Қазақ ауылы


Slide 1

Жоспар:

«Ашаршылық - әлеуметтік апат» түсінігі

Қазақстандағы ашаршылық жылдары және оның себептеріне шолу

Ақтөбе өлкесіндегі 1921-1922 жылдардағы аштық тарихи статистика және барысы мен нәтижелері негізінде талдау

Шу өңіріндегі ашаршылық туралы дерек көздерінен мәліметтер

Т. Рысқұловтың 1933 жылы 31-қаңтарда БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің (Казкрайком) хатшысы Л. И. Мирзоянға жазған хатынан үзінді, астарлы ақиқат

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 2

Ашаршылық - саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі бар. Біріншісі - мүлдем үнемсіз қалу да, екіншісі - үнемі шала құрсақ болып жүру. Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады. Ашаршылық жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемлекеттердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң, күшті ашаршылықтарға жиі ұшырап тұрған.

Slide 3

Қазақстандағы ашаршылық жылдары және оның себептеріне шолу: Көшпелі Қазақ қауымы күшті жұт жылдары ғана болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында ашаршылыққа сирек ұшыраған. Тек ― «Ақтабан шұбырынды…» сияқты жаугершілік жылдары, саны кеміген. Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында қатты сақталған. Олардың алғашқысы - 1921-22 жылы болған ашаршылық

Оның басты-басты екі себебі бар:

алғашқысы - Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты),

екіншісі - табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт.

Екінші ашаршылық 1930 - 33 жылы болды. Оның себебі - Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т. б. ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады

Slide 4

Ең бірінші ашаршылық 1921-1922 жыдары болғын. Ол Мұхтар Әуезовтың «Қазақ Республикасы қазақсыз қалады» деген мақаласында көрсетілген. Осы мәтінде өлкелік партия комитетінің КПСС орталық комитетіне жіберген 145 беттік есебі бар сондағы протоколдан алынып отыр. Сол протоколдағы есеп бойынша 1921-1922 жылдарда 1 млн 200 мың адам қырылған делінген.

Ал Әлихан Бөкейхан орта есеппен шығара отырып оны 90 032 мың деп көрсетеді. Қазақ ұлты 1723 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығы кезігдегі, Ақтабан шұбырынды мен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіңде дәл мұндай қырғынға ұшыраған жоқ. Қазіргі кезде XX ғасырда болған екі ұлы ашаршылықтың құжаттары жарияланып, көптеген мәліметтер алынған. Соның ішінде «Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану»музей қорында сақталған бірнеше құжаттар бар.

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3357 Қазақ әйелі. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

(Фото суреттер жиыны келтірілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі Ақпарат және Мұрағат комитеті «Орталық Мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты»)

Slide 5

Ақтөбе өлкесіндегі 1921-1922 жылдардағы аштық

XX ғасыр басы қазақ даласы үшін қуаныштан көрі қасыреті көп ғасыр болды. Патша үкіметінің озбырлы саясаты қазақ халқын өз жерінен айырды. Одан кейінгі Азамат соғысындағы ақтар мен қызылдардың қанды арпалысыннан соң Кеңестік үкіметтің сұрпқия саясатына тап болды. 1921-1922 жылдары елдегі болған аштыққа соғыстан кейінгі шаруашылықтың күйреуімен құрғақшылықтың салдарыннан малдың жаппай қырылуы және 1919 жылдың қаңтарында енгізілген азық түлік салғырты яғни, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекетке мәжбүрлі түрде тапсыру саясаты тікелей әсер етті.

Ақтөбе архивінде сақталған құжаттарға сүйенсек губерниялық атқару комитетінің басшылары Рияхов, Назаров, Сердековтар сол жылдардағы Ақтөбе жерін жайлаған қасірет пен малдың жұқпалы аурудан қырыла бастағанын Ленинге жазған хаттарында баяндайды. Орталықтан қайран болмай қазақтың ұлт зиялылары аштықпен күресуге бар күшін салды, оны тоқтатуға тырысты. Алайда, 1921 жылдың қараша айында Ақтөбе қаласында 469 ересек, 320 бала аштықтан көз жұмып, ал өлкедегі мал басының 55% азайған екен. Сол жылы 280649 ересек, 7700725 бала аштыққа тірідей тап болған. Яғни, олар теміржолдың бойында, қаланың ішінде немесе біздің аудандарда босып барлығы бір тілім нан іздеп елді жағалап кеткен екен. 1921 жылдың шілде айынан бастап аштық Ақтөбе, Орынбор, Орал, Бөкей, Адай губернияларында тез тарай бастайды. 1920 жылы құрылған Қырғыз АССР біздің қазіргі Қазақстан мемлекеті дейміз. Астанасы - Орынбор. Ал Қазақстанның оңтүстік бөлігі тұтасымен Түркістан автономиялы республикасына кіріп кеткен. Солтүстік, батыс жақта орналасқан Ақтөбе, Орынбор, Ақмола, Семей халықтарының бәрі онтүстікке қарай жаппай босқын болып кете бастайды.

Slide 6

1921-1922 жылдары аштыққа ұшыраған адамдардың көрсеткіші:

Губерниялар

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Орынбор

444789

351166

437776

524170

515118

496064

Орал

400900

328816

277836

37

378818

292098

Қостанай

254900

283749

87494

337000

354360

294360

Ақтөбе

359325

361051

359326

252514

351049

234560

Бөкей

1

1

1

77059

66265

66256

Ақмола

100670

92000

100670

472000

472000

Slide 7

Кестедегі адам арқылы республикада өмір сүрген 4781263 адамның жартысы аштыққа ұшыраған адамдар екенің көруге болады. 1921 жылы 11-18 маусымда Қазақ өлкелік атқару Комитеті азық-түлік салғыртың енді салықпен ауыстырса да жағдай қиындай береді. Яғни, салықты үсті-үстіне салып төлей алмастан, малын тартып алу басталады. 1921-1922 жылдарда болған аштыққа тікелей әсер еткен жағдай: бұл орталықтағы большевиктік партияның теріс саясат жүргізуі, азық-түлік салғыртының енгізуі, кез-келген қарапайым шаруа болсын, бай болсын салық төлейтін болған. Қазақстанның жерінде 1921-1922 жылдары болған ашаршылықтың негізгі себебі: қуаншылық, жаңбырдың жаумауы жердің құрғап кетуі деп көрсетеді. Табиғаттан бұрын ең бірінші халыққа қарсы жүргізілген саясаттың нәтижесінде ашаршылық болды деп толық айтуға негіз бар. Халықтан малды тартып алып кеткеннен кейін шаруаларды жерінен қуғаннан кейін, халық арасынан қарақшылар шыға бастайды. Сондай бассыздықты шешуге Ішкі Істер күш сала бастайды. 1921жылы 9 сәуірде шыққан Ақтөбе уезінің Атқару Комитетінің басшысы Мырзағұл Атаниязовтың №920 бұйрығы шығады. Ол бұйрықта ауылдық кеңестер - болыстық атқарушылар комитеттеріне, ауылда отырған кеңестер - өздерінің отырған жерлеріне өздері мықты болсын, халық жаппай қырылып жатыр, өлгердердің денесін көму керек, судың бетін тазалау керек, яғни өлген адамдарды суға тастамау керек. Себебі көптеген жұқпалы аурулар тарап жатыр деп қатаң бұйрық шығарған. Төтенше жағдайлар бойынша Орталық комитет Ақтөбе қаласы Темір, Шалқар, Ырғыз, Ойыл, Қарабұтақ, Ақбұлақ аудандарында ашыққандарға 315 млн көлемінде көмек берген екен. Бұл ақшаға түнеу үй салынған, Мәскеуден 2 вагон астық сатып алынған және Ташкенттен 1 вагон ұн, 1 вагон жеміс, мұнай әкелінеді. Аштық қасіреті 1922 жылдың наурыз, сәуір айларында күрт күшейеді.

Slide 8

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3498 Су тасу. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-4353 Көшпенді қазақтар. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 5-3448 Базардағы жоқшылық. Павлодар облысы, 20-шы ғасырдың 20-30-шы жылдары.

(Фото суреттер жиыны көшіріліп алынды Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі Ақпарат және Мұрағат комитеті «Орталық Мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты»)

Slide 9

Ақтөбе губерниясының халқының 50% көз жұмады, 28% індетке тап болады. 1921жылдың тамыз айы мен 1922 жылдың қаңтар айы аралығында біздің жерден 1 адам Түркістанға қоныс аударған, 1000 адам Орынбордың өзінің жеріне көшірілген, 3907 адам Ақбұлақпен Жұрыннан Түркістан аумағына жіберілген. Тірі қалған адамдарды жинап вагондарға тиеп Түркістан аумағына жіберген. Ол жақта өмір сүруге жағдай болған. 1919жылдан бастап Кеңес Одағы жерін жайлаған аштыққа халықаралық ұйымдар көмекке келеді. Ұйымның көмектері туралы жазушы Максим Горкидің «БҰҰ» сияқты ұйымдарға жазған хаттарынан біле аламыз. Америкада Нью-Йорк Таймс деген газетке Максим Горкидің үндеуі яғни, «КСРО халқы зардап шегіп жатыр, Ресейдің халқы соғыстан кейін қырылып жатыр» деген үлкен үндеулерін жариялайды. Сол кезде шетелден көмек берушілер Кеңес Одағына қарай ағыла бастайды. Ұйымдардың ішінен АРА деген ұйым көмекке келеді. АРА деген сөз - Америкалық Релиф Админстричн (Америкалық көмек әкімшілігі) . Осы ұйымның көптеген көмегі Кеңес Одағына тиеді. Ең бірінші олар балаларға, сосын ересектерге азық-түлік таратумен айналысады. Бұл ұйым 1922 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Ақтөбе губерниясының ашыққан балаларын тамақтандырады. Ақпан айында бөлінген 25000 құрғақ пайоктың 3000 Ақтөбе қаласына, 6000 Ақтөбенің аудандарына, 7500 данасы Ақбұлаққа, 6500 данасы Темірге, 2000 данасы Қосестек аудандарына таратылады. 30 қаңтарда АРА-ның Орынбор губерниясының 3 ауданында Ақтөбеде және Ақтөбе губерниясынын Алталы ауданында 717 асханасы ашылған. 1маусымға дейін Ырғыз, Шалқар аудандарында 1101 асхана ашылады. Тамақтандырумен қоса тұрмысқа қажетті заттармен де қамтамассыздандырған. Д. Т. Томшка - 1922 жылы Ақтөбе губерниясы, Троицк болысы. Троицк ауылындағы америкалық АРА ұйымының төреғасы болған. Бұл кісі Ақтөбе музей қорына ашаршылық кездегі өз құжаттарын тапсырған. Аштықты растайтын ерекше құжаттар бар солардың бірі: шетелдік АРА ұйымының ересектерді тамақтандыруға берілген акт түрі. Бұл актта осы Томщканын қолы қойылған, актті 1921 жылдың 1 тамыз күні Ақтөбе губерниясы, Троицк ауылында №31 үлестіру пунктінде 27 шілдеден бастап 23 тамызға дейін 687 адамның жан басына шаққанда 18 жарым фунттан келетін 320 фунт жүгері ұны таратылғаны жазылған.

Slide 10

•РГУ ЦГА КФДЗ •Арх. № 2-39320 Қазақ ауылы. 1928 жыл.

ШУ ӨҢІРІНДЕГІ АШАРШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ДЕРЕК КӨЗДЕРІНЕН МӘЛІМЕТТЕР

Қазақстан журналистер одағының мүшесі Мәкен Уақтегінің әкесінен ашаршылық кезіндегі Новотроицкі селосындағы балалар үйінің жағдайы туралы естіген әңгімелері

Менің әкем Уақов Жұмәділ Отарбайұлы 1921 жылы 25-мамырда дүниеге келіпті. Отызыншы жылдардың ашаршылығында ата-анасынан, Әлия, Мәрия атты бауырларынан айырылып, тұл жетім қалғандықтан Шу ауданының орталығы Новотроицкі (қазіргі Төле би) ауылындағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Әкемнің сол бір зұлматты кезеңдерді мұңая еске алған сәтіндегі естелігінің есімде қалғаны:

- Ашаршылықтың сәл алдында ғана ашылған балалар үйінің жағдайы өте нашар еді. Тамақ жағы жетіспейтін. Тәрбиеленушілер арасында жұқпалы аурулар да тарай бастады. Сол кезде оларға беретін дәрі-дәрмек те жоқтың қасы. Тамақтың кемдігінен жҽне ауру жұқтырып алған балалар әлсіреп, денсаулықтары нашарлап кетті. Таңертең ұйқыдан оянған кезде жанымызда жатқан баланың өліп қалғанын көріп, төбе шашымыз тік тұратын. Бірте-бірте бұған да санамыз көндігіп алды. Қайтыс болған балаларды таңға жуық үлкендер арбаға тиеп әкетіп жататын. Босаған орындарға көшеде, далада қаңғырып жүрген аш-жалаңаш жетімектерді алып келетін. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, әсіресе, 1930-1933 жылдары қазақ жерінде жетім балалар көбейіп кетті. Себебі, малдан айырылған ел аштыққа ұшырап, көптеген отбасылар бірі қалмай қырылып қалды. Ата-анасынан айырылып, тірі қалғандары көше кезіп, тамақ іздеді. Сондайлардың бірі - мен болдым ғой. Ашаршылықтың кесірінен үй-ішіміз түгел опат болды, тек мен ғана тірі қалып, балалар үйіне қалай тап болғанымды білмеймін.

Slide 11

Қазақ еліндегі 1932-1933 жылдардағы нҽубетті зерттеп жүрген Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков Шу ауданындағы аштықтан болған масқара құбылыс туралы мынадай деректер келтіреді: «Шу поселкесінің маңайындағы төңіректе №75 барақтағы босқындар жатағының және тамақтандыру орнының санитарлық жағдайын тексеріп шықтық. Сонда мыналарға кездестік: ішінде босқындардың жатақханасы және тамақтандыру орны орналасқан №75 барақ жан төзгісіз жағдайда. Баспана әл-дҽрмені таусылған, көбі әзер дегенде қозғалатын босқындарға лық толы. Баспана іші былғаныш, сасық. Жүзге тарта аш адамдар жерде жатыр. Баспананың айналасы ластанып кеткен. Барлық жерде сүйектер, жыртылған киімдер, адамдардың қоқыстары және шығыс жағында тоғыз өлік жатыр, барақтан біраз жерде солтүстікте жерде тағы да өлік, тағы бес өлік жатыр. Көмілмегені, сирақ және қар еттерінің кесіліп алынғаны кісі етін жеу болғанын айғақтайды. Қазақ бейіті жас молаға толы». Бұл құжатқа жеті адам қол қойған екен.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Үшқоңыр
Абай ауылы
Тұйық етістікті қайталау
Қарама - қарсы сөздер, 4 сынып
Мектеп төлқұжаты
Ұлы суретші Ә.Қастеев
Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Еуразия ұлттық университетініңпрофессоры
Тұйық етістікті қайталау. 7 сынып
Қ.Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдары
Сын есімдер әлемінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz