Масса алмасу үрдістері: негізгі түрлері мен технологиялық қағидалары


Slide 1

Масса алмасу үрдістері

Орындаған: Бейсен Дәуіржан

Тексерген: Насырова Анар

Slide 2

Жоспар

Масса алмасу үрдісі

Айдау және ректификация

Адсорбция

Мембраналы ажырату

Slide 3

Масса алмасу үрдістері

Химиялық технологияда бір фазадан екінші фазаға заттардың тасымалдануын қарастыратын процестердің маңызы өте зор. Мұндай процестерге абсорбция, адсорбция, ректификация, экстракция, кептіру, кристалдану процестері жатады. Бұл процестердің жылдамдығы диффузиямен анықталады. Бір фазадан екінші фазаға заттардың тасымалдануы диффузия арқылы жүрсе, мұндай процестер масса алмасу деп аталады

Slide 4

Массаның (заттың) бір фазадан екінші фазаға өтуімен сипатталатын масса алмасу деп аталатын процестер химия, тамақ және т. б. өндірістерде жиі кездеседі. Фазалар сұйық, қатты, газ және бу күйлерінде болуы мүмкін. Өндірістерде негізінен төмендегі масса алмасу процестері жиі қолданылады:

Абсорция. Газдар немесе булар мен газдар қоспаларынан бір немесе бірнеше құрастырушылардың сіңіргіш сұйық пен сіңірілуі абсорция процесі деп аталады. Абсорцияда зат газды фазадан сұйық фазаға өтеді. Газды сұйықтан ажыратып алу, яғни абсорцияға кері процесс десорбция деп аталады.

Slide 5

Айдау және ректификация. Гомогенді сұйық қоспаларды құрастырушыларының әртүрлі ұшқыштығына және сұйықпен бу фазаларының қарама-қарсы әрекеттеріне байланысты жартылай (жай айдау) немесе толық (ректифиация) ажырату. Мұнда масса сұйық фазадан булы фазаға және керісінше (булы фазадан сұйық фазаға) өтеді.

Экстракция. Сұйық және қатты заттардың қоспасынан бір немесе бірнеше құрастырушыларды таңдап ерітуші сұйықтар (экстрагенттер) жәрдемімен айырып алу процесі экстракция деп аталады. Сұйық - сұйық және қатты дене - сұйық жүйелерінде экстракциялар болады: біріншісінде масса (зат) бір сұйық фазадан екінші сұйық фазаға, ал екіншісінде - қатты фазадан сұйық фазаға өтеді.

Slide 6

Адсорбция. Кеуекті қатты заттардың өздерінің бетіне газды, буды немесе ерітіндіден еріген заттарды сіңіріп алу процесі адсорбция деп аталады. Мұнда масса газды, булы немесе сұйық фазалардан қатты фазаға өтеді. Қатты заттардан сіңірілген затты айырып алу, яғни адсорбцияға кері процесс десорбция деп аталады.

Кептіру. Қатты заттардан ылғалды негізінен булану арқылы шығару процесі кептіру деп аталады. Мұнда масса (ылғал) қатты фазадан газды немесе булы фазаға өтеді.

Slide 7

Мембраналы ажырату. Кейбір заттарды өткізіп, ал кейбіреуін ұстап қалатын қабілеттілігі бар жартылай өткізгіш мембраналардың жәрдемімен ерітіндідегі ерітілген заттарды ажырату. Мұнда масса (зат) жартылай өткізгіш мембрана арқылы бір сұйық (газды) фазадан екінші сұйық (газды) фазаға өтеді.

Slide 8

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Slide 9

,


Ұқсас жұмыстар
Масса алмасу процестері мен аппараттары: негізгі теңдеуі, түрлері және кептіру әдістері
Былғары мен үлбірдің негізгі түрлерінің қысқаша сипаттамасы, жіктелуі және өңдеудің технологиялық үрдістері
Суфле өндірісінің технологиялық үрдістері мен өндірістік аппараттары
Тамақ өнімдерін өндірудегі масса алмасу үдерістері: теориясы, заңдылықтары және кептіру әдістері
Саяси идеологиялардың негізгі түрлері мен қағидалары
Терілерді жібіту және шелдеу үрдістері: технологиялық талаптар мен аналитикалық анықтау әдістері
Бет пен ауыз қуысының одонтогенді емес қабыну үрдістері: фурункул, карбункул, тілме және нома - клиника мен емдеу қағидалары
Химияның негізгі ұғымдары: масса бірліктері, моль және газ заңдары (есептер)
Маркетингтің қағидалары мен негізгі функциялары
Психологияның зерттеу әдістері мен негізгі қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz