КОНСТИТУЦИЯ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ
Презентация қосу
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ЗАҢЫ
Дайындаған: ӘГП кафедрасының
аға оқытушысы
Р.М. Сәдуақасова
«Конституция» термині «constitutio» – «орнатамын,
тағайындаймын» деген латын сөзінен туындаған. Ол біздің
дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Ежелгі Рим заңнамасында,
әдетте, мемлекет құрылымын бекітетін императордың әралуан
актілерін белгілей отырып, кездеседі.
Мемлекеттер мен ынтымақтас ұлттардың әлемдік
қауымдастығындағы егеменді мемлекеттік дамудың жаңа
дәуірін Қазақстанның алдында бүкілхалықтық талқылаудан
кейін ел парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының
1993 жылғы Конституциясы және халықаралық әрі ішкі саяси
өмір шындығына сәйкес Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Жаңа Конституциясы ашып берді.
Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының
еркін, елді «жоғары құндылықтары адам, оның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары болып табылатын
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде» нығайтуға ұмтылысын білдіреді.
Демократияның үздік идеяларын бойына жинақтап, адамды
оның құқықтарымен және бостандықтарымен жоғары қояды.
Адамның құқықтары мен бостандықтары әрқайсысына
туғаннан тиесілі, абсолюттік және ажыратылмайтын болып
танылады, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуын белгілейді (12 б. 2 т.).
1995 ж. ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипатын
білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша
топтастырылған 98 баптан тұрады:
1-бөлім. «Жалпы ережелер» мемлекеттік құрылыс
негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған.
2-бөлім. «Адам және азамат» жеке тұлғаның
құқықтық мәртебесінің негіздеріне арналған, бұл бөлімде
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары,
сондай-ақ азаматтық институтының негіздері
реттемеленеді.
3-бөлім. «Президент»
бөлімінде президенттік
басқару нысаны бекітіледі,
бапқа сәйкес, президент
биліктің бірде бір
тармағына жатпайды,
мемлекет басшысы, халық
пен Конституция бірлігінің
нышаны және кепілі болып
табылады және мемлекеттік
биліктің барлық
тармақтарының келісіммен
жұмыс істеуін қамтамасыз
етеді.
4-бөлім. «Парламент»
заң шығару
функцияларын жүзеге
асыратын Парламенттің
жоғары өкілетті орган
ретіндегі құқықтық
мәртебесін белгілейді,
Парламент қызметінің
ұйымдастыру-құқықтық
түрлерін және оның
депутаттарының
мәртебесін бекітеді.
5-бөлім. «Үкімет»
Республикадағы атқарушы
билікті жүзеге асыратын
Үкімет қызметінің
негіздеріне арналған,
Үкімет пен Премьер-
министрдің құзыретін
бекітеді.
6-бөлім.
«Конституциялық
Кеңес» Конституциялық
Кеңестің құқықтық
қағидасының негіздеріне
арналған, оның негізгі
функцияларының бірі
Конституция
нормаларына ресми
түсіндірме беру болып
табылады.
7-бөлім. «Соттар және
әділсот» сот жүйесіне
арналған, Конституциялық
Кеңеске нормативтік-
құқықтық актіні
конституциялық емес деп тану
үшін жүгіну мүмкіндігін
бекітеді. Бұл бөлімде
Конституция анықтау мен
алдын ала тергеуді сот пен
прокуратурадан бөледі.
8-бөлім. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару» 85-бапқа сәйкес жергілікті мемлекеттік
басқаруды жергілікті өкілетті және атқарушы органдар
жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкес Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару
мойындалады, оның міндеті –жергілікті маңызы бар
мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін
қамтамасыз ету.
Нұрмұхамбет Қанапияұлы
Әбдібеков (21 желтоқсан 1961,
Қостанай облысы, Арқалық,
Қазақ ССР) – қазақстандық
мемлекеттік және саяси
қайраткер, Қарағанды
облысының әкімі, техника
ғылымдарының кандидаты.
2014 жылдың 20 маусымынан
Қарағанды облысының 9-шы
әкімі.
Әубәкіров Нұрлан
Ерікбайұлы - Қарағанды
қаласының әкімі. 1975
жылы 29 желтоқсанда
Қарағанды қаласында
туған. Қарағанды
мемлекеттік университеті,
Д.А. Қонаев атындағы
гуманитарлық
университетін бітірген.
9-бөлім. «Қорытынды және ауыспалы
қағидалар» (90-98 баптар), жекелеген
конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін
жүзеге асырады.
Н.Ә. Назарбаев: «…кез келген елдегі конституциялық үдеріс
Конституцияны қабылдаумен тоқтамайды, әлеуметтік-экономикалық
және саяси үдерістерді заңгерлік көмкеру қоғамда болып жатқан
динамикаға сәйкес болып қана қоймай, сонымен бірге одан озып
кетуге тиіс» деп атап көрсетті [1, 88 б.].
Осыған байланысты 1998 және 2007 жылдарда Конституцияға
Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін қайта бөлген елеулі
өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 2011 жылы да енгізілді, бұл
өзгерістермен президентке президент сайлауларын мерзімінен
бұрын өткізу құқығы берілді. Қазақстандық қоғамды
демократияландыруды дамыту белгілерінің бірі ел Президентінің
бастамасымен туындаған селолық деңгейдегі әкімдерді сайлау
идеясы болып табылады және тәуелсіз Қазақстан тарихында
жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы алғашқы рет
2013 жылғы 5-9 тамызда табысты өткізілді [4].
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. - Алматы: Онер, 1996. -
285 с.
2. Назарбаев Н.А. День_Конституции_Республики Казахстан.
http: //ru.wikipedia.
3. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 г. с
изменениями и дополнениями от 21 мая 2007 г. - Алматы: Жеті
Жарғы, - 2007.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz