ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ




Презентация қосу
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ

Орындаған: Керіспаев Бекзат
Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен
байланысты миллиондаған қарым-кдтынастар
қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік
дилектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару
барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге
бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік
даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері
де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек
жиынтығы емес. Ол қоғамның әр саласына сәйкес
объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы
қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі
құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала-салаға, жүйе-
жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның
салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын,
қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып,
кемшіліктерін толықтырып, құқықтық нормаларды
қоғамның объективтік процесіне сәйкес дамытып,
олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл
процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа
және қайшылықка құқықтың құрылымы, жүйелері жол
бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші – құқық қоғамның объективтік-диалектикалық даму
процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі
және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы.
Құқық жүйелері субъективтік жолмен қалыптаспайды,
сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз
байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер
етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы,
қатынасы дұрыс дамымаса, қоғам дағдарысқа ұшырайды.
Екінші – құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік
қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отыратын жалпыға
бірдей міндетті нормалар.
Құқықтың жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып
сол саланы реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік
актілер бәрі бірігіп, қоғамдық құқықтың алдындағы тұрған бір
саясатты, бір мүдде-мақсаггы орындайды.
Құқықтық жүйе дегеніміз – әр елдің тарихи,
ұлттық ерекшеліктеріне қарай, әдет-ғұрып,
дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер.
Құқық құрылымы дегеніміз – құқыктық
нормалардың ішкі құрылымы және олардың
дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.
Құқық жүйесі дегеніміз – құқықтың өмірге
келуімен оның жүйе-жүйеге бөлінуінің объективтік
заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптың ең
күрделі өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен
құқықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту,
нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін
қалыптасады.
Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім – құқықтық норма.
Бұл деңгейде норма бір қатынастың ішкі мазмұнын, оның,
орындалу жолдарын, субъектілердің екі жақты құқық,
міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі. Өмірде қатынас бір
нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше
ұқсас қатынастардың толық дұрыс орындалуына бірнеше
құқықтық нормаларды біріктіруге тура келеді. Мысалы:
азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары т.б.
Құқықтық институт – бұл жүйеге бір-бірімен
байланысты нормалардың және қоғамдық қатынастардың
ұқсастығына қарай реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық
құқықта меншік, шарттық байланыстары т.б. мәселелері;
әкімшілік құқықта лауазымды тұлғалардың
жауапкершілігі, мемлекеттік органдарының қызметтерінің
қағидалары мен функциялары т.б.
Құқықтық бөлім – бұл жүйеге құқық саласының бір
тарауындағы қатынастарды реттеп, басқару. Мысалы,
азаматтық құқықтағы авторлық қатынастарды реттейтін
нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық
төлеу т.б. мәселелер жөніндегі нормалар.
Құқық саласы – қоғамдағы барлық нормативтік
актілерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөлу. Мысалы,
мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, еңбек,
қаржы, отбасы т.б. құқықтар.
Құқық – салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу,
қолдану, пайдалану.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Мақсаты Әкімшілік құқық құқықтың және басқару жүйесі
Құқықтық қатынастың субъектілері
Әкімшілік құқық пәнінің қатынастары
Әкімшілік құқыққа сипаттама
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
Заң ұғымы мен оның түрлері
Құқық саласы
Жер құқығы қатынастары
Құқық бұзушылық белгілері
Құқық туралы жалпы түсінік
Пәндер