ТРАНСКРИПЦИЯ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ТРАНСКРИПЦИЯ КЕЗЕҢДЕРІ
Презентация қосу
ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ АҚПАРАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ.
ТРАНСКРИПЦИЯ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ТРАНСКРИПЦИЯ
КЕЗЕҢДЕРІ. ГЕНЕТИКАЛЫҚ КОД. ТРАНСЛЯЦИЯ
КЕЗЕҢДЕРІ
Орындаған: Аманова Айым
Курс: 1 курс
Мамандығы: Жалпы Медицина
Тобы: 104А
Тексерген: Жанатбекова Б.
• ДНҚ транскрипция
процесі және кезеңдері.
Тақырыпты • Генетикалық код.
Трансляция процесін
ң мақсаты зерттеу.
• Генетикалық
кодтың адам
Тақырыпты өміріндегі маңызы.
• Зерттеулердің
ң өзектілігі нәтижесін таныту.
ТРАНСКРИПЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
• Транскрипция дегеніміз- ДНҚ молекуласындағы
генетикалық ақпараттың РНҚ молекуласына көшіріліп
жазылуы, яғни РНҚ синтезделуі болып табылады.
• Егер ДНҚ репликациясы жасушаның бөлінуіне байланысты
болатын болса, яғни тек бөлінуші жасушаларда байқалатын
болса, транскрипция үдерісі барлық ядролы жасушаларда,
бөлінетін және бөлінбейтін, байқала береді.Бөлінетін
жасушаларда ол митоздық циклдың кез-келген уақытында
жүреді және ДНҚ молекуласының бір учаскесінің
транскрипциялануы көптеген рет қайталанып жүруі мүмкін.
• Транскрипция немесе РНҚ синтезі үшін құрылыс
материалдары болып рибонуклеозидтрифосфаттар (рАТФ,
рГТФ, рЦТФ, рУТФ) саналады.
• РНҚ тізбегінің синтезделуі 5' ұшынан 3' ұшына қарай жүреді (5'-3').
• РНҚ синтезі промоторлық учаскеден басталып терминаторлық учаскемен аяқталады.РНҚ
синтезі жүруі үшін ДНҚ молекуласының кем дегенде 2 өрімінде ДНҚ жіпшелері бір-
бірімен ажырасулары қажет. Ширатылған күйінде транскрипция жүрмейді.
• РНҚ синтезі асиметриялық құбылыс, яғни бір-бірінен ажырасқан ДНҚ жіпшелерінің тек
біреуі ғана РНҚ синтезі үшін матрица қызметін атқара алады.
• РНҚ синтезі консервативтік құбылыс, яғни транскрипция аяқталғаннан кейін ДНҚ
молекуласы ширатылып, бастапқы күйіне келеді.
• РНҚ синтезін РНҚ-полимераза ферменті өз бетінше жүргізеді. Яғни ешқандай
ұйытқының қажеті жоқ.
Транскрипция процесі 3 этаптан
тұрады:
Инициация
Элонгация
Терминация
ТРАНСКРИПЦИЯ ТЕТІКТЕРІ( МЕХАНИЗМДЕРІ)
• Транкрипцияның ең алғашқы және маңызды кезеңі оның инициациясы: РНҚ-
полимеразаның промотормен байланысуы және алғашқы нуклеотидтераралық
(фосфодиэфирлік) байланыстың түзілуі.
• Бактерияда РНҚ полимераза промотор құрамындағы белгілі бір нуклеотидтер
жұптарының бірізділігін тікелей таниды: Прибнов боксын. Бактерияның РНҚ
полимераза ферментінің кофферменті 3 түрлі субьединицадан -α, -β, -β', құрылған
тетрамер болып табылады. Ол өздігінен протомермен байланыса алмайды, ал оған
ерекше ақуыз б (сигма) фактор жалғанса онда б-фактордың қатысуымен РНҚ-
полимераза ферменті промотордың Прибиов боксын танып, онымен байланысады да
транскрипцияны бастайды.
• Иницияциядан кейінгі кезең элонгация: синтезделуші пре-РНҚ тізбегінің жайлап
ұзаруы терминациялық учаскеге дейін жалғасады. РНҚ синтезінде 1 секундта шамамен
30 нуклеотид жалғанады.
• Жалпы алғанда транскрипция қателіксіз жүреді, себебі ол матрицалық,
комплиментарлық принциптерге негізделеді, бірақ кейде 2х10 нуклеотидтен біреуі қате
жұптасуы мүмкін. Бұл қателіктер мутацияға алып келеді, сондықтан олар дер кезінде
эндонуклеазалар арқылы жөнделіп отырады.
• Транскрипцияның соңғы кезеңі терминация немесе транскрипцияның аяқталуы.
Терминацияға сигнал болып геннің аяқ жағында орналасқан ГЦ-ға бай учаскелері
саналады. ГЦ байланысы мықты, берік болғандықтан оның денатурациялануы қиын
болады. Бұл РНҚ полимераза ферментінің жылжуын баяулатады және транскрипцияны
аяқтайды.
• Транскрипция аяқталған соң прокариоттар мен эукариоттарда биохимиялық
реакциялардың бір қатар тізбегі жүреді. Ол реакциялар РНҚ бастамаларының пісіп
жетілуін қамтамасыз етеді. Мысалы,
• про-тРНҚ про-р РНҚ Про-а РНҚ
• т-РНҚ, р-РНҚ,
• а-РНҚ айналуы.
• а-РНҚ пісіп жетілуін қамтамасыз ететін реакциялар жиынтығын процессинг деп атайды.
• Гендер транскрипциясы нәтижесiнде экзондар мен интрондардан тұратын эукариоттар,
геннiң толық көшiрмесi про - аРНҚ пайда болады.
• Ол ақуыз синтезiне қалып бола алмайды.
• Про - а РНҚ-ның пiсiп жетiлу процесi (процессинг) жүредi, бұл кезде РНҚ
модификацияланады, интрондар кесiлiп алынып, экзондар қосылып тiгiледi (сплайсинг).
• Процессинг нәтижесiнде тек ақпараты бар бөлiктерден тұратын пісіп жетiлген а -РНҚ
пайда болады, кейiн ол цитоплазмаға өтiп, трансляцияға қатысады.
• Процессинг а РНҚ-ның пісіп жетілуі
• Процессингте а РНҚ молекуласында келесі өзгерістер жүреді:
1. метилдену және кэп-процесі;
2. полиаденилдену;
3. сплайсинг.
• Про-а РНҚ-ға 5 -ұшынан
̳ 7– метилгуанилді нуклеотид жалғасады – «қалпақша»
компанентті немесе «кэп».
• Кэп-процесі гуанилтрансфераза мен метилтрансфераза ферменттері арқылы іс жүзіне
асырылады. КЭП- процесі аРНҚ-ны тұрақтандыру және трансляцияны реттеу үшін
қажет.
• РНҚ синтезделіп болған соң 3'–ұшынан
• поли (А)-полимераза фрагментінің көмегімен полиаденил қышқылы жалғасады. Осы
процесс полиаденилдену деп аталады.
ГЕНЕТИКАЛЫҚ КОД. ТРАНСЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІ
• Генетикалық код- дегеніміз тұқым
қуалаушылық ақпараттың, яғни 20
аминқышқылдар туралы ақпаратын, ДНҚ
молекуласындағы 4 нуклеотидтер арқылы
қысқаша жазылу, сақталу және жүзегі асу
жүйесі болыптабылады.
• АРНҚ молекуласындағы нуклеотидтер
бірізділігінде жазылған ақпараттың
коллинеарлы полипептид молекуласының
аминқышқылдар ретіне берілуін трансляция
немесе ақуыз биосинтезі деп атаймыз.
• Трансляция кезеңдері
1. Инициация-басталуы
2. Элонгация-ұзаруы
3. Терминация- аяқталуы (стопкадондар)
ҚОРЫТЫНДЫ
• ДНҚ транскрипциясы мен РНҚ трансляциясы қате жібермейтін нақты механизм болып
табылады. Олардың қателесуі мутацияға алып келеді. ДНҚ транскрипциясы РНҚ
синтезіне жауап берсе, РНҚ трансляциясы нәруыз биосинтезін іске асырады. Бұл өз
кезегінде адам ағзасындағы қажетті процестерді атқарып, көптеген механикалық
жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
• Сәтбай Әбилаев оқулық Молекулалық Биология және Генетика 2010 жыл
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz