Азаматтық қорғаудың басқару органдары
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы:Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары және міндеттері.Қазақстан
Республикасында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі қызметінің
ұйымдастырылуы мен тәртібі.
ОрындағанАбдрасилова Аяулым
Тексерген:Қожахан Айгуль Кәріпжанқызы
.
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекттік қорғаныс шаралары жүйесінің
құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау
шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше
жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер
сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау
шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б.
азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай
шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы
қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі
қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері
үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс
КІРІСПЕ кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі
ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс
орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын
шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған
шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар
жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады
т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-
өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей
басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар.
Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және
азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының
азаматтық қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының
азаматтық қорғау туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан
және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.
2. Еңбекті қорғау, экологиялық
қауіпсіздік, ғарыш кеңістігін пайдалану,
химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-
дәрілерді пайдалану және кәдеге жарату
кезіндегі қауіпсіздік, автомобиль
жолдарымен және теміржолдармен жүру
қауіпсіздігі, ішкі су көлігі жүрісінің
қауіпсіздігі, энергетика объектілерінің
қауіпсіздігі, әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігі,
су шаруашылығы жүйелері мен
құрылыстарының қауіпсіздігі, сондай-ақ
әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар
саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан
Республикасының арнайы заңнамасымен
жүзеге асырылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шартта
осы Заңда қамтылғаннан өзгеше
қағидалар белгіленсе, онда халықаралық
шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары
1. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
1) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және
оларды жою;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде бейбіт уақытта және соғыс
уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін
жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау;
3) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және ұдайы
әзірлікте ұстап тұру;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың
мамандарын даярлау және халықты оқыту;
5) қорғаныш құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдар
ының запастарын және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкін жинақтау
және әзірлікте ұстап тұру;
6) төтенше жағдай туындау қатері туралы болжам болған кезде күні
бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел халыққа,
азаматтық қорғаудың басқару органдарына хабар беру және құлақтандыру;
3-бап. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары
1. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
7) азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су
жинау орындарын), тағамдық шикізатты, жемді, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік,
химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зарарланудан, эпизоотиядан және эпифитотиядан
қорғау;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
9) құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру, дамыту және ұдайы әзірлікте ұстап тұру;
10) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қауіпті факторларының әсер етуін азайту немесе
оларды жою жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу, оны әзірлеу және іске асыру;
11) мемлекеттік резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету болып
табылады.
2. Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары:
1) аумақтық-салалық қағидат бойынша азаматтық
қорғау жүйесін ұйымдастыру;
2) төтенше жағдайлардан азаматтар мен қоғамға төнген
қатерді және нұқсанды барынша азайту;
3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының
төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, азаматтық
қорғанысқа және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек
күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі;
4) жариялылық және халық пен ұйымдарға болжанып
отырған және туындаған төтенше жағдайлар, олардың
салдарларын жоюды қоса алғанда, олардың алдын алу және
жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабар беру;
5) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек
күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі ақталған
тәуекел және қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі
1. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық және салалық кіші жүйелерден
тұрады.
Аумақтық кіші жүйелер облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде өздерінің аумақтары
шегінде төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою,
азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін құрылады және осы аумақтардың әкімшілік-
аумақтық бөлінуіне сәйкес келетін буындарынан тұрады.
Салалық кіші жүйелерді орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау
іс-шараларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрады.
2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің үш деңгейі бар:
республикалық
аумақтық объектілік
Объектілік деңгейді қоспағанда, әрбір деңгейге:
• азаматтық қорғаудың басқару органдары;
• басқару пункттері, жедел-кезекшілік қызметтер;
• консультациялық-кеңесші органдар – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою
жөніндегі комиссиялар;
• азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары;
• байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері кіреді.
3. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік
жүйесіне басшылықты:
1) республикалық деңгейде – Қазақстан
Республикасының Үкіметі;
2) аумақтық деңгейде – тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктердің әкімдері;
3) объектілік деңгейде – ұйымдардың
басшылары;
4) салалық кіші жүйелерде – орталық
атқарушы органдардың басшылары жүзеге
асырады.
4. Азаматтық қорғаудың басқару органдары:
1) республикалық деңгейде:
уәкілетті орган;
салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органдары;
2) аумақтық деңгейде:
жергілікті атқарушы органдар;
уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;
салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органдарының аумақтық бөлімшелері;
3) объектілік деңгейде – ұйым басшылары болып табылады.
Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) 1931 жылы құрылған. Аталмыш ұйым
көптеген жылдар бойы төтенше жағдай кезінде медициналық көмек көрсету жүйесін
құру, білікті мамандар дайындау мен халықтың азаматтық қорғанысы саласында
әлемдік елдердің күшін біріктіру саясатын жүргізіп келеді. Халықаралық Азаматтық
қорғаныс ұйымы өз ресми атауын 1958 жылы алды. 1975 жылы осы ұйымның Жарғысы
Біріккен Ұлттар ұйымының хатшылығында тіркелді Қазіргі таңда ХАҚҰ Европа, Азия мен
Африканың 70-ке жуық елін біріктіріп отыр. Төтенше жағдай саласында Қазақстан екі
бірдей халықаралық ұйымының толыққанды мүшесі. Олар: Халықаралық Азаматтық
қорғаныс ұйымы мен Нәубеттердің алдын алу жөніндегі Азия орталығы.
1997 жылдың 31қазанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының
Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына кіру туралы» Заңы
ҚОРЫТЫНДЫ
қабылданып, күшіне енді. Қазақстанның ХАҚҰ құрамына кіруі халықаралық төтенше
жағдайлар құрылымдарында, сондай-ақ Орталық Азиялық аймақтағы елдердің
қорғаныс жүйесінде өз орнын алуға мүмкіндік берді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
қол қойылған ТЖ саласындағы халықаралық келісім шарттардың негізінде әртүрлі
елдер мен халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізді.
Қазіргі кезде қоршаған ортада түрлі өзгерістер мен толқулар сыр беріп жүр. Атап
айтсақ, климаттың күрт өзгеруінен, табиғи және шикізат ресурстарын шектен тыс
пайдаланудың салдарынан болатын түрлі апаттар, жаңадан шыққан түрлі жұқпалы
аурулардың таралуы (құс, шошқа тұмауы, т.б)- осының барлығының қоршаған ортаға
тигізер әсері орасан зор. Адам, табиғи және материалдық ресурстардың қауіпсіздігі
мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болғандықтан сақтандыру жүйесі күшейтіліп,
төтенше жағдайларға ықпал ету қолға алынуда.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Өмір – тіршілік қәуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004.
2. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары. ҚР төтенше жағдайлар
жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 168 б.
3. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,
5.07.1996.
4. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құалы. ҚР
төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 240 б.
5. Кукин П.П. Безопасность жизнедеятельности.-М.: Высшая школа, 2003 -439с.
6. Аманжолов Ж.К., Балабас Л.Х. Безопасность жизнедеятельности.- Астана : Фолиант, 2009 -125с.
7. www.adilet.zan.kz
НАЗАРЛАРЫНЫЗ
ҒА РАХМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz