АКТ және ЦБР топтамалары


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан Мемлекетік Педагогикалық Университеті

АКТ және ЦБР топтамалары

Тобы:109-18.

Орындаған:Қожанова А.

Қабылдаған: Кадирбаева Р.

Slide 2

ЖОСПАp:

I. Кіріспе.

АКТ және оны оқу процесінде қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері.

II. Негізгі бөлім:

Цифрлық білім ресурстары және ЦБР топтамалары

Электронды білім беру орталары.

Bilimland білім беру ортасы

III. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Notes: 6

Slide 3

АКТ - ақпаратты өңдеудің әр түрлі алгоритмдерін, әдістерін, механизмдерін және түрлі құрылғыларын сипаттайтын ортақ түсінік. Білім беру жүйесінің ақпараттық ортасы үшін негізгі АКТ құралы - дербес компьютер.

Slide 4

АКТ құралдары заманауи білім беру жүйесінде, яғни ашық және қашықтықтан оқыту жүйесінде маңызды рөл атқарады және төмендегідей мүмкіндіктер береді:

АКТ құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады;

АКТ құралдары, ашық білім беру жүйесінде, мұғалімдерге осы уақытқа дейін қол жеткізе алмаған, оқыту мазмұнын жылдам жаңарту және жаңа білім мен технологиялар пайда болған сайын оқыту жүйесін жаңадан құру мүмкіндіктерін береді;

АКТ мұғалімді дәстүрлі оқыту жүйесіне тән күнделікті оқыту материалын баяндау сияқты қызмет түрлерінен босата отырып, мұғалімге еңбек етудің интеллектуалды формаларын ұсынады;

Бүкіләлемдік ақпараттық желінің заманауи ұйымдастырылуы және оның инфраструктурасы Интернетті қолданушыға кез келген аудиокөрнекі ақпаратты алуға және оны ақпараттық жинақтауыштарға кескіндеуге сондай-ақ, білімгерлер арасында таратылған ақпараттық ресурстың интерактивті көздерімен ақпараттық өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға да мүмкіндік береді.

Slide 5

АКТ-ны оқу процесінде қолданудың мүмкіндіктері

Қашықтық Интернет-олимпиадаларға қатысу мүмкіндігі

Кез келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу

Электронды оқулықты пайдалану

Рефераттар, баяндамалар, дайындау және презентациялар құру

Оқу сайттарында білім алу, қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу

Ақпараттық видеороликтерді құру және көрсету

Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру

Қашықтықтан оқыту жүйесін қолдану

Зертханалық жұмысқа дайындық немесе виртуалды зертханалық жұмыс жасау

Slide 6

Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) - электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі. Олар - оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу матриалдары. ЦБР, оқылатын пәндердің әр тақырыбындағы жаңа материалдарды мультимедиялық көріністермен түсіндіріп, интербелсенді тапсырмалар мен тестер арқылы бекітеді. Оны пайдалану оқушының әр тақырыпты есте сақтап, оны терең түсінуіне мүмкіндік береді. ЦБР мен білім беруге арналған электрондық басылымдар ұғымдары бір-бірімен мағыналас.

Slide 7

ЦБР топтамасы қарастыратын негізгі мәселелер:

Мұғалімге сабаққа даярлық барысында көмектесу;

Сабақ барысындағы көмек;

Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу.

Slide 8

Мұғалімге сабаққа даярлық барысында көмектесу:

Сабақ барысындағы көмек:

Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу:

жекеленген сандық объектілерден сабақты құрастыру және моделдеу;

пән туралы білімді тереңдетуге арналған қосымша және анықтамалық кең көлемді ақпараттың болуы;

ЦБР топтамасында ақпаратты тиімді іздестіру;

бақылау және өзіндік жұмыстарды даярлау;

шығармашылық тапсырмаларды даярлау;

цифрлық объектілермен байланысты сабақ жоспарларын даярлау;

Интернет арқылы басқа мұғалімдер қызметтерінің нәтижелерімен алмасу.

мультмедиялық проектор арқылы даярланған цифрлық объектілерді демонстрациялау;

лабораториялық жұмыстарда виртуальды лабораториялар мен интерактивті моделдерді қолдану;

оқушыларды компьютерлік тестілеу және білімдерін бағалауға көмектесу;

сабақта оқушылардың ЦБР-мен жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары;

материалды жаңаша көрсету арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

оқушылардың өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта өзін-өзі автоматты бақылауы;

Баяндамалар, презентациялар, рефератттар және тағы сол сияқтыларды даярлауға үшін қажетті объектілердің үлкен қоры;

Оқушының пәнді оқуын өзіне ыңғайлы темпте және материалды игеруді өзінің жеке қабылдау ерекшелігіне байланысты таңдалған деңгейде ұйымдастыруына көмектесу;

Оқушыларды заманауи ақпараттық технологияларға үйрету.

Slide 9

Министрліктің бекіткен нормативті құжаттарына, қолданыстағы бағдарламаларға және оқулықтың мазмұнына сәйкес болуы тиіс;

Оқытудың заманауи формаларына бейімделген болуы, оқытудың жоғары интерактивтілігі мен мультимедиялылығын қамтамасыз етуі керек;

Оқытудың деңгейлік және даралық формаларының мүмкіндігін қамтамасыз етуі және оқушылардың жас және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеруі қажет;

Оқушыны берілген пәннің аясында алған білімі мен білігі негізінде өмірлік проблемаларды шешу тәжірибесін алуға бағыттайтын оқу іс-әрекетінің түрлерін ұсынуы тиіс;

Өз бетінше және топпен жұмыс істеуді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс;

Модульдік құрылымды жобалайтын оқу жоспарларының нұсқаларын қамтуы тиіс;

Ақиқат материалдарға негізделуі тиіс;

Оқулықтың тақырыптық бөлімдерін кеңейтпестен оның өзінің көлемін арттыруы қажет;

Ұсынылған техникалық платформада толық орындалуы тиіс;

Басқа программаларды параллель қолдану мүмкіндігі болуы қажет;

Әдістемелік тұрғыдан мақсатты болған жағдайда өзінше баптауды және жұмыстың аралық нәтижелерін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс;

Қажет болған жерде кіріктірілген контексті көмектің болуы тиіс;

Интерфейсі ыңғайлы болуы тиіс.

ЦБР-ға қойылатын жалпы талаптар:

Slide 10

Цифрлық білім ресурстарға қойылатын педагогикалық талаптар.

Ғылымилық қағида бойынша:

оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы;

пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі;

оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс.

Түсініктілік қағидасы :

оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну.

оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.

Көрнекілік қағидасы бойынша:

Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру;

Оқу материалын барынша көрінерлік ету.

Жүйелілік қағидасы бойынша:

ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік.

Саналылық қағидасы мен интерактивтік бойынша:

пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы.

оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру.

оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру.

шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.

Slide 11

ЦБР коллекциясымен жұмыс жасау

Slide 12

Электронды оқыту деген не?

E-learning

(Electronic Learning қысқартылған) _ электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің мүмкіндіктерін қолдана отырып оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық және электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминдерінің синонимі.

Slide 13

Интернет арқылы қашықтықтан оқытатын білім беру орталарының бірі - edX платформасы. Оpen edX - бұл Лекториум және Халықаралық білім беру платформасы негізінде жатқан, ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамсыздандыру. Кез келген қолданушы өзінің білім беру жобасы үшін жарайтын Open edX білім берудің қазіргі заманғы форматтарының барлығын еркін қолдана алады.

MOOC (Massive Open Online Course) біріккен таратылымы дүние жүзі бойынша студенттерге әлемнің ең үздік профессорларын тыңдап, бұрын соңды көрмеген курс форумдарында пікір таласуға мүмкіндік бере отырып, білім беру форматын өзгертуде.

Slide 14

Білім беру платформаларының ең үздіктері:

«COURSERA» сайты. (https://www. coursera. org/) .

«MIT OPENCOURSEWARE» сайты (http://ocw. mit. edu/) .

«EDX» сайты (https://www. edx. org) .

COURSERA - бүгінгі таңда онлайн-білім беру саласындағы ең қарқынды дамып келе жатқан жоба. 2012 жылдың өзінде ол Time пікірі бойынша ең болашағы зор білім беру стартапы ретінде танылды. Оның студенттер қауымдастығы 5 миллионнан астам адамды құрайды, ал курс саны жүздеген. Қатысушылар құрамында мысалы, Стэнфорд және Принстон университеттері, Калтех институты және басқа ондаған танымал жоғары оқу орындары.

MIT OPENCOURSEWARE - он жылдан астам тарихы бар, әлемдегі ең беделді университеттердің бірі - Массачусетстік технологиялық университетінің жобасы. Басқа көпшілігіне қарағанда бұл жерде MIT-дің шын мәнінде өтетін курстары, үй тапсырмалары, конспектілер, емтихандық сұрақтар және ұсынылған әдебиеттері көрсетілген. Курс каталогі университет қабырғасында оқылатын барлық лекциялардан тұрады, алайда әр курс үшін оқу материалдары ерекшеленеді. Осылайша бейне және аудиолекциялар бүкіл жерде қолжетімді бола бермейді, ал кейбір жерде оқуға қажетті әдебиетті бөлек сатып алуға тура келеді. Бұл каталогтің кейбір курстары iTunes U сайтында қолжетімді.

Бәрінен де мықты университеттерді сөзсіз EDX ұсынады. Мысалыға Гарвард, Массачусетс технологиялық және Берклидегі Калифорниялық университеттерін айтсақ болады. Бұл университеттерде бакалавриат туралы дүние жүзі оқушылары армандайды. Бірақ, атақты есімдеріне қарамастан, бұл жерде курс саны мысалы Coursera-ға қарағанда азырақ. Бұл дерек қатысушы-университеттер санымен түсіндіріледі.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Сандық білім контенттері
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев
Еңбекжолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы
Түркістан қаласы - Салалас құрмалас сөйлем
Фариза Оңғарсынова туралы
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар
АКТ құралдары
АКТ даму тарихы
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар рөлі. Акт саласындағы стандарттар
Қазіргі заманғы АКТ классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz