Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы: Қазақ хандығының құрылуы және ұлттық мемлекеттілік қалыптасуы


Slide 1

«Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы»

Slide 2

ХV ғасырдың ортасында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Керей мен Жәнібек хандар құрған ұлыс көп ұзамай бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден-бір көрінісі болды. Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып, қалалық сауда-саттық жүйесі қалыптасып, «Жеті Жарғы» аталатын дала заңының жиынтығы бекітілді. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор аймақты қамтыған, әрі өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы ірі құрылымның біріне айналды.

Slide 3

Қазақ хандығының тарихындағы маңызды және күрделі, әрі аса қызықты мәселенің бірі - хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы 2, 5 мың жылдай уақытқа созылған этнопроцесс өзінің мәресіне жетіп, ұлттық сипатқа ие болып, қазақ халқының қалыптасуымен бір кезеңде жүзеге асты.

Slide 4

ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының негізгі мақсаттарының бірі де - қазақ халқының мүддесіне сай қызмет ететін, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру жоспары да Қазақ хандығымен байланыста дамыған. Алайда, тарих үрдісі көрсеткендей ол жүзеге аспай қалды. Ал кеңестік негізде құрылған Қазақ АКСР-ы, одан кейінгі Қазақ КСР-да қағаз жүзінде егеменді деп аталғанымен, іс жүзінде орталықтың толық бақылауында болып, ұлттық мүддеден гөрі орталықтың мүддесіне сай саясат жүргізілді. Сөйтіп, қазақтардың санасына мемлекетсіздік идеясы бірте-бірте сіңіріліп, мемлекеттілікті Ресейдің әкелгендігі сияқты қасаң қағида бірте-бірте қалыптаса бастады.

Slide 5

Менің тұжырымым, қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз қалап, идеологияның тарихи өлшеміне айналды.

Орындаған: Сабыр Альбина.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының этногенезі және Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы және қазақ этнонимі: XV-XVIII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қатынастары
Қазақ хандығының құрылуы: себептері, саяси негіздері және территориялық қалыптасуы
Қазақ хандығының қалыптасу алғышарттары мен құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы: себептері, тарихи кезеңдері және мемлекеттік құрылымы
7-сынып: Қазақ хандығының құрылуы - себептері мен мемлекеттік құрылымы
Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы
XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихы: құрылуы және нығаюы
Қазақ хандығының құрылуы: Керей мен Жәнібек және XV ғасырдағы кеңеюі
Қазақ хандығының қалыптасуы, өрлеуі және құлдырауы (1456-1820 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz