Корпорацияның өнімді өндіру және өткізу шығындары: құрылымы, түрлері және қаржыландыру көздері


Slide 1

Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен корпорацияның шығындары және оларды қаржыландыру

Slide 2

Кез-келген өнім (тауар, жұмыс және қызмет) өндіріс шығындарды анықтаумен байланысты. Шығындар - бұл активтердің азаюы (материалдардың, ақшалай қаражаттардың) немесе міндеттемелердің өсуі (көп жағдайда кредиторлық қарыздар) . Экономикалық мазмұнына қарай барлық шығындарды үш топқа бөлуге болады: -табыс алумен байланысты шығындар; -табыс алумен байланысты емес шығындар; -міндеттеуші шығындар

Slide 3

Кез-келген корпорацияда өндірістік шығындар келесі негізгі үш топқа топтастырылады: -капиталдық сипаттағы шығындар немесе инвестициялық шығындар /негізгі және айналым капиталының өсіміне болған/, яғни өндіріс процесін кеңейтуге бағытталған шығындар; -өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын ағымды қызметпен байланысты шығындар /өнімді өндіруге кеткен шығындар, тауарларды, дайын өнімді сату шығындары/; -әлеуметтік-мәдени іс-шаралар шығындары;

Slide 4

Үшінші топтардағы шығынға корпорациядағы көптеген әлеументтікмәдени іс-шаралар шығындары, яғни түрлі санаторийлер, мәдениет үйлері, демалыстар, сондай-ақ, жұмыскерлердің квалификацияларын жоғарылату және тағы басқалар жатады.

Қаржыландыру көзі -корпорацияның таза кірісі болып табылады.

Slide 5

• Сонымен қатар шығындарды келесі түрлерге де бөлеміз: • Тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне байланысты болмайды. Оған құралдардың құны, корпорацияның міндеттемелері, амортизациялық аударымдар, күзетшілер еңбек ақылары, жал төлемі, басқару персоналының еңбек ақысы және т. б. жатады. • Тұрақсыз шығындар - өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты болады, яғни шикізат, материалдар, жұмыскерлердің еңбек ақысы және тағы басқалар. • Тұрақты және тұрақсыз шығындардың сомасы корпорациядағы жалпы шығыындарды құрайды.

Slide 6

Өндiрiстiк шығындар сонымен қатар басқа да белгiлерi бойынша топтастырылады. Өндiрiс көлемiне байланысты шығындар шартты-тұрақты және шартты-өзгермелi болып бөлiнедi. Сонымен бiрге өндiрiс процесiне қатыстылығына байланысты шығындар өндiрiстiк (өндiрiс процесi барысында пайда болған) және өндiрiстiк емес (өнiмдердi, жұмыстарды, қызметтердi өткiзумен байланысты, бiрақ сатып алушылармен өтелмейтiн) деп бөлiнедi. Шығындардың мiндетi бойынша негiзгi (кез-келген жағдайда болады) және үстеме (өндiрiстi ұйымдастырумен байланысты шығындар) деп жiктеледi. Өндiрiлген өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнына қосу әдiсiне қарай шығындар тiкелей және жанама шығындар деп бөлiнедi.

Slide 7

• Өнім (тауар, жұмыс және қызмет) өндіру және оны өткізу шығындары кәсіпорынның барлық шығындарының ең үлкен үлесін құрайды. Олар өнім өндіру процесінде негізгі құралдар, шикізат, материалдар, құрастырушы бұйымдар, жанармай мен энергияны, еңбекті пайдаланумен байланысты шығындардан және т. б. шығындардан қалыптасады. Бухгалтерлiк есептiң №7 “Тауарлы-материалдық босалқылардың есебi” стандартына сәйкес өнімнің өндiрiстiк өзiндiк құнын қалыптастыратын шығындарды жоспарлауда, есепке алуда және талдауда оларды топтастырудың келесi түрлерi қолданылады: пайда болу орны, өнiм (жұмыс, қызмет) түрлерi және шығын түрлерi бойынша.

Slide 8

Өндiрiлетiн өнiмнiң (тауардың, жұмыстың және қызметтiң) өзiндiк құнын құрайтын шығындарды экономикалық мазмұнына сәйкес келесi элементтер бойынша топтастырылады: -материалдық шығындар; -еңбекақы шығындары; -еңбекақыдан аударылатын аударымдар (әлеуметтiк салық) ;

-амортизация;

-басқа да шығындар.

Slide 9

Әдетте Қазақстандық корпорациялар үшін шығындаркелесі ретпен қалыптасады. Егер жалпы шығындардың барлығын 100 пайыз деп алсақ /шамамен/, Материалдық босалқылар 52, 4 пайыз

Еңбек ақы - 19 пайыз Басқа да шығындар - 17, 3 пайыз

Салықтар мен төлемдер - 3 пайыз Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес

активтердің амортизациясы - 8, 3 пайыз

Slide 10

Назар аударғандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Корпорацияның негізгі капиталы: құрамы, бағалануы, тозуы мен қаржыландыру көздері
Корпорацияның айналым капиталын басқару: көлемі, құрамы және қаржыландыру көздері
Өнімді өндіру және өткізу шығындарының түсінігі, құрамы, жіктелуі және калькуляциялау қағидалары
Инвестициялық қызметтің қаржыландыру көздері мен құрылымы
Айналым капиталы: ұғымы, құрамы мен құрылымы, қаржыландыру көздері, нормалау және айналым көрсеткіштері
Мемлекеттік қарыз: ұғымы, құрылымы және қаржыландыру көздері
Корпорацияның меншікті капиталы: құрамы, қалыптасу көздері, құны және тиімділігін өлшеу критерийлері
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру: көздері, несиелеу, лизингтік операциялар және акционерлік қоғам
Ветеринариялық шараларды қаржыландыру көздері: бюджеттік ассигнования, шаруашылық және арнайы қорлар
Кәсіпкерлік капитал: тұжырымдама, құрылуы және қаржыландыру көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz