Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң: баптық түсініктеме


Slide 1

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Тарих факультеті

Тақырып:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»

ҚР конституциялық заңын баптарына түсінік беру.

Қабылдаған: Бегимбаева Ж. С

Орындаған:Жақып Нұрдәулет Тарих101

Slide 2

Жоспар

ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ

ХАЛҚЫ

МЕМЛЕКЕТТIК ӨКІМЕТ ОРГАНДАРЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚОРҒАУ

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және хұқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленедi, өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргiзедi

Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық хұқ принциптерi бойынша құрады

Өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн басқа мемлекеттер тануы үшiн Қазақстан Республикасы ашық.

Қазақстан Республикасының бүкiл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық хұқ нормалары қолданылады.

Slide 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ

Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның бiртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендiктiң бiрден бiр иесi және мемлекеттік биліктің қайнар көзi болып табылады,

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негiзiнде тiкелей де, сондайақ өзі сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкімет билiгiн жүзеге асырады.

Slide 5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ӨКІМЕТ ОРГАНДАРЫ

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк өкiмет билігі бұл биліктiң заңдық, атқарушы және сот билiгi болып бөлiнуi принципін басшылыққа ала отырып құрылады және жүзеге асырылады.

Республика халқы атынан сөйлеу хұқы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен Президентiне берiледi.

Slide 6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңiстiгi, өсiмдіктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми-техникалық потенциал

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң негiзiн құрай отырып, тек қана соның меншiгiнде болады.

Қазақстан Республикасының тәуелсiз мемлекет мәртебесіне сай келетiн және меншiктiң алуан түрлiлiгiне, барлық формаларының теңдiгiне негiзделетiн дербес экономикалық жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк ұлттық банкiсi бар, ол өзiнiң қаржы-кредит, ақша жүйелерiн жасауға қақылы, республикалық салық және кеден жүйесiн ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасы өзiнiң алтын қорын, алмас және валюта қорларын қалыптастырады.

Slide 7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕСІ

Қазақстан Республикасы халықаралық хұқтың субъектiсi болып табылады, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық хауiпсiздік жүйесіне кiруiне және олардың қызметiне қатысуына болады.

Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызмет мәселелерiн дербес шешедi.

Slide 8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚОРҒАУ

Қазақстан Республикасы өзiнiң тәуелсiздігін қорғау және ұлттық мемлекеттiгiн нығайту жөнiнде шаралар қолданады.

Республиканың ажырағысыз хұқы болып табылатын мәселелердi шешуге араласудың қандайы болса да оның мемлекеттік тәуелсiздiгiне қол сұғушылық деп бағаланады.

Slide 9

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік символдары - елтаңбасы, жалауы, әнұраны бар.

Қазақстан Республикасының астанасы - Алматы қаласы.

Осы Заң Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациямен бірге Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актілерінің нормалары аталған Заңға қайшы келмейтін болса ғана қолданылады.

Slide 10

Қолданылған әдебиеттер

Н. Шаяхметов-Қазақстан тарих

Абдоллаев Н. А. Қазақстанның қазіргі заман тарихы.

Тулентаева К. А. Қазақстан тарихы


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңының баптарына түсініктеме
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңының тарихи-құқықтық алғышарттары
1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы: маңызы мен негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасының волонтерлік қызметі туралы Заң: құқықтық негіздер мен мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздері және ұлттық символикасы
Балалардың құқықтары мен міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясы және Бала құқықтары туралы заң
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру туралы заң жобасының негіздемесі және негізгі түзетулер
Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық негіздері: адам құқықтары, азаматтық және мемлекеттік басқару
Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері және қолданылу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz