МӘДЕНИЕТ - ЖЕКЕ


Slide 1

Мәдениетті рәміздер, мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде талдау үшін мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігін негіздеу

Slide 2

Мәдениет дегеніміз не?

МӘДЕНИЕТ (ЛАТЫН. CULTURA - ӨҢДЕУ, ЕГУ ДЕГЕН СӨЗІНЕН ШЫҚҚАН) - ТАБИҒАТ ОБЪЕКТІСІНДЕГІ АДАМНЫҢ ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР. БҰЛ СӨЗДЕ АДАМ ЕҢБЕГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ, ОНЫҢ АДАМНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ, АДАМНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІРЛІГІ НЕГІЗДЕЛГЕН. МӘДЕНИЕТ - ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ӨМІР СҮРУ МАҚСАТЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІ, АДАМНЫҢ ӨМІР СҮРГЕН ОРТАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ. ОЛ - ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСАТЫН ЕРЕКШЕ ҚҰБЫЛЫС. АДАМДАР ӨЗДЕРІН ҚОРШАҒАН ОРТАҒА, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ҚАТЫНАСЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ, ӨЗГЕРТЕДІ. ОЛАР ОНЫ ӨЗ МАҚСАТЫНА ПАЙДАЛАНАДЫ.

Slide 3

Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті. XVIII ғасырға дейін, яғни ағартушылық дәуірінде бар болғаны жаңа термин ретінде қарастырды, ал жаңа заманда (XVII - XIX ғ. ) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Осылайша мәдениет ұғымы қалыптасып, адамдар өмірінде үлкен орын ала бастады. Мәдениеттану Еуропадағы XX ғасырдың сыну оқиғаларының әсерімен де дамыды. Бірінші әлемдік соғыс, Ресейде және Еуропаның бірқатар басқа да елдерінде төңкеріс, фашистік режимдер, адам билігінің табиғаттан өсуі және осы өсудің жойылатын салдары, тоталитарлық режимдердің пайда болуы - осының барлығы еуропалық мәдениеттің сипатына, оның қоғам өміріндегі рөліне жаңа көзқарас туғызды. Қазіргі таңда мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, барлық кемшіліктер мен артылықшылықтардың шешімін табуда.

ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛЕМЕТТЕР

Slide 4

Мәдениеттану ғылым ретінде мәдени үрдістің заңдылықтарын, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштері мен құбылыстарын, сондай-ақ адамдардың мәдени мүдделері мен қажеттіліктерін, олардың мәдени құндылықтарды сақтауға, көбейтуге және беруге қатысуын зерттейді.

Мәдениеттану оқу пәні ретінде философиямен, археологиямен, тарихпен, психологиямен, этнографиямен, дінтанумен, әлеуметтанумен, өнертанумен көп дәрежелі өрлеуде пайда болды және сондықтан толық негізбен білімнің интегративті саласы деп аталуы мүмкін. Бұл адам мен қоғамның болмысы мен қызметіне бағдарланатын әлеуметтік-гуманитарлық ғылым. Мәдениеттану объектісі әлеуметтанушылар мен тарихшыларды қызықтыратын мәдениет болып табылады, бірақ мәдениеттану пәні қандай да бір мәдениеттің жетістіктерінің қарапайым сипаттамасы емес, оның тууының, қалыптасуының, одан әрі дамуы мен тағдырының ерекшеліктері болып табылады.

Slide 5

Мәдениеттану объектісі әлеуметтанушылар мен тарихшыларды қызықтыратын мәдениет болып табылады, бірақ мәдениеттану пәні қандай да бір мәдениеттің жетістіктерінің қарапайым сипаттамасы емес, оның тууының, қалыптасуының, одан әрі дамуы мен тағдырының ерекшеліктері болып табылады. Материалдық мәдениеттің өмір сүруінің негізі адамның материалдық-жасампаздық қарекетінің нәтижесі болып келеді. Кез-келген зат екі жақты сипатта, өйткені бір уақытта екі әлемге - табиғи және мәдени әлемдерге жатады. Негізінде заттар табиғи материалдардан шығарылады, ал мәдениеттің бөлігі болып олар адамдардың өңдеуінен кейін саналады. Нақ дәл осылай біздің алғашқы аталарымыз әлдеқашан тасты - кескішке, таяқты - найзаға, өлтірген аңның терісін киімге айналдыра алды.

МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ

МӘДЕНИЕТ ТҮРЛЕРІ

Жалпы тұрғыда рухани мәдениет әрқашанда материалдықпен тығыз байланысты болады, Өйткені материалдық мәдениет әрқашанда рухани мәдениеттің белгілі бір бөлігінің іске асуы болады. Бірақ, рухани мәдениет те заттылыққа ауысып материалданған жағдайда ғана бар бола алады. Бұны әсіресе рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі болып саналатын өнер туындылырынан байқауға болады. Өйткені кез-келген кітап, сурет, музыкалық композиция, және одан да басқа өнер туындылары материалдық негізге - қағазға, кенепке, бояуларға, музыкалық аспаптарға және т. б. мұқтаж болады. Тіптен кей жағдайда құбылыстар мен заттардың мәдениеттің ма-териалдық немесе рухани жақтарының қайсысына жататындығының өзі айқын болмай түсінуге өте күрделі болып келеді. Мысалы, кітап, даусыз рухани мәдениеттің заты, бірақ оны отынның орнына ошақта жағу үшін де қолдануға болады. Олай болса, мәдениеттің заттары өздеріне белгіленгендерді алмастыра алады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

ТАҢБАЛЫ ТАС

Археологиялық кешен түрлі тарихи кезеңдерге қатысты 5000-нан аса петроглифтерді және қоныстар, қорымдар, оба-молалары, құрбандық шалу, тас уату орындары сияқты басқа да бірнеше ондаған ескерткіштерді қамтиды. Кешеннің неғұрлым құнды бөлігін орта қола дәуіріне жататын петроглифтер құрайды, олар тайпааралық ғибадат орнымен тікелей байланысы бар деген болжамды айғақтайды. Зерттеушілер петроглифтердің жоғары эстетикалық құндылығын және зерттеушілердің «Таңбалы петроглифтерінің ерекшелігін анықтауға мүмкіндік берген эмоционалдық дәрежесі мен рухани әсерін атап көрсетеді. Қола дәуірінің қазақ жеріндегі бірден-бір нұсқаушысы іспеттес Таңбалы кешені тарихқа толы тасқа салынған суреттер арқылы кейінгі ұрпақ санасында қалып отыр. Бұрынғы дәуірде тірлік кешкен халықтардың дәстүрі мен мәдениеті, сенімінен мәлімет береді. Сан мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан орын тәуелсіз қазақ елі тарихының тереңнен тамырлануына негіз болады. Ашық аспан астындағы күн мен ай кезек тамашалайтын табиғи музей сияқты.

Slide 9

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

Creative Writing 101 Presentation

Slide 10

Рәміздер

ZIMCORE HUBS COMPANY CULTURE HANDBOOK

Slide 11 Slide 12

Соңына дейін тамашалағаныңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Мәдениет ұғымы және оның құрылымы, функциясы
Мәдениет адам жасаған әлем сияқты екінші табиғат
Мәдениет ұғымы туралы жалпы түсінік
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Рухани білім
Мәдениеттің атқаратын қызметтері
САЯСИ МӘДЕНИЕТ
Өмірлік мақсаттар, өмірлік стиль
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
Шетелдік мәдениетті игеру процесі ретінде аккультурация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz