ТАБИҒАТ ФИЛОСОФИЯСЫ



ПӘН: ФИЛОСОФИЯ
НЕМІС
ФИЛОСОФИЯСЫ
Орындаған:
Тексерген:
Орал - 2021

ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1-сағат
1. XIX Ғ. НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
2. И. КАНТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ.
2-сағат
3. Г. ГЕГЕЛЬ ФИЛОСОФИЯСЫ. ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ ӘДІС ПЕН ИДЕАЛИСТІК ҚҰРЫЛЫМ.
4. И. ФИХТЕНІҢ «ҒЫЛЫМИ ІЛІМІ».
5. Ф. ШЕЛЛИНГТІҢ ТАБИҒАТ ФИЛОСОФИЯСЫ.
6. Л. ФЕЙЕРБАХТЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМІ.
СӨЖ БЕН СОӨЖ-ГЕ ТАПСЫРМА (ТҮПНҰСҚАЛАР) .
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ.

1. XIX Ғ. НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Оның негізін бес белгілі неміс философтарының
шығармашылығы құрады. Олар:
1. ИММАНУИЛ КАНТ (1724-1804) ;
2. ГЕОРГ ГЕГЕЛЬ (1770 -1831) ;
ИОГАНН ФИХТЕ (1762-1814) ;
4. ФРИДРИХ ШЕЛЛИНГ (1775-1854) ;
5. ЛЮДВИГ ФЕЙЕРБАХ (1804-1872) .
Неміс классикалық философиясында
үш философиялық бағыт көрініс тапты:
• ОБЪЕКТИВТІК ИДЕАЛИЗМ (Кант, Шеллинг, Гегель) ;
• СУБЪЕКТИВТІК ИДЕАЛИЗМ (Фихте) ;
• АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМ (Фейербах) .
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Германияда неміс философиясы деп аталатын ұлттық философиялық жүйесі пайда болды.

И. Фихте
Ф. Шеллинг
Л. Фейербах

1. XIX Ғ. НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. Философияны дәстүрлі мәселелерден (болмыс, сана, таным және т. б. )
адамның мәнін зерттеуге бұрды.
2. Даму немесе диалектика мәселелерін дамытты.
3. Философияның логико-теоретикалық аппараттын дамытты.
4. Тарихты бүтіндік процесс ретінде қарастыру.
НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ:
Неміс классикалық философиясының негізін салушы -
ИММАНУИЛ КАНТ болды.
1. Кант адамның таным мүмкіндіктерінің шектеулі екендігі туралы,
заттардың ішкі мәнін және қоршаған ортадағы құбылыстарды немесе «өзіндік
заттарды» түсінуге мүмкін еместігін түсіндірді.
2. Категориялар немесе философияның басты ұғымдары туралы ілімді дамытты.
3. Моральдық заң - «КАТЕГОРИЯЛЫҚ ИМПЕРАТИВТІ» қалыптастырды.

1. XIX Ғ. НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі - ГЕОРГ ГЕГЕЛЬ болды.
Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі - ИОГАНН ФИХТЕ болды.
Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі - ФРИДРИХ ШЕЛЛИНГ болды.
1. Гегель Абсолюттік идея туралы ілімді дамытты, оның санадан тыс, барлық
материалдық әлемнің бастамасы екендігін көрсетті.
Гегель диалектика туралы ілімді теориялық тұрғыда дамытты.
Диалектиканы универсалдық даму теориясы деп, оның үш заңын
қалыптастырды.
Фихте СУБЪЕКТИВТІК ИДЕАЛИЗМ бағытын дамытты, оған сәйкес дүниедегі
тек қана адам мен оның санасы ғана нақты өмір сүреді.
Бұл көзқарас «МЕН - ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» деп аталады.
Табиғатты объективтік идеализм тұрғысынан қарастырып,
адам бостандығы мен құқықтық жүйенің негізі табиғатта деген идеяны айтты.

1. XIX Ғ. НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі - ЛЮДВИГ ФЕЙЕРБАХ болды.
Фейербах АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМНІҢ жүйесін қалыптастырды.
Толық атеист ретінде Құдайдың жоқ екендігің және оны адамдардың ойдан шығарғанын, халықтың арман-тілектерінің орындалмағанын Құдайдың кесірі деуінің себебі екендігін көрсетті.

2. И. КАНТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Неміс классикалық философиясының іргетасы ИММАНУИЛ КАНТ (1724-1804 жж. ) еңбектерінде қаланды. Ол неміс классикалық идеализмнің негізін қалаушы және классикалық объективтік идеализмнің өкілі.
«Сынға дейінгі» кезеңде ол жаратылыстану ғылымдарымен айналысып, математика, физика, география, астрономия ғылымдары салаларына айтарлықтай үлес қосты.
Кант өзінің шығармашылығының «сыншыл» кезеңінде ақыл ойдың іс-әрекеттігі туралы, таным, логика, этика, әлеуметтік философия мәселелерін қарастырды.
Канттың «Таза парасат сыны» еңбегінде таным теориясы, логика және диалектика қарастырылса, «Практикалық парасат сыны» еңбегінде мораль, адамгершілік мәселелері көтеріледі.
Кант «Таза парасатқа сын» еңбегінде таным үдерісіне ерекше көңіл бөліп, оның қайшылықтарын ашып, адамның таным қабілетін үшке бөлді: сезімдік, пайымдаушылық, парасаттылық. Философия тарихында таным үдерісін бұлай бөлу Н. Кузанский философиясында орын алғаны белгілі. Бірақ, Кант өзіне дейін таным үдерісінде орын алып келген эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығуға тырысты.
И. Канттың шығармашылық қызметі «сынға дейінгі» және «сыншыл»
деп екі кезеңге бөлінеді.
«Сыншыл» кезең өзінің атауын үш фундаменталды еңбектермен байланыстырды:
«Таза парасат сыны», «Практикалық парасат сыны», «Пайымдау қабілетінің сыны».

ИММАНУИЛ КАНТ

И. КАНТ ЗА ЧТЕНИЕМ ПАМЯТНИК И. КАНТУ ЛЕКЦИИ В КАЛИНИНГРАДЕ

2. И. КАНТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
И. Канттың басты идеясы - АГНОСТИЦИЗМ немесе адамның қоршаған ортаны
тануының мүмкін еместігі («Тазар ақылға сын») ;
Адамның қоршаған ортаны тануының мүмкін еместігінің себебі - адам
санасының таным мүмкіндіктерінің шектеулілігі;
Парасаттың адам, әлем және құдай мәселелерін тануда шешілмейтін қайшылықтарға
немесе «ПАРАСАТТЫҢ АНТИНОМИЯЛАРЫНА» кездеседі.
Парасаттың бірнеше АНТИНОМИЯСЫ бар.
БІРІНШІ АНТИНОМИЯ - «Кеңістіктің шектеулілігі».
«Дүние уақыт пен кеңістік жағынан шексіз және шетсіз. Дүние уақыт пен кеңістік
жағынан шектеулі, шекті». Бұл антиномияның мәні - бүкіл әлемді білу және оны тану
мүмкін емес. Сондықтан парасат өзінің әлемді тануға ұмтылысында дәрменсіз.
ЕКІНШІ АНТИНОМИЯ - «Қарапайым мен күрделі элементтер».
Тек қана қарапайым элементтер және олардыан тұратын нәрселер ғана өмір сүреді.
Дүниеде ешқандай қарапайым элементтер жоқ, бәрі күрделі».
ҮШІНШІ АНТИНОМИЯ - бостандық пен себептілік.
«Табиғат заңына бағынатын себептілікпен қатар бостандық та бар. Бостандық жоқ”.
ТӨРТІНШІ АНТИНОМИЯ - «Құдайдың бар немесе жоқтығы».
«Құдай бар, өйткені ол барлық нәрсенің пайда болу себебі. Құдай жоқ».

2. И. КАНТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
АПОСТЕРИОРЛЫҚ БІЛІМ (a’ posteriori (тәжірибеден кейін) - тәжірибенің нәтижесінде пайда болған білім. Ол тек қана гипотеза ретінде өмір сүреді және практикада тексерілуі тиіс.
2. АПРИОРЛЫҚ БІЛІМ (a’ priori (тәжірибеге дейінгі) - тәжірибеден тыс пайда болатын ұғым, ой, идея, ол адам ақылында туа пайда болады және ешқандай тәжірибелік дәлелдеуді қажет етпейді.
3. «ӨЗІНДІК ЗАТ» - «дүниедегі заттарды толық тануға болмайды» деген агностиктік бағыт. Ол танып-білуге болмайтын «өзіндік заттар» бар, олар объективті, біздің санамыздан тыс өмір сүреді дейді.
И. Кант бойынша білімнің үш түрі бар («Таза ақылға сын») :
1. АПОСТЕРИОРЛЫҚ БІЛІМ;
2. АПРИОРЛЫҚ БІЛІМ;
3. «ӨЗІНДІК ЗАТ».

2. И. КАНТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. СЕЗІМ ФОРМАЛАРЫ - сананың бірінші деңгейі. Сезімнің формаларына кеңістік пен уақыт жатады. Сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне өз әсерін тигізетініне байланысты оларда көптеген түйсіктік деректер жинақталды.
2. ПАЙЫМДАУ - сананың келесі деңгейі. Оның формаларына категориялар жатады. Олар алғашқы түйсіктерді жүйелеп оларға мән береді. (Мысалы: сан, сапа, мүмкіндік, мүмкінсіздік, қажеттілік және т. с. с. )
3. АҚЫЛ-ОЙ - сананың ең жоғарғы деңгейі. Оның формаларына аяқталған жоғары идеялар жатады. Мысалы: Құдай идеясы; жан идеясы; әлем мәнінің идеясы және т. б.
Кант адам санасының (таза сана) жүйесін қалыптастырды.
И. Кант бойынша ол мыналардан тұрады:
1. СЕЗІМ ФОРМАЛАРЫ;
2. ПАЙЫМДАУ ФОРМАЛАРЫ;
3. АҚЫЛ-ОЙ ФОРМАЛАРЫ.
«Таза парасатқа сынның» негізгі бөлігі «ТРАНСЦЕНДЕНТАЛЬДІ ЛОГИКА»
категорияларының пайда болуын қарастырады (латынша трансцендентальді -
аттап өту деген сөз.
Бұл философияда білім, сана, ұғым, идея тәжірибе арқылы пайда болмайды, одан тыс
қалыптасады, ал тәжірибенің білімдер жиынтығынан пайда болатынын көрсететін
ілім) . Трансцендентальді логика «Таза жаратылыстану қалай пайда болады?» және
«Метафизика қалай болуы мүмкін?» деген сұрақтарға жауап береді.

2. И. КАНТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Аристотель логика категорияларын бірнеше топқа бөліп, анықтамаларын берумен шектелсе,
Категориялардың көмегімен пайым өзінің іс-әрекетін жүзеге асырады: алдымен алғашқы түйсіктерді жүйелейді, содан кейін ақыл-ой өз жұмысын атқарады.
И. Кант КАТЕГОРИЯЛАР жүйесін (система) жасауға ұмтылды.
Ол категориялар арасындағы терең байланыстарды анықтап, бірінен бірінің
туындайтынын дәлелдейді.
И. Кант 12 категорияны қалыптастырып, оларды 4 класқа бөледі -
1. САН; 2. САПА; 3. ҚАТЫНАС; 4. МОДАЛЬДЫЛЫҚ
әр класс үш категориядан тұрады:
САНДЫҚ - бірлік, бүтіндік, көптік;
САПАЛЫҚ - реалдылық, терістеу, шектеу;
3. ҚАТЫНАСТЫҚ - субстанционалдылық (бастамалық мәннің болуы)
пен акциденция (дербестік) ; себеп пен салдар; әрекеттестік;
4. МОДАЛЬДЫЛЫҚ - мүмкіндік пен мүмкінсіздік, тіршілік ету мен
тірщілік етпеу, қажеттілік пен кездейсоқтық.

2. И. КАНТТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
И. Кант этикалық «КАТЕГОРИЯЛЫҚ ИМПЕРАТИВ» ұғымын енгізді.
Оған сәйкес адамның мінез-құлқы қатаң мораль заңдарына
бағынуы керек, адам өзін қадағалау керек екендігін көрсетеді.
“Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету
құралы емес, ол мақсаттың өзі деп таны”.
Немесе:
1. ”Сенің ісің, тәртібің жалпы заң болсын”,
“Сенің жігеріңді билеуші ереже дүниежүзілік заңдылық негізіне
айналатындай болып қызмет ет”.
2. “Адамды құрал ретінде емес, мақсат ретінде қарастыру қажет”.

3. Г. ГЕГЕЛЬ ФИЛОСОФИЯСЫ
ГЕОРГ ГЕГЕЛЬ (1770-1831 жж. ) шығармашылығы неміс классикалық философиясының шарықтау шыңы, неміс классикалық объективтік идеализмнің өкілі деп есептеледі.
Г. Гегельдың басты философиялық еңбектері:
1. «РУХ ФЕНОМЕНОЛОГИЯСЫ»;
2. «ЛОГИКА ҒЫЛЫМЫ»;
3. «ҚҰҚЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ».
Гегель онтологиясының (болмыс туралы ілім) басты мәселесі -
БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУДЫ ТЕҢДЕСТІРУ.
Осының нәтижесінде ол АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ деген философиялық ұғымды
ойлап шығарады. Оны абсолюттік білім деп түсінді.
АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ - дегеніміз, ол:
1. Жалғыз ғана өмір сүретін нақты реалдылық;
2. Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстардың бастамасы;
3. Сана-сезімі мен жаратушылық қасиеттері бар ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РУХ.

ГЕОРГ ГЕГЕЛЬ

3. Г. ГЕГЕЛЬ ФИЛОСОФИЯСЫ
Осылай деп бөліну АБСОЛЮТТІК ИДЕЯНЫҢ логикалық, табиғат және рух кезеңдерінен өтуі. Сондықтан Гегель осы кезеңдер арқылы логика ғылымына, жаратылыстану салаларына, қоғамдық ғылымдарға жан-жақты талдау жасады.
Ескі формальды логикаға қарама-қарсы, өйткені ол - заттың, үдерістің ішкі мәнін ашып беретін ғылым. Ал ескі формальды логика ойлаудың сыртқы жағына, түріне ғана көңіл бөлді. Жаңа логика таным үдерісінің мәнін аша отырып, оны ғылым ретінде қарастырады. Гегель ойлау үдерісі адамның таным қызметімен, өмірдің практикалық саласымен тығыз байланысты екенін айқындағанымен, мұндай маңызды мәселе идеалистік негізде қарастырылған болатын.
Абсолюттік идея дамуының екінші сатысы деп Г. Гегель табиғатты айтады.
Табиғат - абсолюттік идеяның туындысы, оның басқаша, өзгеше өмір сүруі. Рух туындысы болатын табиғат одан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Табиғат Гегельді өзіндік ерекшелігімен емес, абсолюттік идеяның даму сатысы ретінде ғана қызықтырады.
Г. Гегельдың философиялық жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1) ЛОГИКА; 2) ТАБИҒАТ ФИЛОСОФИЯСЫ; 3) РУХ ФИЛОСОФИЯСЫ.
Гегель «Логика ғылымы» еңбегінде логиканы үшке бөледі:
1) болмыс туралы ілім; 2) мән туралы ілім; 3) ұғым туралы ілім.
Гегель табиғаттың көріністері ретінде үш бөлімді көрсетеді:
1) механиканы; 2) физиканы; 3) органикалық физиканы.


3. Г. ГЕГЕЛЬ ФИЛОСОФИЯСЫ
Гегель философиясының үшінші сатысы - алдыңғы екеуінің синтезі есебіндегі рух философиясы. Мұнда абсолюттік идея оянып, сергігендей болып, табиғат бұғауынан босанып, өз көрінісін абсолюттік рухтан табады. Адам - табиғаттың бөлшегі, ал адам рухы - табиғаттың емес, абсолютті рухтың жемісі.
Рухтың өздігінен дамуы үш түрлі бағытта жүреді.
Біріншісі - «Субъективтік рух» - адамның өзіндік санасы,
ол өз жағынан үшке: антропологияға, феноменологияға, психологияға бөлінеді.
Екіншісі - «Объективтік рух» - адамзат қоғамы. Оның басты түрлері:
құқық, өнегелілік, азаматтық қоғам, мемлекет.
Үшіншісі - «Абсолюттік рух» - рухтың ең жоғарғы көрінісі, мәңгілік ақиқат.
Ол өнер, дін, философиядан тұрады.
Философия - ең жоғарғы білім, абсолюттік идеяның соңы мен бастамасының
қосындысы немесе «Дүниенің оймен көркемделуі» («Мир, схваченный мыслью») .
Философия пәні мыналарды қамтуы қажет:
1. Табиғат философиясын; 2. Антропологияны; 3. Психологияны; 4. Логиканы;
5. Мемлекет философиясын; 6. Азаматтық қоғам философиясын; 7. Құқық
философиясын; 9. Тарих философиясын; 9. Диалектиканы.

3. Г. ГЕГЕЛЬ ФИЛОСОФИЯСЫ
Г. Гегель ДИАЛЕКТИКАҒА классикалық анықтама берді.
Г. Гегель бойынша диалектика процесі триада бойынша дамиды:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz