ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ



Қазақ
Философиясы

Қазақ
ФИЛОСОФИЯСЫ
Қазақ Философиясы - қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.
Portfolio Design

Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт,
Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи,
Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т. б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады,
олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған.
Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды.
Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады:
Асан Қайғы
Мұхаммед Хайдар Дулатти

Анақарыс немесе Анахарсис ( скиф. «Αναχαρσις «жарақаттанбайтын» ana(жоқ) +hvar (жара) »; б. з. б. 605-545 ж. ш. ) - скиф, Гнур патшасының ұлы, Савлий және Кадуита патшаларының інісі. Афиныға Солонның кезінде келіп, Солонмен және Токсармен (ұлы дәрігер, ғұлама) кездесіп жүрген. Басқа да көптеген Ежелгі Грекияның қалаларында болып, атағы шыққан.,
Анахарсис біздің заманымыздан бұрынғы VII-IV ғасырларда өмір сүрген. Тарихта "Скиф Анахарсис" деген атпен әлемге танылған.
Қорқыт ата - түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзін "Хорқұт" сөзінен шыққан. "Хор" деген көне түркі тіліндегі "Өр" деген сөз, "Һор" деп те айтылған. Ал, "құт", ол кәдімгі "құт", "береке", "игілік" деген сөз. Демек Қорқұт сөзі "жоғарыдан келген құт" деген мағынада. Бірақ қазақ тілінде ол Қорқыт болып, кейін осы атаудан талай аңыз-ертегілер туған.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж. ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) - 1166 ж. Түркістан (Ясы) ) - түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы.
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб. : أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (870 - 950 ж. ш. ) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник,
лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған.
Махмұд Қашқари (араб. Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари; 1029-1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы.
Бірінші
кезең данышпандары:

Асан Қайғы
Асан Сәбитұлы - жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл - халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы - ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған - болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы - түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы.
Мұхаммед Хайдар Дулати
Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері - М. Х. Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған.
Екінші
кезең:
Қазақ философиясының төл тарихы
Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады.

Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет,
Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей,
Бұқар жырау, т. б. ) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz