Механикалық іріктеу тәсілі


Slide 1

ІШІНАРА БАҚЫЛАУ

Slide 2

Статистикалық ішінара бақылау әдісі деп жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын ала іріктеліп алынған кейбір бөліктерін айтады. Ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштеріне толығымен таратуға, қолдануға болады. Мысалы, зауыт 1000 дана тетік өндірді. Алайда олардың сапасын анықтау үшін барлығын бірдей тексеріп шығуға ешқандай мүмкіншілік болмайды. Сондықтан оның ішінен белгілі бір бқлігін ғана тексеріп, соның қорытынды көрсеткіші арқылы барлық өнімдердің қаншасы сапалы, қаншасы сапасыз екендігі туралы деректі мәлімет алуға болады және т. с. с.

Slide 3

Егер бақылау қорытындысы барлық жиынтық бірліктеріне таратуға болмайтын болса, онда ол ішінара бақылау тәсіліне жатқызылмайды және оны жай зерттеу деп атайды.

Статистикада ішінара бақылауды жүргізгенде екі жиынтық бірліктері - негізгі немесе жалпы және ішінара бақылау - бірге қолданылады. Зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар, процестер, заттар жиынтықтың барлығын негізгі немесе жалпы жиынтық деп атайды, ал жалпы жиынтықтың ішінен іріктеліп алынған бөлігін ішінара жиынтықтың бірліктері деп атайды

Slide 4

4

Ішінара бақылауды жүргізу кезінде мынадай негізгі сипаттамалар мен белгілер қолданылады:

N- зерттеуге жататын барлық жиынтық бірліктерінің саны (жалпы жиынтық)

n - ішінара бақылауға алынған жиынтық бірліктерінің саны (ішінара жиынтық)

- жалпы жиынтықтың орташа шамасы (жалпы орташа)

- ішінара жиынтықтың орташа шамасы (ішінара орташа)

G2 - жалпы жиынтықтың шашырандылығы (жалпы шашыранды)

G2i - ішінара жиынтықтың шашырандылығы (ішінара шашыранды)

M - жалпы жиынтықың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктер саны

m - ішінара жиынтықтың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктер саны

P- жалпы жиынтықың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктер үлесі

P = M / N

W - ішінара жиынтықтың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктер үлесі

W=m/n

∆ - ішінара бақылаудағы қатенің шегі

µ- ішінара бақылаудың орташа қатесі

F - ықтималдылық

t - ықтималдылық сенім коэффициенті

Slide 5

Қайталанбайтын іріктеу әдісіне жаңа бірліктер біртіндеп қосылып отырады, ал қайта іріктеуде сол алынған бірліктер зерттеудің аяғына дейін өзгермейді. Сондықтан қайталанбайтын іріктеу қайта іріктеу әдісіне қарағанда жиі қолданылады және алынған қорытынды көрсеткіштер дәлдікті көрсетеді.

Жиынтық бірліктерінен іріктеп алу түрлі жағдайларға байланысты жекелеген, топталған, құрастырылған болып бөлінеді. Жекелеген іріктеуде әрбір бірлік бірінен соң бірі жеке іріктеліп алынады. Топталған іріктеуде зерттеуге алынған топтың барлық бірліктері толығымен алынады. Ал құрастырылғанда жекелеген және топтама әдістердің құрамы бірге алынады.

Статистикада жалпы жиынтықтан ішінара бақылау бірліктерін іріктеп алу әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі. Соның ішінде ең жиі қолданылатын түрлеріне жататындары мыналар: жай кездейсоқ, механикалық, типтік және сериялы іріктеу.

Жай кездейсоқ іріктеу тәсілі деп жалпы жиынтықтың арасынан ішінара бақылауға алынатын бірліктерді кездейсоқ немесе жеребе арқылы іріктеп алуды айтады.

Механикалық іріктеу тәсілі. Мұнда жалпы жиынтық бірліктерінен белгілі бір қашықтықта жатқан бөліктері өзіндік тәртіппен іріктеліп алынады

Slide 6

Типтік іріктеу. Ішінара бақылаудың бұл тәсілінде жалпы жиынтық бірліктері өздеріне тән типтік белгілері бойынша жеке топтарға бөлінеді. Сосын пропорциялық үлес арқылы әр топтан кездейсоқ немесе механикалық тәсілмен зерттелуге жататын бірліктер және іріктеліп алынады. Мысалы ЖОО 4 факультетінде 1 студент бар. Олардың ішінен 1500 студентті типтік белгілері бойынша іріктеп алуымыз қажет.

ni =n * (Ni / N)

мұндағы ni - ішінара бақылауға алынған i-ші топтағы жиынтық бірлік саны

n - ішінара жиынтық бірлік саны

Ni - жалпы жиынтық бірлігіндегі i-ші топтағы жиынтық бірлік саны

N - жалпы жиынтық бірлік саны.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

СЛАЙД С ИЗОБРАЖЕНИЕМ

Нақты өсім сияқты өсу қарқыны да тұрақты және тізбектелген тәсілмен есептеледі. Егер өсіңкілік қатардағы әрбір уақыт дәрежесін тұрақты бір базалық уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда оны тұрақты өсу қарқынының коэффициенті деп атайды және ол мынадай формула арқылы есептеледі:

мұнда өсу қарқынының коэффициенті;

тұрақты базалық уақытының дәрежесі;

ағымдағы уақыттың дәрежесі.

Егер қатардың әрбір уақыттағы дәрежесінің өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда өсу қарқынының коэффициенті тізбектелген тәсілмен есептелген болып саналады және мына формула бойынша есептеледі:

мұнда ағымдағы уақыттың дәрежесі;

ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
БАҚЫЛАУ ІШІНАРА
ІШІНАРА БАҚЫЛАУ АГЫБАЕВА ЛИНАРА
Әлеуметтанулық зерттеулер
Іріктеуді бақылау
Кадрларды іріктеу және бағалау тәсілдері
Атмосфералық ауаны зерттеу әдістері
Мұрағаттық құжаттың құндылығын сараптау жұмыстары және оның маңызы
Химиялық процестер
Бұрғылау ұңғылары
Бірінші ойыншыға қойылатын сұрақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz