Білім берудің парадигмалары




Презентация қосу
КЕАҚ "АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ"

Білім берудің парадигмалары.

Орындаған:
Мамандығы: 7M01902 Дефектология:
Логопедия бойынша мамандар даярлау
1-ші курс, 2-ші топ магистранты
Токушева Гулим
"Парадигма"- (латын сөзі, ол "үлгі" деген мағынаны
білдіреді) - білім берудің концептуальдық моделі
ретінде қолданылады.

Ұғым Бергман атты ғалымның атымен байланысты
болғанымен, негізінен оны американың физигі және
философы Т.Кунн зерттеген.

Оның айтуынша парадигма ғылым өлшеуіші. Яғни
білім беру парадигмасы дегеніміз білім алушыларды
мәдени, табиғатқа сай әдіснамалық тұрғыдан
негізделген эталон құрылымы бойынша білім
стандартына сәйкес жоғары адамгершілікке тәрбиелеу.
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

Стандарт бойынша магистрант қандай білім, білік, дағдыны
игеруі тиіс:қазіргі білімдендіру технологияларын қолдана
отырып, жаңа білімді меңгеруді үйренуі және өз еңбегін
ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуді;жғары мектеп
педагогикасы мен психологиясының негіздерін білуі және
оны практикада қолдана білуді;апараттық және білімдендіру
технологияларын қолдана отырып, курс аяқталғаннан кейін
де өзіндік оқып, білім жинақтауды;мәдени ойлауды, көпшілік
алдында сөйлеуді, өз ойын жазбаша және ауызша түрде
дұрыс, қисынды құрастыра білуді және т.б.Білім беруді
дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті
қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының
негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы
мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын
айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып
табылады.
Бүгінде білім берудің бірнеше парадигмалары
қолданылады, олардың ішіндегі ең көп тарағаны негізгі
бесеуі болып табылады.

•Дәстүрлі-консервативтік ( білімдік парадигма).
•Феноменологиялық (гуманистік парадигма).
•Рационалистік парадигма (бихевилристік, мінез-
құлықтық).
•Технократиялық.
•Эзотериялық парадигма.
Әрбір парадигманың алдында тұрған міндет- жастарды
қандай етіп тәрбиелейміз және не үшін, өмір сүрудегі
мақсат не т.с.с.
Бүгінгі әлемдік білім беру процесінде В.А.Пилиповский
салыстырмалы сипатын енгізген білім берудің
парадигмалық моделі қолданылады. Парадигмалардың
әржақтылығы білім беру мен мәдениет мақсатына
қойылатын әртүрлі ыңғайлармен түсіндіріледі.1-ыңғай.
Құндылық (аксиологиялық). Мұнда мәдениет адамзат
өмірінің мәні ретінде қабылданады. Мәдениеттің
өркендеуі мәдениеттің жетістігі ретінде түсіндіріледі.
2-ыңғай. Іс-әрекеттік. Мұнда мәдениет материалдық
және рухани құндылықтарды жасау бойынша әрекеттер
тәсілін апробациялау ретінде қарастырылады.3-ыңғай.
Жеке тұлғалық. Мәдениет нақтылы бір тұлға бойынан
ғана табылады деп түсіндіріледі.
Парадигмалар оқытушы мен оқушының арасындағы
өзара педагогикалық әрекеттің сипаты мен мақсаты
бойынша анықталады.
Білімдік дәстүрлі парадигма.
Білімдік парадигманың негізгі мақсаты білім беру
болып табылады.
Бихевиористикалық парадигманың негізгі мақсаты
керісінше білім берудің мазмұны емес, білімді
меңгерудегі әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшелігінде
болып табылады. Мұнда баланы білімді етіп тәрбиелеп
шығарудан гөрі, оны өзі өмір сүретін қоғамға бейімдеп
қалыптастыру аса маңызды.
Мектептің мақсаты - оқушыларды қоғамның
әлеуметтік талаптары мен нормаларына сәйкес келетін
мінез-құлыққа бейімдеу. Мұнда негізгі түсінік: "Мектеп
- бұл, фабрика, ал оқушылар - шикізат" деп
қарастырылады.
Гуманистік парадигманың
(феноменологиялық) негізгі мақсаты білім
алушыны өмірдің субьектісі әрі өзін-өзі
дамытуды қажет ететін еркін және рухани
тұлғасы ретінде қарастыруы болып табылады.
Технократиялық парадигманың негізгі
мақсаты - тәжірибелерді жетілдіруге қажетті
нақтылы ғылыми білімдерді меңгеру мен
ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыру болып
табылады. "Білім -күш", сондықтан адамзат
құндылығы оның танымдық мүмкіндіктері
арқылы айқындалады деп түсіндіріледі.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі парадигма
Қазіргі кездегі білім беру парадигмалары, педагогикалық білімнің спецификасы
Қазіргі білім беру парадигмалары мен тұжырымдамалары
Білім беру парадигмасы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған теориялық, дүниетанымдық алғышарттардың жиынтығы
Саяси ғылымдардың құрылымдары мен парадигмалары
Саясаттанудың категориялары мен түсініктері
САЯСАТТАНУ
Саясаттану ғылымының әлеуметтік - гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Саясаттану парадигмалары
Саясат мүмкін өнер ретінде
Пәндер