Орта мектептерде математикадан элективтік курстарды ұйымдастырып өткізудің әдістері


Slide 1

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырып: Орта мектептерде математикадан элективтік курстарды ұйымдастырып өткізудің әдістері

Opындaғaн: Ғабитова Б. Ғ.

Ғылыми жeтeкшici: ф-м. ғ. к., доцент Абрахманов Қ.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010900 - «Математика» мамандығы

Slide 2 Slide 3

КІРІСПЕ

Орта мектептерде математиканың негізгі курсымен қатар соңғы жылдары эллективтік курстарда кеңінен енгізілуде. Ол үшін арнайы сағатта бөлінеді. Бұл жағдайға әсіресе математиканы тереңдетіп оқытатын мектептермен, дарынды балаларға арналған мектептерде өте үлкен көңіл бөлінеді.

Элективтік курстар негізінен 7-8 сыныптан басталады және аптасына 1-2 сағат бөлініп, бір жылға 36-72 сағатқа дейін жетеді. Себебі математика орта мектепте негізгі пәндердің бір болғандықтан оны терең және жан-жақты игеру негізгі мақсат болып табылады. Осыдан дипломдық жұмыс ретінде таңдап алынған бұл жұмыстың өзектілігі шығады.

Жұмыстың өзектілігі: Математика пәнін орта мектепте терең және жан-жақты игерту үшін элективтік сабақтарды ұйымдастыруы мен әдістемесін жасай білу керек.

Жұмыстың мақсаты: Орта мектепте элективтік курстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесін жасап, элективтік сабақтарына нақты мысалдар келтіру. Келтірілген мысалдардың оқу-тақырыптың бағдарламаларын жасап, әдістемелік нұсқаулар беру.

Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы: Элективті ұйымдастырып өткізу туралы қазақ тілінде әдістемелік нұсқау немесе белгілі тақырыптар бойынша оқу бағдарламалары жоқтың қасы. Математиканы оқыту әдістемесі мен технологиясы пәнінде жалпы элективтік курстың мақсаты, мазмұны, ұйымдастырумен өткізіуіне бір сағат бөлініп жалпы теориясы ғана беріледі. Бұл жұмыста, осы мәселе терең зерттеліп, эллективтік сабақтарға мысалдар келтірілген және әр бір тақырыпты өткізудің әдістемесі ашылып көрсетілді.

Slide 4

Дипломдық жұмыстың әдістемесі: Бұл жұмыста элективтік сабақтарды ұйымдастырып өткізумен қатар 2 тақырып алынып оларды өткізудің әдістемесі жасалды. Бұл тақырыптарды математика пәнінің мұғалімі 9-10 сынып оқушыларына элективтік өткізгенде қолдануына болады.

Жұмыстың мазмұны: Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімі болып табылатын бірінші тарауда эллективтік сабақтардың түрлері, мазмұны, маңызы, ұйымдастырып өткізудің негізгі формаларымен әдістері кеңінен таратылған. Жұмыстың екінші тарауында эллективтік сабақтардың мысалы ретінде орта мектептің математика пәнінің бағдарламасында көрсетілмеген, бірақ өзекті тақырыптар болатын 2 тақырып алынып, оларды өткізудің әдістемесі келтірілген. Олар параметрі бар теңдеулермен теңсіздіктерді шешу әдістері және модулі бар теңдеулермен теңсіздіктерді шешу. Бұл тақырыптар оқушылардың білімін тереңдетіп және математикалық олимпиадалараға дайындалуға көмек береді.

Slide 5

Элективтік курстардың пайда болу тарихы. Элективтік түрлері.

Элективті курстың пайда болуы мен даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең: XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың 1966 жылына дейін. Алғашқылардың бірі болып элективтіктерді ендіру идеясын орыстың педагог-математигі П. Ф. Кантерев ұсынды

Екінші кезең: (1966-1987жж) 1966 жылы 10 қарашада Совет одағының Министрлер кеңесінің «Орта жалпы білім беретін мектептерде эллективтік сабақтар білім беруді жақсарту» атты қаулысымен орта мектептердің 7-10 сыныптарында элективтік сабақтарды ендіру ұсынысы берілді. Осы уақыттан бастап орта мектептерде ендіріліп сағат бөлінді және мұғалімнің еңбек ақысы төленетін болды.

Элективтік сабақтардың негізгі мақсаттары:

1. Оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдетіп, кеңейтіп дағдыларын қалыптастыру;

2. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып қабілеттерін дамыту;

3. Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;

4. Математика пәнінен тереңдетіп білім беріп математикаға қызығушылығын арттыру;

5. Оқушылардың келекшектегі кәсіптік бағдарлауын анықтау;

6. Оқушыларды бітіру емтихандарымен ҰБТ-ға дайындау

Slide 6

Параметрі бар теңдеулер

Slide 7

МОДУЛІ БАР ТЕҢДЕУЛЕР МЕН ТЕҢСІЗДІКТЕР ШЕШУ

Slide 8 Slide 9

Теңдеудің екі жағын квадраттау әдісі.

Slide 10

ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жұмысты орындаудың нәтижесінде келесідей қорытындыға келеміз.

1. Орта мектеп оқушыларының математика пәніне қызығушылығын арттыру, математиканы терең және жанжақты игеру, шығармашылық жұмыстарына баулу және өзіндік жұмыс істеуге үйрету мақсатында мектепте элективтік сабақтарды ұйымдастырып өткізу өте маңызды және өзекті мәселердің бірі екенін анықталды.

2. Элективтік курстарды мектепте ендірудің тарихымен жолдарын зерттей отырып, осы заманғы математиканы терең игеру үшін эллективтік сабақтарды ұйымдастырып өткізу жолдары ұсынылды.


Ұқсас жұмыстар
Құрастыру Қорытынды аттестаттау тапсырмаларына қойылатын талаптар
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖОЛДАРЫ
Портфолио құрамы
Бейіндік оқытуды ұйымдастыру формалары
Ауызша тіл дамыту
Математика жайлы әңгімелер
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы
Қазақстанның жоғары мектебі дүниежүзілік білім деңгейіне жетуге және бірыңғай білім беру жетістігіне енуге ұмтылу бағытында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім
Емтихан тапсырмалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz