Стратегиялық жоспарлау




Презентация қосу
Стратегиялық жоспарлау
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – басшы
қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол
арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы
арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басшы шешімін
қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның
басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді
жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің 4
түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға
бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық
стратегиялық болжамдау. Стратегиялық жоспарлау
топ –менеджерлер арқылы жүзеге асырылады.
Топ –менеджмент – ұйымды тиімді басқаруда
күнделікті жауапкершілікті атқаратын
иерархияның жоғарғы деңгейіндегі басшылар
тобы (президент, бас директор және басқарма
мүшелері).
Топ-менеджерлер директорлар кеңесінің
бастамасымен мақсат саясатын дайындайды,
стратегиясын, бизнес-жоспарларды, бюджеттер
мен жобаларды анықтайды.
Стратегиялық жоспарлау үдерісінің кезеңдері:
1. Ұйымның миссиясы;
2. Ұйым мақсаттары;
3. Сыртқы ортаны талдау және бағалау;
4. Ішкі күшті және әлсіз жақтарын
басқарушылық зерттеу;
5. Стратегиялық баламаларды зерттеу;
6. Баламаларды таңдау немесе стратегияны
таңдау кезеңі;
7. Стратегияны жүзеге асыру;
8. Бақылау, жоспарлау, жүзеге асыру; (а)
бюджет, ә) мақсат бойынша басқару;)
8. Стратегияны бағалау.
1. Ұйымының миссиясы. Миссия – ұйымның жалпы
мақсаты, ұйымның жұмыс істеу себебін анықтау.
2. Ұйым мақсаты – ұйым миссиясын анықтағаннан
кейін ұйым мақсатын нақтылау қажеті тиімді
басқарудың шарты ретінде мақсаттар келесі
талаптарға жауап беруі керек:
•Мақсаттар нақты және өлшемді болуы керек;
•Мақсаттар міндетті түрде қол жеткізерлік болуы
керек.
•Мақсаттар уақыт бойынша белгіленген болуы керек.
•Мақсаттар өзара бірін-бірі қолдаушы мақсаттар
болуы керек.
3. Бұл кезеңде ұйымның сыртқы ортадағы
мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлер 7 бағыт
бойынша анықталады:
- экономикалық факторлар;
- саяси факторлар;
- нарық факторлары;
- технологиялық факторлар;
- халықаралық факторлар;
- бәсекелестік факторлары;
- әлеуметтік тәртіп факторлары;
4. Ұйым ішіндегі мәселелерді диагностикалауға
мүмкіндік беретін үрдіс басқарушылық зерттеу деп
саналады. Бұл үрдіс шеңберінде 5 функцияны зерттеп
қарастырылады:
-маркетинг; (нарықтағы үлесі, бәсекеге қабілеттігі,
бұйымдар ассортименті мен сапасы, нарықтың
демографиялық статистикасы, нарықтық зерттеулер
мен жобалар, тұтынушыларға сатуға дейінгі және
сатудан кейінгі қызмет көрсету, жарнама, өнімді
өткізу мен жылжыту, пайда).
-қаржы (бухгалтерлік есеп);
-операциялар (міндетті түрде қндіріске қатысы бар,
яғни өндіріс);
-адам ресурстары;
- Корпорация мәдениеті мен келбеті;
5. Стратегиялық баламалар:
1) Шектеулі өсу стартегиясы. Бұл стратегия ұйым мақсаттарын қол
жеткізген мақсаттар дәрежесінен және инфляция факторын ескерумен
анықтаумен сипатталады, тәуекел дәрежесі төмен болып табылады.
2) Өсу стратегиясы – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар
деңгейінің былтырғы деңгейіне қарағанда неғұрлым жоғары болуымен
сипатталады, ол кқбінесе өзгермелі салаларда қолданылады.
3) Қысқарту стратегиясы – ең сирек таңдалатын стратегия. Бұл жағдайда
мақсаттар деңгейі былтырғы деңгейден неғұрлым төмен болады. Қысқарту
баламасының шеңберінде келесі нұсқалар болуы мүмкін:
- жойылу –банкрот болып, нәтижесінде ұйымның жойылуы;
- Артықтан құтылу – көпсалалы кәсіпорындардағы тиімсіз болып отырған
өндірістерді қысқарту;
- қысқарту немесе бағдарды өзгерту – өндіріс көлемін, өнім көлемін
қысқарту, сол технологияларды пайдаланып басқа өнімдер шығара бастау.
Қысқарту көбінесе бағдарлардың өзгеруіне алып келеді.
4) Аталған үшеуін үйлестіретін құрама стратегия – стартегияларды
үйлестіру баламасын көбінесі ірі, бірнеше салаларда қызмет ететін
компаниялар таңдауы мүмкін.
6) Стратегияны таңдау кезеңі. Қорытынды талдау жасау
үшін Бостон матрицасын қолдануға болады. Бұл матрица
басқарушылық шешімдер нұсқаларын құрастыру және
таңдау кезінде өте пайдалы.
Стратегияны таңдауға келесі факторлар әсер етуі мүмкін:
•Тәуекел;
•Өткен мерзімдегі стратегияларды білу;
•Уақыт;
7) Стратегияны жүзеге асыру. Стратегияны жүзеге асыруда
формальды жоспарлау атқарады. Формальды жоспарлау
мақсаты – мүмкіндігінше нәтижелерді бұрмалау
себепетерінің максимал санын болғызбау және осы
зерттеумен байланысты қателер саласын
минималдандыру.
Тактика –қысқа мерзімді стратегия. Тактикалық жоспарлардың
сипаттамалары:
•Тактиканы стратегияны дамыту шеңберінде құрастырылады;
•Тактика орта буын басшылығы деңгейінде құрылады, ал
стратегия жоғары буын басшыларымен құрылады;
•Тактикалық нәтижелер стратегиялық нәтижелерге қарағанда
жылдам орын алады және нақты іс-әрекеттермен үйлеседі.
Саясат – ұзақ мерзімді және тактикалық жоспарларды
анықтағаннан кейін басшылық қойылған мақсатқа жету үшін
қосымша бағдарламаларды анықтауы қажет. Осы мақсатпен
саясат құрылады. Саясат – мақсатқа жету үрдісін жеңілдететін,
басқару шешімін қабылдау және іс-әрекеттерді анықтау үшін
құрылатын жалпы басшылық.
Процедуралар – нақты жағдайда қажет етілетін іс-әрекеттерді
анықтайды. Процедура стандартты, қайталанатын жағдайда
қажет етілетін іс-әрекеттердің алдын ала бағдарланған тізбегі.
Ережелер – жеке спецификалық жағдайдағы іс-әрекетті
анықтайды.
8. Кез –келген жоспарлаудың негізгі міндеті бар ресурстарды
неғұрым тиімді бөліп беру және мақсат бойынша басқару
немесе МВО (Management By Objectives).
Мақсат бойынша басқару , яғни МВО жүйесін енгізу үрдісі
келесі кезеңдерден тұрады:
1) мақсаттарды құру;
2) іс-әрекеттерді жоспарлау;
3) бақылау, нәтижені тексеру және бағалау;
4) түзету шараларын қолдану;
«Мақсаттар бойынша басқару» - бұл менеджментке қол
жетімді ресурстар арқылы ұйым мақсаттарына және жоғары
нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жүйелі және
ұйымдастырылған тәсіл.
Мақсаттар мен міндеттер SMART қағидасы
бойынша қойылады (Смарт ұғымы осы
қағидалар негізінде пайда болған).
Specific – ұйым/бөлім/бөлімше/қызметкер үшін
ерекше спецификалық қажеттілік;
Measurable – өлшеу мүмкіндігі (өнімділікті
есептеу үшін қажетті кқрсеткіштерді анықтау);
Achievable – нақты қол жетімді нәтиже;
Result – oriented – күшке емес, нәтижеге
бағытталған;
Time-based – мақсаттар үшін талаптардың
уақытын анықтайды.
SWOT-талдау барысында төмендегі нәтижелер
анықталды:
Жағымды жақтары (Strengths): жарнамалық қызметтің
заңнамалық, нормативті-құқықтық негіздері қалыптасты,
жарнама саясатын мемлекет қолдайды және реттейді, ел
тұрғындарының компьютерлік сауаттылығының жоғарылығы
және ақпаратты алудың жоғарғы деңгейде болуы, саяси
жарнама билік пен халық арасындағы өзара байланысты
орнатады, мемлекеттік БАҚ-тармен қатар, жеке БАҚ-тардың
қалыптасуы, билік орындары мен саяси партиялар, халық саяси
нарыққа дағдыланды, саяси жарнамалық ақпаратты алудағы
және таратудағы мүмкіндіктердің тең дәрежеде
пайдаланылады, қоғам саяси құндылықтарды байыпты
қабылдайды, әлеуметтік-саяси реформалардың орындалуы
хабарланады, азаматтардың саяси тұрақтылықты күшейту
қызығушылығын тудырады, саяси лидерлердің қоғамдағы
жоғарғы рөлі көрсетіледі, сайлау науқаны кезеңінде электорат
тек тұғырнамамен танысып қана қоймай, олардың нақты
ұстанымдарын ұрандар арқылы қабылдайды.
Жағымсыз жақтары (Weaknesses): саяси
жарнамада манипуляциялық тәсілдерге ерекше
мән беріледі, аталған сала бойынша
мамандардың аздығы, заңнамалық құжаттарда
саяси жарнама туралы тек үгіт ретінде
көрсетіледі, жарнамада саяси нарықтың
сегментация принциптеріне, яғни,
географиялық, мінез-құлықтық, демографиялық
себептеріне мән берілмейді, азаматтар саяси
жарнаманы тек сайлауалды үгіт-насихат
кезеңінде тікелей түрін қабылдайтындықтан,
электораларалық кезеңдегі жанама (тікелей
емес) әсерін байқамайды.
Мүмкіндіктері (Opportunities): қоғам
мен мемлекет арасындағы өзара байланыс
шарттарын қамтамасыз етеді, сәтті
орындалып жатқан саяси реформалар жаңа
заңнамалық, нормативті-құқықтық негізін
қалыптастырады, қоғам мүшелері саяси
реформалардың жүргізілу маңыздылығын
түсінеді, адамгершілік құндылықтарын
үндейді, саяси жарнаманың қолдану
салаларына мемлекеттік көмек,
электораттың саяси мәдениетінің деңгейін
көтереді.
Қатерлері (Threats): жасанды
саяси имидж дайындалады, саяси
жарнаманы реттеудегі заңнамалық
базаның әлсіздігі жөнсіз жарнаманы
пайдалануға әкеледі, мамандарды
дайындаудағы тиімді жүйенің
жоқтығы, сайлау науқаны кезеңінде
“лас” технологиялар қолданылады.

Ұқсас жұмыстар
Бюджет және бюджеттік жүйе
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау қойылған мақсаттарға жету мақсатында әсер ету
Менеджменттің жоспарлау қызметі
Менеджменттегі жоспарлау
Кәсіпорындардың қызметін жоспарлау
Ұлттық экономиканы стратегиялық жоспарлау
ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНДА ІС- ӘРЕКЕТТІ ЖОСПАРЛАУ
Стратегиялық басқару
МАҚСАТТЫ НАРЫҚТАР
Денсаулық сақтауды жоспалау
Пәндер