Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға шолу



Жоспар:
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға шолу
Бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицердің көзін жойған - Төлеген Тоқтаров
Кеңес Одағының Батыры, минометшілер расчетінің командирі - Боран Нысанбаев
Жау дзотын кеудесімен жапқан - Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы
Есімі Ұлы Отан соғысының шежіресіне жазылған - Қарсыбай Сыпатаев
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі - Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер - Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.

Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі - Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В. Г. Клочков басқарған бөлімше - 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында республикада 12 атқыштар, 4 ұлттық кавалериялық дивизиялар, 7 бригада, 50 полк құрылды. Майданға барлығы 1, 2 млн. қазақстандық немесе республиканың әрбір алтыншы тұрғыны жұмылдырылды, олардың 640 мыңы, яғни жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды. Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың 100-ден астамы Даңқ орденінің толық кавалері атанды, 4-уі Батыр атағын екі мәрте иеленді. Бұл - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Біздің бәріміз үшін Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров және басқа да ержүрек жауынгерлеріміздің есімі қасиетті және мәңгі ұмытылмайды. Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі, Днепрді алудағы шайқастарға, Украинаны, Беларусьті, Молдованы, Балтық елдерін және Еуропаны азат етуге қатысты. Олар Рейхстаг төбесіне Жеңіс жалауын тігуге де қатысты. Бірақ, білмейтін батыр аға-апаларымз қаншама және олар қандай ерлігімен біздің жадымызда есте қалуы тиіс? Бүгінгі көрсетілімдегі негізгі мақсатым осы сауалдарға жауап беру.

Ол 1920 жылы 19 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген, 1942 жылы 9 ақпанда Ресейдің Мәскеу облысы Бородино селосында қайтыс болған. Екінші дүниежүзүлік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардия жауынгері.
Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т. Нагаткино селосына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино селосы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалған да ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді.
Кеңес Одағының Батыры
Тоқтаров Төлеген.
Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30. 1. 1943) .

1918 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай округіне қарасты Қаңбақты елді мекенінде дүниеге келіп, «Бает» бастауыш мектебінен білім алады. Одан әрі бала Боран жанұясының жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмайды да, бұрынғы «Красный Октябрь» колхозынан бір отар қой алып, шопан болады.
1942 жылы 6 қаңтарда Есбол ауданының әскери комиссариаты арқылы әскерге шақырылып, №137-атқыштар дивизиясының №770-полкінде минометші болған. Ол Орел облысы, Покровск ауданы, Лески деревнясы үшін болған ұрыста жаудың атыс ұясын жойып, сол жерде 1943 жылы 6 ақпанда ерлікпен қаза тапқан. Кейін жолдастары шабуылға шығып, жаудың бетін қайтарып, Лески деревнясын жаудан азат еткенде Боран денесінің жанында жаудың 28 жауынгерінің өлі денесі жатыпты. Шындығында, ол майдан даласында Александр Матросовтан 17 күн бұрын ерлік жасап, жау ұясын кеудесімен жауып, беліне байланған гранаталарын дзот ішінде жарып үлгерген. Сөйтіп, өзі қаза тапса да дұшпандарын жер жастандырып, шабуылдаушы жауынгерлердің жолын ашқан.
Теңдесі жоқ ерлік көрсеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1943 жылғы 23 қыркүйектегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңес Одағының Батыры,
минометшілер расчетінің командирі
Боран Нысанбаев

Б. Нысанбаевтың батырлығы жөнінде қалам сілтемеген адам әр өңірде де аз емес. 1974 жылы есейіп барып Гурьев педагогикалық институтында оқыған Қабдығали Сейітов осы оқу орнын бітірерде өз жерлесі әрі туысы болып келетін Боран Нысанбаев тақырыбын алып, диплом жазып, ғылыми жетекшісі Ж. Бақидың басшылығымен қорғапты. Журналист Төлеубай Ысқақов «Бұл Лескиде болған еді» деген драмалық шығармасын дүниеге әкелді. Ол шығарма Индер ауданында жылма-жыл Боран батырдың еске алу күні 6 ақпанда қойылады. Сонымен қатар, тұрақты түрде Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаев атындағы волейболдан жарыс өткізіліп келеді.

Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы 1920 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылына дүниеге келіп, 1943 жылы шілденің 25-і күні Ленинград облысы Киров ауданы Синявино елді мекенінде қаза тапқан. Кеңес Одағының Батыры.
1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. 4 рет жараланған. 1943 жылғы шілдедегі Ленинградты Үлкен жермен байланыстырып тұрған тар өткелді кеңейту үшін жүргізілген ұрыстарда Баймағамбетов Ленинград майданының 67-армиясы 43-атқыштар дивизиясына қарасты 147-атқыштар полкінде пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының шешімімен Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21. 2. 1944) .

Қарсыбай Сыпатаев 1942 жылдың наурызында Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян ауданындағы, қазіргі Бәйдібек ауданы «Көктөбе» колхозынан Қызыл әскер құрамына шақырылған еді. 1942 жылы қарашаның екінші жартысында Сталинград түбнде кеңес әскерлерінің қарсы шабуылы басталады. Олар неміс әскерінің ірі жасағына, соның ішінде екі румын және бір итальян жасағына қарсы тап болады. Бұған дейін тарихта болмаған екі алып әскердің шайқасы екінші ақпан күні генерал-фельдмаршал Паулюстің басшылығындағы неміс әскерінің қоршалуымен аяқталады. Бұл шайқаста 140 мыңнан астам жау әскері мерт болып, 24 генерал мен 2500 офицер тұтқынға алынды.
Ғалымның айтуынша, марапаттау ұсынысында майдан қолбасшысы, генерал-полковник Родион Малиновский (1957-1967 жж. КСРО қорғаныс министрі) : «Кеңес Одағының Батыры атағына лайық» деп жазады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығына 1943 жылы сәуірдің 17-нде қол қойылады.

Қарсыбай Сыпатаевтың жасаған ерлігі - мәңгілік. Мектептер мен көшелер батырдың атында, оның Жеңіске қосқан үлесін көп жылдан бері М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Ресейдің әскери ғылымдар академиясының академигі Әнуар Смайылов зерттеп жүр. «Мен бірнеше жыл бойы Мәскеу облысы Подольск қаласында орналасқан КСРО Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатындағы соғыстың құжаттары мен материалдарын зерттедім. Көптеген мәліметтер қорын жинақтадым, олардың көбі Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы жайлы жазылған екі монографияда қолданылды. Соның ішінде Қарсыбай Сыпатаев әскери борышын өтеген 61-ші кавалериялық дивизия туралы және батырдың Сталинград шайқасындағы ерлігін растайтын құжаттар да болды», - дейді Әнуар Смайылов. Қарсыбай Сыпатаев 1942 жылдың наурызында Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян ауданындағы, қазіргі Бәйдібек ауданы «Көктөбе» колхозынан Қызыл әскер құрамына шақырылған еді. 1942 жылы қарашаның екінші жартысында Сталинград түбнде кеңес әскерлерінің қарсы шабуылы басталады. Олар неміс әскерінің ірі жасағына, соның ішінде екі румын және бір итальян жасағына қарсы тап болады. Бұған дейін тарихта болмаған екі алып әскердің шайқасы екінші ақпан күні генерал-фельдмаршал Паулюстің басшылығындағы неміс әскерінің қоршалуымен аяқталады. Бұл шайқаста 140 мыңнан астам жау әскері мерт болып, 24 генерал мен 2500 офицер тұтқынға алынды.

61-ші дивизия румындық 4-ші жаяу әскер тылында жүріп, Соляной, Уманцево деген елді мекендерді қайтарып алды және Шарнутовский хуторының маңындағы жаудың 45 танкімен болған шайқасқа төтеп берді. 61-ші атты-әскер дивизияның белсенді іс-қимылдары 51-ші әскердің сол жақ қапталындағы бөлімдер мен бөлімшелердің табысты шайқасына септігін тигізді. «Нақ осы күндері оңтүстікқазақстандық даңқты жауынгер Қарсыбай Сыпатаев батырлық ерлігін жасады. Қарсыбайдың марапаттау қағазында: «Қызыл әскер сарбазы Сыпатаев Сталинградтан оңтүстік-батысқа қарай жердегі неміс жаулаушыларына қарсы кескілескен шайқаста ерекше батылдық мен табандылық көрсетті. . . «Қызыл батыр» колхозының ауданында 1942 жылы қарашаның 23-і күні өз минометімен дәл көздеп атып, жаудың жаяу әскерінің бір взводын жойды. Шарнутовский хуторының түбінде 1942 жылы қарашаның 26-сы күні жаудың 36 танкісі үш жақтан батареяны қоршайын деді. Сыпатаев жолдас минометімен дәл көздеп, танкілермен келе жатқан жаяу әскерді атқылап тоқтатты. Неміс танкісі минометке жақындағанда, оның жолын бөгеу үшін Сыпатаев қолындағы жарылғыш затпен танктың астына түсіп жау танкісімен бірге өзін жарып жіберді. Осылайша батырлық жасаған Қарсыбай Сыпатаев қаза болды».

Ел есімі - ер есінде
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz