ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Slide 1

Оқушылар ұжымының қалыптасуы: көптүрлілігі, құрылымы даму кезеңдері.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Орындаған: Берік Әйнел ИИЧ -31

Slide 2

Жоспар

1. Оқушылар ұжымының көптүрлілігі.

2. Оқушылар ұжымының құрылымы мен даму жұмыстары.

Slide 3

Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

Slide 4

1. Ұжым тәрбиенің мақсаты мен объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.

3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.

4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері - ұйымдастырушылары болады.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.

Slide 5

Оқушылар ұжымы

Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы-мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы - бұл іс-әрекетімен тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.

Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі байыйды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.

Slide 6

Жақын перспектива

Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдау. Осыған орай, А. С. Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.

Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс -әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. «Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А. С. Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш» - деді. Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т. б. жатады.

Slide 7

Орта перспектива

Орта перспектива - бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т. б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.

Slide 8

Қашық перспектива

Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімді орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек маман-дықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.

Slide 9

Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:

- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің еліктіруі;

- нақты істер міндеттерінің мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;

- оқушыларда нақты моральдық сапалары тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.

Slide 10

Оқушылар ұжымының құрылымы мен даму жұмыстары.

Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттардың, істерді түсінуіміз керек.

Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:

- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің еліктіруі;


Ұқсас жұмыстар
Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
Сынып жетекшілерге әдістемелік көмек
Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары
Оқушының мектепке қалыптасуы
Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйелерінің өзара байланысы
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік міндеті сынып ұжымын қалыптастыру мен дамыту
Макаренко және педагогикалық психология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz