Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов Қостанай уезінде



Ахмет Бірімжанов

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі «Логистика және көлік академиясы»
Ахмет Бірімжановтың
өмірі мен қызметі
Орындаған: Тургунбеков Бексултан
Тексерген: Шамшиева Гаухар
Топ: АУ-20-1

Жастық шағы. Шыққан тегі, отбасы
03
02
I-II-Думаның депутаты, Алаш қайраткері Ахмет Бірімжанов
Ахмет Бірімжановтың саясатқа араласуы
04
Бірімжановтың қайтыс болуы
Жоспары:
01

Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлы - Алаш партиясының көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі. 1871 жылы 7 желтоқсанда Торғай уезінің Тосын болысының № 1 (қазіргі Жангелді ауданы) ауылында дүниеге келген. Бірімжановтың арғы аталары, текті атадан, яғни әріден алсақ бабасы Шақшақ батыр мен Жәнібек тарханды айтпағанда бергі аталары Дәуітбай мен Мұса тархан және Шеген би Орта жүзге танымал тұлға, ұшқыр ойлы, даналығымен белгілі билердің бірі болса, өз әкесі Қорғанбек пен атасы Бірімжан да кезінде Торғай өңіріне атағы шыққан, ықпалды адамдардың бірі болғаны тарихтан белгілі. Ахмет Бірімжановтың арғы ата-бабасының ішінде халық арасындағы абыройымен өте сыйлы болған азамат - Шеген Мусин болып табылады. Шеген Мұсаұлы 1785 жылы дүниеге келген. Ол Арғын руының жоғары шекті бөлімінің ру басшысы болған. Шеген би туралы халық арасында оның аталы сөздері мен қазір мақал-мәтелдерге айналып кеткен, ел ішінде кеңінен тараған сөздері қазірге дейін сақталып келеді.

Ахметтің әкесі - Қорғанбек Бірімжанов отбасындағы екінші ұл бала. Қорғанбек 1852 жылы дүниеге келген. Қорғанбек атақты Жәнібек тарханның ұрпағы ретінде - ақ патша үкіметінің ел арасында өз саясатын жүргізу мақсатын жүзеге асыру ісінде үлкен сүйеніш тұлғаға айналған. Бірімжанұлы Қорғанбек би заман аңғарына қарай Ресей мемлекетінің чиновнигі қызметінде болған Торғай өңірінің алғашқы қазағы. Қазақ елінде бірінші болып 1882 жылы Торғай қаласында жеке қаражатына кітапхана ашқан ағартушы тұлға. Шешесі - Қыпшақ Наурызбай бидің қызы Ханша. Ал арғы атасы - Шеген бидің қызы Айман, Ыбырай Алтынсариннің шешесі. Қорғанбектің бәйбішесінен Ахмет пен Әбдікәрім және бір қыз туған. Сол қыз Ахметтің шешесі болып келеді.

Інісі - Ғазымбек Қорғанбекұлы Бірімжанов (1896-1938) Асылында Ғазымбектің өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі, әдеби мұрасы - бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Алайда, ол осы кезге дейін тарихтың көлеңкесінде қалып келді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырын саяси күреспен өткізген Ғазымбек Бірімжанов өз ұлтының зиялысы ретінде артына мол рухани мұра қалдырғаны белгілі. Əйелі Гүлжауһар - Əбілқайыр ханның шөбересі. Гүлжауһардың əкесі Əлмұхамед Сейдалин - білімі бойынша заңгер, Ырғыз уезінің басшы-сұлтаны жəне Орыс географиялық қоғамының мүшесі. Ұлы Батырбек (1911-1985) - химик, аспирант. Қазақ Ұлттық Университетінің химия факультетінің деканы. Қызы Іңкəр (1915-2002) - мұғалім, ғылым докторы, АММИ (қазіргі Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) -нің қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі.

Ахмет Бірімжанов отбасындағы тұңғыш ұл болған соң, ата-анасының одан күткен үміті мол еді. Ол жастайынан өзінің текті әулеттен шыққанын естіп, көріп, біліп өсті. Ел ағалары - ақсақалдардың, билер мен батырлардың (өз әулетінің негізін салған) әңгімелерін құлағына құйып, санасына сіңіріп ер жеткен. Әкесі Қорғанбек отбасымен сенімді достық қарым-қатынас орнатқан Әлмұхамед Сейдалиннің Қорғанбек отбасының мүшелеріне, оның ішінде бала Ахметке үлкен ықпалы болғанын ешкім жоққа шығара алмады. Өркенитті отбасында тәрбиеленген Ахмет Қорғанбекұлы жастайынан-ақ алғыр, өткір, көрегендік, зерек, білімге құштар қасиеттерімен көзге түскен. Ахмет Бірімжановтің әкесі Қорғанбек балаларының заман талабына сай білім алуының қажеттілігін ерте түсініп, Ахметті Торғайдағы 2 кластық орыс қазақ мектебіне берген. Сөйтіп Ахмет Қорғанбекұлы білімін Торғайдағы түземдіктер үшін ашылған 2-кластық орыс-қазақ мектебінен бастаған. Ахмет зерек, алғыр шәкірт болып, ата-анасының және ұстаздарының үмітін ақтаған.

Торғайдағы 2 кластық мектепте білім негіздерінен алғаш ұғым қалыптастыратын барлық пәндерді толық меңгерді және қысқа аралықта өзіне бейтаныс орыс тілін жетік біліп, орысша еркін сөйлеп, жазатын дәрежеге жеткен. Сөйтіп, Ахмет Бірімжанов Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ мектебін тәмәмдағаннан кейін, 1883 жылы Орынборда ер балаларға арналған гимназияда оқуын жалғастырған. Осы гимназияда Ахмет 7 жыл абыройлы оқып, қазақтар арасында өте беделді деп есептелген оқу орнын 1891 жылы күміс медальмен үздік бітірді. Гимназияда оқушылар арасында ерекше қабілетімен көзге түскен. Орынбор гимназиясының 1891 жылғы педагогикалық кеңестің хаттамасында Ахмет Бірімжановқа: «Табиғатынан талантты және ақыл-ойы өте дамыған бала» деген мінездеме берілген.

Орынбор ерлер гимназиясын күміс медальмен бітіргенде Ахмет саяси - әлеуметтік көзқарасы толық қалыптаспағанмен, қоғамдық саяси-экономикалық өзгерістерге ден қойып, заман ыңғайын аңғара білетін деңгейге жеткен. Өз таңдауын Санкт-Петербург университетінің заң факультетімен байланыстырған. Гимназияның үздік түлегі ретінде жоғары білім алу үшін мемлекеттік стипендия алу мүмкіндігі болды. Бірақ Орынбор гимназиясын бітірген қазақ балалары үшін Қазан университетіне бөлінген стипендияны Санкт-Петербург университетінің қорына аударуға болмағандықтан, Ахмет Бірімжанов құжаттарын Қазан университетіне тапсыруға мәжбүр болған. Сөйтіп, 1891 жылы 20 тамызда Император атындағы Қазан университетінің студенті атанған. Аталған университетті 1895 жылы алтын медальмен бітірген. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов XIX ғасырда Ресей мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алған қазақ зиялыларының алғашқы өкілдерінің бірі болып есептелген.

Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетінде В. Ульяновпен (Ленин) бірге оқыған. Бірақ кіші Ульянов соңғы курста ағасының террористік ұйымға қатысып, сотталғаны себепті, университеттен шығарғандықтан, ол дипломды экстренно экзамен тапсырып алған. Ал, Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетін Алтын медальмен бітірген. Ахмет Бірімжанов гимназияда оқып жүрген кезінде ақ Орынбор жандармериясының бақылау тізіміне енген. Оның екі себебі бар еді А. Бірімжанов гимназияда оқып жүргенде халықшыл сөздер айтып, орыс отаршыларының қазақтардың жері тартып алып жатқан әрекеттеріне наразылық пікірлерін айтқан. Бұл біріншіден, екіншіден, А. Бірімжанов атақты тархан Шақшақ Жәнібек батырдың ұрпағы еді. Шақшақ Жәнібек батыр Тархан атағын Ахметтің атасы Дәуітбайға мұра етіп қалдырған. Дәуітбайдан Мұса, Мұсадан Шеген, Шегеннен Бірімжан, Бірімжаннан Қорғанбек, Қорғанбектен Ахмет, Ғазымбек және т. б.

1868-жылы Tорғай уезі құрылғаннан бері Шегеннен бастап, оның ұрпақтары Дәуренбек, Жақып, Қорғанбек Ресей патшалығы құлағанға дейін Тосын болысын басқарды. Солай десек те, ел арасында өте беделді Шеген ұрпақтарының бәрін уездік жандармерия үнемі бақылауда ұстап, айтқан сөздерін, істеген істерін тіркеп отырған. Ахмет Бірімжановтың да жандармерия бақылуында болуының да осындай себептері бар еді.
1895 жылы Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетін бітірген соң туған жері Торғайға оралған. Түрлі жағдайлармен Ахмет өз мамандығы бойынша жұмысқа бірден орналыса алмаған. Сонымен 1898 жылы Ахмет Бірімжанов Торғай облыстық басқармасына (правление) қызметке орналасып, бір жарым жылдан кейін, 1900 жылы Орынбор округтік сот қарамағында сот қызметіне кіші кандидаттық жұмысқа ауысқан. Келесі, яғни 1901 жылы білімді, сауатты және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, өзін білікті маман ретінде көрсеткен Ахмет Қорғанбекұлы сот қызметінде аға кандидат дәрежесіне дейін көтерілген.

Осыдан кейінгі жылдары Ахмет Бірімжанов жоғары білімі бар диплом иесі бола тұра, округтік сот аппаратында қазақ халқының өкілі ретінде басшы қызметке қойылмады, оның қызметтік баспалдақтармен өрлеуі өте баяу жүрді. Бұл патша өкіметінің жергілікті халық өкіліне байланысты саясаты болатын.
Орынбор округтік сотындағы қызметінен кейін Ахмет Бірімжанов Ақтөбе уезіне мәмлегерлік сот қызметіне ауысқан. Осы қызметте жүре 1906-1907 жылдары Ресейдің 1-2 мемлекеттік Думасының мүшелігіне қатарынан екі рет Торғай облысы қазақтары атынан сайланды. Ресейдің мемлекеттік Думасы күшпен таратылған соң Ахмет Бірімжанов, елге оралып, Орынбор округтік сотының сот тергеушісі қызметіне орналасқан.

1908 жылы Ахмет Қорғанбекұлы зиялы қауымның өкілі Әлмұхамед Күнтөреұлы Сейдалиннің қызы Гүлжауһар Әлмұхамедқызымен отбасы құрған. Бұл кезде Ахмет Бірімжанов мемлекеттік қызметкер ретінде жаңа қызметке ауыстырылып, зайыбы Гүлжауһармен бірге Қазақстаннан тыс, Торғай даласынан тысқары, Бұзылық қаласына қоныс аударуға мәжбүр болды. Орынбор округтік соты, Торғай облыстық басқармасында, Ақтөбе уездік сот жүйелерінде біршама қызмет атқарған Ахмет Қорғанбекұлы Бұзылық қаласындағы қызметінде өзін білікті маман екендігін көрсете алды. 1917 жылы Ресейдегі ақпан революциясын Ахмет Бірімжанов Бұзылық қаласындағы қызметі барысында қарсы алған. Ресей мемлекеттік ішкі-сыртқы саяси-экономикалық жағдайынан толық хабардар, осы кезде құрылып, өздерінің бағдарламаларымен халыққа танымал бола бастаған демократиялық ұстанымдағы барлық партиялардың іс-әрекетімен таныс Ахмет Қорғанбекұлы ақпан революциясынан (1917 ж. ) әр елдің, әр халықтың өзін-өзі билеп, ұлттық мемлекет құру мүмкіндігіне жол ашылды деп үміттенген. Ресейде уақытша үкімет орнап, кейін Қазақстанда үкімет билігін большевиктер партиясы толығымен өз қолына алған дейінгі мерзімде Қостанай уезінде уақытша үкімет комиссары болып қызмет атқарған.

Ресей мемлекетінің жергілікті басқару органдарында қызмет істей жүріп Ахмет Бірімжанов қазақ даласында елді басқару және сот жүйелерінің дұрыс жолға қойылмағандығын түсінген. Қазақ даласында басқару және сот жүйелерін қайта құру-реформалау керектігін қажет деп есептеді. 1901 жылы Ақтөбе уезінде сот жүйесінде істегеніне қарамастан Ахмет Бірімжанов бірінші Мемлекеттік Думасына Торғай облысының Торғай уезінің Тосын болысынан кандидаттыққа тіркеліп, сайлауға түскен. Ақтөбе қаласында 1906 жылы 28 мамырда Ресей Мемлекеттік бірінші Думасына сайлаудың соңғы туры өткізіліп, Ахмет Бірімжанов 95 пайыз дауыс жинап, депутаттыққа Торғай облысынан сайланған. Ресейдің мемлекеттік Думасы 1907 жылы 20 ақпанда өз жұмысын бастап, 1907 жылы 3 маусымда аяқтаған. Бірінші мемлекеттік Думаға қазақ елінің атынан үш депутат қатысқан. Олар: Орал облысынан - Алпысбай Қалменов, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов және Семей облысынан - Әлихан Бөкейханов сайланған. Бірінші мемлекеттік Думаның тарағаны жөніндегі жарлық шыққанда, Жетісу облысында сайлау науқаны енді басталған. Сондықтан бірінші мемлекеттік Дума таратылған кезде Жетісу және Сырдария облыстарында депутат анықталмаған күйінде қалды.

Думаның 2-ші шілде күні Дума отырысында Ахмет Бірімжанов сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелер бар екендігін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссияның құрамына Қазақ депутаттарының өкілін енгізуді ұсынды. Бірінші мемлекеттік Дума жұмысына Қазақ депутаттары Мұсылман депутаттары фракциясының қатарында ат салысқан. Сол фракция аграрлық мәселеге байланысты бас құжат болып табылатын заң жобасын жасауға күш салысты. Олар мұсылмандар партиясының бағдарламасына сүйене отырып аграрлық тұжырымдама жасады. Ең алғашқыда жерді облыстық меншікке айналдырып, сол арқылы қарауындағы аумақты байырғы тұрғын халық арасында үлес мөлшерінің көлемін бөлу, отырықшы егіншілер ғана емес, сондай-ақ, көшпелі шаруашылық қалыптағы малшылар үшін де жер үлесі мөлшерінің, қатар өсуін күн тәртібіне қойды. Сонымен қатар сырттан қоныс аудару біржолата тоқталуын һәм иелік еткен жеке мүшелерінің арасында тиісті еншісін алу құқы ауылдық қауым меншігіне берілуін талап етті. Думаның комиссиясына берілген осы құжатпен қатар Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменұлы басқа депутаттармен бірге жоғарғы үкімет органдарына қоныс аударушыларды жерге орналастыру комиссияларының қазақ даласында жасап жатқан заңсыз әрекеттері жөнінде сұрау салды.

Өз жұмысын 1907 жылдың 20-шы ақпанда бастаған екінші мемлекеттік Думаға қазақтар арасынан депутат сайлау қорытындысы төмендегіндей анықталды: Ақмола облысынан - Ш. Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - сот қызметкері Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Т. Нұрекенов, Жетісу облысынан - көпес Т. Аллабергенұлы, Б. Құлманов, А. Бірімжанов және Б. Қаратаев мұсылман депутаттар бөлімін, ал М. Тынышбайұлы кадет фракциясын қолдады Ахмет Бірімжанов 2-ші Думада әскери дала соттарын жою туралы заң жобасын жасау комиссиясының құрамына енеді. Бұдан басқа өзге де 53 депутатпен бірлесіп, Министрлер Кеңесіне 1906 жылы 4 маусымда қазақ даласында қоныс аударушылар учаскелері мен ормандағы саяжайлардың орналасу заңсыздығы жөнінде сұрау салады. Қазақ даласына ішкі Ресейден қоныстанушылардың жаппай шұбыруына байланысты жер, қоныс мәселесі қатты ушығып, қазақ халқының тағдырына тікелей әсер еткендіктен, қазақ зиялыларын қатты толғандырып, оны Дума мінбері арқылы жеңілдетіп шешуге әрекеттенген іс-қимылдары еді. Алайда Дума таратылып, бұл іс-әрекеттер нәтижесіз болып, Дума мүшесі ретінде А. Бірімжанов қазақ өлкесінде қызмет істеуіне рұқсат етілмей, 1917 жылға шейін Бұзылық қаласында сот тергеушісі болған.

Қазақ халқының тарихында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің маңызы өте зор болған. Торғай облысының қазақтары Ресей патшасының «25 маусым жарлығына» жаппай қарсылық көрсетіп, Торғай облысының Торғай уезі көтерілістің негізгі орталығына айналды. Ахмет Бірімжанов Алаш көсемдерімен бірге елдің «шошынбай, желікпей шаруаға қайтып, егін-пішенін, басқа тіршілік жабдығын үлгертіп алуын» жақтаған. Дегенмен шошынған халық көтеріліске шығып, адам мен мал шығынға ұшырап, 1916 жылғы мәлімет бойынша тек Торғай облысының өзінен 10175 адам еріксіз түрде майданның қара жұмысына алынған. 1916 жылы Әбдіғапар мен Оспан хандар бастап, сардарлары Амангелді мен Қасымхан қостаған Торғай облысының үштен бір бөлігін қамтыған көтеріліс Ресей патшасының сол тұстағы бодан халыққа жасаған қатаң тәртібіне сай бұрқ еткені мәлім. Осыған орай ақ патша Николай II-нің 1916 жылдың 21 желтоқсанында арнайы жарлығы шықты. Онда Торғай, Ырғыз және Қостанай уездерінде әскери тәртіпке көшу атап көрсетіледі.

1917 жылдың сәуір айында Торғай облысының комиссары Ә. Бөкейханов Ресейдің Самара сотының Бүгірслан уезінде қызмет атқарып жүрген А. Бірімжановты Қостанай уездік полиция комиссарлығына тағайындау үшін Уақытша өкіметтің әділет министрі Керенскийге жедел хат жолдайды. Онда былай деп жазылған: «Ресей Мемлекеттік Думасының 1-ші және 2-ші шақырылымының бұрынғы депутаты, Самара сотының Бүгірслан уезі 2-ші учаскесі қызметкері А. Бірімжановты Қостанай уездік милиция комиссары қызметіне шақырылуына байланысты, оның менің қарамағыма жіберуіңізді сұраймын» Осы жеделхаттың негізінде Торғай облысының комиссары А. Бөкейхановтың қолымен 1917 жылы 28 сәуірде шығ. № 5453 сан ретімен А. Қ. Бірімжановқа уездік комиссар болып тағайындалды деп Уақытша үкіметтің Ішкі істер министрі Шелкин мырзаның өкіміне сәйкес қызметтік куәлік берілген. Сөйтіп, 1917 жылдың сәуір айында Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов Қостанай уезінде Қостанай уездік милициясын құрып, Ресей уақытша үкіметінің Қостанай уезіндегі милициясы 1918 жылдың қаңтар айына дейін жұмыс істейді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz