Стоматологиядағы термопластикалық қалыптық материалдар: қасиеттері, талаптары және түрлері


Slide 1

Термопластикалық қалыптық материалдар

Дайындаған: Сабиров А

Тобы:СТКА-01-21

Қабылдаған: Диханбаева Х. Т.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Термопластикалық заттар

2. Термомассаларға қойылатын талаптар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3 Slide 4

Термопластикалық материалдар тобына әр түрлі көп компонентті заттар жатады . Бұл материалдарға тән ерекшеліктер - қыздырғанда жұмсарып, суытқанда қатаюы . Бүл көп компонентті жүйелер, табиғи немесе синтетикалық шайырлардың негізіндегі толтырғыштар, пластификаторлар, бояғыш заттар, модификациялық қоспалар қосылып алына ды . Термопластикалық массалар қайтымды және қайтымсыз болып екіге бөлінеді . Қайтымсыз термопластикалық масса лар бірнеше рет қыздырғаннан кейін иімділігін жоғалтып, қайтадан қолдануға жарамсыз болып қалады . Бұл топтың өкілі ретінде « Стенсті » айтуға болады .

Slide 5

Материалдың құрамы

Полисульфидті каучук 75, 0

Екі тотықты титан 19, 5

Сірке қышқылының изоамил эфирі 0, 5

Мырыш тотығы 38, 0

Барий асқын тотығы 11, 4

Тазартылған су 11, 4

Дифенилгуанидан 3, 3

Калий бихроматы 13, 8

Полиэтиленоксид 22, 1

Ақ сықпа

Түсті сықпа

Slide 6

Термопластикалық заттар ретінде парафин, стеарин, гут таперча, балара балауызы, цезерин және де басқа материал дар қолданылады . Синтетикалық немесе табиғи шайырларды ( копал, шеллак, қарағай шайыры немесе қарағай шайыры ның глицерин эфирі ) қосып, массалардың қатқаннан кейінгі қаттылығын арттыруға болады . Әр түрлі қоспалар қосып, жұмсару температурасы 30-70 ° С аралығындағы термопласти калы зат алынады

Шайырдан және балауыздан басқа термопластикалық массалардың құрамына, химиялық инертті заттар, толтыр ғыштар қосылады . Олар массаларға керекті құрылым беріп, жабысқақтығын, қалыбының өзгергіштігін төмендетеді, қатаю қысқартады

Slide 7

Термомассаларға қойылатын талаптар

1. Ауыз қуысындағы тіндерді күйдірмейтіндей температурада жұмсаруы .

2. Жабысқақ болмауы .

3. Ауыз қуысының температурасынан сәл төмен темпера турада қатаюы . 4. Жұмсарған жағдайда біркелкі масса болуы .

5. Аспаптармен жеңіл өңделуі .

Slide 8

Стенс-02

" Стенс - 02 " дөңгелек қызыл түсті пластина ретінде шыға рылады.

Материал 45 ° С - 55 ° С температура аралығында жұмсарып, 35 ° С - 37 ° С температура аралығында қатаяды . Тіс салу тәжірибесінде алдын - ала алынатын қалыптар, арнайы қасықтар жасау және т. б. жұмыстар үшін қолданылады . - Материал қайтып қолдануға жарамсыз деп есептеледі .

Slide 9

Акродент - 02

" Акродент - 02 " 55-65 ° С температура аралығында жұмсарып, 36 ° С температурада қатайып, иілгіштігін жоғалтады . Бұл материалмен алынған қалып пішінін өзгертпестен көп уақыт сақталады . " Акродент - 02 " стоматология тәжірибесінде қалып алу, арнайы қасықтар, қатты тістесу білігін дайын дау және тағы басқа тіс техникалық жұмыстар үшін қолда нылады . Қалыпты құйылған модельден ажырату үшін ыстық суға салады . " Акродент - 02 " -ні тістердің конвергенциясы және дивергенциясы кезінде қолдануға болмайды . " №1 Термомасса " " қалыптық термопластикалық масса " деген атпен дөңгелек, қою қызыл пластина ретінде шығарылады . Бұл ең көп тараған қалыптық материал .

Slide 10

Термомасса - 02

№2 Термомасса " - дөңгелек, қою қызыл түсті пластина ретінде шығарылады . Масса 70-80 ° С аралығында жұмсарып, ауыз қуысында 2-3 минуттай ұстағаннан кейін қатаяды . Ауыз қуысында қисайған тістер болса, онда масса толық қатаймай тұрып шығару керек . Масса қолданылғаннан соң, оны тазартып ( стерилизация ) қайтадан қолдануға болады . Ол үшін массаны ыдысқа салып, 100-120 ° С қыздырылған сұйыққа батырады . " Термомасса - 02 " - дөңгелек жасыл түсті пластина түрінде шығарылып, функционалдық қалыптар алуға және дұрыс орнықпай тұрған толық протездердің негіздерін қайтып жасау үшін қолданылады . Жұмсару температурасы 55-60 ° С .

Slide 11

Стомапласт-2

Стомапласт-2- жасыл түсті масса, құрамына қарағай шайыры мен майсана майының глицерин эфирі, парафин, бояғыш және жұпар иісті заттар кіреді . Төменгі температурада жоғары иілгіштік көрсетіп ( 37-42с ) , қалып алатын жерге ешқандай қысым түсірмейді және керек болған жағдайда қайтадан түзету үшін жаңа бөлігін салуға болады . Бұл материал, негізінен, функционалдық қалып алу үшін қолданылады . Ауыз қуысынан шығарар алдында массаны суық сумен ( 18 - 20 ° С ) суытады . Гипстік мүсін алу үшін қалыпты тез арада гипспен құю қажет, ал мұндай мүмкіндік жоқ болса, онда қалыпты мұздай суда сақтаған жөн.

Slide 12

Дентофоль

Дентофоль - өсімдік тектес шайырлардан және полимерлерден тұратын термопластикалық қалыптық материал . Бұл материал да функционалдық қалып алу үшін қолданылады . Дентофоль екі түрлі масса ретінде шығарылады . Біріншісі таяқша тәрізді, ыстық суға салып қыздырғанда иілгіштік пайда болады . Олар арнайы қасықпен функционалдық қалып алған кезде қасықтың жиектерін қалыпқа келтіру үшін қол данылады . Екінші масса ыдысқа салынып, 55 - 60 ° С темпе ратурада қыздырылуға бейімделген . Арнайы жаққыш сүлгімен қасықтың бетіне жұқа етіп ауыз қуысына енгізеді . Ауыз қуысындағы температурада масса толық қатпайды, сондық тан қалыпты ауыздан шығарар кезде суық сумен салқын дату қажет . Стоманласт сияқты қалыпты ауыздан шығары сымен гипсті құйып мүсін алу қажет . Бұл қалыптық масса ны алынған модельден ажыратар алдында ыстық суға са лып, дентофольды балқытып алған жөн .

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер

Стомологиялық материлтану кітап

www. google. com

Slide 14

Назарланызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын қалыптық материалдар: түрлері, қасиеттері және қолданылуы
Қазіргі заманғы қалыптық-өлшем материалдар: түрлері, сипаттамалары және қолданылуы
Терапиялық стоматологиядағы пломбалау материалдарының түрлері мен қасиеттері
Жылытқыш, іштік және аралық материалдар: түрлері, қасиеттері және қолдану талаптары
Ортопедиялық стоматологиядағы құю технологиясы және қалыптауыш материалдар мен жабдықтар
Жылу өткізбейтін және акустикалық материалдар: қасиеттері, түрлері және қолданылуы
Аморфты материалдар: құрылымы, қасиеттері және алынуы
Гипс: құрамы, жаратылысы, қолданылуы және ортопедиялық стоматологиядағы түрлері
Электроизоляциялық материалдар: диэлектрлік қасиеттері, түрлері және оларға әсер ететін факторлар
Қалып-өлшем материалдарының қазіргі заманғы түрлері, қасиеттері және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz