Крахмал және крахмалды өсімдіктер
Презентация қосу
Құрамында полисахаридтері бар дәрілік
өсімдіктер мен шикізаттар (крахмалы,инулины
және шырышы бар өсімдіктер мен шикізаттар).
Құрамында полисахаридтері бар дәрілік
өсімдіктер мен шикізаттар (шайыры, пектинді
заттары мен клетчатка бар өсімдіктер мен
шикізаттар)
Дәріс жоспары:
1. Құрамында полисахаридтері бар ДӨ мен ДӨШ(крахмалы,
инулины бар ДӨ)
2. Шырыштар және шырышты өсімдіктер мен шикізаттар
3. Шайырлар және құрамында шайыры бар өсімдіктер
4. Құрамында пектиндері бар өсімдіктер
5. Полисахаридтерге сапалық реакциялар
Құрамында полисахаридтері бар ДӨ мен ДӨШ(крахмалы,
инулины бар ДӨ)
Полисахаридтер, гликандар деп –
моносахаридтердің түрлі шамадағы қатысында түзілген
жоғары молекулалы көмірсуларды айтамыз. Полисахаридтерге
моносахаридтердің бір ғана түрінен немесе әр түрінен
құралатын целлюлоза, крахмал, хитин, пектиндік заттар,
шайырлар, т.б. жатады.
Олардың кейбіреулері суда ерімейді (клетчатка), басқалары
жылы суда тек ісінеді (крахмал), үшіншілері өзіне тән нағыз
және коллоидты ерітінділер арасындағы ортадан орын алатын
(шырыштар, пектиндер, камедтер) ерітінділер түзеді.
Полисахаридтер – табиғи жоғары молекулалы
қосылыстар. Полисахаридтердің жалпы формуласы: ()n,
көптеген моносахарид молекулаларының қалдықтарынан
тұрады.
Өсімдіктер мен жануарлар ағзасында ферментттердің
әсерінен фотосинтез нәтижесінде түзілген моносахарид
молекулалары поликонденсацияланып, полисахаридтер
түзіледі:
6 + 6О +6
n ()n + n
Крахмал және крахмалды өсімдіктер
Крахмал – өсімдіктердің маңызды көмірсуларының қоры.
Крахмал дәндері хлоропластармен (өсімдіктің жасыл
бөліктерінде) және лейкопластармен (хлорофилл жоқ
ұлпаларда) генетикалық байланысқан. Крахмал дәніндегі
полисахаридтер екі заттан, амилозадан (17-24%) және
амилопектиннен тұрады (76-3-83%).
Амилоза
Амилопектин
Крахмалдың алынуы
Крахмалды өсімдіктер шартты түрде екі топқа бөлінеді:
астық тұқымдастарына және басқа тұқымдастарға жататындар
болып. Астық тұқымдастары деп ерекше бөлінетін себебі,
астықты дәндерді адамзаттың 2/3 бөлігі пайдаланады.
Крахмалды алудың ең оңай және қолайлы әдісі – картоптан
алу.
Фармацевтикалық тәжірибелерде крахмалдың мына түрлері
қолданылады:алқаның – Amylum solani; бидайдың - Amylum
Tritici; жүгерінің - Amylum Maydis; күріштің - Amylum
Oryzae. Крахмалдың бөлшекті гидролиз өнімі - декстрин
(Dextrinum) қолданылады.
Крахмалдың қолданылуы
Крахмалды ұнтақ ретінде және жағар майлардың құрамдас
бөлігі ретінде пайдаланады;
Ішке тұтқыр зат ретінде және қайнатпасын(клейстер)
клизмаға пайдаланады;
Таблетка өндірісінде (біріктіргіш, опалаушы
толықтырғыш) кеңінен қолданылады;
Декстрин эмульгатор ретінде қолданылады.
Инулин және инулинді өсімдіктер
Инулин - жоғары молекулалы фруктозан, суда ериді,
крахмал сияқты қор заттары қызметін атқарады. Ол аз таралған
және өсімдіктердің кейбір тұқымдастарында жер асты
бөліктерінде таралған. Инулинге бай өсімдіктерге
астрагүлділер тұқымдастарының (күрделігүлділер): бақ-бақ
тамырлары, топинамбур түйнектері (жер алмұрты), шашыратқы
тамырлары, аңдыз тамырлары және т.б. жатады.
Инулин
Шырышты өсімдіктер мен шикізаттар
Полисахаридтердің бұл тобына қою шырышты ерітінділер
түзетін көмірсулар жатады. Шырыштардың құрамында
пентозандар мен гексозандар бар. Крахмалдан ол дәндерінің
болмауы және йодқа реакциясының болмауымен,
шайырлардан қорғасын ацетатының нейтралды ерітіндісімен
тұнбаға түсуімен ерекшеленеді. Шайырларға қарама-қарсы
шырыштар өсімдіктерде сыртқы тітіркендіргіштердің
әсерінсіз, табиғи даму үдерісінің нәтижесінде пайда болады.
Физикалық қасиеті жөнінен шайырлардан айырмашылығы
бұлар суда толық ериді.
Олар:
өсімдіктерде көмірсулар мен судың қорын ұстап тұрады;
қорғағыш биополимер қызметін атқарады.
Түзілу сипатына қарай шырыштарды:
1) Интерцеллюлярлы шырышты шикізаттар:
Зығыр тұқымдары – Семена льна – Semena Lini;
Бүргелі бақажапырақ тұқымдары - Семена подорожника
блошного – Semina Plantaginis psyliii;
Үлкен бақажапырақ тұқымдары - Семена подорожника
большого- Semina Plantaginis psyliii;
2) Жасушаішілік шырышты шикізаттар:
Жалбызтікен тамырлары - Корни алтея – Radices
Althaeae;
Өгейшөп жапырақтары - Листья мать и мачехи – Folia
Farfarae;
Жөке гүлдері – Цветки липы – Flores Tiliae;
Шайырлар және құрамында шайыры бар өсімдіктер
Шайырлар гексоза, пентоза, метилпентоза және урон
қышқылдары қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы
қышқылдардың кальций, калий және магний тұздарынан
тұрады.
Шайырлар ағаш діңгектеріндегі кездейсоқ табиғи
дефектілерден, ағаш қабығындағы жануарлар мен
жәндіктердің зақымдауынан болатын немесе ағашқа қолмен
кесінді жасау арқылы сызаттардан ағатын сұйықтықтардың
қатқан жұғындарының экссудативті өнімдері.
Физикалық қасиеттері. Шайырлар негізінен дәмсіз, бірақ
олардың кейбіреулерінің тәттілеу, кейде ащылау дәмі болады.
Олар этанолда, эфирде, хлороформда және басқа да
органикалық еріткіштерде ерімейді. Кейбір шайырлар суда
толық ерімейді немесе тек ісінеді.
Химиялық белгілеріне қарай шырыштар:
Қышқылдық қасиеті құрамындағы глюкурон және
галактурон қышқылдарына байланысты қышқыл
полисахаридтер (акация түрлерінің шайырлары және т.б.);
Қышқылдық қасиеті құрамындағы сульфатты топтарға
байланысты қышқыл полисахаридтер (балдырлар, мүктер)
глюкоманнандар немесе галактоманнандар болып
табылатын нейтралды полисахаридтер (тұқымдар да
кездеседі).
Шайырларды суда ерігіштігіне қарай үш
топқа жіктеледі:
Ерігіштер – суда
толық еріп, жабысқақ Жартылай
ерітінділер ерігіштер – суда
түзетіндер(шабдалы жартылай ериді (шие,
шайыры, аравиялық қара өрік шайырлары)
шайыр)
Ерімейтіндер – суда
ісініп, желетәрізді
масса түзетіндер
(трагакант, жиде
шайыры, т.б.)
Шайыр түзуші өсімдіктерге төмендегі тұқымдастар
жатады:
Fabaceae;
Rosaceae;
Rutaceae;
Meliaceae;
Шайыр түзу қабілеті тек көпжылдық өсімдіктерге тән,
оларға ағаштар мен бұталар немесе тамырлары мен
сабақтары ағаштанып кеткен көпжылдық шөптесін
өсімдіктер де жатады. Шайырлы өсімдіктің барлық ағзалары
дәрілік заттар өндіреді, оларға тамырларды, діңгекті
бұташықтарды, жемістер мен тұқымдарды да жатқызуға
болады.
Құрамында пектиндері бар өсімдіктер:
1) Ламинария қабаттары – Слоевища ламинарии – Thalli
Laminariae;
Ламинариялар тұқымдасы – Семейство ламинарии –
Laminariaceae;
2) Мақта – Хлопок – Gossypinm;
Құлқайырлар тұқымдасы – Семейство мальвовые –
Malvaceae;
Полисахаридтерге сапалық реакциялар
Полисахаридтерге сапалық реакциялар екі топқа
бөлінеді:
Полисахаридтердің жеке өздерінің өкілдеріне (крахмал,
шырыш, инулин, пектин, т.б.)
Полисахаридтердің гидролизінің өнімдеріне (ыдырау
кезінде пайда болған тотықсыөдандырғыш қасиеті бар
моносахаридтер және урон қышқылдары).
Крахмалға сапалық реакциялар
1. Клейстердің түзілуі. 100 мл колбаға 1г крахмал салады
және 50 мл су қосады. Қоспаны араластыра отырып, 5-7
минут бойы электр плитада мөлдір, қоймалжың клейстер
алынғанша қыздырады;
2. Йод ерітіндісімен реакция. 2 мл салқындатылған крахмал
клейстеріне 1 тамшы люголь ерітіндісін немесе йол қосады.
Клейстер бірден көк түске боялады.
3. Фелинг реактивімен реакция. 2 мл крахмал клейстеріне 2
тамшы мыс (II) сульфатының сулы ерітіндісін және 2
тамшы сегнет тұзының – шарап қышқылының калий-
натрий тұзының сілті ерітіндісін қосады. Қоспаны
қыздырады, көк түсті тұнба пайда болады. Тұнба бірте-бірте
еріп, көк түсті ерітіндіге айналады, себебі крахмал Фелинг
реактивімен реакцияға түспейді.
4. Крахмалдың қышқылды гидролизі.
Целлюлозаға сапалық реакциялар
1. Йод ерітіндісімен реакция. Целлюлоза ұнтағына йод
ерітіндісінің 2-3 тамшысын қосады. Крахмалдан
айырмашылығы сары немесе қоңыр түске боялады.
2. Цинк хлориді және калий йодиді ерітіндісінде йодпен
реакция(хлор-цинк-йод). Заттық әйнекке целлюлоза
ұнтағын салып үстіне бірнеше тамшы реактивті қосады.
Целлюлоза көк түске боялады.
Реактив құрамы: 1 мл пиридинге 4 мл 10% мыс сульфаты
және 5 мл су қосады.
Инулинге сапалық реакциялар
1. А-нафтолмен реакция (Молиш реакциясы).Цикорий
тамырының (бақ-бақ, эхинеция, аңдыз немесе топинамбур
түйнегі) көлденең кесіндісіне 20% А-нафтолдың спиртті
ерітіндісінің тамшысын және концентрлі күкірт
қышқылының тамшысын тамызады. Бірнеше минуттар
соң күлгін түс пайда болады.
2. Альгин қышқылына реакция пиридинмен және мыс
сульфатымен реакция 2-3 тамшы натрий альгинат
ерітіндісіне 5 тамшы жоғарыда аталған реактивті, 2%
күкірт қышқылын көк түс жойылғанша қосады,
альгинаттар болған жағдайда тұнба пайда болады.
Шырышқа сапалық реакциялар
1. Сілті ерітіндісімен реакция. Пробиркаға 1-2 мл 10%
жалбызтікен тамырының тұндырмасын құяды және 2
тамшы натрий гидроксиді ерітіндісін қосады (немесе
аммиак). Қоспа лимон-сары түске боялады.
2. Концентрлі хлорсутек қышқылымен реакция.
Пробиркаға 1мл 10% жалбызтікен тамырының
тұндырмасын құяды және 2-3 тамшы концентрлі
хлорсутек қышқылын қосады. Сары-жасыл түс пайда
болады.
3. Қорғасын ацетаты ерітіндісімен реакция. 2 мл
ерітіндіге 2 мл қорғасын ацетаты ерітіндісін қосады,
шырыш тұнбаға айналады.
4. Құрамында шырыш бар шикізаттың ісіну индексін
анықтау.
Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):
1) Полисахаридтер туралы жалпы түсінік.
2) Полисахаридтердің түрлерін ата және олардың
фармакологиялық белсенділігі.
3) Крахмал және оның қолданылуы.
4) Құрамында полисахаридтері бар ДӨ мен ДӨШ.
5) Инулин, шырыш және шайырлар туралы жалпы түсінік.
6) Полисахаридтерге жалпы сапалық реакциялар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова,
Ж.И.Қадишаева - “Фармакогнозия”- Алматы,2012 ж.
2. С.Е.Келімханова – “Фармакогнозия” – Қарағанды 2014ж.
3. http://yandex.kz/clck/jsredir?bu=cbo1&from=yandex.kz%3B
search%2F%3Bweb%3B%3B&text=&
4. http://yandex.kz/clck/jsredir?bu=cbo1&from=yandex.kz
%3Bsearch%2F%3Bweb%3B
%3B&text=&etext=1986.9flib4Zes92H_7PNZOwqNbJIw7m
5rtwQLjJxjjWVfHPzoT-sE66_iT1EzY0rpks29EdO2-
hU_CNgXeGV8
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz