Салық жүйесінің қарапайымдылығы



Қазақстан Республикасының салық жүйесі

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты.
Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:
-Салық құрамы дәл анықталуы қажет.
-Салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс.
-Салық жүйесінің қарапайымдылығы.
-Салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.

Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алады. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елімізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді.

Салық қызметтері
Фискалды қызметі
Мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды.
Бақылап-есептеу қызметі
Кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.
Мемлекет салықтың көмегімен тұтыну, қорлану арасындағы пропорцияны реттейді.
Реттеуші қызметі

Салық қызметтері
Бөлу қызметі
Жиналған салықтық түсімдерді қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар пайдасына қайта бөлу.
Мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.
Ынталандыру қызметі

Салық сипаты тұрғысынан
Тікелей салықтар
Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар мен тұрғындар табысынан алынады. Оған- пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақы-дан, т. б. алынатын салықтар жатады.
Жанама салықтар
Бұл салықтарды мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған-акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:
Жалпы мемлекеттік салықтар
Олар мемлекеттік бюджетті реттеудің қайнар көзі болып табылады. Оған жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан алынатын салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандағы салығы.
Жергілікті салықтар
Жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым.

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz