Ақаба суларды тазалау әдістері
Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындығы қазақ түрік университеті
Экология және Химия кафедрасы
Түркістан 2021
{ СӨЖ
Пән: Су ресурстарын тиімді басқару
Орындаған:Айтжан ӘлияЖЭК911
Қабылдаған:Тойчибекова Ғ.
Ақаба суларды
тазалау
{ әдістері
Ақаба су
Ақаба су (Сточная вода) — 1) бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл
шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанган
аймақ, соның ішінде (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, коммуналдық-
тұрмыстық, нөсер, т.б ағындылары) елді мекен арқылы өткен су;
2) адамның тұрмыста және өндірістік іс әрекетінде пайдаланылғаннан
кейінгі су. Ақаба судың әрбір текше метрі таза судыц 60 м3ін
ластайды. Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік және
атмосфералық болып бөлінеді. Акаба судың шаруашылық-тұрмыстық
ластағыш түріне байланысты физиологиялық қоқыстармен және
шаруашылық ағындыларымен ластанған түрлері ажыратылады.
Өндірістік ақаба су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық
процестермен, сондай-ақ материал мен шикізаттың химиялык
қасиеттерімен анықталады. Ластанған және нормативті таза (яғни,
тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба су болып ажыратылады.
Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді.
Ақаба суды тазалау әдістері
Ақаба суды тазалау әдістері(Способы очистки сточных вод) —
табиғатты және қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың маңызды
шараларының бірі. Ақаба суды механикалық (тұндыру, сүзу,
флотация), физикалық-химиялык (ірілендіру, бейтараптау, хлормен
өндеу, т.б.) және биологиялық (суармалау танап тарында,
биологиялық бассейнде, биосүзгіште) әдістермен тазалайды.
Ақаба суды биологиялық тазалау
Ақаба суды биологиялық тазалау (Биологическая очистка сточных
вод) — заттектерді минералды немесе одан да қарапайым
органикалық қосылыстарға дейін ыдырататын микроорганизмдерді
өсіру арқылы ақаба суды ластағыш негізгі органикалық заттектерден
тазалау.
Ақаба суды биосүзгімен тазалау
Ақаба суды биосүзгімен тазалау(Очистка сточных вод на
биофильтрах) — ақаба суды активтелген тұнба қабаты немесе
ластағыштарды тұтып, ұшырататын арнайы егілген су өсімдіктері
(қалың өскен қамыс) арқылы өткізіп тазалау.
Ақаба суды жасанды тазалау
Ақаба суды жасанды тазалау(Искусственная очистка сточных вод) —
арнайы технологиялық құрал-жабдықтар аркылы ақаба судың кез
келген түрін тазалау. Ақаба суды жасанды тазалау судың өздігінен
табиғи тазалануынан тезірек жүзеге асады.
Ақаба суды залалсыздандыру
Ақаба суды залалсыздандыру(Обеззараживание сточных вод) — ақаба
судың құрамындағы патогендік және санитариялық көрсеткіш
микроорганизмдерді жою үшін өндеу.
Ақаба суды иіссіздендіру
Ақаба суды иіссіздендіру(Дезодорация сточных вод)— иісті кетіру және
сонымен қатар ақаба су жинақталып қалған кезде, сондайақ оларды
биологиялық жолмен тазалау барысында, өндірістік процестер кезінде
(жанғыш газдар, т.б. алу), жағымсыз иісі болатын материалдар мен
шикізаттардан буланғанда түзілетін газдың зиянды құрамды бөліктерін
жою.
Ақаба суды механикалық тазалау
Ақаба суды механикалық тазалау(Механическая очистка сточных вод)
— тез тұнатын және қалқып шығатын заттектерді техникалық
құрылғылармен және әдістермен жою. Көбіне ірі түйірлі және ұсақ
түйірлі (малтатас қүмтас) сүзгіш арқылы іске асырылады.
Ақаба суды табиғи тазалау
Ақаба суды табиғи тазалау(Естественная очистка сточных вод) —
судың өздігінен тазаруы барысында немесе суармалау танабының, сүзу
танабының, топырақ асты суармалау үлескілерінің, аэробты және
анаэробты биологиялық тоғандар мен тотықтырғыш каналдардың
көмегімен ластағыштарды ыдырату.
Ақаба суды физикалық-химиялық тазалау
Ақаба суды физикалық-химиялық тазалау(Физикохимическая очистка
сточных вод) — ағындыларды ластағыштардан физикалық-химиялық
әдістермен тазалау. Бұған реагенттік не электролиттік ірілендіру,
қышқылдармен және сілтілермен бейтараптау, шайғындау, су буымен
айдау, сорбция, суды ультрадыбыспен өндеу, электрхимиялық
тотықтыру және т.б. жатады.
Ақаба суды химиялық тазалау
Ақаба суды химиялық тазалау(Химическая очистка сточных вод) —
ластағыштарды химиялық агенттер аркылы және заттектердің
физикалық-химиялық қасиеттерін пайдаланып жою. Ақаба суды
химиялық тазалауға қалқып жүрген және коллоидты заттектерден,
фосфордан ірілендіру арқылы тазарту, еріген органикалық
заттектерден абсорбция арқылы тазалау және тірі организмдерді жою
— суды зарарсыздандыру, яғни хлорлау жатады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz