2000 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі ақын, жазушылар


Slide 1

1960-2000 жылдардағы Қазақ әдебиетті.

Slide 2

Жоспары:

1. 1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі ақын, жазушылар.

2. Т. Ахтанов шығармашылығына жалпы шолу.

3. З. Ахметов зерттеулері.

4. С. Мұқанов.

5. Ә. Кекілбаев.

6. Ш. Мұртаза.

7. О. Бөкей.

8. Т. Молдағалиев.

9. Қ. Мырзалиев.

10. М. Мақатаев.

11. Т. Айбергенов.

12. Қортынды.

Slide 3

1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі ақын, жазушылар.

Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық-саяси ойлардың маңызы мен мәні. Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер. С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралуы, олардың творчествосының зерттеле бастауы қарастырылады. Қазіргі қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлығы талданады. Ұлы Отан соғысы тақырыбының көркемдік игерілуі. Соғыс туралы жазылған прозалық шығармалардың жанрлық, стильдік сипаттары: әңгіме, повесть, роман, мемуар, естелік, монолог, диалог. Тарихи дерек және творчестволық қиял ара қатысы талданады. Бауыржан Момышұлының (1910-1983) . шығармашылық өмірбаяны. Әңгімелері: «Бір түннің оқиғасы», «Жол үстінде» «Олар менің есімде», «Ана әмірі», «Адам қайраты», «Жон арқа», «Көк төмпеш». «Ұшқан ұя», «Артымызда - Москва» шығармалары. Сюжет пен композиция. Тіл. Характер даралау. Прототип пен тип. Жазушының «Қанмен жазылған кітабы » (1991) : Соғыс психологиясы, майданнан жазылған хаттар, әңгімелер, мақал-мәтелдер. Бауыржан Момышұлының әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. Ә. Шәріпов, Т. Жангельдин, Қ. Қайсенов шығармалары.

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Т. Ахтанов шығармашылығына жалпы шолу.

Slide 19 Slide 20

З. Ахметов зерттеулері

Slide 21

С. Мұқанов.

Slide 22

Ә. Кекілбаев.

Slide 23

Ш. Мұртаза

1955 - 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 - 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 - 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 - 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 - 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 - 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 - 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 - 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік төрағасы.

1990 жылдан - Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі.

1994 жылдан - Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі, Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитеттің мәдениет, әдебиет және өнер бөлімдік комитетінің төрағасы.

ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993) . ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым (1999-2004) депутаты.

1992 - 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.

1995 жылдан - шығармашылық жұмыспен айналысуда.

1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері.

Slide 24 Slide 25

О. Бөкей

Slide 26

Т. Молдағалиев.

Slide 27 Slide 28

Қ. Мырзалиев.

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

Slide 29 Slide 30

М. Мақатаев.

Slide 31

Т. Айбергенов.

Slide 32

Қортынды.

Кемері кеңіп, кемелденген әдебиетіміздің тарихи даму жолына көз жүгіртсек, ауыл өмірі тақырыбына арналған әдеби шығармалар қай кезеңде де мол екені назарға ілігеді. Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин сияқты саңлақ қаламгерлеріміздің сонау жиырмасынышы жылдардағы алғашқы туындылары жазба әдебиетіміздің қаз-қаз басып, қалыптасуға бет алған шағында дүниеге келгенімен, сол кездегі ел өміріндегі түбегейлі өзгерістердің түбірлі сырын, уақыт тынысын тап басып, жіті сезінгендікті танытады.

Қазақ әдебиетінің осынау алғашқы дәуірінде қаламгерлеріміз шығармашылық қиыншылықтарды жеңе отырып, сол дәуірдің қоғамдық талап-тілегіне жауап берерлік шығармалар жазуға тырысты. Ең алдымен олар өмірдің алға тартқан актуальды тақырыбын көтере білді. Ұнамды кейіпкерлердің образын жасауға күш жұмсады. Осы бағыт қазақ прозасында күні бүгінге дейін өзінің жетекшілік мәнін жоғалтқан жоқ.

Бір қызығы, ауыл өмірін арқау еткен бұл дәуірдегі шығармалар бірен-саран ғана болмаса түгелдей дерлік шағын формаларға жататын. Оның себебі сол кездегі қауырт қарқынмен дамыған ел өміріндегі әлеуметтік-мәдени бетбұрыстар мен соған орай ауыл тынысының соңғы лебіне, әдебиет күштерінің көркемдік тәжірибесіне байланысты болатын. Егер осы дәуірде туған шығармалар негізінен жаңа өмірді жырлауға, ауыл өміріндегі өзгерістердің әлеуметтік сыпатын бейнелеуге ұмтылғанын ескерсек, бүгінгі прозадан бұл тақырып төңірегіндегі ізденістер мен нәтижелердің сала-сала, күрделілене түскенін айқын аңғарар едік.

Содан бері өткен уақытта ұлан-байтақ еліміздің қоғамдық даму жолында бастан кешірген әр алуан тарихи әлеуметтік оқиғаларына байланысты ауыл өмірі де, соған сәйкес бұл тақырыптағы туындылардың толғаған сыры, таңдаған-талдаған тұлғалары мен тағдырлары да уақыт талабына орай өзгеріп, күрделеніп келе жатқаны талассыз ақиқат. Бір қуанарлығы, әдебиетіміздегі үлкенді-кішілі қаламгерлер қауымының дәуір қойған ділгір сауалдарға құлақ асып, көркемдік деңгейі әр түрлі болғанына қарамастан өз шығармаларында белгілі бір кезең сипатын шынайы бейнелеуге, мезгіл мөрін басуға ұмтылуы. Осынау ұмтылыс-бағыт арнасынан тарамдалатын ізденіс бұлақтарында өзіндік бұлқыныс, құшырлы құлшыныстар бар. Бұның бәрі бүгінгі әдеби процестің күрделілігін, нақтырақ айтсақ, туған әдебиетімізідің өз тәжірибесіне сүйене отырып, бауырлас республикалармен әсіресе орыс әдебиетімен тығыз әдеби-мәдени байланыста өркендеуі, сондай-ақ әлем әдебиетінің прогресшіл бағыттағы үздік туындыларымен танысу арқылы рухани қарым-қатынас түрлері мен сырларының молая түсуімен сипатталады.


Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Ғабит Мүсірепов ескерткіші
ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Жас Ілияс ұлы
Қазақстан репрессия жылдарында
Қайым және Шәкәрім
Сәбит Мұқановтың шығармалары
Әдебиет тегі
Өмірбаяны 1934 - 1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz