т. б.
Оқытудың интербелсенді
әдістері және түрлері:

Интерактивті әдістерге әр түрлі көмекші құралдар пайдаланылған тұсаукесер (презентация) де жатады: тақталар, кітаптар, видео, слайдтар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т. б.

Интербелсенді оқудың шарттары мен ережелері:
Іскерлік пен ынтымақтастыққа, үйренушілердің мүдделері мен қызығушылықтарын ескеріп, өзара сыйласымдылық пен тәуекелдікке, бірлескен іс-әрекеттерге негізделген мұндай қарым-қатынас үйренушілерге саналы және ерікті білім алуына, оқуына мүмкіндік береді, өз білімдеріне жауапкершіліктерін арттырады. Сол себепті интербелсенді оқуда/оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті болып табылады:
жағымды психологиялық орта орнату;
үйренушілерде білім игеруге қызығушылықтарын (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру;
білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әоекеттерді қолдану.

Интербелсенді оқуда/оқытуда келесі шарттарды қадағалау міндетті болып табылады - ол
жағымды психологиялық орта орнату

Жағымды психологиялық орта орнату.
Ол бірінші - үйрену процесіне қатынасушылардың әрқайсысымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген жеке қарым-қатынас орнату деген сөз. Дана қазақ “сыйға - сый, сыраға - бал!”, “Сыйлағанның құлы бол!” деп бекер айтпаған болар. Екінші - қарым-қатынаста қысымнан бас тартып, “жұмсақ” әдістерді қолдану деген сөз. “Жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады, суық-суық сөйлесе - мұсылман дінінен таяды” немесе Мұхаммед (С. Ғ. С. ) пайғамбар: “Іштеріңдегі ең жақсы адамның кім екенін айтайын ба? Ол - мінезі жұмсақ адам!” деп айтқан екен. Адам жан-жағына нәр шашу керек пе, әлде зәр шашу керек пе? дегендей жағымды психологиялық ахуал туғызудың маңыздылығы мен тиімділігін қолдана алу міндет!!!

Т - кестесі тәсілі
Бір-біріне қарама-қарсы (“иә/жоқ”, “келісемін/келіспеймін”, “қарсымын/жақтаймын” секілді) немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі.
Оқушылар алдымен берілген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп жеке жұмыс жасайды, содан соң олар жұптасып немесе шағын топ ішінде (4-6 адам) кестерін салыстырып, пікірлеседі, жазғандарын толықтырады. Осыдан кейін тақтада мұғалім бүкіл сыныпқа ортақ кесте құрастыруына болады. Әр жұп/топ бұл кестеге екі-үш пікірін ұсынады.
Мақсаты - қарама-қарсы нәрселерді, сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді.

Мысалы: Арифметикалық прогрессия мен геометриялық прогрессияны салыстырайық
АРИФМЕТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССИЯ
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОГРЕССИЯ

Үш қадамды сұхбат - тақырып бойынша студенттер бір - бірінен кезектесіп интервью алу тәсілі . Бұл тәсіл сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою тәсіліне ұқсас, алайда мұнда басты назар сұрақтың жауабына назар аударылуына байланысты болады.
Шағын топ ішінде (3-4 адам ) студенттер тақырып бойынша бір - бірінен интервьюды келесі кезекпен алуы мүмкін:
Үш студент туратын топта :
1. А студент В -дан интервью алады, ал С олардың сұрақ - жауабын жазып отырады ;
2. В студент С- дан интервью алады, ал А олардың олардың сұрақ - жауабын жазып отырады ;
3. С студент А- дан интервью алады, ал В олардың олардың сұрақ - жауабын жазып отырады .
Үш қадамды сұхбатты жазбаша да орындауға болады .
Үш қадамнан тұратын сұхбат

Үш қадамнан тұратын сұхбат
C
А
В
Сұхбат алушы
Жауап беруші
Үн таспаны жазушы
А- сұрақ қояды.
В- жауап береді.
C- сұрақ, жауаптарды жазып, анализ береді.
Әрбір интервьюден соң рольдер ауысып отырады.

Бестармақ әдісі
(Синквин)
Ойды тиянақтап, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл тәсілде оқушылар өз ойын қорытындылау үшін тек 11 сөзді қолдануы керек. Бұл тәсіл бес жолдан тұрады. Сондықтан бестармақты жиі бес жолды өлең деп те атайды.
Бірінші көзге қарағанда Бестармақ кішкене балалардың ойыны іспеттес қарапайым, жұпыны, орындалуы оп -оңай тәсіл ретінде көрінуі мүмкін . Алайда тәсілді қолдану барысында студенттер аз да болса қиыншылықтарды бастан өткеріп, терең толғаныста болатындығы ақиқат.

Мысалы: ‘Тең бүйірлі үшбұрыштар’ тақырыбын алайық
1-тармақ : үшбұрыш
2-тармақ : бүйір қабырғалары, табаны
3-тармақ : медианасы, биіктігі, биссектрисасы
4-тармақ : 4 қасиеті
5-тармақ : Тең бүйірлі үшбұрыш

Пирамида құру тәсілі
Пирамида құру - жаңа мәліметпен жұмыс жасалғаннан кейін, түрлі деңгейлерде түсінік құрастыру тәсілі . Бұл тәсіл жүзеге «жеке - жұп - топ - аудитория» схемасы арқылы асырылады.
Мақсаты: Өтілген материалдарды жүйелеу немесе есептер шығаруда реттілігін сақтау

Мысалы:
Ондық бөлшектерді қосу алгоритімін қарастырайық
Қосылғыш пен қосындының
Бүтін бөліктерін жазып алып үтірлерін қоямыз
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz