Шикізатты кептіру




Презентация қосу
Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау, талдау
үшін сынаманы таңдау, нормативті құжатқа
сәйкес анықтау. Дәрілік өсімдік шикізатын
стандарттау. ДӨШ-на нормативті құжаттар.
ДӨШ-на сапалық бақылау. Дәрілік өсімдіктерді
оқып-білу саласындағы ғылыми зерттеулердің
негізгі бағыттары.
Дәріс жоспары:

1. Шикізатты жинау және алғашқы өңдеу
2. Шикізатты кептіру және стандартқа сәйкес келтіру
3. Шикізатты орау, таңбалау және сақтау
4. ДӨШ-ын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама
алу әдістері
5. ДӨШ-ына нормативтік құжат
Шикізатты жинау және алғашқы өңдеу

ДӨШ-ын ондағы фармакологиялық белсенді заттардың ең
көп мөлшері жиналған вегетация кезеңінде жинайды.
Өсімдіктерді жинау кезеңі елдің географиялық зоналарына және
ауа райына байланысты. Өсімдіктің әр түріне шикізат жинау
ережелері бекітілген.
Шөбі. Шөпті жинап немесе орап болған соң оны қоспалардан
тазартады. Қажет болғанда өсімдіктің төменгі ағаштанып кеткен
бөліктерін шауып бөліп тастайды. Біржылдық өсімдіктердің
тамырлары топырақ бетіне жақын орналасады, оларды
тамырымен жұлып алады.
Жапырақтары. Шикізаттың түріне байланысты
жапырақтарын қолмен, сағақты және сағақсыз немесе оның
бөліктерін теріп жинайды. Кейбір ұсақ жапырақтарды
бұташығымен немесе бүтін шөбімен бірге жинайды да, кептіріп
болғаннан кейін жапырақтарын жұлып тереді(аюқұлақ). Егер
шикізаты тамыржапырақтары болса (мысалы, мендуана
жапырақтарында), оларды тамырларына зиян келтірмей кесіп
жинайды.
Гүлдері. Гүлді шикізаттарды жинау техникасы гүлдердің
өлшеміне, орналасуына (жеке гүлдері немесе гүл шоғыры),
гүл шоғырының типіне және т.б. байланысты. Сиыр
құйрықтың гүл тәжін оларды гүлінен қолмен жұлып алады,
ырғайдың гүлдерін – қалқанша гүл шоғырын кесіп жинаған
дұрыс. Дәрілік түймедақтың гүл себеттерін арнайы тарақпен
теріп жинайды.

Жемістері мен тұқымдары. Шөптесін өсімдіктердің
құрғақ жемістері мен тұқымдарын шөбінің жер үсті
бөліктерін орақпен орып жинайды. Ағаш өсімдіктердің сөлді
жемістерінің (шетен, мойыл) жеміс серігін сатыны
пайдаланып жинайды. Шатыршагүлділердің жемістерін
(феникулум, анис, зере, кориандр) арнайы комбайндарды
пайдаланып жинайды.
Тамырлары, тамырсабақтары, тамыр түйнектері.
Жер асты бөліктерін күрекпен, кетпен шоттармен және айырмен
қазып жинайды.Иірдің тамырсабақтарын топырақтан тек
айырдың көмегімен, ал зиягүлдің тамырсабақтарын таудың тасты
топырағынан тек сүйкенмен және мықты шоттың күшімен ғана
босатып жинай алады. Өзеннің жағасындағы жайылмалардағы
мия тамыроларын трактордың терең қазатын соқаларын
пайдаланып жинайды.
Қабығы. Ағаштан сөл жүру кезеңінде қабығы өзектен оңай
ажыратылатын кезде жинайды.Бақша пышағымен діңгек пен
бұталардың қабығына 20-25 см арақашықтықта сақина тәрізді
көлденең кесінділер жүргізеді және үстіңгі кесіндіден төмен
қарай 2-3 тік кесінділер жасайды. Осылай біраз уақытқа солдыру
үшін қалдырады да, содан кейін қабығын сыдырады.
Бүрлері. Түрлі әдістермен жинайды: қарағай бүрлерін түбімен
кесіп алып жинайды; қайың бүрлерін алдымен бұташықтарымен
кесіп алып, кейіннен бүрлерін теріп алады.
Шикізатты кептіру

Шикізатты алғашқы өңдеуден өткізіп болғаннан кейін
кептіруге жібереді.
Өсімдікті кептіру – оларды сорғытып құрғату арқылы
консервілейтін спецификалық әдіс.
Кептірудің түрлері
Ашық күн астында кептіру(тамырлар, тамырсабақтар мен
қабықтар);
Жылу арқылы кептіру;
Жылжымалы кептіргіштер (қара жиде, таңқурай);
ДӨШ-ын шикізат түріне қарай 10-14% қалдықтағы
ылғалдылыққа құрғақ етіп кептіреді;көмірсуларға бай
жиделер үшін ылғалдылық қалдығы жоғары болуы мүмкін;
қара жиде үшін 17%; арша жемістері үшін 20%-ды құрайды.
Шикізатты стандартқа сәйкес келтіру

Кептіргеннен кейін шикізатты стандартты күйге,
стандарттар талабына(МСТ, АНҚ, УАНҚ) толық жауап бере
алатындай жағдайға келтіреді.
Дәрілік өсімдік шикізаттын дұрыс жинамаудан және
кептіру барысында пайда болған түрлі қоспалардан тазартып,
дефектілерді болдырмау үшін түрлі сорттау жұмыстарын
жүргізеді.
Дефектілерді болдырмау үшін сорттау
жұмыстары:
Шикізатты басқа өсімдіктердің
бөліктерінен тазарту
Дефектілік бөліктерді(шіріген, көгерген
және т.б.) және табиғи түсін жоғалтқан
бөліктерді тазарту

Өте ұсақ бөлшектерден тазарту

Шикізатты жат органикалық және
минералды қоспалардан тазарту
Шикізатты стандартты күйге келтіру жұмысында барлық
операцияны бір мезгілде жасайды. Бұл үшін ауысып отыратын
елеуіштермен жұмыс істейтін механикаландырылған ірі құм
өткізгіш машиналар пайдаланылады.
Салмағы мен өлшемі бойынша бөлінуі қиын қоспалар үшін
арнайы сорттағыш машиналар қолданылады.
Шикізаттың тазалығын тексеру үшін және көрінетін
қоспаларды қолмен алып отыру үшін көлденең немесе қиғаш
орнатылған жұқа ленталы жылжығыш қондырғыларды
(транспортерларды) кеңінен пайдаланады.
Өзгеше операцияларға ликоподийдің сортталуын
жатқызады. Бұл үшін ұн елейтін машиналарды пайдаланады.
Барлық сорттау операциялары ауа сорғыш вентиляциялар
орналасқан бөлмелерде жұргізіледі.
Шикізатты орау және таңбалау

Ораудың қызметі – шикізатты сақтау және тасымалдау
кезінде оның саны мен сапасын сақтауды қамтамасыз етеді.
Шикізатты оның сипаты мен қасиетіне сәйкес ыдыстиарда
сақтайды. Ыдысты шикізаттың әр түріне сәйкес стандарттар
бойынша (МСТ, АНҚ, УАНҚ) таңдайды. Ораудың жалпы
ережелері МСТ бойынша берілген.
Ораудың түрлері:
Матадан жасалған бірқабатты немесе екіқабатты қаптар және
крафт-қағаздан жасалынған көпқабатты қаптар

Киптер

Ұзын және жәшік формасындағы теңдер

Фанерлі жәшіктер

Гофрирленгенткартон жәшіктер
Шикізатты сақтау

ДӨШ-ы ерекше ұқыпты сақтауды қажет ететін өнім.
Шикізаттың көптеген түрлерінің құрамында қантты және
қоректік заттар көп болады, сондықтан олар микроорганиздер
мен зең саңырауқұлақтардың көбеюіне қолайлы субстрат
болып есептеледі. Осы себептен де дәрілік шикізаттарды өзіне
түрлі жәндіктерді – қойма зиянкестерін тартады.
Шикізатты сақтау кезінде оларды қойма зиянкестерінен
сақтау үшін мұқият қадағалау керек. Қоймада шикізатты жыл
сайын аудастырып отырады осы уақытта қойма бөлмелері мен
ондағы сөрелерді дезинфекциялап отырады.
ауға
Улы
және түск
күшті
әсер
ен
етуші
заттар(а
ДӨ
лкалоид Ш Жемісте
р мен
тар,
жидекте
р
(көмірсул
арға бай
шикізат
тар)
Эфир
майла
ры Барлы
қ
қалған
түрле
р
Негізгі қойма зиянкестеріне:
Қойма кенелері;
Қойма ұзынтұмсықтары (көбінесе кориандр мен аскөк
жемістерін залалдайды);
Күйелер;
Егеуқұйрықтар мен тышқандар (көбінесе көмірсулар мен
ақуыздарға бай аршаның жиделері мен шатыршагүлділер
жемістерін зақымдайды);

Қойма зиянкестерімен (кенемен, ұзынтұмсықпен, күйемен)
күресуге дезинсекция әдістерін қолданады
(күкірт көміртегінің көмегімен жүргізіледі).
Тышқандар мен егеуқұйрықтармен күресуге
дератизация жүргізеді.
ДӨШ-ын қабылдау ережелері мен талдау жүргізу үшін
сынама алу әдістері

ДӨШ-ын партиямен қабылдайды.
Партия - салмағы 50 кг-нан кем емес, белгілі бір атпен
аталып, барлық көрсеткіштері бойынша бір текті, сапасын
куәландыратын құжатпен безендірілген шикізат мөлшері.
Құжатта келесі мәліметтер тіркелуі керек
Құжаттың нөмірі мен берілген мерзімі;
Жіберушінің аты мен мекен-жайы;
Шикізаттың аты;
Партия нөмірі;
Партияның салмағы;
Жинау мерзімінің жылы мен айы;
Жинау немесе дайындау ауданы(жабайы өсімдіктен шикізат
алу);
Шикізат сапасын сынау нәтижелері;
Шикізаттың нормативті құжатын белгілеу;
Шикізат сапасына жауапты кісінің фамилиясы мен қызметі,
көрсетілген қолы.
Сынаманы алу.

Ашу үшін таңдалған өнім бірлігінің әрқайсысынан,
ұсақталуды болдырмай, 3 нүктелік сынама алынады –
үстінен, астынан және ортасынан. Нүктелік сынамалар
массалары бойынша бірдей болуы тиіс. Барлық нүктелік
сынамалардан абайлап араластырып, біріктірілген сынама
жасайды. Біріктірілген сынамадан квадраттау әдісімен орташа
сынаманы бөліп алады.
Сырттай шикізаттың біртектілігін (бүтін, ұсақтығын,
престеу) түсіне, иісіне, көгергендігіне, шірігендігіне,
желдетуден кетпейтін тұрақты бөгде иістің болуын; улы
өсімдіктер мен бөгде қоспалардың болуын (тас, шыны,
кеміргіштер мен құстардың тезектері, т.б.) анықтайды.
ДӨШ-ына нормативтік
құжат Стандарттар
ДӨШ-ының сапасы
белгілі бір талаптар мен Халықаралық стандарттар
нормаларға сай болуы
керек. Бұл нормаларда Мемлекеттік стандарттар (МСТ)
мемлекеттік органдар құжат
ретінде құрады және олар
стандарттар деп Аймақтық стандарттар (АСТ)
аталады.
ДӨШ-ы МСТ және АСТ Республикалық стандарттар (РСТ)
категорияларына қарайды.

Өнеркәсіптік стандарттар (ӨСТ)
Аймақтық стандарттар (АСТ) белгілі бір аймақтың
барлық өндірістері мен мекемелеріне және де осы осы
аймақтың өнімдерін қолданатын басқа да өндірістер мен
мекемелерге (тапсырыс беруші) қатысты. АСТ-ты белгілі бір
өндіріс түрінің аймақтық қажеттіліктерімен бірге сол
өндірістің басшысы болатын министрлік бекітеді.
Аймақтық стандарттың 42-1-71”ДӨ мен ДӨШ-ына НҚ-ды
жасау, келісу және бекіту” тәртібі бойынша 1 маусым 1971
жылы құрылған ДӨ мен ДӨШ-ына НҚ келесі категорияларға
бөлінеді:ФМ – фармакопеялық мақала, УФБ – уақытша
фармакопеялық бап, АСТ – аймақтық стандарт. Медицинаға
кеңінен енгізілген бағалы ДӨШ-ына фармакопеялық мақалалар
Мемлекеттік фармакопеяға енгізіледі.
ДӨШ фармакопеялық бапта келесі құрылымдардан
тұрады. Баптың басында шикізаттың латынша, орысша және
қазақша аттары беріледі. Бұдан ары өндірілетін өсімдіктері,
жинау уақытысы, тағайындалуы және қолданылатын аймағы
беріледі.
Келесі бөлімдері төмендегідей ретпен беріледі:
Сыртқы белгілері;
Кесілген шикізаттың бөліктерінің өлшемдерін, қажет болса
оның сипаттамасын келтіреді;
Микроскопия;
Сапалық реакция;
Сандық көрсеткіштер;
Бақылау әдістері;
Орамдау;
Таңбалау, тасымалдау, сақтау;
Сақтау мерзімі;
Негізгі фармакопеялық әсері.
ФБ мен УФБ бекітілгеннен кейін министрліктің индексінен,
тіркеу номерінен және бекітілген жылын көрсететін соңғы
екі саннан тұратын белгілер қойылып денсаулық сақтау
министрлігінде тіркеледі. Белгілеуге мысал: ФБ-42-108-71;
Мұндағы:
42 – денсаулық сақтау министрлігінінің индексі;
108 – реттік тіркеу номері;
71- құжаттың бекітілген жылы.
Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):
1) ДӨ шикізаттын қалай жинайды?
2) ДӨ шикізатын кептіру түрлерін атаңыз.
3) Дефектілерді болдырмау үшін сорттау жұмыстары.
4) ДӨ шикізатын орау түрлерін атаңыз.
5) ДӨ шикізатын сақтау және қойма зиянкестерімен күресу.
6) Стандарт деген не және түрлерін атаңыз.
7) ДӨШ-ын қабылдау және талдау жүргізу үшін сынама алу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова,
Ж.И.Қадишаева - “Фармакогнозия”- Алматы,2012 ж.
2. С.Е.Келімханова – “Фармакогнозия” – Қарағанды 2014ж.
3. http://yandex.kz/clck/jsredir?bu=cbo1&from=yandex.kz%3B
search%2F%3Bweb%3B%3B&text=&
4. http://yandex.kz/clck/jsredir?bu=cbo1&from=yandex.kz
%3Bsearch%2F%3Bweb%3B
%3B&text=&etext=1986.9flib4Zes92H_7PNZOwqNbJIw7m
5rtwQLjJxjjWVfHPzoT-sE66_iT1EzY0rpks29EdO2-
hU_CNgXeGV8

Ұқсас жұмыстар
САЗДЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ПЛАСТИКАЛЫҚ МАССАНЫ
Сұйық сығындылар
Төменгі молекулярды дірілік заттардың ерітінділері. Жоғары молекулярды ерітінділердің қосындылыры және коллоидтар
Суықпен өңдеу технологиясы
Дәрілік өсімдіктерден шикізатты дайындау процессінің негізі
ЭКСТРУЗИЯ ӘДІСІ
Макарон өндірісінің технологиясы
Шикізатты дайындау
Баялдыны өңдеу
Кептіру процесі
Пәндер