Еңбек ресурстары мен еңбек нарығы: құрылымы, пайдалану көрсеткіштері және жұмысбастылық


Slide 1

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ

Орындаған:Қадырханова Ұлболсын

Тексерген: Таскараева М

Slide 2

Қоғамдық байлықтың негізгі кілті және адамзаттың материалдық игіліктер мен рухани байлықтарын қалыптастырудың басты факторы еңбек болып табылады.

Slide 3

ІШКІ

Ішкі нарық кәсіпорын ішіндегі кадрлар қозғалысына негізделеді.

СЫРТҚЫ

Сыртқы еңбек нарығы өндірістің циклдық дамуына байланысты

Еңбек нарығының 2 типі бар

Slide 4

Аграрлық өндірістегі еңбектің ерекшеліктері

Еңбектің тиімділігі табиғи-климаттық жағдайға және жер ресурстарының сапасына тәуелді;

Еңбекті пайдалануға өндірістің маусымдылық сипаты ықпал етеді;

Ауыл шаруашылығында адамның біршене еңбек функцияларының атқаруы;

Ауылшаруашылығындағы еңбек тірі организмдерді (малдар, өсімдіктер) пайдаланумен байланысты;

Еңбек процестерін механизациялаудың салыстырмалы түрде деңгейінің төмен болуы;

Eңбек адамдарды көп тартпайды (ауа-райы жағдайы, жауын-шашын, шаң-тозаң, күн радиациясы)

Slide 5

Қолданылатын заңдарға сәйкес елімізде, республикада, шаруашылықта бар жұмыс күшінің саны және қоры олардың практикалық қызметінде еңбек ресурстары деген терминмен аталады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар: ер адамдар 16-дан 63 жасқа дейін, әйел адамдар 16-дан 58 жасқа дейінгілер жатады.

Slide 6

еңбек нәтижесі

еңбек заты

Жеке еңбек

еңбек құралдары

Еңбек үрдісі келесілерді қамтиды

Slide 7

-жалдамалы жұмысшылар

-тұрақты жұмысшылар

- маусымдық жұмысшылар

- объективті себептермен уақытша жұмыс істемейтін маусымдық және кездейсоқ жұмысшылар

- толық емес жұмыс күні режимінде оқумен бірге жұмыс істейтін оқушылар, студенттер.

- өндірісте кәсіптік дайындықтан өтіп жатқан және еңбек ақы немесе стипендия алатын оқушылар немесе адамдар

Экономикалық белсенді халық категориясына мыналар жатады:

Slide 8

Еңбек нарығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар:

- экономикалық белсенді халық саны.

-халық саны мен жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі.

- шаруашылықтың мамандануы мен кешенділігі.

- кәсіпорындардың материалдық-техникалық ресурстармен, шикізатпен қамтамасыз етілуі.

- өндірістік деңгейі, динамикасы және тиімділігі.

- кәсіпорын және ұйымдардың инвестициялық белсенділігі.

- аймақтың тартымдылығы және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы.

Slide 9

Жұмысбастылық экономикалық категория ретінде жұмысқа жарамды халықтың қоғамдық өнім өндіру қызметін білдіреді. Жұмысбастылықтың толықтылығы экономикалық белсенді халыққа қатысты ескеріледі. Жұмыс қамтылу сандық аспектісі 2 формада көрінеді:толық және толық емес.

Slide 10

Экономикалық белсенді халыққа категориясына келесілер жатады:

- жалдамалы жұмыстағы тұлғалар (жұмыскерлер мен қызметкерлер) ;

- тұрақты жұмыскерлер, төлеммен қамтамасыз етілмеген жанұя мүшелері;

- маусымдақ және кездейсоқ жұмыскерлер, объективті себептерге байланысты уақытша жұмыссыздар;

- оқуды жұмыспен үлестіріп, жартылай күн режимінде жұмыс істеп жүрген оқушылар;

- өндірісте кәсіби дайындық өтіп жатқан және жалақы алатын оқушылар мен басқа да тұлғалар жатады.

- көмекші салада істейтіндер және келісім бойынша өнімді өндірушілер;

- азаматтық-құқықтық келісім бойынша жұмыс жасайтындар және өндірістік кооператив мүшелері.

Slide 11

Жұмыссыздар - бұл жұмысқа қабілетті, бірақ жұмыспен қамтылмаған, табыс таппайтын, еңбекпен қамтылу қызметінде өздеріне сәйкесті жұмыс істеу үшін тіркелген және соған кірісуге дайын азаматтар. Осыған байланысты, жұмыссыздықтың бірнеше түрлері бар: фрикциондық, құрылымдық және циклдық.

Slide 12

Фрикциондық - мұнда жұмыссыздар жұмыс іздейді немесе жақын болашақта оның алуын күтетін жұмыссыздық түрі. Көптеген жұмыскерлер төмен жалақылы, аз өнімділікті жұмыстан жалақысы, өнімділігі жоғары жұмысқа ерікті өтеді. Осылайша, жұмыс орындарының мөлшері мен жұмыскерлер санының сәйкестігінсіз, еңбек нарығы қалыптасып, қызмет етеді.

Құрылымдық жұмыссыздық кезінде жұмыссыздар тиісті қайта даярланбай, қосымша оқытылмай, кейде тұрғылықты жерін ауыстырмай, жұмысқа тұра алмайды. Егер фрикциондық жұмыссыздық қысқа мерзімді сипат алатын болса, құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді сипатқа ие.

Циклдық жұмыссыздық деп - өндірістің құлдырауымен болған жұмыссыздық түрін айтамыз. Соның ішінде, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныс азаяды, жұмысбастылық қысқарып, жұмыссыздық деңгейі өседі. Бұл жұмыссыздық түрі сұраныстың тапшылығына байланысты болады.

Slide 13

Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері:

1. Еңбек ресурстар пайдалану деңгейі.

Ку =Тф /Тн

Ку -Қоғамдық өндірісте еңбек ресурстарының қатысу коэффициенті;

Тф -Өндірісте қатысатын еңбек ресурстары, адам

Тн - еңбек ресурстарының саны, адам

2. Жыл бойы жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті

Кг=Рф /Рв

Рф -нақты өтелген жұмыс уақыты, сағ.

Рв -жұмыс уақытының мүмкін жылдық қоры, сағ.

3. Жұмыс күні уақытын пайдалану коэффициенті

Кд =Вф /Вр

Вф-1күнде нақты орындалған, сағ.

Вр- күнде қойылған жұмыс уақыты, сағ.

2. Жыл бойы жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті

Кг=Рф /Рв

Рф -нақты өтелген жұмыс уақыты, сағ.

Рв -жұмыс уақытының мүмкін жылдық қоры, сағ.

4. Еңбек ресурстарының маусымдылығын пайдалану коэффициенті

Кс =Зм/Зср

Зм-1айдағы max немесе min жұмыс істейтін жұмысшылар уақыты

З ср-орташа айлық жұмыспен қамту, сағ.

Slide 14

- қосалқы өнеркәсіптік өндірісті дамыту;

- өндіріс құрылымын жетілдіру және оны ғылыми-техникалық жаңарту;

- еңбекті пайдаланудың аймақтық және салалық жағдайларының есебі;

- жұмысшыларды экономикалық ынталандыруды жетілдіру;

- кәсіпкерлік қызметті дамыту;

-жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту;

Еңбек ресурстарын пайдалануды жоғарлату жолдары:

Slide 15

Назарларыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Еңбек нарығының әлеуметтануы: жұмысбастылық пен жұмыссыздық
Еңбек жүйесі: еңбек нарығы, еңбек тәртібі және еңбек демалысы
Еңбек нарығы мен еңбек ақы: теориялары, құрылымы және төлем жүйелері
Еңбек нарығы: құрылымы, элементтері, жұмыспен қамту және жұмыссыздық түрлері
Еңбек және оның экономикалық мәні: еңбек нарығы, ұйымдастыру және еңбекақы
Қазақстандағы еңбек нарығы мен жұмыссыздық: құрылымы, себептері және мемлекеттік реттеу
Халық пен еңбек статистикасы: құрам, жұмысбастылық, қозғалыс және болжау әдістері
Қазақстандағы еңбек нарығы: құрылымы, жалақының қалыптасуы және жұмыссыздық мәселелері
Еңбек нарығы: құрылымы, функциялары және сұраныс пен ұсыныс механизмі
Дүние жүзі халқының жас-жыныстық құрылымы және еңбек ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz