Фармакологиялық белсенді заттар
Презентация қосу
Фармакогнозия-ғылым және оқу пәні ретінде.
Фармакогнозияның дамуындағы негізгі
сатылары. Дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік
шикізаттарының номенклатурасы және жіктелуі.
Дәрілік өсімдіктің шикізаттық базасы. Дәрілік
өсімдік шикізатын дайындау үдерістерінің
негіздері. Фармакогностикалық талдау әдістері.
Дәріс жоспары:
1. Фармакогнозия – ғылым және оқу пәні ретінде
2. Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
3. Фармакологиялық белсенді заттар
4. Фармакогностикалық талдау әдістері
Фармакогнозия-ғылым және оқу пәні ретінде.
Фармакогнозия – дәрілік өсімдіктерді, өсімдік және
жануар тектес (кейбір топтары) дәрілік шикізаттарды, кейбір
өсімдіктер мен жануарлардан алынатын біріншілік қайта өңдеу
өнімдерін зерттейтін фармацевтикалық ғылымдардың бірі.
Фармакогнозия пәнінің міндеттері:
1. Дәрілік өсімдіктерді фармакологиялық белсенді заттар
алыну көзі ретінде қарастыру.
2. Дәрілік өсімдіктердің ресурстық тауарлық зерттеуі.
3. Дәрілік шикізатты нормалау мен стандарттау.
4. Дәрілік препараттар катологын күшті әсерлі дәрілік
өсімдіктермен толықтыру және жаңарту мақсатында өсімдік
тектес жаңа дәрілік заттарды іздеу.
“Фармакогнозия” атауы IX ғасырдың ортасында пайда болған
және “pharmakon” –дәрі(у) және “gnosis” – білім деген грек
сөзінен шыққан.
Дәрілік өсімдіктер (ДӨ) – құрамында биологиялық
белсенді заттары бар және дәрілік өсімдік шикізаттарын
дайындау үшін қолданылатын өсімдіктер.
Дәрілік өсімдік шикізаттары (ДӨШ) – стандарттар
талабына сәйкес келетін және кептірілген (кейде жас өсімдік)
кейде дәрілік заттар, өсімдік тектес дәрілік заттар
(фитопрепараттар), субстанциялар және дәрілік түрлер алу
үшін қолданылатын бүтін дәрілік өсімдіктер немесе олардың
бөліктері.
Өсімдік тектес дәрілік шикізатына кептірілген дәрілік
өсімдіктер мен олардың бөліктері, ағзалары мен олардан
бөлінген заттар жатады. Өсімдіктердің алғашқы өңдеу
өнімдеріне олардан алынған эфир, майлы майлар, смолалар,
шайырлар, сүттіген және басқалары жатады.
Фармакогнозия тарихында ұзақтығы жөнінен әр түрлі екі
периодтарды бөліп қарастыруға болады:
Біріншісі – XIX ғасырға дейінгі
Екіншісі – XIX ғасырдан қазіргі уақытқа дейінгі.
Абу Манзур Муравик өзінің 977 жылғы жазған
фармакогнозия кітабында 466 өсімдік пен 44 жануар тектес
дәрмектерді сипаттаған.
980-1037 жылдары өмір сүрген тәжік халқының ұлы
ғалымы Абу Али ибн-Синаның (Авиценна) аты әлемге әйгілі
болды. Оның атақты “Канон врачебной науки” кітабы латын
тіліне және басқа да тілдерге, соның ішінде орыс тіліне
аударылып(1954), Европада ұзақ жылдар бойы Диоскорида
мен Галеннің еңбектерімен бірдей беделге ие
болды.”Канонның” екі томы(2-ші және 5-ші) толық
фармацияға арналған.
XIX ғасырдың екінші жартысында дәрілік өсімдік
шикізаты бойынша Юрьев(қазіргі Тарту) университетінің
профессоры Г.Драгендорфтың жұмыстары белгілі.
Г.Драгендрофтың(1836-1898) “Лекарственные растения
разных народов и времен, их применение, важнейшие
химические вещества и история” атты атақты еңбегі мұра
болып қалды. Бұл кітапта дәрілік өсімдіктердің 12000 түрі
туралы мәліметтер келтірілген.
Фармакогнозияны оқытуды дамыту жөнінде
профессорлар А.Ф.Гаммерман, Д.М.Щербачев,
А.Я.Томингас көп еңбек еткен. А.Ф.Гаммерман 6 бөлімнен
тұратын фармакогнозия кітабының авторы (6-шы басылымы
1967 жылы жарық көрген).
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
Бірінші синтезделетін заттарға жатады:
Ақуыздар
Көмірсулар
Липидтер
Ферменттер
Дәрумендер
Ақуыздар
Ақуыздар протоплазманың негізгі бөлігін құрайды;
Биохимиялық өзгерістерге қатысатын фермент-
катализаторлар жатады;
Жай ақуыздар-протеиндер және күрделі ақуыздар-протеидтер
деп бөледі.
Протеиндер аминқышқылдарынан тұрады.
Аминқышқылдарының жалпы формуласы:
Көмірсулар
Бұл көміртегі, оттегі және сутегіден тұратын органикалық
заттардың үлкен бір табиғи қосылыстар класы.
Көмірсулардың қарапайым өкілдерінің бірі моносахаридтер
немесе моноздар. Олар салмағы жағынан өсіп отыратын,
құрылысы бойынша күрделі олигосахаридтер деп аталатын
қосылыс түзеді; ал жоғары молекулалылары полисахаридтер
немесе полиозалар деп аталады. Көмірсулардың өсімдік үшін
маңызы зор.
Физиологиялық маңызы бойынша оларды үш топқа бөлуге
болады:
Метаболиттер;
Қор заттары;
Құрылымдық заттар;
Липидтер
Липидтерге табиғи қосылыстардың екі тобы жатады:
Майлар;
Май тәріздес заттар немесе липоидтар;
Липидтер өсімдіктердің барлық тіндерінде кездеседі. Көп
мөлшерде олар тұқымдарда және жемістерде кездеседі және
қор күйіндегі майлар немесе жасуша протоплазмасының
құрылыс компоненті болып табылады. Олар майлы
өсімдіктердің тұқымы мен жемісінен сонымен бірге кейбір
жануарлардың организмдерінен алынатын өнімдер күйінде
қолданылады.
Ферменттер
Тірі организмдерде жүретін химиялық реакциялардың басым
көпшілігі ферменттердің қатысуымен жүреді.
Дәрумендер
Өсімдік және жануарлар организмдерінде ферменттерден
басқа биохимиялық және физиологиялық маңызды үрдістер
үшін қажетті және химиялық табиғаты әртүрлі төмен
молекулалы қосылыстар – дәрумендер деп аталады.
Дәрумендер ферменттермен тығыз байланыста бола отырып
екі компонентті ферменттердің белсенді топтарында
коферменттер деп аталатын қосылыстар құрады.
Дәрілік өсімдіктерде дәрумендер тұрақты компоненттер бола
отырып кейбір өсімдік организмдерінде көп мөлшерде
жиналады. Сондықтан да жоғары дәруменді өсімдіктерді
дәруменнің мөлшерін көбірек алу үшін қолданады.
Екінші синтезделетін заттарға:
Алкалоидтар;
Терпендер және терпеноидтар;
Фенол қосылыстарын, т.б. жатқызамыз.
Олардың бәрі өсімдік организмінде жүретін зат алмасу
үрдісіне қатысып, өсімдік тіршілігінде маңызды қызметтер
атқарады.
Фармакологиялық белсенді заттар
Кез келген табиғи немесе жасанды зат егер ол қандай да
бір фармакотерапевтикалық қасиетке ие болса, оны дәрілік зат
дейді.
Фармакологиялық белсенді заттар:
Симптоматикалық немесе этиотропты;
Жергілікті немесе резорбтивті;
Таңдамалы немесе ерекше әсер етеді.
Фармакологиялық белсенді заттарға:
a) Екінші синтезделетін заттар(алкалоидтар, флавоноидтар,
сапониндер, жүрек гликозидтері, т.б.)жатады;
b) Бірінші синтезделетін заттарға (дәрімендер, липидтер,
көмірсулар) жатады.
Фармакогностикалық талдау әдістері
Дәрілік өсімдік шикізатының негізділігін анықтау үшін және
оның сапасына баға беру үшін фармакогностикалық талдау
әдістері қолданылады.
Фармако
гностика
лық
Макроскопиялы
қ талдау
әдістер
Микроскопиялы
қ
Фитохимиялық
Тауарлық
І. Макроскопиялық талдау әдісі – бүтін, кесілген
дәрілік өсімдік шикізатының негізділігін(шынайылығын)
дәлелдеуге қолданылатын басты әдіс.
Бұл әдісте дәрілік өсімдік шикізатының сыртқы белгілеріне
назар аударылады және қарусыз көзбен немесе ұлғайтқыш
әйнекпен Х10 қарастырылады.
Макроскопиялық талдау әдістері келесі кезеңдерден тұрады:
ДӨШ үлгісін талдауға дайындау;
Сыртқы белгілері;
Өлшемдері;
ДӨШ түсін;
ДӨШ иісін;
ДӨШ дәмін анықтайды.
ІІ. Микроскопиялық талдау әдісі – кесілген,
ұнтақталған дәрілік өсімдік шикізатының негізділігін анықтау
үшін, басқалардан ерекше белгілерін табу үшін қолданылады,
бірақ бұл әдіс өсімдіктердің анатомиялық құрылысының
ерекшелоіктеріне, олардың анатомиялық, диагностикалық
белгілері білуге негізделген.
Талдау әдісі – оптикалық құрылғыларды – микроскоптарды,
заттық және жабынды шыныларды, препаровальды инелерді
және микрохимиялық, гистохимиялық реакцияларды
жүргізуді химиялық реагенттерді керек етеді.
Микроскопиялық зерттеуді жүргізгенде кеңінен
қолданылатын құрал – “БИОЛАМ” сериясының биологиялық
микроскоптары қолданылады.
Гистохимиялық әдіс микроскопиялық және
микрохимиялық әдістерге негізделген. Бұл әдіс өсімдік
материалын кешенді түрде зерттеп, өсімдік объектісінің
анатомиялық құрылысын нақты анықтайды.
Гистохимиялық талдау әдісі заттардың жасушаға, тіндерде
және өсімдік мүшелерінде шоғырландығын анықтауға
мүмкіндік береді. Бұл әдіс зерттелетін заттың реагенттердің
әсерінен өзгеретіндігін зерттейді. Зерттелетін заттың
табиғатына байланысты, гистохимиялық қолданылатын
реакциялар тірі және де дұрыс бекітілген материалдарда
жүргізіледі.
Гистохимиялық әдісте өсімдіктің жасына және зерттелетін
заттың өзіндік қасиеттері мен белсенділігіне байланысты,
әртүрлі жасушалар мен тіндерде реакциялардың байқалу
дәрежесі әртүрлі болады.
Қосылатын сұйықтықтар гистохимиялық және анатомиялық
зерттеулер жүргізгенде қолданылады. Қосылатын сұйықтықтың
әсерінен зерттелетін зат жарықтан, сұйықтықтан ерекше анық
көріне бастайды.
Қосылатын сұйықтықтарға:
Су;
Глицерин жатады.
Жарықтандыратын сұйықтықтар микропрепараттарды дайында
укезінде және зерттелетін затты жарық, анық қылып көрсету
үшін қолданылады.
Жарықтандыратын сұйықтықтар:
Хлоралгидрат ерітіндісі;
Сілті;
Жавель және лабаррак суы;
Сутегі асқын тотығының ерітіндісі.
ІІI.Фитохимиялық талдау әдісі – дәрілік өсімдік
шикізаттан биологиялық белсенді заттарды бөліп алып, оларды
сапалық химиялық реакциялармен немесе физика-химиялық
әдістер көмегімен анықтау үшін қолданылады.
Фитохимиялық талдау әдісінің реті:
Дәрілік өсімдік шикізатындағы негізгі әсер ететін заттарды
шикізаттан алдын-ала бөліп алады(көбінесе еріткіштермен
эстракциялау немесе су буымен айдау арқылы);
Екі жағдайда компоненттер қоспасы алынады, оны бөгде
заттардан тазартып жекеленген фракциялар және бір затқа
бөледі;
Сапалық талдауда әсер ететін топ заттарына (алкалоидтарға,
сапониндерге, кумариндерге,т.б.) жалпы және жеке арнайы
реакцияларды қолданады.
Анықтаудың ең қолайлы түрі – қағазды және жұқа
хроматография әдісі.
IV. Тауарлық талдау әдісі – дәрілік өсімдік шикізатының
тазалығын және сапалылығын жан-жақты анықтайтын әдіс.
Талдау зертханаларда жүргізіледі.
Бұл талдау 4 кезеңнен тұрады:
1-кезең – дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау. Алдымен
шикізат партиясының құжаттары мен сертификат қағазы
тексеріледі.
2-кезең- орташа сынама,арнайы(радионуклидтерге,
микробтарға) анализге және қамбарлық зиянкестерге арналған
арнайы үлгілерді орынның әртүрлі жерлерінен 10см
тереңдіктен алады.
3-кезең – бақылау – аналитикалық зерттеуге арналған орташа
үлгіні алу. Бұдан 3 бөлек үлгі алынып, әр қайсысы жеке
тексеріледі. Бірінші үлгі өзі екендігін дәлелдеуге, ұсақтылығын
және тазалығын анықтауға жұмсалса, екінші үлгі
ылғалдылыққа арналады. Ал үшінші үлгі бойынша күлділігі
мен әсер етуші белсенді затты анықтайды.
4-кезең – аналитикалық зертхана талдау нәтижесі бойынша
сапалық құжаты-аналитикалық паспорт (сертификат)
жасалады. Аналитикалық сертификатта тексерген провизор-
аналитик пен зертхана меңгерушісі қол қояды.
Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):
1) Фармакогнозия оқу пәні ретінде.
2) ДӨ мен ДӨШ туралы түсінік.
3) Бірінші және екінші синтезделетін заттарды ата.
4) Фармакологиялық белсенді заттар және олардың әсері.
5) ДӨ талдау әдістері туралы түсінік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова,
Ж.И.Қадишаева - “Фармакогнозия”- Алматы,2012 ж.
2. С.Е.Келімханова – “Фармакогнозия” – Қарағанды 2014ж.
3. http://yandex.kz/clck/jsredir?bu=cbo1&from=yandex.kz%3Bs
earch%2F%3Bweb%3B%3B&text
=&
4. http://yandex.kz/clck/jsredir?bu=cbo1&from=yandex.kz
%3Bsearch%2F%3Bweb%3B
%3B&text=&etext=1986.9flib4Zes92H_7PNZOwqNbJIw7m5
rtwQLjJxjjWVfHPzoT-sE66_iT1EzY0rpks29EdO2-
hU_CNgXeGV8
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz