Материалдарды созу кезінде алынатын жартылай және бір циклді сипаттамалар
Презентация қосу
Материалдарды созу кезінде
алынатын жартылай және
бір циклді сипаттамалар
ОРЫНДАҒАН: АЛПЫСБАЕВА АЯУЛЫМ
ТОБЫ: КШИ 20-13
ТЕКСЕРГЕН: ҚАЛЖАН ГҮЛНАЗ
Профессор Кукин Г.Н физико-механикалық
қасиеттерді үш топқа бөледі:
Жартылай циклді сипаттамалар
Талшықтар мен жіптерді тоқыма
өндірісінде өндіргенде немесе қолдану
кезінде әр түрлі деформациялар ішінде
созу деформациясы басым кездеседі.
Сондықтан жартылай цикл бойынша
оларды созып үзгенде жартылай циклді
сипаттамалар алынады.Жартылай циклді
сипаттамаларды жалаң қабат жіптер үшін
РМ-3-1 және талшықтар үшін ДШ-М
динамометрлерінде анықтайды.
Көп циклді сипаттамалар
Талшықтар мен жіптер және олардан жасалған
бұйымдар әртүрлі технологиялық
операциялардан өткенде бірнеше рет созу
деформациясына тап болады. Деформацияның
мұндай түрі олар үшін күнделікті кездеседі. Созу
деформациясының нәтижесінде талшықтар мен
жіптердің бойында көп өзгерістер туады. Көп
циклді сипаттамаларды жіптер мен
талшықтарды бірнеше оңдаған бірнеше
жүздеген, мыңдаған созу циклынан өткеннен
кейін анықтайды.
Талшықтар мен жіптердің бойындағы өзгерістерді
үш фазаға бөлуге болады:
1. Оларда пайда болатын өзгерістер көбінесе құрылым
жағынан кездеседі. Мұндай өзгерістерге полимерлердің
құрамындағы біршама звенолардың орын ауыстыруы
немесе ығысуы жатады. Ал жіптердің құрамындағы кейбір
талшықтардың өзара байланысы өзгереді. Сондықтан осы
өзгерістердің нәтижесінде талшықтар мен жіптердің
құрылымы жақсарады, өйткені олардың бойында
пластикалық деформация, ал кейбіреулерінде көп уақытқа
дейін сақталатын эластикалық деформация қалып қояды.
2. Талшықтар мен жіптердің бойында біршама өзгерістер
пайда болады, бірақ олардың салмағы өзгергендіктен
көбінесе беріктілігін сақтайды.
3. Талшықтар мен жіптердің бойында қалдықты циклді
деформация пайда болады. Сондықтан олардың
құрамындағы құрылыстық және құрылымдық элементтер
бір-бірімен аз байланысады. Көп циклді деформация
нәтижесінде талшықтар мен жіптердің беріктілігі азаяды.
Оны үзілу күші арқылы анықтайды.
Көп циклді деформациядан өткен талшықтар мен жіптердің
сипаттамаларына мыналар жатады:
Төзімділігі, яғни талшықтар мен жіптерді
бірнеше рет тарқатып созу деформациясы
нәтижесінде, өзінің беріктілігін толығымен
жоғалтуын айтады.
Қалдықты циклді деформация. Бұл
сипаттама талшықтар менжіптердің
арнайы тағайындалған, цикл санынан
кейінгі олардыңұзындығының өзгеруі.
Бір циклді сипаттамалар
Тоқыма бұйымдар сыртқы күш әсерінен үзілетін толық бір цикл бойынша
«жүктеу - жүктен босату - демалдыру» сынағында олардың созу
деформациясына төзімділігін бір циклді сипаттамаларымен анықтайды.
Тоқыма бұйымының құрамындағы талшықтар мен жіптердің бойындағы
деформациялық өзгерістер релаксациондық процестермен
сипатталынады.
Киімге қолданатын маталарға жүктеме азырақ әсер етеді. Тігін бұйымдарын
дайындауда үзу күшіне 1-2% және киімді кию кезінде 5- 15% үзу
жүктемесі әсер етеді. Жүктеме және жүктен босату демалыспен кезектесе
отырып әсер еткенде материалдардың құрылымы бұзылып, әлсірейді
және тігін бұйымдарының сыртқы көрінісін нашарлатады. Тоқыма
материалдарының бір циклді сипаттамалар ерекшелігі жақсы сипатталған
релаксационды процесс және деформация кезіндегі көрінісі болып
табылады. Бұл ерекшелік көбінесе материалдың өлшемдері мен
пішіндерінің тұрақтылығы және тігін бұйымдарының сапасын
анықтайды.
Тігін бұйымдарын дайындау мен пайдалану
процестері, жүктеме релаксациясының спиттамалары
үлкен мағына береді, өйткені олар созылған
материалдарда болатын құрылыстық сипаттама
болады. Бұл материалдың құрылысындағы өзгерістер
тігін бұйымдарындағы деформациядан кейңнгң
бөлшктердің өлшемі мен пішін ұстамдылығын
анықтайды.
Текстиль материалдарына үзілу күшінен азырақ күш
түскен кездегі деформацияның кернеулік жағдайының
өзгеру заңдылығын материалдарға бір циклды зерттеу
жұмысын жүргізу арқылы анықтауға болады. Бұл
кезде деформация «жүктеу-босату-демалту» циклі
бойынша жүргізіледі. Көптеген әдістемелердің ішінен
көбінесе келесі әдістемелердің түрлері қолданылады:
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz