Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы




Презентация қосу
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану География институты

СӨЖ-1
Жаңа дәуірдегі ұлттық
мемлекет пен ұлттық
идея эволюциясы

Тексерген: Кусайнова Жумагул
Орындаған: Сағынбай Құралай
Ұлттық идея эволюциясы
Ұлттық идея – этностық, діни, мәдени және
өзге де қауымдастықпен біріккен адамдар
тобының бөлісетін ұжымдық жады мен
таптаурындарының, мақсат-мұраттары мен
арман-аңсарларының, дүниетанымының,
көзқарастары мен құнды­лықтарының кешенді
жиын­ты­ғын білдіреді.
Ұлттық идея, ұлт пен ұлттық бірегей­ліктің қалыптасуына
тікелей әсер етеді. Ұлт­тық идея осы ұлттың өзі туралы, қор­ша­
ған әлем мен тарихи үдерістегі өзінің орны мен миссиясы
туралы, өзінің тарихи өткені мен болашағы туралы барынша
жалпы көзқарастарды аңғартады. Ол халықтың бар күш-
жігері мен іс-әрекетін замана алға тартып отырған аса
жауапты тарихи міндетті жүзеге асыруға жұмылдыруға
септігін тигізетін, сол үшін әлеуметтің тұтас­тығын қамтамасыз
ететін рухани күш, саяси платформа, ұлттық идеология
немесе әлеуметтік бағдардағы парадигма. Демек, қоғамдық
болмысқа дем беруші ұлттық идеяға деген сұраныс, оған
деген әлеуметтік және рухани мұқтаждық кез келген ұлт пен
ұлыс үшін оның өзіндік санасында тарихи үдерістің даму
барысынан туындайтын заңды құбылыс болып табылады.
Ұлттық мемлекет
Ұлттық мемлекет - қандай да бір этностың, ұлттың тарихи
қалыптасқан отанында құрылған, ұлттың егемендігін білдіретін мемлекет.
Тарихта ұлттық мемлекеттер әдетте, ұлттық қалыптасу мерзімі мемлекеттің
құрылуымен түспа-түс келген жағдайда қүрылды. Осыған орай, мемлекеттік
шекаралар этникалық шекаралармен де сәйкес келіп жатты. Ұлттық
мемлекет құру (әсіресе, ұлттық қозғалыстардың ерте кезеңдерінде) -
қоғамдық дамудың аса маңызды үрдістеріңің бірі. "Ұттық мемлекет" ұғымы
этникалық тұрғыда екіұшты мағынада қолданылады. Біріншіден, тұрғын
халқының басым бөлігі біркелкі ұлттық құрамнан тұрады (мысалы, Жапония,
Солтүстік және Оңтүстік Корея,
ГФР, Италия, Португалия, Бангладеш, Дания, Бразилия, Польша, Исландия, Ве
нгрия, көптеген Араб мемлекеттері және тағы басқалар). Екіншіден,
аумағында тарихи өз түпкілікті жерінде түратын этностары бар мемлекетті
сипаттауда қолданылады
Ұлттық идея-Мәңгілік Ел
Ата Заңымызда анықталғандай, Елбасы мәртебесі мен міндеттерінің бір
парасы жыл сайын халыққа арналған Жолдауын жариялау болып
табылады. Алғаш рет осынау конституциялық міндетін Тұңғыш Президент
Н.Назарбаев 1997 жылы атқарған еді. Содан бері жылдың басты оқиғалары
қатарына кіргеніне қоса, Жолдау әрбір қазақстандық асыға күтетін
құбылысқа айналды. Оның басты себептері мынаған саяды: біріншіден,
құжат еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін назардан тыс
қалдырмайды. Балабақша, білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы,
жәрдемақы мәселелерін ешбір Жолдау айналып өткен емес. Екіншіден,
азаматтардың ірілі-ұсақты тіршілік түйткілдерін шешкен жолдауларда ұлы
міндет – тәуелсіздікті бекемдеу, мемлекеттілікті қалыптастыру, елішілік
ынтымақ пен келісімді сақтау көзделді, нақты тетіктері дәйектелді, діттеген
межелер нақтыланды. Құрғақ уәдеге, даңғазалыққа, дарақылыққа орын
берілмей, халықтың сенімі мен қолдауына ие болды. Үшіншіден,
жолдаулар Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуіне, бәсеке мен
сын-қатерлерден бойды аулақ салмай, төтеп беруге, аман-есен өтуіне,
халықаралық қатынастардың танымал да белсенді субъектісіне айналуына
қызмет еткенін ерекше атап өтуіміз керек
Тарихи динамикаға қарайтын болсақ, жолдаулардың мәні мен мазмұны, өресі мен
құрылымы тереңдеген сайын еліміздің ілгерілеуі шапшаңдағанын, елдің өсуімен
жолдаулар да кемелденгенін байқай аламыз. Өзара байланыс пен ықпалдастықтың
жаңа белесін биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Жолдауы алға тартып отыр. Елбасының мұндағы «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін
қалып­­тастырдық. Әрбір отандасымыздың жүре­гінде елімізге деген шексіз мақтаныш
сезі­мін орнықтырдық. Қазақстандықтар ерте­ңіне, елінің болашағына сеніммен қарай­
ды», деген пайым-тұжырымынан азаттық тұсында тындырылған істерге ризалық
сезіммен бірге жолдауларға да арты­лар жауапкершілік зор екенін көрген ләзім.
Елбасының жаңа Жолдауы әдеттегідей ұлы ізденіске толы әрі дәстүр жалғастығын
үзбеген.
Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындауды көздейтін
барлық іс-әрекеттерді нақты 4 қағидатқа негіздеуді ұсынды. Ең
алдыда қабылданатын шешімдердің праг­матизмі мен
эволюциялылығы қағидаты тұр. «Айналамыздағы әлем қалай тез
өзгеретін болса, – деді Н.Назарбаев биылғы Жолдауында, – еліміз
бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс». Мүдделердің тез
де жылдам жаңаруы мен жаңғыртылуы негізінен сыртқы фактор
– халықаралық қатынастарға байланысты. Айталық, 2007 жылы
АҚШ-та басталған қаржы дағдарысы Қазақстанның ипотекалық
несиесі мен тұрғын үй құрылысы салаларына берекесіздік әкеліп,
әлденеше мың қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл күйін,
болашаққа құрған жоспары мен мүдделерін бұзғаны рас. Мұндай
жағдайда биліктен ұтқырлық пен біліктілік талап етіледі. Әйтпесе,
қоғамның жіктелуі тереңдеп, мүдделер қақтығысы кешегі
бүкілхалықтық қолдауды алмастыру қаупі ұлғаяды
Біріншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын зерттеуде, насихаттауда, оқу
үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. Бұл істен
барша зиялы қауым, сая­си партия­лар, қоғамдық бірлестіктер,
үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ тыс қал­мауына Парламент пен
Үкімет, Президент Әкімшілігі жағдай жасағаны абзал. Екіншіден,
заманауи ұлттық идеямызды балабақшада тәрбиеленіп жатқан
бүлдіршіндерден бастап оқушыларға, студенттерге, жастарға
жеткізу үшін бар күшті салған артықтық етпейді. Осы­­лардың
санасына, өмір салтына сің­ген құндылық пен сенім «Мәңгілік Ел»
ор­натудың қозғаушы күші болары күмәнсіз. Үшіншіден, «Мәңгілік
Ел» идеясын қазақстандық кәсіпкерлер, бизнесмендер, бай-
бағландар қолдауының маңызы зор. Олар ғалымдармен
ынтымақтасуы арқылы мәселені тереңінен зерделеген
еңбектердің дүниеге келуіне септесер еді.
. Төртіншіден, болашағы жарқын ұлттық идеямызды
Қазақстандағы барлық этнос­тар мен аймақтарға
жеткізу атқарылар іс-шараның бір парасы ғана. Ол
әлемдік ақпараттық, ғылыми кеңістіктерден ойып
тұрып өз орнын алуы керек. Соңғы үш ғасырда қазақ
даласында дүниеге келген озық ұлттық идеяның бірде-
біреуі жасампаз миссиясын толық атқара алмай, тарих
қойнауына кірген еді. Есесіне Кеңестік тоталитаризмнің
таптық-партиялық қатыгез идеясы тұлғаларымызды
баудай түсіріп, Қазақ­станды өркениет әлемі­­нен
жыраққа әкете жаздады. Қазақ елі­нің мәңгілігіне,
гүлденуіне қызмет ететін идея енді туды. Осынысымен-
ақ «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
бола­шақ» Жолдауының мәңгілік ғұмыры басталды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық идея
Саяси түсіндірме сөздік
САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Саяси ғылымның қалыптасуы
Назарбаев сол бірегей тағдырды еншілеген тұлға
Ұлттық идея және оның компоненттері
ТІЛДІҢ ОРТАҚТЫҒЫ
ҚАЗАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК ҒҰМЫРЫ ҰРПАҚТЫҢ МӘҢГІЛІК
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Халықаралық Валюталық жүйе және оның түрлері
Пәндер