ӨЗЕКТЕРДІҢ КӨПШІЛІК




Презентация қосу
Дайындаған: Жәннат Бекназар
Тобы: ЖБИ-611
Пән: Омыртқасыздар зоологиясы

Қабылдаған: Тұрметова Гүлмира
Тақырып: Таспа құрттар
Жоспар:

1.Құрылысы мен физиологиясы
2. Зәр шығару жүйесі
3. Дамуы
4. Классификациясы
ТАСПА ҚҰРТТАР класы – CESTODA
Таспа құрттар паразиттік тіршілікке толық бейімделген:
1) Басы – сколекс пен бекіну мүшелерінің құрылыстары
ерекше.
2) Көпшілік таспа құрттардың денесі буындар –
проглоттидалардан құралады.
3) Әр буында қайталанып отыратын жыныс аппараты бар.
4) Ac қорыту жүйесі болмайды, редукцияланған.
5) Тіршілік циклы күрделі, көпшілігінде иесін ауыстырып
жүреді.
Ересек таспа құрттардың құрылысы мен физиологиясы.
Денесі ұзынынан созылған таспа тәрізді және көптеген буындарға немесе
проглоттидаларға бөлінген. Алдыңғы бөлімінде кішкене басы немесе сколексі,
онан кейін бунақталмаған мойыны мен проглоттидалары болады.
Басында сорғыштар немесе ілмешектер типтес бекіну мүшелері орналасқан.
Сорғыштар тұрақты түрде, ал ілмешектері кейбір түрлерінде ғана кездеседі.
Басында төрт сорғыштары, кейбіреулерінде сорғыштың орнына ұзынынан
созылып
жатқан саңылау тәрізді екі тері қатпарлары немесе ботриялары бар.
Ілмешектері бірден баста не болмаса бастағы ерекше тұмсықта бір немесе
бірнеше шашақ жасап орналасады. Тұмсығы ішке тартыла алады.
Tetrarhynchus-
тың көптеген ілмешектері бар ұзын 4 тұмсықтары ерекше қынапқа терең
батып
тұра алады.
Мойыны – жас проглоттидалар жасайтын орын, көлденең бөліну арқылы жаңа
проглоттидалар шығып отырады. Осындай көлденең бүршіктену процесін
стробилалану деп атайды (сцифоидты медузаның сцифистомасының
стробилалануы
сияқты).
Проглоттидалар төрт бұрышты және саны 3-тен бірнеше мыңға дейін
болады. Алдыңғы буындары кішкентай, және артқа қарай мөлшері үлкейе береді.
Сонымен таспа құрттардың денесін тізбек немесе стробила деп атайды.
Ересек таспа құрттардың мөлшері 1 мм-ден 10 метрге дейін. Түсі немесе
реңі бірыңғай ақ немесе сарғыш, ол ішкі паразиттерге тән қасиет.
Цестодтарда нағыз тері-бұлшықет қапшығы болады. Жабыны трематодтар мен
моногенеяларға ұқсас және турбелляриялардың ішке қарай батқан эпителиі
типтес құрылған. Тегумент ядросыз цитоплазмалық қабаттан құралады да,
жіңішке жіпшелер арқылы ядросы бар терең жатқан цитоплазмамен байланысады.
Цестодтардың жабынының айырмашылық ерекшеліктері – сыртқы цитоплазмалық
қабатының үстінде өте көп қыл тәрізді өсінділері (микротрихиялар)
орналасқан, олар қоректену кезінде қолданылатын болуға тиіс.
Базаль жарғағының астында сыртқы сақиналы және ішкі ұзын салалы
бұлшықет талшықтарының қабаты орналасқан. Сол сияқты бұл екі қабатқа тағы
да үшінші терең қабатта жататын сақиналы бұлшықет талшықтары мен
паренхиманы тесіп өтетін арқа-құрсақ бұлшықет шоғырлары қосылады. Арқа-
құрсақ бұлшықет шоғырларында ұсақ домалақ ізбесті денешіктер шашырап
жатады. Олардың шығу тегі мен қызметі толық анықталмаған, дегенмен олар
таспа құрттарды, яғни дернәсілдерін иесінің қарынынан өте берген кезде
қышқыл ортаның әсерінен буфер ретінде сақтап қалады.
Таспа құрттар паренхимасында жиналған бірталай гликогеннің анаэробты
ыдырауының нәтижесінде тіршілікке қажетті энергия алынады.
Тacпa құрттарға тән белгі – ас қорыту жүйесінің мүлде болмауы. Басқа
жануарлардың ішегінде тіршілік ететін цестодтарға өз бетінше жеке қорек
ұстап, қорытудың қажеттігі жоқ, өйткені иесінің ішегіндегі тамақ еріген
және сіңіруге дайын. Сондықтан паразиттер қорытылған дайын асты бүкіл
денесімен қабылдап алады, оған тегументтің микротрихиялары да көмектесетін
болу керек. Иесінің диетасы, әсіресе көмірсудың мөлшері таспа құрттардың
жағдайына, өсу және даму шапшаңдығына әсер етеді.
• ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ НАШАР ДАМЫҒАН. СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ ДЕНЕНІҢ ҮСТІНДЕ ШАШЫРАП
• ЖАТҚАН СЕЗІМ КЛЕТКАЛАРЫНАН ТҰРАДЫ, ОЛАР ӘСІРЕСЕ СКОЛЕКСТЕ
ШОҒЫРЛАНҒАН.
• ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ БАСТА ЖАТҚАН БІР ЖҰП МИ ТҮЙІНІНЕН ЖӘНЕ ОДАН
АРТҚА
• ҚАРАЙ КЕТЕТІН БІР-БІРІМЕН КӨЛДЕНЕҢ КОМИССУРАЛАРМЕН ҚОСЫЛҒАН
(ОРТОГОН)
• БІРНЕШЕ ЖҰП ЖҮЙКЕ БАҒАНАЛАРЫНАН ТҰРАДЫ. ДЕНЕНІҢ БҮЙІР ЖАҒЫНДА
ОРНАЛАСҚАН
• ЕКІ БАҒАНА БАСҚАЛАРЫНАН КҮШТІРЕК ДАМЫҒАН. БАҒАНАЛАРДАН ЖІҢІШКЕ
ТАРМАҚТАР
• КЕТЕДІ ДЕ ТЕРІНІҢ АСТЫНДА ҚАЛЫҢ ЖҮЙКЕ ШОҒЫРЫН ҚҰРАДЫ.
• ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ ПРОТОНЕФРИДИЯ ТИПТЕС. БҮКІЛ ДЕНЕНІҢ БОЙЫМЕН БҮЙІР
• ЖАҒЫНДА ІШКЕ ҚАРАЙ ЖҮЙКЕ БАҒАНАЛАРЫНАН ЕКІ НЕГІЗГІ ЗӘР ШЫҒАРУ
ӨЗЕКТЕРІ
• КЕТЕДІ. ОЛАР ДЕНЕНІҢ АРТҚЫ БӨЛІМІНДЕ БАСТАЛЫП, АЛДЫҒА БАҒЫТТАЛЫП
БАСҚА
• ДЕЙІН ЖЕТЕДІ ДЕ, БҰРЫЛЫП ҚАЙТАДАН АРТҚЫ БӨЛІМГЕ КЕЛІП, ЖАЛПЫ ЗӘР
ШЫҒАРУ
• ТЕСІГІМЕН АЯҚТАЛАДЫ. МІНЕ ОСЫНДАЙ ҚҰРЫЛЫС ЦЕСТОДТАРДЫҢ 4 ҰЗЫН ӨЗЕГІ
БАР
• ДЕГЕН ОЙ ТУДЫРАДЫ, БІРАҚ ОЛАРДА БАР ЖОҒЫ ЕКІ ҒАНА ӨЗЕГІ БОЛАДЫ ЖӘНЕ
ОЛ
• ДЕНЕНІҢ АДДЫҢҒЫ БӨЛІМІНДЕ ІЛМЕК ТӘРІЗДІ ИІЛГЕН. ДЕНЕНІҢ АРТҚЫ
БӨЛІМІНДЕ БҰЛ
• ЕКІ ӨЗЕК БІРІГІП КІШКЕНЕ ЖИЫРЫЛҒЫШ ҚУЫҚ ЖАСАЙДЫ. БУЫНДЫ
ЦЕСТОДТАРДА БҮЙІР
• ӨЗЕКТЕР БАСТА ДА ЖӘНЕ БУЫНДАРДЫҢ АРТҚЫ БӨЛІМІНДЕ ДЕ БІР - БІРІМЕН
КӨЛДЕНЕҢ
• ҚОСЫЛАДЫ, НӘТИЖЕСІНДЕ ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ БАСҚЫШ ТӘРІЗДІ БОЛАДЫ.
ТІЗБЕКТІҢ
• АҚЫРҒЫ БУЫНЫ ҮЗІЛІП ТҮСКЕНДЕ ЖАҢА ҚУЫҚ ЖАСАЛМАЙДЫ, СОНДЫҚТАН ӘР
БҮЙІР
• ӨЗЕГІНІҢ ӨЗІ СЫРТҚА ЕРЕКШЕ ТЕСІК АРҚЫЛЫ АШЫЛАДЫ. ӨЗЕКТЕРДІҢ
КӨПШІЛІК
• ТАРМАҚТАРЫ ПАРЕНХИМАҒА ЕНІП, КІРПІКШЕЛІ ЖАЛЫНЫ БАР
ЖҰЛДЫЗША ТӘРІЗДІ
• КЛЕТКАЛАРМЕН
КЛЕТКАЛАРМЕН АЯҚТАЛАДЫ.
АЯҚТАЛАДЫ.
Жыныс жүйесі сорғыштардағы сияқты гермафродитті. Тек кейбір
бунақталмаған цестодтардың ғана жыныс аппараты жеке. Ремнецтерде ұзын қатар
жыныс аппараты болса, буынды цестодтардың әр проглоттидасында өз жыныс
жүйесі дамиды. Мысал ретінде сиыр солитерінің (Taeniarhynchus saginatus)
жыныс аппаратын қарастырайық.
Стробиланың алдыңғы жас буындарының жыныс мүшелері әлі жетілмеген, тек
200-ші буыннан бастап қана жетіле бастайды. Толық жетілген жыныс жүйесінің
аталық бөлімі паренхимада шашырап жатқан көптеген тұқым бездерінен тұрады.
Жіңішке тұқым шығарғыш түтіктер бірге қосылып, ортақ тұқым жолын жасайды.
Ол етті түтік тәрізді шағылысу мүшесіне өтеді де жыныс клоакасына барып
жалғасады.
Аналық жыныс жүйесі тармақталған жұмыртқа безінен, жұмыртқа жолынан,
оотиптен тұрады. Оотипке жұмыртқа жолынан басқа дара сары уыз бездері де
ашылады. Сол сияқты оотиптен екі өзек кетеді. Біреуі – қынап, аталық тұқым
жолымен қатарласып орналасады да жыныс клоакасына ашылады. Екіншісі –
жалпақтау жатыр оотиптің алдыңғы жағындағы буынның орта бөлігінде тұйық
аяқталады. Жұмыртқа клеткаларымен қатар қынап арқылы спермиялар да оотипке
түсіп, жұмыртқаларды ұрықтандырады.
Таспа құрт – ауру
тудырушы!

Ұқсас жұмыстар
Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы туралы
Өт шығару жолдарының сипаттамасы мен құрылысы бауырішілік және бауырдан тыс. Бауырдан тыс өт өзекшелері қабығының тіндік құрамы
Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы
Бауыр өтінің тығызд
Маринадталған орамжапырақтың санитарлық бағасын бағалау
Аналық жыныс гормоны
Өт қапшығы және өт шығару жолдарының гистофункционалды сипаттамасы
ҰЛПА ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ
Шеміршекті балықтар
Таблеткалардын өндірістік технологиясы
Пәндер