Топырақты химиялық зерттеу әдістері




Презентация қосу
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

Тақырыбы:Топырақ гигиенасы

Орындаған:Қалниязов Б.Т
Тексерген:Жубатканова А.Ж

Нұр-Сұлтан
2021-2022 жыл
Топырақты санитарлық-гигиеналық зерттеу
Топырақтың физикалық құрылысы мен химиялық
құрамы , оның құрғақтылығы мен ылғалдылығы
дәрежесі,ластану сипаты ауаның күйіне едәуір әсерін
тигізеді.
Топырақ құрамына сонымен қатар су мен азықтар
сапасы да тәуелді деуге болады.Жануарлар үнемі тура
немесе жанама түрде топырақ әсеріне шалдығып
отырады, яғни жануарлардың денсаулығы мен
өнімділігі біршама осы топыраққа байланысты болады.
Топырақ зоогигиеналық бағалау мақсатында жер
телімдерінің санитарлық-топографиялық зерттеулерін
өткізеді, осы кезде міндетті түрде физикалық, химиялық,
биологиялық, гельминтологиялық зерттеулерден
құралатын зертханалық талдаулар үшін топырақ
сынамалары алынады
Физикалық-химиялық зерттеу
Физикалық-химиялық зерттеулер үшін көлемі 25 м2
екі, алғашқысы ластану орыны маңынан, екіншісін
алшақтау жерден алаң таңдалып алынады. Алаңдарды 1
м2 телімдерге бөледі де сынамаларды бұрғылар көмегімен
орта тұсынан алады. Сынаманы құрғақ ауа-райында
әрқайсында 1 кг салмақпен 0,25; 0,75-1; 1,75-2 м
тереңдіктен алады.

Бактериологиялық зерттеу
Бактериологиялық зерттеулер үшін де топырақ
сынамаларын көлемі 25 м2 екі телімнен (біреуі ластану
орынына жақын орнығады) көлденеңінен бес және
шеттерінен төрт, ортасынан бір жерден алады. 20 см
дейінгі тереңдіктен 1 кг дейінгі сынамаларды қалақша
немесе күрек көмегімен алады, ал тереңірек қабаттардан
(0,75-7 м) Френкель бұрғысымен алады.
Көлденеңінен бес нүктеден Шеттен 4 нүкте және ортасынан 1 нүкте
Топырақтың механикалық құрамын анықтау

Топырақты құрайтын дәндер көлемі мен олардың қатынасына
топырақ және литосфера ауасы арасындағы алмасу тікелей байланысты.
Топырақтың дәндес бөліктерінің қатынасын анықтау үшін түрлі
көлемдегі тесіктері бар елеуіш жинағы қолданылады. Көбіне мұндай
жинақтар аумағы 10 мм – 0,25 мм аралығындағы дқңгелек тесіктері бар
елеуіштерден тұрады.Жоғарғы ең ірі тесікті елеуішке 100г құрғақ
топырақ салып , елеп шайқайды.

№1 елеуіште 10 мм астам бөліктерін ірі тастар ;
№2 елеуіште 5-7 мм орташа көлемді тастар;
№3 елеуіште 3-4 мм тастар;
№4 елеуіште 2мм кішігірім т астар;
№5 елеуіште 1 мм ірі құм;
№6 елеуіште 0,25 мм астамын ұсақ құм;
№7 елеуіште 0,25 мм төмен майда балшық деп атайды
Топырақтың қасиетін, құрылымын,тұрпатын анықтау

Кептірген соң топырақ сынамаларына қағазда
немесе тәрелкеде жайып қарайды.Егер топырақ 90%
дейін құм, 10% дейін балшық болса,оны құмды
топырақ дейді.Ал егер балшық үлесі 10-30% құраса,
құмдауыт; топырақ құрамында 30-50% балшық болса
балшықты дейді. Қара топырақ деп құрамында 20%
астам гумус болуы кезінде атайды.Шымтезекті
топырақта қарашірік 50-80 %құрай алады.
Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау

Топырақ саңылаулығын анықтау. Саңылаулық дегеніміз
топырақтың көлеміне пайызбен берілген топырақтағы бос
кеңістіктер көлемінің жиынтығы.
Топырақтың су өткізгіштігін анықтау. Нақты бір топырақ
арқылы суды жоғарыдан төменге сорғып ағу жылдамдығы
арқылы су өткізгіштік қасиетті анықтайды. Ол топырақ дәндері
көлеміне, коллоидты бөліктедің аз я көп болуына және топырақ
үстіндегі су қабатының жоғарылығына байланысты
Анықтау барысы: Диаметрі 4 см , биіктігі 25 см шыны түтіктер
алынады.Түтіктің төменгі шетіне мата байланып , 20 см биіктікке
топырақ толтырылады. Штативте түтік үстінде су тұратындай
етіп құйып отырады.
Топыраққа су құйған және топырақ қабаты арқылы өткен су
тамшысы білінген уақыт белгілінеді. Уақыт айырымы 20 см
топырақ қабаты арқылы өткен су өту жылдамдығын, яғни су
өткізгіштігін білдіреді.
Топырақтың ылғалдылығын анықтау.Химиялық шыны стақанға 10
г сыналатын топырақ үлгісін өлшеп салады, сосын оны кептіру
шкафында 1050 температурада 5 сағат бойы кептіреді де біртекті
салмаққа келтіреді. Мұнан соң стақанды құрамымен қайта өлшейді.
Пайыз түрінде белгіленген салмақ жоғалуы топарақтағы су мөлшерін
білдіреді.

Топырақты биологиялық тұрғыда зерттеу.
Санитарлық-гельминтологиялық зерттеулер
Топырақтың гельминт жұмыртқаларымен ластануын анықтау
үшін мақсатындағы зерттеулерді флотация әдісі арқылы
анықтайды.
Қаныққан натрий нитраты ерітіндісі қосылған 10 г топырақты
центрифугирленген соң штативке бекітіп түтікшемен абайлап
натрий нитратының қаныққан ерітіндісін қосады.Сосын
пробиркаларды майсызданған заттық шынымен көмкеріп,
жабады.Бірте –бірте қалқып шығатын гельминт жұмыртқалары
шынының төменгі беткейіне жабысады.20 минуттан соң шыныны
алып ,төңкеріп қояды да, зерттеуге кіріседі.Жұмыртқа өміршеңдігі
микроскоп арқылы қарап, сырт пішіні бойынша анықтауға болады.
Топырақты химиялық зерттеу әдістері
Нитриттер бар-жоғын анықтау. Пробиркаға сыналатын топырақ
салынады (5 - 10 г), үстіне 15 - 20 мл дистиллденген су қосып, 3 - 5
минут шайқап, араластырады, тұнған соң фильтрлейді. Таза
пробиркаға 10 мл фильтрат құйып алып, оған 1 мл Грисс реактивін
қосады, сосын 15 минутке 70 °С температурадағы су моншасына
қояды. Азотты қышқыл мен оның қосылыстары болуында
мөлшеріне байланысты сүзінді қызғылтым немесе қызыл түске
боялады.

Топырақ сынамасында аммиакты анықтау. Сыналатын
топырақтың 5 г өлшемін пробиркаға салып үстіне 1% 15 мл
хлорлы калий ерітіндісін қосады, 3-5 минут шайқап, тұнғанынша
ұстап, сүзгілейді. Таза пробиркаға сүзіндіні құйып алады да 2-3
тамшы Несслер реактивін қосады. Сароы бояу пайда болуы
топырақта аммиак бар екендігіне меңзейді. Аммиак мөлшерін
колориметриялық түрде анықталады.

Ұқсас жұмыстар
Қоршаған орта топырағын гельминт жұмыртқаларына, балаңқұрттарына зерттеу
ОРМАН МЕЛИОРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Көкшетау ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты
Картоп ісігі
Ауыл шаруашылығында колданатың бактериалды препараттар
Топырақты өндіру препараттарын алу технологиясын пайдалана отырып бизнес план құру
Топырақтың ластануы
Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
Топырақты өңдеудің негізгі тәсілдері
Жұмыстың өзектілігі
Пәндер