Еркекшөп Қылтықсыз арпабас



Жемшөп өндірісі пәні
Дәріс № 6
Тақырыбы: Мал азықтық астық тұқымдас
шөптерді өсірудің агробиологиялық
ерекшеліктері

1. Мал азықтық астық тұқымдас шөптердің морфологиялық және биологиялық сипаттамасы
2. Жем-шөп өндірісіндегі астық тұқымдас шөптердің маңызы.
3. Астық тұқымдас шөптердің өсіру технологиясы.
4. Ерте жаздық астық тұқымдас шөптердің өсіру технологиясының ерекшеліктері.
Дәріс жоспары:

Мал азықтық астық тұқымдас шөптер
Мал азықтық маңызы зор астық тұқымдас көпжылдық шөптерге еркекшөп, қылтанақсыз арпабас және т. б. жатады. Бұл дақылдар бір жерде ұзақ өседі және бұршақ тұқымдас шөптермен қоса егілгенде жоғары сапалы көк шөп пен құнарлы пішен алуға мүмкіндік береді.

Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер болып саналады. Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар астық тұқымдастар тобына жатады.
Шалғындықтарда кездесуі мен көптігі бойынша, астық тұқымдастар бірінші орын алады. Жалпы астық тұқымдастардың малазықтық құндылығы өте жоғары. Олар əсіресе кептіргенде жəне тайлаған кезде аз үгітілетіндігімен, сондай - аударыстырғанда, тырмалағанда астық тұқымдастар өте аз сынады жəне өзінің шаруашылықтық құнды қасиеттерін сақтап қалады.
Табиғи шалғындықтарда көбіне астықтар тұқымдасына (Poaceae) жататын көпжылдық өсімдіктер түрлері өседі. Біржылдық жабайы өсетін астықтар көбіне шөл, шөлейт аймақтарда кездеседі.
Шалғындықтарда көбіне көпжылдық астықтардың көп болып өсуі олардың вегетативті көбеюіне байланысты болады. Шөп ору және жайылым есебінде шалғындықты пайдалану көбіне өсімдіктердің тұқымдары пісіп жетілгенше жүреді. Сондықтан шалғындықтың өсімдіктерінің өсіп, қайта қалпына келуі вегетативті жолмен жүреді.
Ұзақ жылдар бойы вегетациясы сақталатын астықтар тұқымдасына еркекшөп (житняк), қылтанақсыз арпабас (костер безостый), су бетеге (овсяница луговая), қызыл бетеге (овсяница красная), шалғын түлкіқұйрық (лисохвост луговой), жатаған бидайық (пырей ползучий), шалғындық қоңырбас (мятлик луговой) т. б. жатады. Бұл түрлер бір орында 6-8 жыл өседі. Барлық вегетациясы қысқа өсімдіктерге шалғын атқонақ (тимофеевка луговая), кәдімгі тарғақшөп (ежа сборная) т. б. жатады.
Жалпы астық тұқымдас шөптер тұралы

Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тəрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады) . Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ жəне т. б. Гүлдері көбінесе қосжынысты.
Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ жəне 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. Жемісжапырақшасы 3-еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тəрізді - екі телімді.
Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дəнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж2А3Ж(3) (Гж - гүлжарғақ) . Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады.
Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ, арпабастардың мал- азықтық өсімдіктер екені мəлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар (бамбук, алып сұрекқамыс) құрылыс материалы ретінде жүмсалады. Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.
Сабансабағы сүректеніп кеткен астық тұқымдастар бар. Оңтүстік Америка да өсетін бамбуктың биіктігі 30 м, сабағының жуандығы 20 см болады. Оңтүстік Азияда өсетін алып сүрекқамыс 40 метрге дейінгі биіктікте өсе алады. Бұлардың сапасы ағаштан кем түспейді.
Сондай - ақ астық тұқымдастардың тамырларының топырақ түйіршіктерін ерітерлік əсерінің əлсіз екені, яғни ол дегеніміз олардың тамырлары шығаратын сұйықтардың қышқылдылығы əлсіз болатынын ескере кеткен жөн. Сондықтан да астық тұқымдастар тек топырақ ерітіндісіндегі немесе жеңіл еритін қоректік заттарды ғана жақсы пайдаланады.
Астық тұқымдастардың сыртқы құрылымы мен пішіндері

Көлжылдық шөптер тобының арасында Қазақстанда әсіресе далалы және орманды далалы аймақтарда өте маңыздысы - астық тұқымдас шөптер. Бұл топқа жататын дақылдар: еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық және т б.
Жиі-жиі қайталанып тұратын құрғаншылықты, әрі қары аз қатаң кысы бар далалы аймақтарында егілетін көпжылдық астық тұқымдас шөптердің ішінде, тіпті барлық көпжылдық шөптердің ішінде, алдыңғы орынды еркекшөп алады.
Еркекшөп құрғақшылыққа төзімді-ол жылдық жауын-шашын мөлшері 290 мм-ден аспайтын аудандарда ойдағыдай өсіп-өнеді, қыстың суығына төзімді, айтарлықтай топырақ талғамайды, жоғары агротехника дәрежесінде әр гектардан 22-30 пішен өнімін бере алады.
Аймақтың солтүстік аудандарында өнімі бойынша ол қылтықсыз арпабастан ғана қалысады. Еркекшөптің өсірілетін негізгі аудандары орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 150-300 мм қоңыр және ашық-қоңыр топыракты аймақ.
Еркекшөп пішенінің қоректілігі жоғары. 100 кг азығында 47-52 а. ө. және 5, 1-5, 8 кг сіңімді протеин болады. Пішеннің сапасы жинау мерзімі мен технологиясына байланысты: еркекшөпті масақтану кезеңінің басында және осы кезең басталғаннан 12 күн бойы жиналған пішеннің құндылығы барынша жоғары болады.
Қазақстан Республикасында жыртылған жерлердің 3, 5 млн га өсіріледі, оның ішінде Солтүстік Қазақстанда 1, 7 млн га артығырақ
Қазақстанда аудандастыруға жіберілген еркекшөп сорттары; Карабалыкский 202, Долинский 1, Актюбинский узкоколосый местный, 1943 (2), Актюбинский ширококолосый местный, 1948 (2), Тобағай, 1998 (11), Красноводопәдский 414, 1977 (13) т. б,
Еркекшөп маңызы.

Еркекшөп Қазақстанның барлық облыстарында өседі. Биіктігі 25 - 70 см. Сабағы түкті, кейде жылтыр, жіңішке жапырағы таспа тәрізді. 3 - 10 түкті гүлі болады. Гүлшоғыры - масақ, жемісі - сопақша дәнек. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістенеді.
Еркек шөп - құнарлы мал азығы, оны басқа өсімдіктермен (әсіресе беде не эспарцетпен) қосып егеді. Далалы жердің ойпаттарында өсетін еркек шөптің масақтары жалпақ үш бұрышты болып келеді, ал оның құмда өсетіндерінің масақтары жіңішке және ұзын болады. Бір түптен 2-3 сабақ өседі. Масақ салған соң жылына бір рет орылады. 3 - 4 жылдан кейін өнімділігі жақсара түседі. 100 кг пішенінде 48, 7% азық өлшемі, 3, 3 - 4, 1 кг сіңімді протеин бар, га-нан 12 - 20 ц пішен, 40 - 50 ц-дей көк шөп, 3 - 4 ц тұқым алынады. Аудандастырылған сорттары: жіңішке масақты Тауқұм, жергілікті Ақсеңгір, Қарабалық-202, жіңішке масақты Орал, т. б.
Жалпақ масақты еркек шөп Орал, Ақтөбе, Қостанай, облыстарыңда, ал жіңіщке масақты еркек шөп Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында кездеседі. Дәрілік шикізат және азық ретінде өсімдік жаңадан гүлдей бастаған кезде шалғымен шабылып немесе орақпен орылып алынып, қуратылмай кептіріледі. Оның сабағы мен масағының құрамында көп мөлшерде нәруыз, клетчатка, майлар, минералды заттар бар. Бұл өсімдік, біріншіден, жұғымды мал азығы, екіншіден, малдың асқазан-ішек жұмыстарын жақсартып, малды тез қондандырады. Сондықтан оның алдын - ала дайындалған шөбі қыста және көктемде арықтап, көтерем болуға айналған малдың жеміне араластырып беріледі
Еркекшөп

Еркекшөптің морфологиялық ерекшеліктері
Еркекшөп пішен, пішендеме және мал жайылымдылық шөп есебінде пайдалынады. 1 кг еркекшөптің пішенінде 0, 47-0, 52 а. ө. бар және 51-58 г-ға дейін сіңімді протеин болады. Жақсы жер қыртысын түзейтіндігіне байланысты топырақты қорғаулық ауыспалы егістікте, жеңіл түрлі топырақты аудандарда себіледі.
Солтүстік Қазақстан бойынша еркекшөптің пішенділік орташа өнімі шамалы - 5-7 ц/га, бірақ зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек, жоғары деңгейдегі өсіру технологиясын сақтай білгенде, оның пішенділік өнімділігі 20-30 ц/га және одан да жоғары болады, ал тұқымдылық өнімі 7-10 ц/га.
Еркекшөп - борпылдақ бұталы, астық тұқымдас, шашақты тамыр жүйесі күшті дамыған, көптеген ұсақ тамыршалар түзейтін дақыл. Түптерден 40-60 сабақ, өсіп дамиды. Сабақтары жіңішке, тік, биіктілігі 40-85 см.
Жапырақтары ұзын, жіңішке, оралып келген, түрлеріне байланысты, түстері күрең, қоңыр-ашық-жасыл болып келеді. Гүл шоғыры - әртүрлі тығыздықтағы және мөлшердегі масақ. 1000 дәннің массасы 1, 3-2, 2 г.
Біздің елде кездесетін еркекшөптің 13 түрінен, егістікке еркекшөптің 4 түрі еңгізілген: екі кең масақты - тарақша және иректісті, қалған екеуі жіңіш-ке масақты - сібірлік немесе құмдық еркекшөп және шөл еркекшөбі. Солардың ішінде ең көп тарағаны кең масақты тарақша еркекшөп.
Еркекшөп - биологиялық өсуіне байланысты, жартылай күздік өсімдік. Ылғалданудың деңгейіне байланысты бір, кейде екі рет шабылады, ал шабылғаннан кейін өсімі шабан. Еркекшөптің қыстың суығына төзімділігі өте жоғары - тіпті қар қабаты болмағанның өзінде, ол -35-40˚-қа дейінгі аязға шыдайды. Дақыл құрғақшылыққа төзімді, осы қасиеті бойынша көпжылдық шөптердің ішінде бірінші орында, сондықтан да Қазақстанның жартылай шөлді аймақтарында өсіп-өніп, жыл сайын жақсы өнімділігімен көрінеді.
Еркекшөп топырақ талғамайды, механикалық құрамы әртүрлі топырақтарда өсе береді, сортаңдау топырақта да өсе алады.

Мал азығына өсіру агротехникасының ерекшеліктері.
Еркекшөптің өсіру технологиясында мынадай негізгі мәселелерден тұрады: Толық бағалы егін көгін алу және сабақ бітіктігінің жиілігін қалыптастыру, бұл айтарлықтай дәрежеде сәтті таңдап алынған себу мерзіміне байланысты, ал мұның өзі ылғалдану жағдайына байланысты ерте көктемнен (сәуірдің ортасы) қысқа қарсы себуге дейін (қазанның ортасы) өзгереді.
1. Себуге дейін және өсімдік тіршілігінің бірінші жылында арамшөпке қарсы күрес, ал бұл алғы дақыл мен себу мерзімін таңдап алуға байланысты.
2. Барлық пайдалану кезеңінде алынатын өнімменшығарылатын қоректікзаттарды ескере отырып фосфор тыңайтқышынан негізгі тыңайтқыш ретінде, ал азот тыңайтқышымен жыл сайын үстеп қоректендіру қажет.
3. Егістікгі ылғал қоры жеткілікті танаптарға орналастыру және себуге дейін ылғал жинау мен арамшөпке қарсы күресті белсенді жүргізген жөн.
4. Пішен жинауды қысқа уақытта (10-12 күнде) масақтанукезеңінде жургізу шарт және мал азығын жинау мендайындаудың озық технологияларын қолданған дұрыс.
Дәнді шөпті - парлы ауыспалы егістерінде еркекшөп пардан кейінгі екінші-үшінші бидайдан кейін немесе жүгері, пішенге өсірілген бір жылдық шөптерден кейің сонымен қатар таза парға (бүркемелі егістікте) орналастырылады.
Көпжылдық шөптерді ауыспалы егістің ең соңында орналастыру тәжірибесі, дәнді дақылдардың 5-7 жылғы өнімімен пайдалы ылғал қоры мен сіңімді қоректік заттардың төмен мөлшері мал азығын өндіруге орасан зор зиян келтіреді. Көпжылдық шөптердің өнімі тіршілігінің бірінші жылында олардың өсуі меи сабақ бітіктігінің қалыптасу жағдайларына байланысты, ал еркекшөпті шықпа танапта нашаралғы дақылдан кейін орналастыру күні бұрын 4-7 жыл бойы мал азығының төмен өнімін жинауға мәжбүр етеді және жыртылған жерлерді тиімсіз пайдалануға әкеліп соғады

Қылтықсыз арпабас - астық тұқымдасының арпабас туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде (орманды, орманды дала, дала аймағында) кездеседі. Әсіресе, өзен алқабындағы шабындықтарда, егістіктен қалған жерлерде, таудың биік белдеуінде көп өседі. Биіктігі 40 - 120 см.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz