Мінез бен тұлғаның типологиясы


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ Такырыбы: Психикалық құбылыстардың жіктемесі: психикалық процестер, қасиеті, жағдайы. Мінез бен тұлғаның типологиясы.

Орындаған: Абдигаппарова Э

Қабылдаған Досанова М

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Қарым-қатынас ̶ күрделі психологиялық құрылым

Қарым-қатынас ̶ адамның психологиялық дамуының маңызды факторы

Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері

Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Адам және әртүрлі жоғарыда сатыдағы жануарлардың өмір сүру жағдайларын қарастырсақ, онда олардың екі жақты байланысты жүзеге асыратынан байқаймыз. Біріншісі - табиғатпен байланысы, ал екішісі байланыстың өзгешеліктері тіршілік иелерінің бір-бірімен өзара әрекеттеліп, ақпарат алмасуында және бұл байланыс түрі қарым-қатынас деп аталады.

Қарым-қатынас барлық тірі-тіршілік иелеріне тән қасиет, бірақ, адамдар арасында өте жоғары дәрежедегі мәнге ие. Жалпы қарым-қатынас 3 аспектіден тұрады: қарым-қатынас мазмұны, мақсаты және құрамы.

Қарым-қатынас дегеніміз - байланыс жасау барысында өзара алмасатын мәліметтердің сипаты. Мазмұнына қарай қарым-қатынас материалдық, когнетивтік, кондициялық, мотивациялық және іс-әрекеттік болып бірнеше түрге бөлінеді.

Slide 4

Материалдық - адамның өзара алмасатын заттары мен іс-әрекет құралдары.

Когнетивтік - адамның бір-бірімен байланысы барысында алмасатын мәліметтер: білім, ептілік т. б.

Кондициялық - адамдардың психикалық және физиологиялық күйлерінің алмасуы.

Мотивациялық - адамдардың ізденушіліктерінің, мақсаттары мен қызығушылықтарының, мотивтерінің айырбасы.

Іс-әрекеттік - адамдардың өзара іс-әрекеттері, іскерліктері, еңбек дағдылары арасындағы байланыс.

Қарым-қатынасқа түсудің мақсаты анықтайтын аспектінің бірі бұл - қарым-қатынас мақсаты. Адамдар арасында қарым-қатынасқа түсу мақсатының сандық көрсеткіші күннен-күнге артуда.

Атап айтқанда: объективті түрде жан-жақты білім алу немесе білім беру, оқу және тәрбие алу, жеке және іскерлік қатынас орнату т. б.

Slide 5

Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы. Қазіргі кезде қатынас мәселесін психология, философия, әлеуметтану - осы сияқты әр саладағы ғылымдар жан-жақты зерттейді. Мысалы, 60 жылдары Б. Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік психологияның зерттейтін бірден-бір пәні ретінде бөліп қарастырды. Сондықтан да қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты процесс сияқты талданды.

Леонтьев А. А. “қарым-қатынас” ұғымын әмбебап коммуникативті әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.

Slide 6

Қарым-қатынасқа ең жалпы анықтаманы Б. Ф. Ломов берді: “…Қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табылады”. Ол қарым-қатынас іс-әрекетінің әр түрлі формалары, деңгейлері, түрлері жайлы және оның құрамдас бөліктері: сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуниканттардың өзара әрекеттесуі- жайлы сөз қозғайды.

Макродеңгей - индивидтің басқа адамдармен қалыптасқан қоғамдық қатынастарға, дәстүрлер, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауы.

Slide 7

Неміс- американдық психологы К. Левин адамдарға топ арқылы әсер етудің мәселелерін зерттеген. Осындай әсерлер ертеден-ақ белгілі. Бақсылық көріністер, науқасқа әсер етудің ритуалдық жолдары көпшіліктік топ ішіндегі эмоциялардың қозуын күшейтеді, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсы-балгерлер игерген. Соның арқасында бақсылық әрекеттер топта санасыз қабылданып, түрлі қылықтарға илану, психологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, тренингтік топтардың жетіліп, дамуыда Левин есімімен байланысты.

Slide 8 Slide 9

Ол АҚШ -та 1933 жылы топтық динамика, әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған қатысты Левиннің өрістер теориясы индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығын құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамдарды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өзгерістерге ұшырайды. Топтық динамика ұғымын да алғаш қолданған осы ғалым болған.

Г. М. Андреева өзінің “әлеуметтік психология” еңбегінде қарым-қатынас мәселесіне қатысты әлеуметтік психологиялық тұрғыларды интеграциялауға тырысты. Г. М. Андреева әр түрлі көзқарастарды біріктіре және жалпылай отырып, қарым-қатынастың кез келген формалары адамдардың бірлескен іс-әрекетінің спецификалық формасы болып табылады: яғни адамдар әр түрлі қоғамдық қызметтерді орындау процесінде тек қарым-қатынас қана жасап қоймайды, олар әрқашанда соған байланысты кейбір іс-әрекеттермен де қарым-қатынаста болады - деп тұжырымдайды.

Slide 10

Сондай-ақ қарым-қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін де анықтау керек. Осыған байланысты зерттеу барысында М. Андрееваның қарым-қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгінейік. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік.

Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру - алмасу мәселесімен анықталады;

Интерактивтік жағы қарым-қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігінің ұйымдасуымен қорытындыланады.

Перцептивтік жағы адамдардың бірін-бірі қарым-қатынас арқылы қабылдауы мен тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасу процесін білдіреді. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін айтып кетеді.

Slide 11

Р. С. Немов та қарым-қатынас құрылымын жіктеуге баса назар аударды. Яғни ол мазмұны бойынша қарым-қатынастың келесі түрлерін бөледі: материалдық (зат пен іс-әрекет өнімдерімен алмасу), когнитивтік (білімдермен алмасу), кондициондық (психикалық және физиологиялық жағдайлармен алмасу), мотивациялық (мақсатпен, қызығушылықпен, мотивпен, қажеттілікпен алмасу), іс-әрекеттік (әрекетпен, операциялармен, іскерлікпен, дағдымен алмасу) .

Мақсаты бойынша (яғни адамда белсенділік неден пайда болады деген) биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынас деп бөледі.

Тәсілі бойынша (кодпен хабарлау, жіберу мәліметтің шифрді ашу амалымен) қарым-қатынас тура және жанама болады.

Slide 12

Түрлері бойынша- іскерлік (әдетте адамдардың қандай да бір бірлескен өнімді өндіруінің іс-әрекеті сияқты болады), тұлғалық (көбіне адамның ішкі сипатының психологиялық мәселелерінің аймағына шоғырланған), құралдық (яғни өзіндік мақсат болып табылмайтын қарым-қатынас өзбеттілік қажеттілікпен стимулданбайды), мақсаттық (спецификалық қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі бойынша өзіне-өзі қызмет ету қарым-қатынасы) болып бөлінеді.

Қарым-қатынас жайлы адамдардың бір-біріне өзара ықпалы В. М. Бехтеревтің әлеуметтік психологиялық және ұжымдық экспериментінде басты орын алады.

Slide 13

В. М. Бехтерев (1907, 1921) әлеуметтік- психологиялық теориясында қарым-қатынас процесіне әлеуметтену механизмі сияқты адамдардың бір-біріне өзара психикалық ықпалын, оның дамуын кіргізеді. В. М. Бехтеревте қарым-қатынас адамдарды топқа біріктіру механизмі, тұлға әлеуметтенуінің шарты сияқты қарастырылады. В. М. Бехтерев: неғұрлым адамдардың айналадағы қарым-қатынасы бай әрі жан-жақты болса, соғұрлым тұлғаның дамуы нәтижелі түрде іске асырылады- дейді. “…Әр түрлі ортада қарым-қатынаста болғандар басқа адамдармен салыстырғанда жан-жақты дамыған болады”.

В. М. Бехтерев қарым-қатынасты “тікелей” және “орташа” деп ажыратады. Қарым-қатынастың тікелей түрінде ол еліктеу мен көндіруді жатқызады, еліктеуге адамның өзара индукциялық және зерттеулік механизмі арқылы тұлғалық өсуге тән факторлық ролді жатқызса, ал көндіруді психикалық жағдайдың бір адамнан басқаға оның еркінің қатысуынсыз санасыз түрде берілу процесі сияқты анықтайды. Оның ойынша: “адамдардың белгілі бір эмоциялық жағдайларды жұқтыруы, оларды логикалық ақыл қортындыларына көндіруге тырысқаннан, әлдеқайда жылдам, әрі эффективті жүреді”.

Slide 14

В. М. Бехтерев идеяларының дамуы өзінің шәкірті В. Н. Мясищевтің, одан кейін А. А. Бодалев, Б. Г. Ананьев сияқты ізбасарларынан жалғасын тапты.

Қарым-қатынасты философиялық тұрғыда талдаған танымал ғалымдардың бірі- М. С. Каган. Ол қарым-қатынасты субъект арқылы өзара әрекеттесу деп түсінеді. Оның көзқарасына сәйкес, тек өзара әрекеттесу қарым-қатынас болып келмейді, себебі мұнда біз субъекті ретіндегі адамға деген қатынасты ғана қарастырып отырамыз. Ал бұл оның пікірінше қарым-қатынасқа жатпайды.

Қарым-қатынас түрлері функциялы жағдайларға сәйкес қарастырылады: қарым-қатынасқа бола, басқаны өз құндылықтарына және өзгенің құндылықтарын өзіне ортақтастыру ретінде заттық іс-әрекет ету. Бірінші түрге мысал ретінде қарым-қатынастың іс-әрекет мақсаттарын іске асыратын дәстүрлер, ойындардағы қарым-қатынасты алуға болады, екіншісіне достық қарым-қатынас, үшіншісіне- тәрбие, төртіншіге- өзін-өзі тәрбиелеу. Берілген жіктеуден қарым-қатынас мақсаттары мен құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады.

Slide 15

В. А. Мясищевтің еңбегінде қарым-қатынас белгілі бір жағдайда бір- біріне қатысты бір-біріне әсер ететін нақты тұлғалардың өзара әрекеттерінің процесі сияқты түсіндіріледі.

А. А. Бодалев қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп қарым-қатынасты адамның тұлға және іс-әрекет субъектісі және жеке даралық ретінде дамуының негізгі факторы болатынын атап өтеді. Қарым-қатынастың тәрбиелік мәнін ол тек дүниетанымды кеңейтуде ғана емес, сонымен қатар, тұлға интеллектісінің дамуында да деп қарастырады.

В. А. Кан-Калик педагогикалық процесте қарым-қатынас арқылы байқалмайтын, бірақ өте маңызды тәрбиелік өзара қатынастар жүйесі қалыптасатын және оның ЖОО-да тәрбиелеу мен оқыту тиімділігін арттыратынын айтқан. Оның ойынша, қарым-қатынас адамгершілік -құндылық әлеуетке ие. В. А. Кан-Калик қарым-қатынас функцияларын ішкі және сыртқы деп бөледі. Олардың әрқайсысының құрамдас бөліктері бар. Сыртқы: ақпараттық-коммуникативті, тұлға аралық қатынастарды өзара танымды етіп ұйымдастыру, бейімделу. Ішкі: эстетикалық, дәмдік, мінез-құлықтық, әдептік.

Slide 16

М. А. Буева қарым-қатынасты тек рухани ғана емес, сонымен бірге материалдық, әлеуметтік - шынайы процесс ретінде қарастырады. Онда іс-әрекетпен, тәжірибемен, дағдылар мен икемділіктермен алмасу іске асады. Т. В. Пеленина қарым-қатынастың тұлға қалыптасуындағы ролі тұрғысынан қарастырып, оны қалыптасудың бір факторы ретінде есептейді. Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі болып келеді. Сонымен, қорытындылай келе, қарым-қатынастың субъект- субъектілік қатынастар болып келетінін айтуға болады, себебі ол іс-әрекетті және үлкен рухани адамгершілік-құндылықтық әлеуетті қамтиды.

Slide 17

Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол сол қасиеттер қарым-қатынаста қалыптасады. Адамдармен қарым-қатынаста адамның азаматтық тәжірибені игеру, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы.

Жалпы түрде қарым-қатынасты былайша анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық. Қарым-қатынастың мазмұнына, мақсатына, құралдарына қарай бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға болады. Мазмұны бойынша ол материалды түрде (іс-әрекет өнімдері және заттарымен алмасу), когнитивті түрде (біліммен алмасу), кондиционды түрде (психикалық және физиологиялық жағдаймен алмасу), мотивациялық түрде (қажеттіліктермен, түрткілермен, қызығушылықтармен, мақсаттармен алмасу), іс-әрекеттік түрде (әрекеттермен, амалдармен, икемділіктермен алмасу) болады. Қарым-қатынас құралдарына келетін болсақ, оны қарым-қатынас үрдісінде біреуден екіншіге берілетін ақпаратты кодтау, тасымалдау, өңдеу әдістері арқылы анықтауға болады.

Slide 18

Тікелей емес қарым - қатынас табиғи мүшелер (қол, бас, дене) арқылы жүзеге асады. Тікелей емес қарым - қатынас жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық байланыс.

Тікелей қарым - қатынас - ақпаратпен алмасу және қарым - қатынасты ұйымдастыруға арналған арнаулы құралдарды қолданумен байланысты. Бұлар табиғи заттар (таяқ, тас, жердегі із, т. б. ) немесе мәдени (белгілік жүйелер, символдар жазбасы, радио теледидар) . Тура қарым -қатынас қатынас кезіндегі бір - бірімен сөйлесіп отырған адамдардың жеке байланысты қабылдауы, мысалы: дене байланыстары, адамдардың бір-бірінің әрекеттеріне жауап қайтару.

Жанама қарым-қатынас - басқа адамдар арқылы жүзеге асады. Мысалы, мемлекет арқылы, топтық, отбасылық деңгейлер арасындағы әңгіме. Инструментальды деп қарым-қатынастың өзінен қанағаттанушылық алудан басқа бір мақсат іздейтін, өзіндік қажеттілікпен реттелетін, өзіндік мақсат болмайтын қарым-қатынасты айтады.

Құралдары бойынша қарым - қатынас тікелей емес, тікелей (тура) және жанама болады.

Slide 19

Мақсатталған -бұл арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды түрлеріне болып вербальды және вербальды емес қарым-қатынас жатады. Вербальды емес қарым-қатынас құралы ретінде сөздік тіл қолданылмайды. Оған мимика, жест, пантомимика көмегімен түсінісу жатады. Вербальды қарым-қатынас тек қана адамдарға тән. Өзінің коммуникативті мүмкіндіктеріне байланысты ол вербальды емес қарым-қатынасқа бай болады. Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдар пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді. Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адам аралық қарым-қатынас - топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі. Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге қасиеттерде қарым-қатынаста қалыптасады

Slide 20

Жеке түлғаның қасиеттері туралы әр түрлі ілімдер бар. Солардың ішінен шындыққа жақыны және бұл жөнінде арнайы тәжірибе арқылы зерттеп оның мәнісін анықтауға із салған неміс психолог К. Левин ілімі.

Бұл ғылыми тұжырым бойынша адамның әр қилы істері мен мінез-құлық ерекшеліктері оның мүддесі мен қажетгілігін анықтайды. Қасиеттілікті қанағаттардыру мен оған қатысты заттар арасындағы байланыс та өзгермелі сол байланысты адам өзінің іс-әрекеті арқылы өзгертеді. Адамды іс-әрекетке ұмтылдырушы - қажеттілік десек, қажеттілік - адам бойындағы күш-қуат. Дене күші қажеттілікке байланысты қозады.

К. Левин зерттеулерінде адамның қажеттілігін қанағаттандыру-дың екі тәсілі аталған. Біріншісі - адам басқа адамдармен салыстырғанда қандай да бір дәрежеге ие болғысы келетіндігі және өзін қоршаған ортада өзіндік орын алуға ұмтылуы. Екіншіде, адам бірсарынды іспен шұғылданса, онда оның қызығуы таусылады. Бұл тәсілдер адамның жеке басының қасиеттерін зерттеуге арналған.

Slide 21

Әлеуметтік қүбылыстарды зерттеу тәсілін “социометрия” - әлеуметтік өлшеу - деп атайды. Бұл тәсілдің негізін салушы психолог Дж. Морено. Бұл әдіс арқылы топтағы адамдардың өзара қатынасындағы наразылығын не татулығын тиісті әдістерге сүйене отырып өлшеуге болады. Мұндай қатынасты зерттеу үшін топтағы адамдарға сұрақ-жауап анкетасы даярланады. Анкетадағы қалауға байланысты мазмұн екі түрге бөлінеді: біреуі - сол кісі өзге кісімен қаншалықты дос, оны шынайы ұната ма, ұнатпай ма, соған байланысты келеді. Екінші түрі - өзге адамның жеке басының қасиеттерін қалайды.

I тапсырмада социометриялық тәсілдің сәтті болуы -зерттеліп отырған адамдардың шынын айтуға байланысты. Сыналушы анкета ұсынарда зерттеуші біздің сырымызды біліп алғысы келеді - деп қаймығуы мүмкін. Бұл іске бөгет жасайды. Төменгі сыныптағыларда қаймығу деген болмайды, сондықтан зерттеу көбінесе солармен өткізілгенде сәтті болмақ.

Slide 22

Социометрия тәсілін қолдану мынадай кезеңдерден тұрады:

1) әдейі мақсат қойып, тәжірибеде қамтылған адамдардың өзара қатынасын зерттеу;

2) мақсатқа сәйкес анкета жасап, оларды сыналушыларға тарату;

3) зерттеуге катысушылардың шынын айттыру үшін олардың жауабын өзгелерге жария етпеуді ескерту;

4) тапсырма орындалғаннан кейін әркімнің қалағандары мен қалаудан тыс қалғандарды анық көрсететін кестемен диаграмма жасау;

5) диаграммада көрсетілген мәліметтер бойынша тәжірибеге қатысушылардың өзгелерді қалауы мен қаламауы туралы тиісті дәлелдер мен себептерін білу.

Үлгі ретінде кесте мен диаграмма құрастыру үшін мынадай анкета ұсынылады:

1 . Сыналушының аты

2. Құрбыларыңның қайсысын туған күніне шақырар едің?

3. Саяхатқа өз тобыңнан кіммен бірге барғын келеді?

Сұрақтардың саны оннан кем болмауы тиіс.

Пысықтау сұрақтары:

1. Адамдар арасындағы қатынастарды зерттеуде қандай әдіс қолданылады?

2. Қажеттіліктің кандай түрлері жалпы психологияда белгіленген?

3. Сапаға негізделген нәтижелі ме, дағды арқылы орындалған іс нәтижелі ме?

4. Ойнау тек ерігуден пайда бола ма?

5. Оқу мен ойын арасындағы айырмашылық қандай?

6. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін мұғалімнің дауысы қандай болғаны жөн?

Slide 23 Slide 24

Адамның психикалық қасиеттерін құрастыратын:

жеке тұлғаның бақыты;

2) темперамент;

3) мінез;

4) қабілет.

Әр адамның өзгешелігі көптеген себептерге байланысты - ең алдымен айналысқан іс-әрекетке, от басындағы тәрбиеге мектептегі тәрбиеге және басқа да өмірлік жағдайларға.

Ал психикалық процестерге жататын - түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, зейін.

Эмоциялық қасиеттер - сезімдер.

Жігерлік қасиеттер - ерік.

Slide 25

Нақты іс-әрекетте психикалық процестер тығыз байланысып жатады да оларға адамның психикалық қасиеттері нақты әсер етеді. Сол байланыстардың ішінде жеке тұлғаның бағыты ерекше маңызды орын алады.

Жеке тұлғаның бағыты - көзқарас, пікір, қажеттіліктер, қызығулар, бейімділік, іс-әрекет пен тәртіптің негізін салатын себептер, әдет және дағдылардан құрастырылады да солардан көрінеді. Бұлар өмір бойы қалыптасатын болады.

Адам аралық қатынас дегенiмiз - қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы қаты-нассыз жасауымыз мүмкiн емес.

Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарама-қарсылықты жəне дау-дамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жек-көрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.

Slide 26

Қызметтiк қатынастар əлеуметтiк топ не мекеме мүшелерi арасында олардың сол топтағы құқы не мiндет-терiне орай қалыптасады.

Егер ара қатынастар əрбiр адамның меншiктi қажет-терi сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелiкке сүйенiп, екi, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.

Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тəуелдi қатынастар құқықтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өз-ара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi.

Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тiктейдi.

Slide 27

Адамдардың бiр-бiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбидi.

Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да бойынан көрiнетiн адамдық қатынастар түрi мiне осындай. Бұл қатынастардың бəрi өмiрде адамдардың бiр-бiрiне беретiн бағалары мен мiнездемелерiнде, əр адамның басқаға бағытталған iс-əрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезiмiнде көрiнiс бередi. Түрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспаған ортада адамның өрелi өмiр сүруi өте қиын, себебi əр-бiр жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерiн тiктейдi. Ересектердiң төңiрегiндегiлермен қатынасынан сол


Ұқсас жұмыстар
Мәдениет тілі
Саяси мәдениеттің түсінігі, саяси мәдениеттің типологиясы
Мінездің типтері
Қылмыскер тұлғасының типологиясы
Темперамент және мінез
Сыртқы функция Ішкі функциялар
Ұйымның корпоративтік мәдениеті
Девиантты мінез - құлық типологиясы мен классификациясының критерийлері
Темперамент мінез және қабілет
Тұлға аралық қарым қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz