Беймата жаймаларының құрылымының сипаттамалары


Slide 1

Беймата жаймаларының құрылымының сипаттамалары

Орындаған: Алпысбаева А. КШИ-20-13

Тексерген: Қалжан Г.

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Slide 2

Жоспар:

1. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру

2. Инетесімді беймата жайма өндіру

3. Желімді беймата жайма өндіру

Slide 3

БЕЙМАТА ЖАЙМАЛАРЫН ӨНДІРУ

Беймата бұйымдары көбінесе жайма түрінде ұзындығы 3 мм қысқа талшықтардан немесе жіптерден жасалған жайғақтан өндіріледі. Жайғақ бір немесе бірнеше қабаттан жасалынады. Жайғақ сирек тоқылған матамен, трикотаж жаймасымен, қабыршықпен қатырмалау арқылы шығарылады. Беймата жаймалар матаға ұқсас көрінеді, бірақ құрылымы және қасиеттері бойынша айырмашылығы көп. Жайғақтар бір бірімен әртүрлі әдіспен бекітіледі. Бекітудің 3 әдісі белгілі: механикалық, физика-химиялық және аралас.

Slide 4 Slide 5

Физика-химиялық тәсілмен бейматаны жайғактарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (престеу) жасайды.

Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан көбін қолдану арқылы алу жатады.

Slide 6

Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру

Іліп тоқыла тігілген жайманы толтырғыш ретінде талшықты жайғақ, жіптер жүйесі, мата, қабыршық болады. Талшықты жайғақ мақта талшықтарынан, мақта иіру өндірісінің иіруге жарамды қалдықтарынан қалыптастырылады. Сонымен қатар, жүн және химиялық талшықтарды иіру өндірісінің қалдықтары қолданылады.

Мақтаны қопсыту, түту-тазарту, араластыру және майлау қопсыту-түту агрегаттарында орындалады.

Slide 7

Мақта талшықтарын, сонымен қатар ұзындығы 65 мм болатын таза химиялық талшықтарын тарау қалпақты тарау машиналарында орындалады. Жүн, жүннің химиялық талшықтармен қоспасын, ұзындығы 55 мм астам таза химиялық талшықтарды тарау білікті тарау машиналарында орындалады. Екі жайдайда тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған, 1-суретте тарамды өзгерткіштің сұлбасы көрсетілген.

Slide 8

Тарау машинасының түсіру барабанынан алынатын мақта тарамы біртіндеп тасымалдану торларына (2, 3, 4) түседі. Олар тарамды торға (6) түсіріп салынады. Талшықтары көлденең орналасқан жайғақ (5) іліп тоқыла тігетін машинаға жіберіледі. Жайғақтың ені және қалындығы тордын (4) жүру және тордың (6) жылдамдығына байланысты. Беймата жайманы тоқу-тігу әдісімен қалыптастыру тарау-тоқу агрегатында орындалады.

Сурет 1 - Тарамды өзгерткіштің

сұлбасы

Slide 9

Мұнда қалпақты немесе білікті тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған және тоқу-тігу машинасымен тіркестірілген.

Жайғақты қалыптастыру тарау машинасына қойылған аэродинамикалық қосалқының көмегімен немесе желімделген беймата өндірісінде қолданылатын гидродинамикалық әдіспен орындау мүмкін.

2 - суретте талшықты жайғақты қалыптастыруға арналған қалпақты тарау машинасына қойылған аэродинамикалық қосалқының сұлбасы көрсетілген.

Slide 10

Қалпақты тарау машинасының түсіру барабанынан түсіргіш білікшеден (2) алынатын талшықтар құбыр бойымен (3) ауа ағынымен әкетіледі. Одан талшықтар торлы барабанға (4) келіп түседі. Барабанның бетінде желдеткіштің (6) көмегімен вакуум пайда болады. Талшықтардың шашыраңқы ағыны жайғақ жасайды х=-2, яғни білікшемен (5) нығыздалған, талшықтары әртүрлі бағытта орналасқан, қалдығы және ені біркелкі талшық қабаты пайда болады. Тосқауыл (7) үстінде орналасқан барабанның (4) бетінде вакуум болмайды және жайғақ шығарушы торға (8) жеңіл түседі.

Сурет 2. Талшықты жайғақты қалыптастыруға арналған қалпақты тарау машинасына қойылған аэродинамикалық қосалқының сұлбасы

Slide 11

Жайғақтарды тоқыптігу Маливатт және Арахне типті машина- ларда орындалады. 3 - суретте арахне машинасының тоқыла тігу торабының сұлбасы көрсетілген.

Тізбеорауыштан (1) көзді инелер (2) тігу жіптерді (3) жеткізіп тұрады. Жіптермен қуыс ине (7) конвейермен келіп түсетін жайғақты (8) тігеді. Ақырғы (4) және тойтарыс (6) платиналары шалуқұрау үрдісін реттейді, ал шығару білікшелері (5) машинадан тігілген жайғақты шығарып алуды орындайды.

Сурет 3. Арахне машинасының тоқыла тігу торабының сұлбасы

Slide 12

Тоқу үшін жалаң қабат немесе ширатпалы мақта жібін, капрон, хлорин, лавсан құрама жіптерді қолданады.

Slide 13

Мұндай жағдайда тоқу-тігу машинасы көзді инелері бар екі тарақтан және тігу жіптерімен екі тізбеорауыштан тұрады. Тізбеорауыштан жіберілетін өзара перпендикуляр немесе бұрышпен орналасқан жіптер жүйелері Малимо (Германия) типті машиналарды келтірілген әдіспен тоқыла тігіледі. Мұндай тәсілмен алынған жаймалар жіппен тігілген деп аталады. Олар өте берік, қалыпын сақтағыш, мата тәріздес және соның орынына қолданылады. Сирек тоқылған мата түріндегі қаңқаны іліп тоқып тігу Малиполь (Германия) типті машинада орындалады. Тігу жібі шалулар құрастырып жайманың бетінде ілмекті түк пайда болады.

Slide 14

Инетесімді беймата жайма өндіру

Талшықты жайғақты көбінесе аэродинамикалық тәсілмен қалыптастырады. 4 - суретте инетесімді тәсілмен жұмыс істейтін машинаның сұлбасы көрсетілген.

Жайғақ (1) қаңқа матамен, жіптерден жасалған тормен бірге конвейер (2) арқылы түсіріліп білікшемен (3) тығыздалады. Жұмыс зонасына түскен жайғақ инелермен (4) тесіледі. Инелер арнайы тақтайшаға (5) бекітілген. Ол біресе жоғары біресе төмен жүріс орындайды.

Инелердің кетіктері болғандықтан жоғары қабаттағы талшықтар жайғақтың құрылымына терең кіріп араласады.

Сурет 4 - Бейматаны инетесімді тәсілмен өндіруге арналған машинаның сұлбасы (а) және оған

қолданылатын ине (б)

Slide 15

Жайғақ төменгі плита (6) жайғақты ұстап тұрады және нығыздауға көмек болады. Инетесімді беймата машинадан тартқыш жүкпен (7) шығарылып, орау қондырғысының білікшесіне (8) оралынады.

Жайғақты инемен тесу кейде екі жағынан екі басты инетесу машиналарында орындалады. Инетесімді беймата жаймалары көрпе, еденге төсегіш, техникалық материал ретінде қолданылады. Өте берік және форма тұрақтылық жайма жасау үшін инетесімді жайманы байланыстырушы сұйықпен сіңдіріп ыстықпен өңдейді. Олар фильтрлер ретінде қолданылады. Инетесімді бейматаның қасиеттері талшық түрінде, құрылымына байланысты болғанымен көбіне процесстің негізгі параметрлеріне, әсіресе тесудің тереңдігіне және жиілігіне байланысты болады.

Slide 16 Slide 17
Ұқсас жұмыстар
ІЛІП ТОҚЫЛА ТІГІЛГЕН ЖАЙМА
Жібек мата
Аралық материалдар ассортименті
Мақта матасы
Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы
Хромосомалардың жіктелуі
Адам хромосомасы жиынтығының кариограммасын құру
Қоршаған орта жағдайын бақылау және жағдайын бақылау және экологиялық мониторинг кологиялық мониторинг
Жылу алмасу
Диірмендерде ұнтақтау партияларының орындалу принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz