Психологиялық - педагогикалық қолдау


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тобы: 109-18.

Орындаған: Қожанова А.

Қабылдаған: Турмаханова С.

Тақырыбы: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғаларды əлеуметке қосу

Оңтүстік Қазақстан Мемлекетік Педагогикалық Университеті

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

Әлеуметтік ортаға бейімдеу ұғымына түсінік;

Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің жолдары

Психологиялық-педагогикалық қолдау

III. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

I. Кіріспе.

Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртіп нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс болып табылады», Баланың бойындағы кез-келген кемшілік, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірбиесін игеруге кедергі келтіретіні бәрімізге белгілі.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей оқуға, жұмыс істеуге, демалуға т. б. яғни қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді, дегенмен бұны шынайы түрде іске асыру оңай емес. Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық-педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Дегенмен осы балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты. Ең алдымен оқу сабақтарының оқушыларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға, коммунакабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар барлық пәндер арасындағы байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше маңызды. Практика барысында оқушыларда әлеуметтік бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Slide 4

Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу - әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Бейімделу - бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепте оқуына, басқа балалармен бірдей білім алып, түрлі шараларға қатысуына толықтай жағдай жасалған. Мектептегі мүмкіндігі шектеулі балаларды қамқорлыққа алып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруге бағыт-бағдар беру, тұрмыстық еңбек үдерісін меңгерту мақсатында түзете-дамыта оқыту сыныбында аптасына 2 сағат әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабағы жүргізілді. Бұл сабақ кезінде мүмкіндігі шектеулі балаларға өзіне-өзі қызмет көрсетуге, қоршаған ортада өзін ұстауға өз бойындағы кемістіктерін қалпына келтіріп, қабілеттерін көрсету, қарым-қатынаста өзін басқара алуға, қоршаған ортаны танып білуге үйретіледі

Әлеуметтік ортаға бейімдеу ұғымына түсінік

Slide 5

Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар

Бірінші жолы, мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі - біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек.

Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.

Slide 6

Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық-педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. Егер адамды тарих пен табиғаттың бір бөлігінің өнімі ретінде биоәлеуметтік нәрсе деп қарастырар болсақ, мұнан дамуға әсер ететін биологиялық (табиғи) және әлеуметтік (әлеуметтік орта) фактор шығады. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртібі нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес, әлеуметті құбылыс болып табылады». (Л. С. Выготский) Психиканың тарихи-мәдени қалыптасу теориясында Л. С. Выготский кезкелген кемшілік, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірбиесін игеруге кедергі келтіретініне баса назар аударады.

Slide 7

Балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты.

Ең алдымен, оқу сабақтарының балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға, коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арасындағы байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше маңызды. Практика барысында балаларда болашақ әлеуметтік бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Slide 8

Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі. Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін сабақтан тыс уақыттарда «Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста» т. б. сияқты сюжеттірольді ойындар өткізіледі. Балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара көрсету керек. Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал, танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жас ерекшеліктеріне сай балалар еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман орындаса қынжылып, ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, тәрбиешісіне көрсетіп, мадақтауды ұнатады. Балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның бәрі балалардың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып, олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы қарымқатынастың қалыптасуына әсер етеді.

Slide 9

Көрнекілік әдісі

Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс болып табылады. Бұл жерде «көрнекілік» - шынайылық деген мағынаны білдіреді. Педагог мүмкіндіктері шектелген балаларды экскурсия, сюжетті-рольді ойындар, ертегі қойылымдар, театрландырылған қойылымдар барысында сыртқы ортаныңқасиеттерімен, құбылыстарымен таныстырады. Бұл балалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста және арнаулы өндірісте қиын емес еңбек операцияларын орындауға, мүмкіндігінше қоршаған ортаға икемделуге бағытталған жұмыстар. Осындай жұмыстар барысында дамуында проблемасы бар балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше жұмыс істей алуға, түрлі жағдаяттар барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің бағалауына парапар ұстауға үйренеді. Түзету жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді.

Slide 10

Әлеуметтік-тұрмыстық білім мен икем

Ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік- тұрмыстық білім мен икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып, педагог арнайы сабақтарда балалардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар мен жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету керектігін де басты назарда ұстайды. Мысалы, жаяу жүргіншіге арналған белгілер, ойнауға тиым салынатын белгілер, жақын жердегі асхана, емхана бар екені туралы айтатын белгілерді көріп, керегіне жарата алу, кез-келген жағдаяттан шығатын жол болатынын түсіндіру әрине білім беру барысында алатын біліммен байланысты. Мүмкіндіктері шектелген балаларда қоршаған орта туралы сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып, дұрыс педагогикалық процесс ұйымдастыруымен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін балардың дамуы оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады. Сондықтан, бұл балаларды өмірге бейімдеу экскурсия және сабақтар, түрлі ойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын алады. Егер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Тағамдар», «Дүкенде» тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс уақыттарда тақырыптық эксурсия өткізудің маңызы ерекше. Бірақ балалар белгілі бір объектіні сырттай бақылап қана қоймай, ересектердің әрекеттеріне еліктей отырып, өздері де жас шамаларына қарай әрекет ете алатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды.

Slide 11

Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау - инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметіндегі мұғалім-дефектолог баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді. психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Психологиялық-педагогикалық қолдау

Slide 12

Педагог-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады

Диагностикалық

Түзете-дамыту

Кеңес беру мен ағартушылық

Әлеуметтік-бейімдеу

Әдістемелік-ұйымдастырушылық

-баланы алғашқы дефектологиялық тексеру; - баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау; - баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау; - мүмкіндігі шектеулі баланың жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу; - жалпы білім беру ұйымдарының бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау; - компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу; - баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу

-сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; - кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; - пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; -салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; - зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; - көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту; - психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.


Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беру жағдайында ЕББҚ бар балаларды психологиялық - педагогикалық сүймелдеуді ұйымдастыру
Оқытудағы қиындықтары бар балалардың психологиялық және педагогикалық сипаттамасы
Критериалды бағалаудың құралдары
Психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
Мектептегі қолдау
Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие үдерісіне педагогикалық қолдау
АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Психологиялық - педагогикалық қолдауда кеңінен енгізу проблемалары
ЕББҚ Бар балаларды ППҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz