Улану кезінде асқазанды жуу




Презентация қосу
«Астана Медицина Университеті» КеАҚ

Мейіргер ісі кафедрасы

Тақырыбы: Улану кезінде асқазанды жуу

Дайындаған: Әділбекова Аружан 130 топ ЖМ
Қабылдаған: Туребекова Айгерим Ганиевна
Уланудың негізгі себептері
• Астан улану: азық-түлікпен (сапасыз, мерзімі шыққан және/немесе бактериямен және
вирустармен уланған), сонымен қатар улы саңырауқұлақтармен;
• тұрмыстық:көп мөлшердегі алкоголь және оның суррогаттары (метил спирті,
этиленгликоль), ерітінділер мен қышқылдар (лимон қышқылы, сіркесу, кәрізді тазартуға
аранлған заттар), тұрмыстық химия және косметика;
• дәрі-дәрмекті: есірткілер және дәрілік препараттар (мөлшерден тыс пайдаланғанда);
• биологиялық: өсімдік уы, сонымен қатар жануарлар, бауырымен жорғалаушылар
(жыландар), жәндіктер шығаратын улар;
• өндірістік және көліктік: қоршаған ортаға зиян заттарды лақтырудағы технологияны
бұзу жағдайында, техногендік апаттарда, ұшатын қышқылдарды тасымалдайтын
цистерналардың жарылуында (күкірт қышқылы, азотты сутекті);
• радиациялық (атом электростанцияларындағы апаттарда, радионуклидтермен былғанған
азық-түлікпен).
Тағамдар жасалу технологиялары мен сақталу шарттарында өрескел
қателіктердің әсерінен микроорганизм спомдарының көбеюін және
тағамда микробтың немес микробты емес токсиндердің жинақталуы
нәтижесінде пайда болатын полиэтологиялық катиофезді емес
ауруды тағаммен улану деп атаймыз.
Клиникалық көріністері

• қалтырау, жалпы әлсіздік, жағдайының шұғыл төмендеуі;
• қызудың көтерілуі (39-40 °C дейін);
• лоқсу, құсу;
• дәреттің бұзылуы;
• іш ауруы (жиі – анық, қатты).
Мақсаты:
Тағаммен улану кезінде шұғыл көмек көрсету, ауызды шаю

Қарсы көрсеткіштер:
Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазанда қабыну процестері
Өңештің тарылуы
Асқазан мен өңештің күйігі
Миокард инфарктісі
Бронх демікпесі
Ми- қан айналымының бұзылуы
Жұмыстың барысы: Қажетті құрал – жабдықтар

Зонд
Шприц
Базил ерітіндісі
Лабароторияға жіберілетін ыдыс
Стерильді қолғап
Су құйғыш (воронка)
Науа
Бір рет қолданылатын дәке
Сүлгі
Екі дана алжапқыш
Шелек
Шыны ыдысты ожау
Стрелизацияға жіберілетін ыдыс
Шара
Асқазанды шаю алгоритмі:
Дәрігер ең алдымен науқасқа ем – шараның барысын түсіндіреді және келісімін
алады.
Науқасты отырғызады. Дәрігер науқасқа және өзіне алжапқыш кигізеді.
Дәрігер қолды гигиеналық тазалықтан өткізеді және стерильді қолғапты киеді.
Науқасты алға қарай еңкейтіп, басын артқа қарай шалқайтады
Протездері болса, протезін аламыз
Екі аяғының арасына шараны қоямыз
Зондты алып, науқастың денесіне тигізбей, зондты өлшейміз:
Құлақтың сырғалымынан иекке дейін, төмен қарай төстің семсер тәрізді өсіндісіне
дейін және сол аралықты белгілейміз.
Зондты оң қолмен ұстап, Базил ерітіндісімен өңдейміз
Науқасқа терең тыныс алуын және тұтығуын сұраймыз сол мезетте
зондты саламыз, жұтқызамыз. Белгіленген жерге дейін зондты саламыз
Асқазанға түскенін білу үшін: шприцпен кішкене көлемді ауа жібереміз
Сол мезетте Фонендоскопты асқазан тұсына қойып тыңдаймыз,
асқазаннан шұрылдаған дыбыс естілуі керек
Тексеріп болған соң, асқазан жуындысын аламыз. Алынған жуындыны
лабороториялық тексеріске жіберілетін ыдысқа саламыз. Қолданылған
шприцті утилизаицяға тастаймыз.
Су құйғышты алып, зондқа бекітеміз. Су құйғышты ауыз деңгейінде
қиғаш ұстаймыз және дене температурасындай 1 литр көлемінде суды
құямыз.
Құйып болған соң, бастан жоғары көтереміз, төмен қарай денеге дейін
түсіреміз. Осы әдіс 3-4 рет қайталануы тиіс (Асқазаннан таза су
шыққанға дейін)
Асқазаннан таза су шыққаннан кейін, су құйғышты аламыз, науаға
саламыз
Оң қолмен бір рет қолданатын дәкені алып, зондты ақырындап
шығарамыз
Қолданылған заттарды(алжапқыш, қолғап, зонд т.б) утилизацияға
саламыз, науқасқа аузын сүлгімен сүртуін өтінеміз.
Науқасқа ыңғайлы болу үшін науқасты жатқызамыз немесе
отырғызамыз
Алынған жуындыны лабароториялық тексеріске жібереміз,
қолданылған заттарды утилизациға жібереміз
Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ағзаның улануы - себептері, симптомдары, емдеуі (filtrum.kz)
https://www.youtube.com/watch?v=4mFbdn7q7xU
«Алгоритм оказания неотложной помощи в педиатрии» Краснодар, 2013г

Ұқсас жұмыстар
Тамақпен улану
Жедел жәрдем шаралары
Тыныс алудың зақымдану синдромы
АСҚАЗАНДЫ ЖУУ
Тағамдық аллергия мен тағаммен улану кезіндегі емдік тамақтану
Жүрек гликозиттерінен улану
Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар
Улану және олардың жіктелуі
Дәрілермен жедел улануды емдеудің негізгі ұстанымдары
Улану түрлері
Пәндер