Диэлектриктердің классификациясы




Презентация қосу
ДИЭЛЕКТРИКТЕ
Р
Диэлектриктердің
классификациясы
Диэлектрик (dielectric) — поляризацияға
қабілеттілігі негізгі электрлік қасиеті болып
табылатын, металлдар мен
шалаөткізгіштерге қарағанда электр тогын
нашар өткізетін, үлестік электр кедергісі өте
үлкен (j = 10^6/10^16 Ом • м) қатты, сұйық
және газ тәріздес заттар. Газ тәрізді
диэлектриктер туралы негізгі мәліметтер
Газ тәрізді диэлектриктерге барлық газдар
және ауа жатады.
Агрегаттық күйі бойынша диэлектриктер газ тәрізді сұйық және қатты
болып бөлінеді, олар өз ішінде химиялық құрамы, қолдану шарттары және оларды өндіріп алу бойынша
бөлінеді.
Газ тәрізді диэлектриктер. Оларға ауа, азот, оттегі, сутегі көмірқыш -
қыл газы, гелий, аргон, алты фторлы күкірт (элегаз), фреон жатады.
Сұйық диэлектриктер. Оларға мұнай электр оқшаулағыш майы: (транс-форматор, кабельдік,
конденсаторлық майлар); синтетикалық сұйық диэлектриктер: (хлорланған көмірсутек совол, севтол 10,
кремнийорганикалық сұйықтар, фторорганикалық сұйықтар), өсімдік майлар: (тунг майы, майсана,
үпілмәлік, мата майы) жатады.
Қатты органикалық диэлектриктер. Оларға жататындар: полимеризациялық синтетикалық
полимерлер, поликонденсациялық синтетикалық полимерлер, электр оқшаулағыш пластмассалар, қабатты
пластиктер және фольгаланған материалдар, жұқа қабыршақтық электр оқшаулағыш материалдар, каучук,
лак мен эмаль, компаунд, флюстерден жасалған электр оқшаулағыш материалдар.
Қатты бейорганикалық диэлектриктер. Оларға жататындар: шыны,
ситаллдар, керамика, бейорганикалы электр оқшаулағыш жұқа қабыршақтар, слюда, негізгі
слюдадан жасалған материалдар және диэлектриктер пассивті және активті болып бөлінеді.
Пассивті диэлектриктерге барлық электр оқшаулағыш материалдар жатады. Басқарылатын немесе
активті диэлектриктер деп, мінездемелерін басқаруға болатын диэлектриктерді атайды. Оларға
сегнетоэлектриктер, пьезоэлектриктер, пироэлектриктер, электроалюмини - форлар, сәулелендіруші
мен лазерлік техникаға арналған материалдар, электреттер және т.б. жатады.
Сегнотокерамикалық материалдар ең көп таралған активті
диэлектриктер. Олар әртүрлі қасиеттерге ие, оларға әсер ететін химиялық құрамы және қоспаның
концентрациясы. Сегнотокерамикалық материалдардан кең қолданылатын конденсаторлық
керамика, сызықсыз керамика, терморезисторлық тікбұрышты гистерезис тұзағы бар
сегнетоэлектриктер. Конденсаторлық сегнотокерамикаға негізгі барийдің Ва ТіО3 титанатынан
жасалған материалдар жатады. Олар диэлектрлік жиілікті көбейткіштерде, кернеу мен қуатты
күшейткіштерде, стабилизаторларда пайдаланатын сызықсыз конденсаторларды жасау үшін
қолданылады. Сызықсыз сегнетокерамикалар сыйымдылығы кернеуге тәуелді конденсаторларда
варикондтарды өндіру үшін қолданылады. Терморезистивтік сегнотокерамика кедергісі секірмелі
көтерілетін терморезистор позисторларды жасау үшін қолданады. Позисторлар температураны
өлшеу және реттеп тұру, радиосұлбаларда, кіші габаритті термостаттарда, ток стабилизаторларда
және т.б. темрокомпенсациялау үшін қолданылады.
Гистерезисінің тізбек тікбұрышты сегноэлектриктер
электрондық
есептеу машиналарының құрылғыларында еске сақтау
үшін пайдаланады. Ең күшті сегнетоэлектриктерде жылдам
жұмыс істеу он шақты наносекунд -
тың ішінде өтеді. Еске сақтау құрылғысын жасау үшін
көбірек меңгерілгені -негізі қатты қорғасынның цирконат –
титанынан жасалған керамика.
Электреттер деп ұзақ уақыт бойы қоршаған
кеңістікте алдын ала
электрленгені немесе поляризацияланғанның арқасында
электр өрісін жасайтын диэлектриктерді атайды.

Ұқсас жұмыстар
Электроизоляциялық материалдар
Жылу алмасу
Жартылай өткізгіштер табиғатта
Шалаөткізгіштер және олардың электрлік қасиеттері
Поляризация түрлері
Вакуумдық және жартылай өткізгіш фотоэлементтер, олардың медицинадағы қолданылуы
Жартылай өткізгішті жады құрылғылары
Aziza SYZDYKOVA экономикалық қарым - қатынастарын басқаратын, біріккен реттелген əртүрлі баға түрлерінің жиынтығы
Сақтандырудың классификациясы
Тілдердің классификациясы
Пәндер