Өндірістік физикалық факторлар және еңбек гигиенасы: өндірістік шудың әсері, бағалау және алдын-алу шаралары


Slide 1

Өндірістік физикалық факторлар еңбек гигиенасы және оларды бағалау. Өндірістік шу, олардың ағзаға әсері және алдын-алу шаралары. Өндірістік шудың сипаттамасы. Негізгі зиянды өндіріс көздері және жұмыс түрлері. Өндірістік физикалық факторлар еңбек гигиенасы және оларды бағалау. Өндірістік шу, олардың ағзаға әсері және алдын-алу шаралары. Өндірістік шудың сипаттамасы. Негізгі зиянды өндіріс көздері және жұмыс түрлері.

Ахмет Мейрамкул

ТФП 21-014-2К

Slide 2

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 185 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11084 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Slide 3

Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена - еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Е. г-ның Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) санитарлық-гигиеналық ф-тінің ашылуымен байланысты (1942) . Бұл саладағы жүйелі ғыл. зерттеулер Қазақстан ұА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946) . 1950 жылдары а. ш-ндағы Е. г. мәселесімен Қазақ эпидемиол., микробиол. және жұқпалы аурулар ғыл. -зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл. -зерт. орт. ) айналысты. Е. г-ның негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физ., хим., биол. (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т. б. ) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-тех. (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т. б. ) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т. б. Е. г. физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты. Е. г-ның тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуын санитарлық-эпидемиол. стансалар қадағалап отырады.

Slide 4

Инфрадыбыстың биологиялық әсері

Қазіргі кезде инфрады-быстың ағзаға әсерінің патогенетикалық үлгісі анықталған. Оның ішінен кейбір буындарды бөліп алуға болады. Бұл үрдістің негізгі патогенетикалық буыны, мый сұйығы (ликвор) гемодинамикалық және микроциркуляторлы бұзылыстарға байланысты, церебралды гипертен-зияның әсерінен тіндік гипоксияның дамуы болып табылады. Гипоксияның әмбебапты салдарларына, мембраналардың бей берекеттігі (дезор-ганизация) жатады, ол ферменттердің жасушадан және жасуша аралық құрылымдардан, тіндік сұйықтықтарға және қанға шығуына алып келеді. Бұл өз кезегінде, тіндердің екіншілік гипоксиялық ауысып тұруын (альтерациясын) туындатады.

Slide 5

0. Шудың ағзаға тигізетін әсері

Қарқынды шу әсері есту анализаторында ағзаның арнайы реакциясын құрайтын өзгерістерді тудырады. Есту жүйесінің бейімделу үрдісі уақытша жылжумен сипатталады (есту сезімталдылығы табалдырығының жоғарылауы) . Ұзақ уақыт акустикалық әсер ету кезінде, алдымен баяу бастапқы деңгейіне қайта оралатын (есту зорығуы), содан кейін кезекті шулы әсер етудің басталуына дейін сақталынатын (есту табалдырығының тұрақты жылжуы), есту табалдырықтарының жоғарылауы қалыптасады. Шудың адам ағзасына әсерінің көріністері арнайы (есту анализаторында болатын өзгерістер) және арнайы емес (басқа жүйелер мен ағзаларда болатын өзгерістер) болып бөлінеді.

Slide 6

.

Шудың Алдын алу шаралары

Шумен күресу шаралары техникалық, сәулеттік- жоспарлау, ұйымдастырушылық, медициналық шаралардан тұрады. Шумен күресуге арналған техникалық құралдар үш бағыы: шудың пайда болу себебін жою немесе оның шығуын төмендету, шуды таралу жолында азайту және шудың әсеріне ұшырайтын жұмысшыны немесе жұмысшылар тобын тікелей қорғау негізделген. Шумен күресу шарасының жүйесі өкімет қаулысына, санитарлық қалыпқа, ЕҚСЖ материалдарына және басқа дерективті құжаттарға сәйкес жүреді.


Ұқсас жұмыстар
Өндірістік зиянды факторлар: жіктелуі, әсері және кәсіптік аурулардың алдын алу шаралары
Өндірістік акустикалық және вибрациялық факторлар (шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс): әсері, гигиеналық нормалау және алдын алу шаралары
Өндірістік токсикология және еңбек гигиенасының негіздері: өнеркәсіптік улардың классификациясы, токсикологиялық бағалау және алдын алу шаралары
Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария: қауіпті факторлар, микроклимат және жобалау талаптары
Өндірістік шудың адам ағзасына әсері және қорғану шаралары
Шуды зерттеу: сипаттамасы, адам ағзасына әсері және өндірістік гигиеналық алдын алу шаралары
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар: түрлері, әсері және еңбек қауіпсіздігі
Еңбек гигиенасы: қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі, еңбек жағдайын ұйымдастыру және санитарлық қадағалау
Қалалық және өндірістік шудың адам ағзасына әсері және денсаулыққа ықпалы
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар: түрлері, әсерлері және алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz