Құрттар бөлімі




Презентация қосу
Құрттар
бөлімі
Құрттар— омыртқасыз жануарлардың бір тобы. Дене
пішіні ұзынша, жылжып қозғалады. Денесінің
алдыңғы бөлімі сыртқы ортаның тітіркенісін
қабылдаушы болғандықтан, жүйке түйіндері,
сақиналары және жүйке тізбектері мен сезім
мүшелері бас жағына шоғырланып орналасқан.

Құрттар бөліміне келесі типтер жатады:
• Жалпақ құрттар типі (Plathelminthes)
• Немертиндер типі (Nemertini)
• Жұмыр құрттар типі (Nemathelminthes)
• Скребнилер типі (Acanthocephales)
• Буылтық құрттар типі (Annelida)
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - PLATHELMINTHES НЕМЕСЕ
PIATODES
• Жалпы саны 15 мыңнан аса түрлерді біріктіретін жалпақ құрттар 5
класқа жіктеледі: Кірпікшелі құрттар; Сорғыш құрттар; Таспа
құрттар; Моногенетикалық сорғыштар; Цистотәрізділер.
Соңғы 4 класс өкілдері – нағыз паразиттер. Бұлардың денесінде
қуыс жоқ. Бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді
болғандықтан, жалпақ құрттар деп аталған. Жалпақ құрттардың
көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас.
КІРПІКШЕЛІ ҚҰPTTAP КЛАСЫ -
TURBELLARIA
• Еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы мол
топырақта мекендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі
эпителимен жабылған. Турбелляридің түр саны 3000-ға жетеді.
• Ақсұлама- жалпақ құрттар типі; кірпікшелі құрттар класы; үш
тармақты ішекті турбелляриялар отряды өкілі.
Құрылысы
• .Ақ сұлама барлық кірпікшелері үйлесімді қозғалғанда жайлап
алға қарай жылжиды. Кірпікшелер оның қозғалуына көмектеседі.
• Ақ сұламаның денесі үш қабаттан құралады: сыртқы қабат -
эктодерма, ол тері-бұлшықет қапшығын түзеді; ішкі қабат - энтодерма,
ол эктодерманы астарлап жатады; ал үшінші қабат - мезодерма,
аналық жыныс жасушасының даму барысында осы қабаттан барлық
ұлпалар мен мүшелер дамиды. Ақ мұламаның
ішекқуыстылардағыдай дене қуысы болмайды, онда белгілі пішінсіз
борпылдақ жасушаларға толы түзіліс - паренхима орналасады.
• Ақ сұламаның денесі 4 түрлі ұлпадан: жабын, дәнекер, бұлшықет
және жүйке ұлпаларынан құралады.
Ақ сұламаның денесінің көлденең кесіндісі
1 – жыныс жасушалары; 2 – мезодерма; 3 – энтодерма; 4 – эктодерма;
5 – ішек қуысы; 6 – сақиналы бұлшықеттер; 7 – қиғаш бұлшықеттер; 8
– зәршығару жүйесі; 9 – жүйкелік созынды
Қоректенуі
Ақ сұламаның аузы құрсақ жағында ,дененің ортасында болады. Ол
жемін аулаған кезде жұтқыншағын айналдырып ауыздан шығарып,
қорегіне сұғындырады да, оны тұтастай сорып алады. Қорек ішекте
қорытылады. Сөйтіп, ауыз, жұтқыншақ, ішек ақ сұламаның ас қорыту
жүйесі болып табылады. Ақ сұламаның ішектері тұйық, сондықтан
қорытылмай қалған қорек қалдығы қайтадан ауыз арқылы сыртқа
шығарылады. Ақ сұлама- жыртқыш, ол судағы ұсақ жәндіктермен
қоректенеді.

Тыныс алуы және қан айналымы
Ақ сұламада арнаулы тынысалу мүшесі жоқ,сондықтан бүкіл денесімен
судағы еріген оттегін сіңіреді де, бүкіл денесі арқылы қажетсіз
көмірқышқыл газын шығарады. Денесінде қан болмағандықтан, ақ
сұламада қан айналым мүшесі жоқ
Зәр шығаруы
Зәршығару мүшесі ақ сұламаның бүкіл денесіне тармақталып, артық
су мен сұйық өнімді көптеген өте нәзік өзекшелер арқылы сыртқа
шығарады.

Жүйке жүйесі
Ақ сұламаның жүйке жүйесі дененің алдыңғы бөлігіндегі жүйке
жасушалары жинақталған түйіннен басталады. Гидрада жүйке
жүйесі бытыраңқы және тор түзе орналасса, ақ сұламада жүйке
жасушалары денені бойлай созылатын екі бағанаға жинақталады.

Сезім мүшелері
Ақ сұлама денесінің алдыңғы бөлігінен екі жағындағы томпайып,
құлақ тәрізденіп білінген өскін сипап-сезу мүшесі болып табылады.
Сол тұста жарық сезетін екі қара көзі орналасады. Егер абайлап
алынған ақ сұламаны жайлап денесін төңкерсе, біраздан соң оның
қайтадан денесін қалпына келтіріп, жылжып бара жатқанын көруге
болады. Мұламаның денесінде тепе- теңдік сақтайтын мүше бар.
Көбеюі
• Жалпақ құрттар – қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс
жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан
жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды.
Мысалы, ақ сұламаның алдыңғы жағында екі денешік ретінде орналасып,
аталықбез көпіршік тәрізді пішінде бүкіл денеге таралады. Аналықбезден
жұмыртқа дамиды да, оны ақ сұлама тығыз қабықшаға топтастырып,
жұмыртқалайды. Аталықбезден сперматозоидтар дамиды. Ұрықтанған
жұмыртқалардан пілдені жарып кішкене сұламалар сыртқа шығады.
ЖҰМЫР ҚҰРТТАР немесе АЛҒАШҚЫ ҚУЫСТЫ
ҚҰРТТАР ТИПІ
-NEMATHELMINTHES немесе ASHELMINTHES
• Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда,
топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен
жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында
кездеспейтін ортасы жок. 27 мыңнан астам түрі бар.
• Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, ішкі мүшелерінің
арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы
болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды.
• Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелмеген); зәр шығару
жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, немесе
протонефридияльды; қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту
жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған; нерв жүйесі ортогонды, сезім
мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте
қарапайым.
Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:
• НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATODA
• ҚҰРСАҚ КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ - GASTROTRICHA
• КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ - KINORHYNCHA
• ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATOMORPHA
• КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ – ROTATORIА

Аскарида-жұмыр құрттар типі; нағыз
жұмыр құрттар класы; сецернеттер
класс тармағына жатады.
Құрылысы

• Бұлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе
ұршық тәрізді болып,ұштарына қарай сүйірлене түседі.
Денесінің алдыңғы ұшында ауызы, артқысында
аналь тесігі орналасқан және денесін бойлай төрт жолақ
(екеуі бүйірінен,екеуі арқа және құрсақ бөлімдерінің
ортасынан) таралымдар өтеді.
• Нематодтардың денесі сыртынан қалың кутикула қабатымен қапталған.
Кутикула (латынша "cuticula" - қабықша) клеткалық құрылысы жоқ, эпителий
клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша. Құрамындағы белок пен
минералды заттар және сақиналы әрі ұзынша келген таралымдары оған
механикалык беріктік береді де, оны созылғыш етеді.
• Тері-бұлшықет қапшығы мен ішектің арасында протоцель немесе схизоцель
деп аталатын денесінің алғашқы реттік қуысы орналасады. Бұл қуыстың
өзіндік қабырғасы жоқ және іші сұйық затқа толы
Ac қорыту жүйесі
• Ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, ортаңғы және артқы
ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында орналасып, көпшілік
жағдайда ерекше өсінділер - еріндермен қоршалған: арқа және екі
бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз қуысымен (стома) жалғасады. Ауыз қуысының
құрылысы әр түрлі. Ауыз қуысында кутикулярлы тіс өсінділері болады.
• Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі қалың,
бұлшыкетті, артқысы - безді. Өңештің кеңейген бөлімі бульбус деп аталады.
Көпшілігінде бульбусы екеу: ортаңғы (метакорпальды) және артқы
(кардиальды).
• Ректум деп аталатын ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол аналь тесігі
арқылы сыртқы ашылады. Нематодтардың алдыңғы және артқы ішегі
эктодермальды және оларды тығыз кутикула астарлайды
Көбеюі
• Аналығының ның ұзындығы 25 – 40 см, аталығының ұзындығы 15 – 25 см-
ге жетеді. Аналығы тәулігіне 200 – 250 мың жұмыртқа салады. Сыртқы
ортада 20 – 30°С жылылықта дамыған жұмыртқадан 10 – 15 күнде
дернәсіл пайда болады. Ащы ішекте дамыған дернәсіл жұмыртқа қабын
жарып шығады. Олар ішектің сілекей қабатын тесіп өтіп, венаға енеді. Қан
жүйесі арқылы бауырға, оң жақ жүрекшесіне, одан өкпеге жетеді. Біршама
жетілгеннен кейін дернәсілдер қолқаға, трахеяға жылжып, жөтелгенде
ауыз қуысына түседі. Сілекеймен қайта жұтылып, екінші рет ас қорыту
жолына түскен соң, ас ішекте тұрақтап, 1,5 – 2,5 айда ересек Аскаридаға
айналады. Әлбетте Аскаридалар ішектегі қорытылған аспен қоректеніп,
адам организмінде 7 – 10 айдай өмір сүреді.
Нерв жүйесі. Сезім мүшелері
• Нерв жүйесі және сезім мүшелері қарапайым құрылысты.
Біріншіден, нерв жүйесі тұтасымен гиподерма қабатында, теріге
жақын орналасқан, екіншіден - күрделі ганглиозды клеткалар
жүйесі дамымай, нерв клеткалары нерв бағаналарымен
байланыса жекеленген (ганглияларды құрмай), тек құрсақ нерв
бағанасының ұзына бойында нерв клеткалары шоғырланып
"құрсақ тізбегін" құрып дамыған.
• Нерв жүйесінің орталық бөлімін - жұтқыншақ маңындағы нерв
сакинасы құрайды.
БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ – ANNELIDA
Буылтық құрттар – денесі шұбалаңқы, үш қабаттан тұратын
көпжасушалы жәндіктер. Олардың денесі буылтықтарға бөлінген,
соңғы қуысы бар, екіжақты симметриялы болып келеді. Денесі
сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық
құрттар типі деп аталған. Бұлардың 9 мыңға жуық түрлері
теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта мекендейді. Буылтық құрттар
типі- жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata)
жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан -
морфологиялық жағынан да,
биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесі кезектесіп
қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден (сақина
тәрізді буындардан) құралған. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші
қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель)
ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады.
Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың)
қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.
БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELIDA
• БЕЛДЕУСІЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLITELLATA.
• КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - POLYCHAETA
• КЕЗБЕШІЛЕР НЕМЕСЕ ЕРКІН ЖҮЗУШІЛЕР
КЛАСС ТАРМАҒЫ -ERRANTIA
• ОТЫРҒЫШТАР НЕМЕСЕ БЕКІНІП ТІРШІЛІК ЕТЕТІНДЕР
КЛАСС ТАРМАҒЫ - SEDENTARIA
• БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELLATA
• АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLIGOCHAETA
• Найдоморфа отряды - Naidomorpha
• Люмбрикоморфа отряды - Lumbricomorpha
• СҮЛІКТЕР КЛАСЫ - HIRUDINEA
• ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ARCHI-
HIRUDINEA
• Қылтанды сүліктер отряды - Acanthobdellida
• НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - EUHIRUDINEA
• Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellida
• Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida
СҮЛІКТЕР КЛАСЫ - HIRUDINEA
• Теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік ететін 400 түрі
белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың
қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны
тұрақты, параподиялары, қылтандары болмайды. Бас (простомиум)
және аналь (пигидиум) бөлімдері жоқ. Денесінің алдыңғы және
артқы жағында сорғыштары дамыған. Целом қуысы редукцияланып,
лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға
толы. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей (личинкасыз) дамиды.
Құрылысы мен физиологиясы.
Сүліктер дене пішіні жағынан жалпақ құрттарға ұқсас. Денесі арқа-
құрсақ жағына қарай қысылған, ұзындығы 20 см-ге дейін. Сыртқы
жіңішке сегменттері ішкі ірі сегменттеріне сәйкес емес. Әдетте бір ішкі
сегментіне 3-5-ке дейін сыртқы жіңішке сақина сәйкес келеді.
Сүліктердің денесі 33 сегменттен (Acanthobdella отрядында - 30)
түзілген, олардың алдыңғы төртеу қосылып алдыңғы сорғышты, артқы
жетеуі - артқы сорғышты құрайды.

• Денесі тығыз кутикуламен қапталған, оның астын кілегейлі
без клеткаларға бай эпителий астарлап жатады. Эпителий
клеткалардың түбінде көптеген түрлі түсті түйіршіктелген
пигментті клеткалары шашыраңқы орналасқан. Сүліктердің
түсі - осы пигменттердің түсі. Эпителидің астында сақина
тәрізді әрі өте күшті дамыған ұзына бойы бұлшықеттер
орналасқан. Сонымен қатар дорзо-вентральды бұлшықетгері
де бар.
Ac қорыту жүйесі
• Алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектер. Алдыңғы сорғышының түбіңде
орналасқан ауыз тесігі ауыз қуысына, одан жұтқыншаққа жалғасқан.
Жұтқыншақтың құрылым ерекшеліктері - негізгі систематикалық белгілер.
Қоректену кезінде сүліктер жағымен (тістерімен) иесінің терісін тесіп, сол жерден
қанды сорады. Жұтқыншаққа бір клеткалы сілекей бездері ашылады.
Медициналық сүліктің сілекей бездері гирудин деп аталатын, қанды ұйытпайтын
қасиеті бар ерекше белоктық зат бөліп шығарады. Сүліктер жаралаған жерден
қанның көп уақытқа дейін тоқтамай ағатыны осы гирудиннің бөлінуінен.
• Жұтқыншақ жіңішке әрі қысқа өңеш арқылы ортаңғы ішекке жалғасады. Ортаңғы
ішектен тұйықталған бірнеше бүйірлік қалталары тарайды (медициналық сүлікте
10-11 жұп). Бүйірлік қалталары бар бөліктерді кейде қарын деп те атайды.
Осыған сүліктің сорған қаны жиналып, сақталады. Қалталардың артқы жұбы
дененің соңына дейін созылып жатады. Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол
артқы сорғыштың үстінде орналаскан аналь тесігімен аяқталады.
• Зәр шығару жүйесі - метанефридиялы. Бір қабатты клеткаларымен
қапталған нефридиялық түтіктері дененің бүйір жағында метамерлі
орналасқан. Бұл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқылы
сыртқа ашылады. Медициналық сүлікте 17 жұп нефридиялары бар.
• Тыныс алу мүшесі дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңіздерде
тіршілік ететін Branchellion туысының өкілдері дене сегменттерінің
бүйіріндегі орналасқан желбезектері арқылы тыныс алады.
• Нерв жүйесі буылтық құрттарға тән жұп жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ
асты ганглиядан, екі жұтқыншақ айналасындағы коннективтен және
құрсақ тізбегінен құралған

Ұқсас жұмыстар
Буылтық құрттар типі нареиданың ішкі құрылысы
ЖҰМЫР ҚҰРТТАР
Азқылтанды буылтық құрттар немесе олигохеттер класы
Сорғыштар - адам паразиттері
ӨЗЕКТЕРДІҢ КӨПШІЛІК
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ
Құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер
Жалпақ құрттар Жалпақ құрттардың Сорғыш құрттар өкілі Жалпақ құрттар типіне жататын ішекқуыстылардан жәндіктердің негізгі айырмашылығы ерекшеліктері
Жалпақ құрттардың жіктелуі
Жалпақ құрттар
Пәндер